(Кацнельсон 86, 20) *. Ал сөздің мағынасы болса осы қарапайым
ұғымның мазмұнымен сәйкес келеді. Автор өз пікірін дәлелдеу
үшін орыс тілінің түсіндірме сөздіктерінде берілген сөздердің
анықтамасы мен энциклопедиялық сөздіктерде берілген сөздердің
анықтамаларын салыстырады, талдау жасайды. Қорытынды ре-
тінде мазмұнды ұғым адамның белгілі бір зат туралы білген бар-
лык түсінігін, білімін қамтиды дейді де А. А. Потебняның алыс
мағынасына сәйкес келетіндігін; қарапайым ұғымның жалпы ха-
лықтық сипатқа ие болатындығын да, жеке адамның ырқына көн-
бейтіндігін ескертіи, сөздің мағынасына сәйкес келетін ұғым деп
есептейді (Қацнельсон 86, 24). Алдын ала ескертетініміз сол —
біз сөз мағынасының негізінде белгілі бір заттар не, құбылыстар
жататындығын мойындасақ та, ол екі категорияны теңестіру прин-
ципіне косылмаймыз. Шындығында да заттар мен құбылыстар
туралы қарапайым, күнделікті өмірде қалың көпшілік қолданы-
лып жүретін түсінік бір басқа да, ғылыми түсінік екінші бір бас
ка. Сондай-ақ адамдар сөйлеген кезде зат туралы білген барлық
білімін сөз мағынасының кұрамына ендіре бермейтіндігі, кажетті
деген кездерде ғана ондай анык белгілер саналынып көрсетілетін-
дігі анык. Мысалы,
Үйректің әдемісі қасқалдағы, Көпірдің сол-
Достарыңызбен бөлісу: