Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет102/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Неге қарабайыр?
«Дін ұстанудың қалыпты формалары» айтылған зерттеудің Дюркгеймнің өзі-
нікі болмаға нына қарамастан, эмпирикалық ғылымға сүйене отырып, жария-
ланған де рек терде дінге деген көзқарасты қалыптастыру қажет деп есептеген. 
Оның деректерінің негізгі көзі – кланға негізделген австралиялық Арунта тай-
пасын зерттеуі болды. Дюркгейм үшін бұл қарапайым қоғам мысалы еді. Бүгін-
де кейбір мәдениеттердің басқалардан гөрі қарапайым екені туралы айту өте 
күмәнді болғанына қарамастан, Дюркгейм бірнеше себепке байланысты дінді 
«қарабайыр» мәдениет аясында зерттеуді қалады. Біріншіден, ол қарапайым 
діндерде діннің маңызды сипатын түсіну әлдеқайда жеңіл екеніне сенді. Өйт-
кені қарапайым діндердің идеологиялық жүйелері қазіргі заманғы діндермен 
салыстырғанда әлдеқайда төмен, сол себепті онда шатасулар аз. Екіншіден, қа зір-
гі заманғы қоғамдағы дін әртүрлі формаларды қолданады, ал қарапайым қо ғамда 
«зияткерлік және моральдық сәйкестік» бар (Durkheim, [1912] 1965:18). Бұл қа-
рапайым қоғамдық құрылымдарға ортақ көзқарастарды жүйелеуді жеңілдетеді.
Дюркгейм қазіргі қоғамдағы дінге назар аудару үшін ғана қарабайыр дін ді 
зерттеді. Қазіргі қоғамдағы дін – ауқымды ұжымдық сана. Бірақ қоғам ма ман-
дандырылып дамып келе жатқандықтан, дін барынша тар саланы қамтуға бағыт-
талады. Бұл жай ғана ұжымдық бағыттардың біріне айналады. Кейбір ұжымдық 
көңіл күйді білдіретініне қарамастан, басқа институттар (мысалы, заң және ғы-
лым) ұжымдық моральдың басқа аспектілерін көрсетеді. Дюркгейм дін барынша 
тар саланы қамтуға бағытталатынын мойындады, бірақ ол қазіргі қоғамның түрлі 
ұжымдық бағыттарының басым көпшілігі, тіпті бар лығы, қарапайым қоғамды тұ-
тастай қамтитын дін негізінде пайда болды деп санайды.
Ұжымдық толқу
Дюркгейм клан өмірінің екі кезеңге бөлінгенін айтады. Бірінші кезеңде топ-
тар кішігірім топтарға бөлінеді және бұл топтар бір-бірінен тәуелсіз жұмыс іс-
тейді. Бұл «дисперсті күйдегі» өмір – «біркелкі, мәңгілік және тегіс» ([1912] 
2012:215). Екінші кезеңде клан мүшелері діни рәсімдерді мерекелеуге жинала-
ды. Бұл фазада бірнеше күн немесе ай болуы мүмкін, бірақ бұл жерде көпте-
ген адамдардың интенсивті өзара іс-қимылда шоғырлануы – «айрықша күшті 
ынталандырушы» ([1912] 2012:215). Бұл өзара қарқынды әрекеттесу кезінде 
адамдар бір-бірін көргеніне қуанады және басқа да толқу сезімі әсеріне бөлене-
ді. Дюркгейм бұл ұжымдық энергияларды ұжымдық толқу ретінде сипаттайды 
және олардың нәтижесіне мынадай баға береді:
«Сыртқы әсерден туындаған көңіл күй құбылыстарына айналадағылардың 
бәрі елеңдеп үн қосады; әрқайсысы жанындағы біреумен жанасады және 


110
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
оны басқа адаммен қайталайды. Осылайша, алғашқы импульс әрі қарай 
өрістей береді және барған сайын, қар көшкіні сияқты, күшейе түседі. Еш-
қандай тосқауылсыз еркін буырқанған сезім тасқыны сыртқа толық шық-
пағандықтан, біреулер күшенген ым-ишараттардан, айқайдан, шынайы зар-
лаудан және әртүрлі құлақ тұндыратын шудан басқа ештеңені байқамауы 
мүмкін. Бұл әрекеттер ақыл-ойдың күйін одан әрі күшейтуге көмектеседі. 
Ал ұжымдық көңіл күй өзін-өзі ұжымдық түрде көрсете алмайды, есесіне 
ынтымақтастық пен қозғалыстарды белгілі бір тәртіппен біріктіретін бұл 
қозғалыстар мен дауыстар табиғи түрде ритмикалық жүйеге бейім болады; 
демек, сөйтіп әндер мен билер дүниеге келеді ([1912] 2012:215–216)».
Дюркгеймнің маңызды идеясы – топтық шуылдың тәжірибесі дін идеясын 
туды рады. Қатысушылар өздерінен тыс, тосын жайттарға тап болғандай сезіне-
ді; толқу оларды әрекетке мәжбүр ететін күш ретінде қабылданады. Бұл құбыл-
ма лы энергияның тәжірибесі – қасиеттілік пен зайырлылық арасындағы айыр-
машылықтың негізі. Топ пен оның ортақ энергиясы – қасиетті, ал басқасы – 
зайырлы. Бұл топтық сәйкестік үшін негіз болып отыр. Ұсынылған ұйғарымда 
айтылғандай, ұжымдық энергия ән мен би ретінде қалыптасады, сондай-ақ 
ұжымдық түсініктерге, яғни ортақ символға айналады. Келесі бөлімде егжей-
тегжейлі баяндалғандай, Дюркгейм тотем ұғымын ұжымдық ағымның тамаша 
үлгісі деп сипаттайды. Бір жағынан, тотем – топтың энергиясы немесе мораль-
дық күші. Екінші жағынан, тотем өздерінің ұжымдық байланыс мүшелерін еске 
салады және, солай бола тұра, топтың моральдық күшін сақтап, жандандырады 
(Xie, 2016).
Дюркгеймнің сипаттамасы ХІХ ғасырдағы антропологиялық бақылаулар ға 
негізделсе де, қазіргі заманғы діни мерекелерде, рок-концерттерде, спорттық 
шараларда және музыкалық фестивальдарда толқудың ұқсас нысандары өте 
айқын байқалады. Олардың барлығы толқу энергияларын (би мен ұжымдық 
ән) және оқиғаның (футболкалар мен кәдесыйлар) тотемдік белгілерін туында-
тады. Сондай-ақ Дюркгейм «белгілі әлеуметтік трансформация сәттері ұжым-
дық әсер етуді күшейтуге байланысты болуы мүмкін» деп болжайды. Мысалы, 
Уиллиям Сьюэлл (1986) Бастилия шабуылын талдай отырып, ұжым дық толқу 
Француз революциясының бағытын қалыптастырғанын айтты. Осы тақырып 
бойынша, әсіресе арандатушылық туындаған кезде Collège de Sociologie («Кол-
ледждегі әлеуметтану») мүшелері Acéphale («Ацефал») құпия қоғамымен бірге 
1930 жылдарда Франция ның әлеуметтік аномиясын жою үшін ұжымдық тол-
қу тұжырымдамасын жа сады. Олар «күнделікті өмір тұрақты, бос емес және 
қауіпсіз болғанда, ақылсыздық пен фестиваль арқылы жаңғыртылады» дегенге 
сенген (Pearce, 2005:119). Дюркгейм орнатуға тырысқан әлеуметтік тәртіп пен 
тұрақтылыққа қарсы, «Ацефал» мүшелері табиғи оргиясын, құрбандық рәсім-
дерін жоспар лаған, ал кейбір жағдайларда рәсімдерді орындаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет