Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет429/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Постколониалды теория
Фанонның «Қарғысқа ұшыраған жер» еңбегі ұлт-азаттыққа қарсы күрестің си-
паттама ларына негізделген. Шын мәнінде де, ХХ ғасырдың ортасында Фанон 
қайтыс болғаннан кейін, әлемнің көп бөлігі отарсыздандырылды немесе отар-
сыздандыруға бет бұру жолында болды (MacQueen, 2007). Дегенмен Фанонның 
үмітіне қарамастан, отарсыздандыру отаршылдықтың күш құрылымын бұзған 
жоқ. Шын мәнінде, қазір көптеген адамдар жаңа неоколониалды әлемде өмір 
сүріп жатқанын дәлелдеуге тырысады (Go, 2007a, Loomba, 2015). Отаршылдық-
тың ресми кезеңі аяқталды, бірақ неолибералды жаһандану түрінде (16-тарау-
ды қараңыз) Батыс пен Шығыс арасындағы немесе, кейбіреулер атайтындай, 
солтүстік және оңтүстік арасындағы нәсілге бөлуші теңсіздік әлемді әлі күнге 


622
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
дейін ұйыстырып отыр. Глен Колтард сияқты (2014), басқалар да оны күшей-
тіп, әсірелеп айтады. Оның айтуынша, байырғы халықтар (және, мүмкін, басқа 
нәсілге бөлінген халықтар) үшін отаршылдық әлі аяқталған жоқ. XVIII және 
XIX ғасырдағы отаршылдық қоғамды құрған экономикалық қатынастар бүгінде 
байырғы халықтар мен қоныстанған-колониалды мемле кеттер арасындағы қа-
рым-қатынастарды құрып отыр.
Постколониалды теория – бұл отарсыздандырудан кейін дамитын перспек-
тива. Рака Рэй (2013:148) атап өткендей, «Постколониалды теория ... отаршыл-
дықтың отарлаушы мемлекеттер мен колониялардың әлеуметтік, мәдени және 
экономикалық дамуындағы әлі күнге жалғасып келе жатқан әсерін пайымдай-
ды». Постколониалды теория гуманитарлық ғылымдарда, әсіресе әдебиетті 
зерттеуде дамыды. Осылайша, ол кейінгі билікке мүмкіндік беретін және кейінгі 
билікке әлеуетті қарсылық көзі бола алатын мәдени күштерге назар аударады. 
Танымал тұлғалардың қатарында Хоми Бхабха (1994), Гаятри Спивак (1999) 
және Эдвард Саид (1978) болды. Әдеби теория тұрғысында пайда болуына қа-
рамастан, жақында Джулиан Гоу (2013) әлеуметтанудағы постколониалды тео-
рияның өзектілігін талдады. Ол постколониалды теорияны «Батыс отаршылды-
ғын және оның мұраларын қолдайтын құрылымдарды сынау мен жүзеге асы-
ру мақсатына жетелейтін дәйекті ұғымдық ой және жазбалар» деп анықтайды 
(2013:29). Артынша Гоу постколониалды ойдың элементтерін сипаттайды.
1. Ол отаршылдық тарихына назар аударғанына қарамастан, оны «қазіргі 
кездегі мәселелер» қалыптастырады дейді, мысалы, отаршылдық дискурс 
нәсілдік және этникалық түсініктерге әсер етуді жалғастыру жолдарын 
анық көрсетеді (2013:30).
2. «Мәдениет, білім және түсініктің» отаршылдық әлем мен оның тұрғын-
дарын құруда атқарған рөліне баса назар аударылады (2013:30).
3. Батыстың
6
қазіргі қоғамы «отаршылдық арқылы құрылғанын» дәлелдеу-
ге тырысады (2013:31). Басқаша айтқанда, қазіргі кездегі Батыс отарлану-
шы адамдармен тіл табысу арқылы өз бейнесін жасады. Бұл бейне Батыс 
билігі мен артықшылығын қолдайды.
4. «Батыс империялық мәдениеттің болжамдарын тұрақсыздандыруға ар-
налған жаңа сыни ұғымдарды» ұсынады (2013:30). Бұл тұрғыда ол пост-
структурализм мен постмодернизмге қосылып, олардың қалыптасқан 
Батыс білімінде конструкциялау пиғылын бөліседі (17-тарауды қараңыз).
5. «Сананы отарсыздандыруға» көмектесетін жаңа білім түрлерін дамытуға 
тырысады (2013:30).
Қысқасы, постколониалды теорияшылар Батыс білімі еуропалық және сол-
түстік америкалық құндылықтардан хабардар болған Батыс әлемі мен қалған 
әлем арасындағы қарапайым айырмашылықтың айналасында ұйымдастырыл-
ғанын дәлелдейді. Постколониалды теорияның мақсаты – айырмашылықтың 
қазіргі заманғы қоғамды қалай қалыптастырғанын сипаттау және сол айырма-
шылықты қирату. Постколониалды теорияның жетекші тұлғасы әдеби теория-
шыл Эдвард Саид болды. Енді оның идеяларына кезек берейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет