Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет492/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

сенциализм идеясы. Яғни тіршілік иелерінің өздеріне ғана тән бірегей қасиеттері 
болмайды; олардың болмысы – басқа тіршілік иелерімен қарым-қатынастың же-
місі. Басқаша айтқанда, кез келген тіршілік иесінің немесе материалдық объекті-
нің, оның ішінде адамдардың, ешқандай болмысы жоқ. Сонымен қатар AЖТ – қа-
зіргі заман тарихына негізделген шығу тегін іздеу идеясына қарама -қайшы. Пост-
структурализм (және постмодернизм) сияқты, АЖТ негізсіз (antifoundational), 
яғни бұл барлық заттың астарында негізгі құрылым болатыны және сарапшылар-
дың міндеті осы құрылымдарды ай қындау екені туралы идеяны жоққа шығарады.
Алайда AЖТ мәніне постструктуралистік орталықсыздандыру (decentering) 
тұжырымдамасы жақындаған. Бұл – фокустың орталықтан (немесе мән-мағы-
насынан, шығу тегі мен т.б.) шеткі аймақтарға ауысуын білдіреді. Нақтырақ 
айтқанда, АЖТ агенттің тіршілік көздерін, әсіресе желілер мен адамзаттық 
емес объектілердің пайда болуын назардан тыс қалдырды. Актор желінің бір 
бөлігіне айналады; мұны біз «актордың» «желілендірілуі» деп қабылдауымыз-
ға болады (Gomart and Hennion, 1999:223). Акторлар желілерге бағынышты 
әрі оны құрастырушы: «Aкторлар – желілік эффектілер, олар өз ауқымындағы 
тіршілік иелерінің қасиеттерін қабылдайды» (J. Law, 1999:5). Фокус агенттер-
ді қамқорлыққа алудан желіге және объектілерге, материалдық емес тіршілік 
иелеріне қарай ауысады. Бұл АЖТ-ның ерекше қыз метінің бірі: «әлеуметтік 
ғылымдардың адамзаттық емес объектілерді зерт теуіне жол ашады» (Callon, 
1999:182) (Осыған орай, адамзаттық емес объектілердің және адамзаттың 
оларға қарым-қатынасы К. Кнорр Цетина [2001] постәлеуметтік байланыс-
тар деп атаған ұғымының маңызды аспектісі). Біз бұл туралы төменде тал-
қылаймыз, бірақ адамзаттық емес объектілерге назар аударған маңызды, біз 
адамзатқа «объектілер жартылай серіктес» екенін айтуды ұмытпауымыз қажет 
(Gomart and Hennion, 1999:223). 
АЖТ микро-макро және агенттік-құрылымдық теориясынан бас тартады 
(13-тарауды қараңыз). Біріншіден, бұл екі континуум постструктуралистер 
мен постмодернистер қабылдамаған қазіргі заманғы дуализмнің үлгісі ретінде 
қарастырылады (Джон Лоу [1999:3] айтқандай, «бұл бөліктердің барлығы жо-
йылды»). Сондай-ақ екі континуумге де қатысты мәселе – континуумның бір 
полюсіне ауысу, сөз жоқ, басқа полюс жайлы бар ақпаратпен қанағаттанбауға 
әкеледі. Ең бастысы, континуум дұрыс емес заттарға назар аударады. Негізгі 
мәселе агенттік/микро- немесе құрылым/макро- емес, айналыстағы тіршілік 
иелері сияқты әлеуметтік процестер болып саналады. Басқаша айтқанда, бас-
ты назар желіге аударылуы керек, бұл – төменде талқыланатын тағы бір басты 
мәселе. Латур (1999:22) атап өткендей, АЖТ – «заманауи емес жағдайда қал-
қып жүретін сұйық кеңістік» теориясы.
Бұл бақылаудан AЖТ-ның айқын сипаттамасын көреміз:
4
«Біз өзара қарым-қатынасқа (желілер) қақтығысу (күш сынау) арқылы 
түсетін заттың негізгі шартты бірліктерін (актанттар) ғана ұғына ала-


735
18-тарау

XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
мыз. Бұл қарым-қатынастарда ұқсас бірліктердің күші мен бірегейлік-
терге қатысты мәселелер өздері кіріктірілген қарым-қатынастардың ке-
шеніне негізделіп, уақытша орнығады». 
(Brown and Capdevila, 1999:34)
Актант термині (семиотиктерден алынған [Fuller, 2007c]) нақтылауға тұ-
рарлық. Бұл – әрекет ететін тек адамдар емес дегенді білдіреді. Адамнан басқа 
тіршілік иелері де әрекет ете алады және актант бола алады! Нәтижесінде бұл 
түсіндірме актанттардың екі түріне бірдей қолданылуы керек.
Кроуфорд (2005:2) айтқандай, «зерттеушілер адамдар мен ұйымдарды, қа-
телерді және коллекторларды, компьютерлерді және олардың бағдарламала-
рын зерттеу үшін тіркеулерді ешқашан шатастырмауы керек». Сондай-ақ ак-
танттарды талқылау барысында назар қайтадан актордан желіге ауысады. Ла-
турдың (1999:18) айтуынша, «актант қабілеті актордың не істей тінінде емес... 
алайда ол бұлардың әрекетін, субъективтілігін, ниетін, моральдық қасиеттерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет