12
- Тереңдетілген психологиялық-педагогикалық диагностика арқылы білім
алушылардың қиындықтарын анықтау.
- Гипотезаларды/диагнозды тұжырымдау арқылы қиындықтардың
себептерін анықтау.
-Психологиялық-педагогикалық түзету / психологиялық-педагогикалық
профилактика бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.
- Түзету / алдын алу бағдарламаларының тиімділігін бағалау.
Осылайша, үлгерімі төмен білім алушыларды оқу-әдістемелік сүйемелдеу
әрбір білім алушыға сараланған тәсілді жүзеге асыратын, оқытудың барлық
кезеңі ішінде оның жеке білім беру траекториясын құратын және талдайтын
білім беру сапасын бақылаудың сараптамалық жүйесі ретінде жұмыс істейді.
Сабақта өзіндік жұмысты ұйымдастыруда сараланған тәсілді қолдана
отырып, үлгерімі төмен білім алушыға мүмкін болатын жеке тапсырмаларды
қосу керек, оны қысқа мерзімді сабақ жоспарында бекіту керек.
Үлгермеуші білім алушыға көмек көрсетудің тиімді жолдарын айқындауда
ең алдымен білім алушының мектептегі проблемаларының себептерін және оқу-
танымдылық іс-әрекеті мен жүріс-тұрысына тән ауытқулардың ерекшеліктерін
түсіну қажет. Осының нәтижесінде баланың жалпы дамуына, бағдарлама
талаптарына танымдылық мүмкіндіктерінің сәйкестігі білім алушыға кешенді
бағалау психо-педагогикалық және медициналық көмек көрсету жолдарын
айқындайды.
Н. Добролюбов былай деген: «…нағыз тәрбиеші бәрін білуге тиіс, сонымен
бірге ол тәрбиеленушіні ойландыратын барлық сұрақтарды алдын ала шеше
білуге, бала жанын мазалайтын барлық ойлар мен пікірлерді, қиындықтарды,
тұжырымдарды талдап, талқылай білуі тиіс». Ол үшін педагог қазіргі заманғы
ғылым негіздері жайлы жан-жақты, терең біліммен қарулануға, оқу пәнінің
мазмұнын мүлтіксіз білуге, өз мамандығымен байланысты басқа ғылым
салалары жайлы хабардар болуы тиіс. [39]
Мектеп психологтарының бұл істегі атқаратын міндеті қандай? Енді соған
қысқаша тоқталсақ, ең алдымен, психологтар педагог пен сынып жетекшісінің
жұмысымен танысуы керек (үлгермеу себептерін айқындау, біліміндегі
олқылықтар сипаты) Білім алушылардың үлгермеушілігінің себептерін зерттеу
мақсатындағы мектепте педагогикалық дөңгелек үстелдер, семинар, тренингтер
өткізілуі тиіс. Олардың тақырыптары: «Нашар үлгеретін және үлгермейтін білім
алушыларға білім беру үрдісін белсендіру», «Үлгермеушілікті болдырмау және
алдын алу жөніндегі ұстаздар қауымының іс-әрекеті», т.с.с. бұл шараларда білім
алушыны зерттеудің жалпы бағдарламасы қарастырылып, пікірлер тыңдалып,
үлгермеушілік себептерінің айқындалуы және жеке білім алушыны оқыту мен
тәрбиелеуді жетілдіру шаралары қарастырылуы қажет. Бұл жұмыстар білім
алушы үлгермеушілігінің себептерін білуге, алдын алуға бағыт береді,
көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: