175
5. Сабақта жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар,
ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-
әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім
алушының белсенділігін арттыру;
6. Ғылыми тілді қалыптастыру мақсатында білім алушылардың сөздік
қорын байыту, үш тілдегі физикалық терминдермен таныстыру бойынша жүйелі
жұмыстар жүргізу;
7. Физикалық процестерге диаграммалар, сызбалар, жалпылама және
талдау кестелерін жасай білу дағдыларын, баяндау, сипаттау, салыстыру,
графикті талдау, қорытынды жасау және жалпылама қорыту (жазбаша және
ауызша) дағдыларын қалыптастыру;
7. Есептердің шешімін сауатты ресімдеуге назар аудару;
8. Жүргізілген практикалық және зертханалық жұмыстар бойынша
кеңейтілген жазбаша есептерді немесе ауызша баяндамаларды дайындай білуді
дамыту;
9. Білім алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың
пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу дәрежесін арттыру
ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: