Әдебиеттануға кіріспе


Мінездеу. Тура және жанама мінездеу



Pdf көрінісі
бет11/50
Дата19.11.2022
өлшемі1,3 Mb.
#51227
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
Мінездеу. Тура және жанама мінездеу 
Мінезді жазушы іс жүзінде әр түрлі тәсілмен жасайды. Ғ. Мұстафиннің 
«Дауылдан кейін» романындағы Жақып шабарманға берілген мінездеу – тура 


25 
мінездеудің үлгісі: «Шәкен мырзаның қолтығына кіріп алып, біреу мен біреуді, 
бір ел мен бір елді, есебін тауып, атыстырып жүреді. Ел іші тиыш болса, оған 
іштемес түспейді, жұмыссыз қалады. Жатып ішуді дәулет көтермейді. Еңбек 
істеуге әдеттенбеген, мойыны жар бермейді. Сондықтан қулық сұмдықтан Безу 
түгіл, әбден шеберленіп барады». Бұл тура мінездеу.
Тағы бір тәсіл - жанама мінездеу. Мұнда төтесінен сипаттамайды, 
жазушы суреттегісі келген кейіпкерінің мінез-құлқын әдет-ғұрпын анықтағысы 
келген кейіпкердің өзін емес, соның қатысы бар өзге заттарды суреттеу арқылы 
әлгінің өз құлқын не ғұрпын айқындайды. Мысалға Ғ. Мүсіреповтің 
«Этнографиялық әңгімесіндегі» Жаңбыршы деген ауылдағы бір ру буыны сырт 
түрлеріне қарағанда, өңшең бір ақсүйек мықтылар. Тосын көрген кісіге 
өздерінің мінез-құлқын білу қиын: «көздері бұл дүниенің ар жағындағы 
бірдемеге қадалғандай, бет-ауыздарында қатып қалған тас менмендік», төрт 
құбылалары теп-тегіс отырған ылғи бір ығай мен сығайлар. Бұлармен қол 
алысып амандасудың өзінде жазылмаған заң, бұзылмаған сән бар. Бұл – өз 
күйлері. Ал осылардың қонақтарды қадірлеп апарып түсірген үлкен үйінің сиқы 
мынадай: 
«Үлкен қара үйдің іші ертедегі байлықтың, қазіргі күндегі жұтау 
кедейліктің жайын айтып тұр. Ең алдымен, бұл – киіз үй біткеннің ішіндегі ең 
жыртық-тесігі көп үй... Бес-алты уығы алақандай жалпақ, бір кезде 
сырланғандығы, зерленгендігі байқалады. Өзге уықтары қырық ру – бірі 
жіңішке, бірі иінсіз, шаңыраққа тік тіреліпті... Оң жақ босағада, аласа жүк 
аяқтың үстінде темірмен белдеуленген аруақты бір ескі сандық, бетінде екі-үш 
жерде ғана сүйектелген өрнектің ізі қалған ескі кебеже... Көрпе-жастық 
дегеннің ізі байқалмайды...». 
Бір топ адамға ортақ оқшау мінезді жазушы осылай аңғартады. Бұл арада 
әр адамның не бар адамның мінезін тікелей баяндау жоқ, солар тұратын үйді 
суреттеу арқылы танытып отыр. Бұл – жанама мінездеу. 
Адамның сезімін, күйіну не сүйіну халін суреттеу - образ жасаудың тағы 
бір тамаша тәсілі. Бұл – орасан қиын тәсіл, кез келгенге меңгертпейді, оны тек 
тарлан таланттар ғана игере алады. 
Әдебиеттегі адамның ішкі бітімін оның өзін сөйлету арқылы да ашуға 
болады. Әркімнің сөзі арқылы өзін танимыз. Мысалы, Б. Майлиннің 
«Арыстанбайдың Мұқышы» деген әңгімесінде Мұқыштың үш ауыз сөзінен 
оның ниеті жат, пиғылы нашар әрі арамза, әрі арызқой адам екенін танып-
білеміз. Демек, бұл да әдеби шығармадағы адам мінезін жасаудың, типтік тұлға 
қалыптастырудың тағы бір әсем тәсілі. 
Жоғарыда аталған тәсілдердің барлығы да бірін-бірі толықтырып, бірінен 
бірі туып, біріне-бірі жалғасып жатқан дүниелер. 
Бұлармен қатар көркем шығармада адамның қымыл-әрекеті суреттеледі. 
Олар да ұштасулар, жалғасулар, тұтасулар арқылы көрсетіледі. Жазушы өз 
кейіпкерінің қимылын жеке-дара алмай, оның сөйлеген сөзімен ұштастыра 
суреттеп, оған өзінің авторлық көзқарасын (эстетикалық бағасын) білдіргенде, 
оқырман бұл кейіпкердің кім екенін, қандай мінез-құлықтың адамы екенін 
бірден біліп алады. 


26 
Әдебиеттегі адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр 
алуан. Жазушы тек шын мәніндегі шебер болса, сонда ол қолданған әрбір амал 
адам образын ашуға қызмет етеді.
Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетін де (портретін)
осы тұрғыдан түсіну керек. Оқырман көркем шығармадағы кейіпкерлердің 
мінезін біліп, сөзін естумен қатар оның сырт пішінің, кескін-кейпін де көргісі 
келеді. Портрет тәсілі осыдан туады. Сөз өнеріндегі портрет, ол – бір қалыпты 
қатып тұрып қалмайтын, өзгеретін, қозғалатын жанды келбет, тірі кескін: «Бұл 
жігіттің жасы отыз шамасында. Орта бойлы, дөңгелек денелі, қысқалау 
мұрынды, шоқша сақалды, сұрғылт беті дөңгелек, жалпақтау. Суық қарайтын 
қисық біткен кішілеу өткір көзінде және түксиген қабағында өзгеше қаталдық 
бар. Кішкене мұрны көз-қабағына үйлеспейді. Бұл адамның күлгендегі пішіні 
құмарлыққа көп салынғандығын білдіріп тұрады» (М. Әуезов «Қорғансыздың 
күні»). Мұнда бейне, келбет әр күйге бір түсіп, біздің көз алдымызда құбылып 
тұр. Кейіпкердің сырт пішінінің өзінен-ақ ішкі мінезін аңғарамыз. Портрет те 
образ жасаудың өзгеше бір тәсілі, жолы, амалы. Бұған да айрықша суреткерлік, 
шеберлік керек. Портретте адамның анатомиясы түгел қамтылуы шарт емес, 
тек бір ерекше сипаты ғана нақты, затты, қысқа, қызық сурттелгені жөн. Сонда 
ғана портрет ұтымды шығады: «Оның беті теріге тапшы болатын, сондықтан 
көзін ашу үшін аузын жабуы, аузын ашу үшін көзін жұмуы керек еді» (А. 
Чехов). 
Қазақ әдебиетіндегі адам портретінің авторлық баяндаумен астасқан 
үлгілерін М. Әуезовтің «Абай жолынан» табуға болады. 
Көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністері де (пейзаж) адам 
образын толықтыра түсетін тәсіл деуге болады. Өйткені адамның сыры мен 
сезімінен, өмір тіршілігі мен көңіл-күйінен тыс ешқандай пейзаж болмайды: 
«Көптен қаладан шықпаған Абайға жаңа көктем өзінің енді ғана келе жатқанын 
баян етті. Сол жақта, алыс көкжиекте, көкшіл мұнар ішінде Семейтау көрінді. 
Қардан о да арылыпты. Кесек, жұмыр бір ғана қатты толқын бүктетіліп, түйіліп 
кеп, мәңгіге мелшиіп, қатып тұрып қалғанға ұқсайды. Айнала сар дала 
ортасында оқшау бітіп, оқыс тұрып қалған бір үзік тау...» (М. Әуезов). Осы 
суреттің әр қалтарысында адам, адамның сезімі, ойы, арманы, қиялы, адамның 
көл-көсір философиясы толқып, төгіліп тұр. 
?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет