114
Олигополия нарығы моделінің түрлері:
1. Табиғи олигополия – ұзақ мерзімдік ең төменгі орташа
шығындармен барлық нарыққа өнімнің белгілі бір түрін
бірнеше
фирмалардың сатуымен ерекшеленетін олигополияның бір түрі.
2. Таза (стандартталған) олигополия – біртекті (стандартты)
өнімді (мысалы, металл, шикі мұнай, т.б.)
өндіруді жоспарлаған
бірнеше ірі фирмалардың нарықта әрекет етуін сипаттайтын
олигополия нарығының бір түрі.
3. Ерекшеленген (дифференциацияланған) олигополия –
нарыққа әртүрлі (ерекшеленген) өнімдерді (мысалы, автомобиль,
тұрмыстық техника, т.б.) бірнеше ірі фирмалардың шығарып сатуын
сипаттайтын олигополия нарығының бір түрі.
Олигополия нарығының негізгі ерекшеліктері:
1.
Нарықта басым фирмалар болады, олардың саны көп емес;
2. Олигополиялық фирмалардың нарықтық үлестері көп болады,
сондықтан бағаға монополиялық билік жүргізе алады;
3. Осындай әрбір фирманың
сұраныс қисығы төмен қарай
бағытталған болады;
4. Олигополиялық нарықтың басты сипаты – фирмалар бір-бірімен
тығыз байланыста және өзара тәуелділікте болады. Баға мен
өнім көлемін анықтағанда әрбір фирма өзінің бәсекелестерінің
ықтимал реакциясын ескеруге мәжбүр болады;
5. Салаға жаңа фирмалардың кіруіне айтарлықтай кедергілер
қойылады.
Жалпы өзара байланыстың салдары:
1)
сұранысты бағалау қиындығы;
2) шекті түсімді анықтауға болмайды;
3) тепе-теңдік баға (P
*
) мен тепе-теңдік сату көлемін (Q
*
) анықтау
мүмкіндігі жоқ.
Нарық іс-әрекетінің осындай белгісіздігінен олигополия үлгісінің
көптігі туындайды, олар кооперативтік және кооперативтік емес іс-
әрекет модельдеріне бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: