116
Қысқа мерзімдегі нарықтық (салалық) ұсыныс бағаның әрбір жеке
деңгейінде жекелеген фирманың қысқа мерзімдегі ұсыныс көлемдерін
көлденеңінен қосу арқылы анықталады. Салалық ұсыныстың ұзақ
мерзімдегі қисығы өндіріс факторларына деген бағалардың өзгеруіне
байланысты қалыптасады және оның көлбеулігі мынадай болуы
мүмкін: а) көлденең түзу сызықты, егер өндіріс факторларының
бағалары салалық шығарылым көлемін кеңейту кезінде өзгеріссіз
қалса; ә) жоғары бағытталған өспелі қисық түрінде, егер факторлар-
дың бағалары өссе; б) төмен бағытталған кемімелі қисық түрінде
болуы мүмкін, егер өндіріс факторларының бағалары төмендейтін
болса. Жетілген бәсеке нарығы әрекет етудің мынадай шарттарының
орындалуын қамтамасыз етеді, яғни жетілген бәсеке жағдайындағы
фирма баға шекті шығындарға және де өндірістің ұзақ мерзімдегі
минималды орташа шығындарына тең болғандағы сату көлемін
таңдайды. Жетілген бәсеке нарығы әрекет етуді қамтамасыз етудің аса
тиімді әдісі болып табылады, яғни бұл жерде өндірістік ресурстарды
аса ұтымды түрде пайдалану жүзеге асырылады және өндіріс үрдісі
ең аз шығындармен және аса арзан тәсілдермен орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: