К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет84/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   195
Байланысты:
foreign 745

ҚЫЗМЕТ ДИАГРАММАЛАРЫ 
Егер пайдалану нұсқаларының диаграммасы бағдарламалық 
қамсыздандырудың функционалдылығына «жоғарыдан көрінісін» 
беретін болса, онда қызмет диаграммасы, керісінше, пайдаланудың жеке 
нұсқасы мен оның сценарийін толық көрнекі көрсетуге мүмкіндік 
береді.
Бұл жағдайда қызмет деп қолмен немесе автоматтандыру 
құралдарының көмегімен 
орындау 
қажет 
болатын міндетті 
(операцияны) түсінеді. Әрбір пайдалану нұсқасына міндеттердің өз 
бірізділігі сәйкес келеді.
Теориялық қырынан алғанда қызмет диаграммасы - талдау 
жасалатын пайдалану нұсқасын іске асыратын алгоритмнің жалпы 
көрінісі.
Қызмет диаграммасында қызмет бұрыштары бүктелген тік 
төртбұрыштар болып белгіленеді (5.4-сурет, а).
Қызмет диаграммалары баламалы және параллель процестерді 
сипаттауға мүмкіндік береді. Баламалы процесті шартты атау үшін (5.4-
сурет, б) ромб қолданылады, ал «иә», «жоқ» баламалары - тиісті 
шығыстармен қатар қолданылады . Осы блоктың көмегімен циклды 
процесті құруға болады.


113 
5.4-сурет. Қызмет диаграммасының шартты белгілері
:
А - қызмет; б - таңдау; в – синхронизациялау сызғышы; г – басы; д – соңы
Қызметтерді актив етудің көптілігі «*» символымен шартты белгіленеді, 
олар қызмет активі нұсқарымен қатар орналасқан, және қажет болғанда 
«әрбір жол үшін» түрлі жазуын анықтайды.
Параллель процестерді шартты белгілеу үшін синхронизациялау 
процестерін (5.4-сурет, в) қолданады, мұнда синхронизациялау шартын 
оны диаграммада көрсете отырып анықтауға болады (5.5-сурет).
Енді қызмет диаграммасын салу үлгісін қарастырамыз.
Алдыңғы мысалда пайдалану нұсқаларын сипаттауды нақтылау 
үшін «Көтерме сауда қоймасы» автоматтандырылған ақпараттық 
жүйесінде мәтіндік сценарий әзірленген болатын. Бұл сценарий 
диаграмманы толықтырады, жүйемен және актерлармен орындалатын 
жеке қызметтердің мазмұнын ашады. Алайда пайдалану нұсқаларының 
сипаттамасының орнына немесе оларға қосымша ретінде қызметтер 
диаграммасын қолдануға болады. Қызмет диаграммасы талап етілген 
қажеттілік дәрежесімен пайдалану нұсқасын көрнекі етіп көрсетуге 
мүмкіндік береді. Пайдалану нұсқаларын анықтап алудың маңызы бар, 
олардың қысқаша сипаттамасы шешілетін проблемалардың мәнін түсіну 
үшін жеткілікті емес.
5.5-сурет. 
Процестердің параллельдігі көрсетілген қызметтер 
диаграммасының мысалы 


114 
Әзірленетін модель шеңберінде «Тауар сату» және «Тауарды 
жеткізу» 
пайдалану 
нұсқаларын 
іске 
асыру 
үшін қызмет 
диаграммаларын құрамыз. Төменде 5.6-суретте тауарларды жеткізген 
кезде 
қызметтердің 
бірізділігін 
көрсету 
үшін 
қызметтер 
диаграммасының нұсқасы берілген.
Алайда, қызмет диаграммасы пайдалану нұсқасын түрді толықтыру 
қажеттілігімен көрнекі көрсетуге мүмкіндік береді және «Тауар 
жеткізу» пайдалану нұсқалары үшін қызмет диаграммасын келесі түрде 
көрсетуге болады (5.7-сурет).
«Тауар сату» пайдалану нұсқасын талдай отырып, «Тауар сату» 
пайдалану нұсқасы үшін қызмет диаграммасын құрамыз (5.8-сурет).
Жүйенің толық моделі бірнеше қызметтер диаграммасынан тұрады, 
олардың әрқайсысы маңызды пайдалану нұсқаларын іске асырудың 
бірізділігін (оқиғалардың типтік барысы және барлық ерекшеліктер), не 
болмаса кластардың таптаурын емес операцияларын сипаттайды.
Стандартты сипаттау форматынан басқа, UML «жүзу жолы» бар 
нұсқаны ұсынады. Бұл формат қызмет ететін бәрнеше тұлғалар 
қатысатын пайдалану нұсқасында жағдайды сипаттау үшін ыңғайлы.
5.6. - сурет. Қызмет диаграммасының мысалы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет