Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет61/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

3. Баланың сөйлеу-тілінің дамуы
Сөйлеу барлық психикалық үдерістерді өзгеріске ұшыратады. 
Баланың сөйлей бастауы оның өз мінез-құлқын басқаруға, ойлауға, 
əрекеттерін сезінуге ықпал етеді. 
Баланың сөйлеу-тілін меңгеруі балалар психологиясының 
күрделі жəне кұпия мəселелерінің бірі болып табылады. Еш 
нəрсеге зейін қоя алмайтын, интеллектілі операцияларды 
меңгермеген, кішкентай баланың 1-2 жылда белгілердің күрделі 
жүйесі тілді қалайша меңгеретіні түсініксіз. Балалар сөзінің мəні 
жөніндегі мəселе пікірталастардың тақырыбына айналуда.
Л. С. Выготский бала сөздерінің мəні өзгеріссіз қалмай, 
дамудың белгілі бір жолынан өтетінін анықтайды. Сөйлеу-тілінің 
дамуы, сөздіктің ұлғаюы мен грамматикалық конструктілердің 
күрделенуімен қатар сөздер мəнінің дамуымен анықталады. 
Нəрестелік кезең сөйлеу-тілінің дамуында вербалдыға дейін, 
даярлық кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде сөйлеуді ым-ишара 
сияқты вербалдыға дейінгі құралдар алмастырады. Үш жастағы 
бала адам тілін меңгеріп, сөйлеудің көмегімен өзге адамдармен 
араласа бастайды. Осы екі кезеңнің арасында бала өзінің ерек-
ше тілінде сөйлей бастайтын ерекше кезең бар. Психологияда ол 
кезеңді балалардың автономды тілі деп атайды. Автономды тіл 
ересектің тілінен дыбысы мен мəні бойынша ерекшеленеді. Бала 
дыбыстың дербес үйлесімін ойлап тауып, оның сөзін ересектердің 
тіліне аудару қиынға соғады. Оның тілін балаға жақсы таныс адам 
ғана түсіне алады. Ал балалардың ересектердің бүкіл сөзін жақсы 
түсінетіні қызық. Автономды сөздер жоқ заттарды алмастыру 
үшін емес, затқа нұсқау үшін, оған атау беру үшін қолданылады. 
Бұл кезеңде бала көрнекі жағдаяттан тыс ойлана алмайды.
Бала өмірінің екінші жылының ортасында (кейбір балалар-
да кешірек) өзіндік сөйлеу жарылысы орын алады. Бұл кезеңде 
баланың сөздігі күрт ұлғайтып, тілге жоғары қызығушылығы пай-
да болады. Сөздерді меңгеру қисыны құралдар арқылы жасалына-
тын əрекеттерді меңгерудегідей. Ол үш сатыдан өтеді. Жағдайдың 
бірінші сатыдағы негізгі компаненті зат болып табылады.
Екінші сатыда негізгі бағдар ересекке алмасады. Затты алудың 
тікелей əрекеттерінің орнына нұсқау шаралары жəне ерекше 


147
ықпал етудің басқа да тəсілдері пайда болады. Ересектің амалы 
қажет сөзді айтып, оны баладан естуін күтуде.
Үшінші сатыда дəл сөз жағдайдың орталығына айналады. 
Бала ересектің көзіне қарап қана қоймай, оның назары еріндеріне 
шоғырланады. Бала қажет сөзді атаудың алғашқы əрекеттерін жа-
сай бастайды да, кейінен оны атап қалаулы затын алады. Осылай-
ша ой түйінін сөзбен жеткізу міндетін балаға дəл ересек ұсынады.
Өмірдің үшінші жылы – бала тілінің дамуындағы жаңа саты. 
Сөйлемнің грамматикалық құрылымын меңгеру оның негізгі 
мазмұны бала сөздігінің қоры тез жəне біршама ұлғаяды: үшінші 
жылдың соңына қарай бала 1000-1500 сөзді меңгереді.
Бала сөйлеуінің белсенділігі:
1) Сөйлеу қарым-қатынасының жақын ересектердің ықпалы-
мен қатар бөтен адамдардың көмегімен де ұлғаюында.
2) Сөйлеу белсенділігінің ойын барысында ұлғаюы
3) Балардың ересектердің сөйлеу тіліне деген қызығу-
шылықтарының ұлғаюында.
Сөйлеу көрнекі жағдаяттан бөлініп бала ойлауымен қарым-
қатынасының дербес құралына айналады. Сөйлеу баланың негізгі 
құралы болып табылады. Баланың ересектің сөзбен айтқан 
нұсқауларын орындауы ырықты мінез-құлықтың бірінші фор-
масы болып табылады. Сонымен бірге баланың мінез-құлқы 
қабылданған жағдаятпен емес, ересектің сөзімен анықталады.
Ойынының дамуы 
Өмірінің алғашқы айларынан-ақ балалар құрал-заттарға 
ғана емес, сонымен бірге оларға арналған арнайы заттар – 
ойыншықтарға да кезігеді.
Балалардың құрал-заттармен əрекеті нақты, қатаң белгіленген 
тəсілдерді қажет етсе, бала ойыншықтармен ойындағысын жүзеге 
асыра алады. Сонымен бірге, заттың – практикалық іс-əрекет 
қайсыбір нəтижеге бағытталып, реттеледі, ал ойыншықтармен 
жасалған əрекеттер ешқандай нəтижені болжамайды, əрі ешбір 
нақты мақсатсыз жүзеге алады. Бала өмірінің екінші жылының 
басында ойыншық ол үшін манипуляциялауға болатын кез кел-
ген басқа зат ретінде көрінеді. Алайда біртіндеп балалар өмірінің 
екінші жылында заттардың ойындағы мəнін меңгере бастайды: 
қуыршақты тамақтандырады, оны ұйықтатады. Ойыншықтың өзі 
балалар үшін басқа заттың үлгісі болмайды, ол кішірейтілген шы-
найы зат ретінде көрінеді.


148
Бала əртүрлі заттармен бір тектес əрекет етіп, сол əрекеттерді 
жалпылайды. Ол ойнайтынын əлі сезінбейді. Мұндай ойының 
мəні əрекет ету үдерісінде, сол себептен оны процессуалды деп 
атайды. 
Заттармен əрекет етудің жаңа тəсілдерін ойлап табу, ойынмен 
алмастыру амалдарының пайда болуы ойынның негізгі сипатта-
масы болып табылады. Алмастыру амалдары бірден пайда бол-
майды əрі балалар ойыны өздігінен қалыптаспайды. Ойнай ала-
тын адамдардың, яғни ересектердің белсенді қатысуымен жүзеге 
асады. Бөбек кезеңіндегі ойынның негізіндегі алмастырулар 
төмендегідей сатылардан өтеді: 
1) ересектің ойынын бақылау; 
2) ересектің ойынына қосылу, біріккен ойын; 
3) ересектің əрекеттеріне еліктеу;
4) баланың дербес ойыны;
5) баланың құрдастарымен қарым-қатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет