Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет62/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

4. Бір жастағы дағдарыс
Сəби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тəжірибе 
жүзінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп саналған.
Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ 
оның пайда болу себебі мен мəніне жете зейін аударылмаған. 
Осы орайда сəбидің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму 
заңдылықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын-
да сөз қозғап отырмыз. Сəби бірден тəй-тəй басып жүріп кете ал-
майды, дегенмен бірен-саран болса да ондай балалар бар. Бірден 
жүріп кететін сəбиді мұқият зерттеу нəтижелері оның бойында 
əлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері болатындығын 
көрсетеді. Алайда құпия сыр сəби жүре бастағаннан жоғалатынын 
байқаймыз. Сəби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол əлі 
нəзік қозғалып, кеңістікте өз бойын билей алмайды. Сəбидің 
бойындағы мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мəнін 
анық байқатады.
Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінің шығуына байланыс-
ты. Сəбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету үдерісі ұзақ мерзімге 
созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сəбилер болғаны кейбір 


149
деректерден мəлім. Сəбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол 
тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт 
– бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінің көрінісі. 
Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның 
мəні дағдарысқа байланысты сəбидің алғашқы қарсыласуы, 
отбасындағы тəрбиенің өктемдігіне сəбидің қарсылық көрсетуі, 
Кречмердің бұл көріністерді гипобликалық деп атауының себебі 
ондай қимыл-қозғалыстар ерікті əрекеттер мен аффектінің бірігіп 
кету салдарынан оларды бірінен-бірін ажырату қиын.
Дағдарыс жасында сəбидің мұңдай қимыл-əрекеттер жа-
сауы дұрыс тəрбие бермейтін отбасыларда пайда болып, олар 
шиеленісе түседі. Ал оның соңы тəрбиесі қиын балаға əкеп 
соқтырады. Əдетте сəбиге бір нəрсені бермей қойса немесе оның 
тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға күрт ерік беріп, еденге жата 
қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалудан 
бас тартып, еденді аяғымен тепкілейді. Осы кезде ол ешқандай 
есінен танарлық, езуінен сілекей ағып, серейіп қаларлықтай 
белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың бойындағы мен-мендік 
мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілегінің орындалмай қалғанын 
көрсеткен қарсылығы мен наразылығы. Мұндай көрініс сəбидің 
нəрестелік шағындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана 
елестетеді.
Міне, сəбилік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі 
негізгі сəттері осындай қылықтарынан айқын байқалады.
Енді біз сəбидің тілінің шығуына байланысты дағдарыс түрін 
қарастырып көрейік. Тілдің шығу сəтіне орай сəбидің дағдарысқа 
ұшырау себебі – бұл мəселе, ең алдымен баланың ұғым-түсінігіне 
жəне оның əлеуметтік ортамен қарым-қатынасына байланысты 
болуы. Сəбидің тілінің шығуы жайында біріне-бірі қарама-қарсы 
жəне бірін-бірі жоққа шығаратын екі түрлі көзқарас жəне үш 
түрлі теория бар. Оның біріншісі – құрамдық (ассоциация) негізге 
тіректелген тілдің бірте-бірте шығуы. Кейбір жағдайда бұл тео-
рияны семіп қатып қалған деуге болады. Бұл теорияның тарихи 
мəні ғана бар. Өйткені ескіні білмей жаңаны жасай алмайсың. 
Осы теорияға сүйенген зерттеушілердің бірсыпырасы осы күнге 
дейін бала тілінің дамуы туралы ілімді тежеп отыр, ал ондай 
қателіктерді жоймай бұл мəселені дұрыс шешу мүмкін емес.
Құрамдық теорияның түсінігі бойынша сөз бен оның 
мағынасы арасындағы байланыс – екі мүше арасындағы байла-


150
ныс. Сəби бір затты, мəселен, сағатты көреді. «С-а-ғ-а-т» деген 
дыбыс жиынтығын естиді, осы екеуінің арасында балада белгілі 
байланыс пайда болады, бұл байланыс баланың «сағат» деген 
сөзді естіген соң, онда дыбыс пен зат арасындағы байланыс пайда 
болады. Г. Эббингауздың бір шəкірті сөздің мəнін адам пальто-
ны көргенде оның иесін еске түсіргені сияқты, байланыстың пай-
да болуы деп бейнелеп түсіндіреді. Біз қалпақты көргенде оның 
кімдікі екенін білеміз жəне қалпақ иесін еске түсіреміз.
Біріншіден, сөз мағынасы мен сөз арасындағы қатынас кейбір 
жағдайда қарапайым жəне оңай ғана болып көрінеді. Екіншіден, 
баланың тілін одан əрі дамытып отыру үшін нəрселер арасындағы 
құрамдық тəуелділіктің болатындығын аңғартып, оларды одан 
əрі қарай нақтылай түсіп өрістету қажет. Бұл тəуелділік бірнеше 
байланыста болуы мүмкін. Ал дамудың келесі сатысында əлдебір 
жаңа нəрсенің пайда болу үдерісін түсіндіретін болсақ, онда 4 
құрамдық байланыс сөздің өзіндік нысанын аша түседі. Осы 
көзқарас бойынша бала тілінің дамуы оның сөздік қорының да-
муына ықпал етіп, оның құрамдық байланысын да байытып, оны 
нақтылай түсуіне жетелеп отырады. Бұл ретте Эббингауздың 
жоғарыда айтылған шəкіртінің пікірін растап, бала сөзінің 
мағынасы біржола нақты қалыптасатынын көрсетеді. Бұл жайт 
сөз мағынасы бала үшін ұзақ мерзім бойы өзгеріссіз қалып қояды 
да, ол дамымайды. Соның салдарынан баланың сөзі өзгеріссіз 
қалуы мүмкін. Осы орайда бала тілінің шығуы туралы мəселе 
де өз шешімін тапқандай. Өйткені, бір жағынан алғанда сөздерді 
атау олардың дыбысталуы арасында байланыс үнемі сақталады 
саналады.
Құрылым теориясын қолдаған зерттеушілер сөз мағынасын 
дамыту жағына жете мəн бермеді. Олар құрылым теориясына 
сенгенімен, бірақ оны психологиялық жағынан сөздік белгінің 
пайда болу механизмінсіз дұрыс түсіндіре алмады. Бұдан соң осы 
мəселеге қатысты теорияның тарихи дамуына сəйкес В. Штерн 
бастаған екінші тобы пайда болды.
В. Штерн теориясына сəйкес алғашқы сөз бала дамуындағы 
негізгі қадам. Ол дыбыс пен заттың арасындағы құрылымды бай-
ланыс негізгі түйін емес дейді. Өйткені мұндай құрылымды бай-
ланыс жануарларда да бар (мысалы, өзіңіз атаған затқа итке көз 
салып оған қарауды үйретуге болады) дейді. «Сəбидің, – дейді


151
В. Штерн, – біріншіден, өз өмірінде ғаламат жаңалық ашатыны 
оның қандай да заттың болмасын өз атауы бар екенін немесе (осы 
заның екінші ұғымы) сəбидің белгі мен маңызы арасындағы бай-
ланысты ашатыны, яғни тілдің символдық қызметін білуі кез кел-
ген затты белгі, символ арқылы көрсетуге болады».
Бұл көзқарас із жүзіндегі зерттеуде өте жемісті болып, ол 
құрылымдық теория аша алмаған фактілерді ашты. Ол тілді да-
мытуда құрылымдық байланыс бірте-бірте қалыптасады, бірақ 
жаңалық ашқаннан кейін бала сөздігінің секірмелі болып өсуі пай-
да болады дейді. В. Штерн атап көрсеткен екінші бір жайт сəбидің 
сөздік қорын қарқынды даму кезеңіне аяқ басу хайуанаттардың 
адам сөзін түсінуді үйреніп, одан аталмаған зат атын сұрап білуі 
мүмкін емес. «Ал балаға, – дейді В. Штерн, – қанша сөз берілсе, 
сонша сөзді біліп алу тəн, яғни ол əрбір заттың атауы болуға тиіс 
екендігін жақсы түсінеді». В. Штерн баланың ашқан жаңалығы 
сəбидің алғашқы жалпы түсінігі деп аталуы тиіс дейді. 
Адамзатқа тəн үшінші нышанның мəні – сəбиде атау туралы 
бастапқы сұрақтар пайда болады, яғни сөздік қорын өсіру үшін 
сəби кез келген затты «Бұл не?» деп сұрай береді. Осы аталған 
нышандардың үш түрі де балалық шақтың ерте кезеңіне тəн.
Бала тілінің шығуы мен қалыптасу кезеңдерін түсініп 
оның дамуын неғұрлым тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. 
Мұның өзі тілдің дамуын дұрыс бағдарлап, теориялық жағынан 
тұжырымдауға көмектеседі жəне осы мəселеге қатысты түрлі
көзқарастардың кемшіліктерін ашып көрсету үшін қолайлы 
жағдай тудырады.
Біздер бала дамуындағы жаңа құрылымдарды – оның жүруі мен 
еңбектеу əрекетін жəне басқа қасиеттерін де естен шығармауымыз 
керек.
Баланың жеке басының даму сатылары оның өмір сүретін ор-
тасымен қарым-қатынасында өрістеп отыратындығын ескеретін 
болсақ, онда сəбидің, дамуы оның танымының тарихымен бай-
ланысты екенін айқын аңғарамыз. Шын мəнінде, адамның жеке 
басының ортамен қарым-қатынасы оның санасының сипатын 
білдірумен қатар адамның жас даму ерекшеліктеріне орай бұл 
мəселенің сырын ашып көрсетіп, шындыққа бір табан болса да 
заңды түрде жақындауды білдіреді. Ал мұндай жайттың мəні 
ерекше.


152
Баланың бойында пайда болған жаңа құрылымдар дағдарыс 
кезеңіндегі ерекшеліктерге іріткі сала ала ма? деген сұрақты 
анықтау керек болады. Дағдарыс кезіңде бала бойында жаңа сапа-
лар пайда болмаса, онда жалпы даму да болмас еді.
Алайда сəбидің дағдарыс жасында жаңа сапаларды игеруі 
өткінші сипатта болады. Бірақ дағдарыс жасында игерілген сапа-
лар оның кейінгі даму кезеңінде із қалдырмайды. Ал бір қалыпқа 
түсіп тұрақты даму кезеңінде игерілетін сапалар баланың бойыңда 
тұрақты қасиеті болып қала береді. Бірқалыпты даму жасын-
да бала жүруді, сөйлеуді, жазуды жəне т.б. əрекеттерді үйренеді. 
Өткінші жасында сəби дербестік тілді меңгереді. Бірақ сөйлеудің 
бұл түрі оның өмір бойында сақталатын болса, онда баланың да-
муы бірқалыпты болмағаны.
Біз баланың дербестік сөйлеуінен оның алғашқы жылғы 
дағдарысына тəн алуан түрлі ерекшеліктерін байқаймыз. Мұндай 
ерекшеліктер бала сөйлеуіндегі дағдарыс кезеңінің басталуы мен 
аяқталуына дейінгі мерзімге созылады.
Баланың қалыпты сөйлеуіне орай оның дербестік тілі осы 
дағдарыс кезеңімен тұтас болғандықтан, енді ол өзгеше сипатқа 
ие болады. Осындай өзгерістер бала дамуындағы өтпелі кезең 
болғандықтан, бұл мəселені генетикалық тұрғыдан қарастырған 
да толымды болмақ. Өйткені бұл кезеңді баланың, дамуындағы бір 
кезеңнен келесі кезеңге өтетін өткел деп түсінген дұрыс. Енді бала 
қалыпты сөйлеуге көшкен кезде оның психологиясында күрделі 
құрылымдар пайда болып отыратындығына көз жеткіземіз.
Бала дамуындағы дербестік сөйлеудің өзіндік ерекшелігі 
оның заңды құбылысы деп саналады жəне бұл құбылысты біздер 
диалектикалық дамудағы баланың жеке басына тəн сипаты деп 
түсінуіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет