Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет99/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

-ңыз/-ңіз, -сыз/-сіз аффикстері арқылы берілген. Мысалы, 
Шортанбай: Жақсы қылып күтіңіз дегенін бір адамға емес
көпке қарата айтып тұр. Сол сияқты: Қызықпаңыз бес күнге 
десе де, қызықпаңыз сөзін жекеше сыпайы мәннен гөрі, көпше 
мәнде жұмсап тұрғаны сезіледі.
Келесі ерекшелік – септік жалғауларын түсіріп қолдану са-
ласында. Белгілі бір сәттерде ілік, барыс, табыс септіктеріндегі 
сөздердің жалғауларын түсіріп айту құбылысы бар екендігі 
мәлім (кітап беттері ~ кітаптың беттері), хат жаздым ~ 
хатты жаздым, базар бардық ~ базарға бардық). Ал өлең 
мәтіндерінде түсіріп айтуға болмайтын сәттерде де сөзді тиісті 
септік жалғауынсыз айту фактісі кездеседі. Бұл – әсіресе XV-
ХVIII ғасырлар поэзиясында кәнігі тәсіл. Ол XIX ғасырдың 
I жартысындағы әдебиет үлгілерінде де кездеседі. Мысалы, 
«Ханның кірген ақ орда Бұзуын ойлап кеңестік» (Махамбет) 
деген сөйлемді: «ханның... ордасының бұзуын ойлап...» бо-
луы керек еді. Сол сияқты «Қабырғадан аққан қан Ат баурына 


222
төгілтіп» (Махамбет) дегенде де аққан қанды төгілтіп... болуға 
тиісті. Бұл құбылысты, бір жағынан, өлең тіліне тән стильдік 
тәсіл деуге де болады. Өйткені септік жалғауынсыз келген 
сөйлем бөлігі өз алдына атаулы сөйлем тәрізді болып, өзіне 
назар аудартады: Ханның кірген ақ орда/сы/. Соның бұзуын 
ойлап кеңестік деген сияқты конструкцияны құруға болар 
еді. Толғамалы ақ мылтық (сол мылтықты) толғап ұстар күн 
қайда! Еңсесі биік ақ орда. Сол ордаға еріксіз кірсем деп едім. 
Әрине, проза тілінде болса, Еңсесі биік ақ ордаға еріксіз кірсем 
деп едім түрінде құрылар еді. Бірақ бұл жағдайда «еңсесі биік 
ақ орда» дегенге назар аударып алу мотиві болмаған болар еді.
Ал «Малың бер де, басың қос» (Махамбет) деген сияқты 
өлең жолдарындағы түсірілген жалғаулар (малыңды, басыңды 
болуы керек еді) мұндай стильдік жүкті арқаламайды. Бұлар 
өлең өлшемі көтермегендіктен, ықшамдалған сәттер.
Өлең шарттарынан туатын және бір ерекшелікті атауға бо-
лады. Ол – тиісті жіктік жалғауының түсірілуі. Махамбеттің: 
«Мен тауда ойнаған қарт марал...», «Түбін қазған мен 
бәйтерек» дегендерінде I жақтағы бастауыш пен (мен) ба-
яндауыш қиыспаған, яғни бәйтерекпін, қарт маралмын деп 
айтылуға тиіс. Осы зандылық сақталмаған. Бұл да – таза 
өлең шарттарына қатысты синтаксистік ауытқу (Базарбайдың 
Төлеген дегендегі тәуелдік көрсеткішінің түсіріліп айтылғаны 
сияқты).
Етістіктердің белгілі бір септік жалғаулы сөздерді мең- 
геруіңде осы күнгі нормаға сәйкеспейтін сәттер жоққа тән.
Сол кездегі де, қазіргі де қазақ тіліне норма емес морфо- 
логиялық тұлғалардан -ғаш /-геш, -қаш /-кеш қосымшалы 
етістікті атауға болады. Мысалы, бұл кездегі өлендердің 
бірінде: «Бейішке кіргеш мақтансын» деген жол бар. Бірақ 
ескеретін нәрсе – бұл өте сирек, бірер жерде ғана кездеседі. 
Тегі, бұл «қыпшақтық» тұлға ертеректегі қазақ тіліне де жат 
болмағанға ұқсайды, ол ноғайлы-қазақ цикліндегі батырлар 
жырларында сирек болса да орын алған. Мысалы, «Едіге» 
жырындағы: «қызға жақын жеткен... » деген жолдарға на-
зар аударыңыз. Махамбет, Шортанбайларда кездесетін нешік 
тұлғасын да осы қатардан іздеу керек сияқты. «Кетпей де нешік 


223
етермін?» (Махамбет), «Амалым нешік Құдайға? » (Шортан-
бай). Бұл да – кейін қосылған татарлық кірме сөз емес, байырғы 
ноғайлы-қазақтық тұлға. Алдыңғы дәуірлердегі әдебиет 
үлгілеріндегідей, бұл кезең қаламгерлерінде де -ған жұрнақты 
есімше тұлғалы сөзді күрделі анықтауыш қызметінде жұмсау 
тәсілі өте актив: ел қонбаған көл, соғып кеткен жел, қайғы 
ойлаған жамандар т.т.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет