224
мағынасынан туған дерексіз ұғымды білдіретін болса, енді
төре сөзінің көбінесе орыс әкімшілік тарапынан қойылған
«ел билеуші әкім, начальник» деген жаңа мағынасына
-лық
жұрнағы қосылып, «әкімдік, начальниктік» ұғымын да берген.
Сол сияқты «бірін-бірі мінеу, айыптау» мөнінде
міндестік, бір
шаңырақтың астындағы әйелдерге қатысты «ошақ басындық
мәндегі»
күндес сөзінен әлеуметтік мәндегі
күндестік сөздерін
қолдану да – тек осы кезең үлгілерінен табылады.
Бір қызығы – бұған дейін тек қана
тірлік тұлғасында келген
сөз енді
тіршілік түрінде де кездесе бастайды: «
Тіршілік пен
өлімнің Ұзақ дауы шешілген...», «Күнәм жойқын, тәубем аз,
Тіршіліктен не таптым ?» (Дулат). Сірә -
шылық аффиксінің
қазақ тілінде жандана бастаған
тұсы XIX ғасыр деуге бола-
ды. Махамбетте
ашаршылық сөзі («
Ашаршылық жол көрмей)
бұрынғы
аштық дегеннің орнына қолданылған. Дегенмен осы
күнгі -
шылық аффиксімен жұмсалатын біраз сөздер әлі де
-лық жұрнағымен келеді:
тарлық (таршылық емес),
тірлік ва-
рианты әлі де
тіршіліктен гөрі жиірек қолданылған: «
Тірлікте
есіңе ал» (Шортанбай), «Алмасын
тірлікте ердің бағын»
(Шернияз).
-лық жұрнағымен келген деректі зат есімдер де жоқ емес.
Олар:
жаздық («
Жаздықтың талшық көлі» – Махамбет),
кішілік («әйелі», «жұбайы» мағынасындағы сөз, түбірі
кіші –
көне түркі тілдерінде «әйел» дегенді білдірген; «Алмажан сын-
ды бейбақты
Кішілікке алуға» – Алмажан),
мұңдық, жемтік
сияқты бірен-саран сөздер.
Сөз етіп отырған жұрнақтың қатыстық сын есім жасайтын
осы күнгі өте актив қызметі де осы кезеңнен басталады. Бұрын
оның бұл қызметі тек сан өлшеміне байланысты жерлерде
ғана кездесетін:
бес күндік, бір жылдық, бір тиындық. XIX
ғасырдан
бастап тілден тайлық ақша,
ақындық қуат,
өмірлік
жолдас,
бір қалаштық тиын сияқты қатыстық сын есімдер
көріне бастайды.
-шы жұрнағымен келген сөздер де көбейе түскен:
басшы,
қосшы, жалғаншы, өсекші, өтірікші, алдамшы, орманшы,
егінші, үйші, айраншы. Бұлардың көбірек кездесуі әдебиеттің
тақырыбына да байланысты: XIX
ғасырдағы қазақ әдебиеті
225
әлеумет тіршілігін, қоғам мүшелерін көбірек сөз етеді, ал
-шы
жұрнағы қоғамдағы адамдарды әлеуметтік орнына
(басшы,
қосшы), кәсібіне
(орманшы, егінші, биеші, бақыршы), мінез-
құлық қасиетіне
(жалғаншы, өсекші) қарай атайтын сөздерді
жасайтыны мәлім Осы мотивпен парсы тіліндік
-қор, -паз
жұрнақтары,
әсіресе алдыңғысы, қазақ тілінің
-шыл, -гіш
жұрнақтары активтене түскен. Бұл кезендегі үлгілер тілінен
жемқор, парақор, антқор, дүниеқор, ел бұзғыш, ел бүлдіргіш,
мақтан күйшіл, жетекшіл сөздерін кездестіреміз.
Актив қолданылған жұрнақтардың қатарынан бұрынғыдай
Достарыңызбен бөлісу: