228
кітап басылса, оның тең жартысы қазақ тілінде жарияланып-
ты, жалпы XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде Қазан,
Петербург, Уфа, Ташкент, Орынбор, Семей, Омбы, Орал, Вер-
ный, Астрахань қалаларында орта есеппен 1000-нан астам
атаулы қазақ кітаптары басылып шыққан,
олардың тиражы
шамамен 5 миллион данаға жеткен
162
. Тек қазақ тілінде емес,
ортаазиялық әдеби тілдердегі («түркіше») мұсылманша діни
мазмұнды кітаптар да (Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғани т.б.
хикметтері) қазақ арасына молынан тарай бастайды. Тіпті бұл
кезде христиан дінінің миссионерлік әдебиеті де қазақ тілінде
баспа бетін көрді.
Орыс ғалымдары тарапынан қазақ тілінің грамматикалық
құрылысын зерттеу басталды. Шын мәніндегі лексикография-
лық жұмыстар етек алды: өткен ғасырдың екінші жартысын-
да ғана 20-дан астам орысша-қазақша және қазақша-орыс-
ша сөздіктер шықты (жалпы Қазан революциясына дейін кей-
біреулерінің қайыра басылуларын
және қосымша ретінде
берілгендерін есептегенде, 40-қа жуық сөздік шыққан екен).
Ең үлкен оқиға – қазақ көркем әдебиетінің жаңа кезеңі ба-
сталды. Төл жазба әдебиеті туды. Араб, парсы, шағатай, орыс
тілдерінен аударылып, ауызша да, жазбаша түрде де
тараған
аударма әдебиет өмірге келді. Қысқасы, қазақтың әр алу-
ан жанрдағы, әртүрлі мазмұндағы жазба әдебиеті жанданып,
түрлері көбейе бастады.
XIX ғасырдың II жартысы – қазақ тілінің статикасы (сол
тұстағы қалыпты жай-күйі) мен динамикасына (дамуына)
қоғам өмірінің тікелей қатты әсер еткен дәуірі болды.
Өткен ғасырдың II жартысында
тілді пайдалануда бұқа-
рашылдық (демократизация) сипаты болды, яғни жазба әдеби
тіл шағын топтың (айталық, ислам дінін уағыздаушылардың)
мүддесіне ғана қызмет етпей, оған қалың бұқара мүддесін
өтеу талабы қойыла бастады. Осылардың барлығы сөз етіп
отырған дәуірде жазба әдеби тілдің екі типінің қатар өмір
сүруіне әкеп тіреді. Бірі – қазақтың
ескі жазба әдеби тілінің
сол тұста «кітаби тіл» аталған түрі, екіншісі – қазақтың ұлттық
жаңа жазба әдеби тілі.
162
Жиреншин Ә. Қазақ кітаптарының тарихынан. - Алматы, 1971. - 39-б.
229
Сөйтіп, талдап отырған дәуірде тіл қолданысын танытатын
мынадай әдебиет нұсқалары болды:
1. халықтың ауыз әдебиеті шығармалары. Бұлардың ба-
сым көпшілігі бұрыннан келе жатқандар болды,
бірақ ауыз-
ша жеткізіліп, таралуына байланысты осы кезеңнің өзінде
жырланған варианттары болды. Ал кейбір жырлар осы дәуірде
туды, олар XIX ғасырда болып өткен оқиғаларды, осы тұстағы
жеке адамдарды бейнелейтін туындылар: «Айман-Шолпан»,
«Бекет батыр», «Мақпал-Сегіз» т.б.
2. Қазақтың байырғы поэтикалық дәстүрін әрі қарай жалғас-
тырған ақындардың өлең-жырлары. Ол ақындар:
Сүйінбай,
Достарыңызбен бөлісу: