Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша


В.В.Радлов Опыт словаря тюркских наречий. - 4 тома. - 24  выпуска. - СПб., 1888-1905. Русско-киргизский и киргизско-русский словарь



Pdf көрінісі
бет151/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

В.В.Радлов Опыт словаря тюркских наречий. - 4 тома. - 24 
выпуска. - СПб., 1888-1905.
Русско-киргизский и киргизско-русский словарь (соста-
вил: воспитанник IV кл. Туркестанской учительской семина-
рии Иш-Мухамед Букин. Под ред. Н.А.Воскресенского). - Таш-
кент, 1883.
Русско-киргизский словарь. - Изд. 2. - Оренбург, 1899.
Русско-киргизский словарь. - Изд. 1. - Верный, 1912.
Русско-киргизский словарь. - Изд. 2. - Казань, 1915.
Русско-киргизский словарь. - Казань, 1916.
Словарь русско-киргизский. - Оренбург, 1894.
Сравнительные словари всех языков и наречий, собранные 
десницею всевысочайшей особы. - Отд. I. - СПб. - Ч. I. 1787; - 
Ч. II. - 1789.
А.В.Старчевский Проводник и переводчик по окраинам 
России, заключающий в себе 24 языка. - СПб., 1888.
А.В. Старчевский Карманный стоязычный словарь. - СПб., 
1887.
А.В. Старчевский Спутник русского человека в Средней 
Азии. - СПб., 1878.
Бұл сөздіктердің дені – орысша-қазақша және қазақша-
орысша екі тілді болып келеді және олар күнделікті мұқтаж- 
дықты өтеу үшін, яғни орыс әкімшілігі мен жұмыс бабындағы 
орыс адамдарының Ресей империясы қоластына қараған 
халықпен қарым-қатынас жасауына көмектесу мақсатымен 
түзілсе де, А.Н.Кононовтың сөзімен айтсақ, «орайы келіп, 
ғылыми мазмұнға да ие болған» жұмыстар болды. Бұларда сол 
кездегі қазақ халқының әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ру-
хани өміріне қатысты лексика топтары жақсы қамтылды.
XIX ғасырдағы сөздіктерді жасағандардың басым көпші- 
лігі – орыс ғалымдары мен ағартушылары болды. Олардың 
ішінде «орыс түркологиясының алыбы» – В.В.Радлов, қазақ 
грамматикасын ғылым дүниесіне тұңғыш таныстырушы –
Н.И.Ильминский, түркі тілдерінің салыстырма сөздігін жаса- 
ған – Л.З.Будагов, орыс тілін қазақтарға үйретуде көп еңбек 


334
сіңірген В.В.Катаринский, қазақ мәдениетіне қызмет көрсеткен 
А.Е.Алекторов, Ресей империясындағы түркі халықтары 
тілдерінің сөздігін түзу әрекетін жасаған АВ.Старчевскийлерден 
басқа Н.Ф.Катанов, М.Бекчурин, И.Лаптев, Н.И.Золотницкий, 
Н.Н.Пантусовтар болды.
XIX ғасырдың II жартысынан бастап екі тілді сөздіктерді 
жасауға орыс авторларымен қатар, қазақтардың өздері де 
қатысқан. Олар: Е.Букин, Н.Жетпісбаев, Ж.Көшербаев, М.Ма- 
шанов, Т.Бокиндер. Бұлар өз жұмыстарын орыс лексикограф- 
тарының тәжірибесіне сүйеніп, солардың үлгісімен жүргізген.
Екі тілдік сөздіктер, жоғарыда айттық, кезінде күнделікті 
мұқтаждықты өтеу үшін жасалды, яғни Ресей империясының 
қоластына енген қазақтармен жасалатын әр алуан қарым-
қатынасты жеңілдету мақсатын көздеп, қазақтардың орыс тілін, 
орыстардың қазақ тілін үйренетін құралы ретінде тұрғызылды. 
Осыған орай, бұл сөздіктердің өздеріне тән және мынадай 
ерекшеліктері болды:
1. Бұларда екі халықтың, әсіресе қазақ халқының сол кездегі 
экономикалық, әлеуметтік, мәдени хал-жағдайына қатысты 
сөздерді қамту принципі көзге түседі. Мысалы, бұған 1860-
1880 жылдардағы сөздіктерде сол тұста қазақ даласына келе 
бастаған сауда капиталына қатысты ұғымдарды білдіретін 
мына сөздердің қамтылғаны дәлел бола алады: өсім – арен-
да; өсімші, сүтхор – банкир, пайда – барыш, прибыль, қарыз 
заем, долг, кіреу – заклад, залог, бексел – вексель, задетке 
– задаток, сома – капитал, дүкен – магазин, мүлиеншік – мил-
лионер, өсім жүз сомға – процент, саудагер – торговец, залал 
– убыток, баһа – цена. Ал 90-жылғы сөздіктерде бұлардың 
үстіне қарақша – медные деньги, шетпертек – 10 копеек, чет-
вертак, есептесу – расчитаться, қадақ – фунт, мысқал – золот-
ник, сатып беру – продать, сатып алу – купить, саттық – про-
дажный, сома – оборот в торговле сөздері қосылған. Бұлардың 
ішінде қазір қолданылмайтын, тіпті кейде түсініксіз, бірақ сол 
кездегі сауда-саттықтың түріне, сипатына, жаңалығына байла-
нысты жасалған сөздер де бар. Мысалы: көтере сауда (аукци-
он), мұнанай (меновой двор – сауда-саттық ақша арқылы емес, 
айырбас арқылы жүргізілетін орын), қол саудалы (купленные 


335
на деньги, покупка), базарлы мал (удобный для продажи скот), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет