336
компания –
ортақ, железная дорога, вагон, локомотив –
от
арба, пароход –
от қайық ,столетие –
жүз жыл, подорожная –
бедерлі қағаз, баллотировка –
тас салу т.б.
Революцияға дейінгі сөздіктердің бірқатарында түсіндір-
мелік сипат бар. Әсіресе Ильминскийдің, Будаговтың, Радлов-
тың сөздіктерінде кейбір қазақ сөздерінің түсіндірмесі не этно-
графиялық, не лингвистикалық, не филологиялық мәліметтер
болып келеді. Мысалы, Н.И.Ильминский
шақыру деген сөзді
тек «звать», «кликать» деп білдіріп қоймайды, осы тұста
қазақтардың әр малды әр жағдайда қалай шақыратынын да
көрсетеді.
Үй сөзі де кішігірім этнографиялық этюд ретінде кел-
ген. Мұнда қазақтың киіз үйінің барша бөлік, жабдықтарының
атаулары суреттеме жолмен толық түсіндірілген. Онымен де
тынбай, автор
іргеден шығарып жіберу («енші бермей қуып
жіберу») сияқты тұрақты тіркестің де беретін мағынасын
көрсетеді.
Бұл іспеттес материалдар, бір жағынан, сол кездегі қауым-
ға қазақ халқын, оның тұрмыс күйін, шаруашылығы мен
мәдениетін таныстырғандығы үшін құнды болса, екінші жағы-
нан, кейбір көне немесе жергілікті сөздердің мән- мағынасын
ашып беретіндігі үшін бағалы.
4. XIX мен XX ғасырдың бас кезінде шыққан екі тілдік
сөздіктер қазақ тілінің лексикалық құрылымының сол кездегі
қабаттарын көрсетеді. Бұл кезеңдегі қазақ тіліндегі кірме
сөздердің үлкен бір тобы – орыс сөздері. Орыс халқымен әр
алуан саладағы қарым-қатынастар арқылы келген жаңа ұғым
атауларының бірқатарын аудармай, орысша алу бағыты көзге
түседі, Мысалы 1893, 1911 жылғы «Шағын орысша-қазақша
сөздіктерде» мынадай орыс сөздері орын алған:
аршын, ағлөп
(оглобли),
бет (печь),
бөрене, булка, бөшке, вилка, гармун, гри-
Достарыңызбен бөлісу: