76
Екі сөздің ішінде елімді айта бердің,
Жорығаның қалай еді, жұртым, сірә? –
деп келсе, осы шумақ екінші жырланыста:
Қодар, Қодар дегенің құл ма, сірә,
Құлдан өлсем, жатайын, тұрмай, сірә.
Бір
сөз айтса, өледі дей бересің,
Жораң қалай жаман-дүр, жұртым, сірә? –
болып, едәуір өзгеше құрылған. Әрине, бұл жырланыстардың
қайсысы бұрын, қайсысы кейін туғаны белгісіз (хатқа түскеніне
қарап, мынауы ілгергісі, мынасы кейінгісі деуге мүлде бол-
майды: бұрын жырланғаны хатқа кейін түсуі де ықтимал ғой)
және тәуірірегін кейінгісі деп кесіп-пішуге тағы болмайды,
өйткені соңғы жеткізуші ақындық дарыны жағынан алдыңғы
айтушыдан күштірек болу-болмауы екіталай. Бірақ қайткенде
де әр жырлаушы өзінше редакция жүргізген және бұл жерде
соңғысы тәуірірек жүргізген.
Себебі алдыңғы вариантында
өлең өлшемінде азын-аулақ ақаулық бар, соңғыда – жатық.
Біреуінде қазақтың ескі әдет-ғұрып заңының бір «статьясы»
– құн сұрау, құн төлетуді ескертсе, екіншісіңде қарапайым акт
– өлсе, тұрмай жататыны ғана білдіріледі. Сол сияқты бір жыр-
лаушы өз заманына сай мұсылманның
Алласын қыстыра кетуді
дұрысырақ көреді:
Алла бұйыртса, жұртым, мені жіберіңіз
дейді. Немесе бір жырланыста
«Ызаменен сарғайып іші тол-
ды» десе, екіншісінде
«Санаменен сарғайып іші толды» деп,
ассонансқа құрылған кәнігі фразаны пайдаланады (бұл салы-
стырулар Ы.Дүйсембаев жүргізген текстологиялық материал-
дар бойынша келтірілді)
82
Жеткізуші мен қабылдаушының өз дәуіріне бейтаныстау
көне
элементтерді өзгертіп, өз тұстарындағы жаңа вариант-
тарымен беріп отыруы әбден ықтимал да, заңды да. Мысалы,
ноғайлы цикліндегі жырлардың бірқатарында
Ал қара кіс тон
Достарыңызбен бөлісу: