90
Сірә, бұл кезеңдерде
жұрт, ел, алаш сөздері синонимдер
ретінде өлең талғамына қарай бірінің орнына екіншісі қол-
даныла бергенге ұқсайды. Айталық, жоғарғы жолдарда
алаш
сөзі
Арқа сөзімен ассонансты қатар құрап тұр.
Әлеуметтік топтарға қатысты
хан, сұлтан, құл, бай ұлы,
би ұлы, төре, аға, шора сөздері көбінесе титулды (әлеуметтік
дәреже-лауазымды) білдіретін элементтер болып келеді. Ай-
талық, Доспамбет мұрасынан кездесетін: «Азаулының Аймә-
дет ер
Доспамбет ағаның Хан ұлына несі жоқ? Би ұлынан
несі кем?» деген жолдары немесе: «Азаулыда
аға болған ерлер
көп еді»
деген тармақтарындағы аға сөзі осы күнгі «жасы
үлкен ер адам» мағынасынан басқа қолданыста тұрғанын
аңғартады. Бұрын Түркияда
аға титулы әскери адамға, комен-
дантқа, янычарлардың бастығына берілетін болған. Сол сияқ-
ты, сірә, XV-ХVI ғасырлардағы қазақ қауымында да
аға сөзі
басшыға, оның ішінде әскери басшыға да айтылатын атақ-
дәреже мағынасын бергенге ұқсайды. Шалкиіздің: «Батыр
жігіт жау бастар,
Аға жігіт қол бастар» дегені қолды (әскерді)
бастайтын
жігіттің аға аталатынын көрсетеді. «Қобыланды
батыр» жырыңда: «
Қол ағалық қыламын» деген тіркес бар,
мұнда
қол аға «қолбасшы» деген мәнде жұмсалып тұр.
Аға
сөзінің «белгілі әскери топтың басшысы» деген атақты
білдіретіндігін жалайыр руынан шыққан тарихшы Қадырғали
Қосымұлының «Жами’ат-тауарих» атты шежіресінің (XVI
ғасырдың соңы) тілінен де көреміз: «Уа Мүгеті баһадур мың
кішінің бегі ерді, йа’ни мың ағасы» (Жами ’ат-тауарих. - Қазан,
1851. - 39-б.). Мұнда автор
бек сөзі мен
аға сөзін
синоним етіп
ұсынған, ал
бек сөзінің мағынасы – «басшы».
Аға сөзінің бір кездердегі «басшы» деген ауыспалы мағына-
сы ертеректе қалыптасқан
ел ағасы, отағасы деген тіркестер-
дің бар екендігімен де дәлелдене түседі.
Елағасы – белгілі бір
ұжымның (айталық, бір ауылдың) басшы адамы,
отағасы –
бір отбасының иесі. Кейін
отағасы сөзінің мағынасы жал-
пыланып, «ересек, сыйлы адам» дегенді білдіруге жұмсалып
кеткені байқалады.
XV-ХVI ғасырларда ата сөзінің осы
күнгідей «бірге туғанның немесе туысқанның ішінде еркек
кіндіктің жасы үлкені» деген негізгі мағынасы да, әрине,
болған.
91
Әскери ұғымы бар сөздер мен фразеология сол кездердегі
құрал-жабдықты түгелге жуық атайды.
Садақ, оқ, ала балта,
Достарыңызбен бөлісу: