Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет41/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

Ауыр сөзі ертеректе жұрт, қол сөздерімен тіркесіп, «күшті, 
мықты, зор» деген мағыналарды берген. Бұл сөз көне және 
орта ғасырлардағы түркі ескерткіштерінде осы күнгідей сал- 
маққа қатысты мағынасымен қатар, «многочисленный, дра-
гоценный, сильный, уважаемый, доблестный» («көп, бағалы, 
күшті, қадірлі, мықты») деген мағыналарда да қолданылғаны 
көрінеді
102
. Қазақ жыраулары да ауыр сөзін соңғы осы көрсе- 
тілген мағынада жұмсаған. Ол көбінесе жұрт, қол сөздерімен 
тіркесте келеді: «Тебірлерге қалғанда, Теңселер сойды ауыр 
ноғай жұртыңыз»... «Тебіренсе, ауыр жұртын тындырмас 
(Шалкиіз). «Алқалаған ауыр қолдар тоқтарға» (Шобан) т.б.
Игі қыршын сөздері де қазіргі игі жақсы, қыршын жас, 
қыршынынан қиылды тәрізді тұрақты тіркестерде сақталған 
болса, ертеректе алғашқысы жақсы сөзінің синонимі ретінде 
актив қолданылған, әсіресе ол жақсы сөзінің баяндауыштық 
қызметіндегі кезекші сыңары (дублеті) болып келеді. Мысалы, 
Шалкиіздің: «Асау тулап жықпаса, Артқы айылдың беркі игі» 
деген үлгіде келген толғауы түгелімен жақсының орнына игі 
сөзінің қолданылуы арқылы жасалған. Игі сөзінің осы қызметі 
мақал-мәтелдерде де сақталған (Түсі игіден түңілме т.б.). Бұл 
тұлға қазір тек адамға қатысты сөздермен тіркесуге бейім, ал 
XV-ХVII ғасырларда ол әлдеқайда еркін тіркестерде келеді.
Қыршын сөзі де – бұл күнде «сіріленген» тұлға, ол көбі- 
несе жас сөзімен келіп, сын есімдік қызмет атқарады не-
месе қыршынынан қиылу тәрізді тұрақты тіркес құрамында 
102
Фазылов Э. Староузбекский язык (Хорезмские памятники XIV в.). - Ташкент, 
1966. - Т.І. - С. 104-105.


96
қолданылады. Ал Шалкиіздегі: «Жағасына қыршын біткен тал 
еді» деген жолдардағы қыршын сөзі жеке жұмсалып тұр. Бұл 
сөз Ш.Уәлихановтың назарына да іліккен-ді. Ол: «қыршын сөзі 
өсімдіктің атауы ретінде қазақ тілінде кездеспейді, ал бірақ 
эпоста: Құмға біткен қобаршын, Кесіп алып сал еттім деген 
жолдар бар»,– дейді. Бұл сөзді ғалым оның орта ғасырдағы 
қазақ тарихшысы Қадырғали бидің мәтінінде кездескенге бай-
ланысты әңгіме етеді. Онда мынадай сөйлем бар: «Дарийа 
арасын дан қырчын лар йығыб сал бағлаб, дарийаны кечті». 
Біздің байқауымызша, қазақ тілінде де қыршын сөзі өсімдіктің 
(талдың) аты ретінде қолданылған. Сондай-ақ оның «жас» 
деген мағыналық реңкі де болған. Осы күнгі қыршын жас, 
қыршынынан қиылды деген тіркестер талданып отырған сөздің 
осы мағыналық реңкімен байланысты жасалған.
Озу етістігінің ертедегі жиі қолданылған, мағынасы – 
«жалпы өту», озу сөзінің бұл күнгідей салыстыру («біреудің 
біреуден озуы, аттың аттан озуы» деген сияқты) реңкі жоқ: 
«Озар сүйте бұ дүние Азаулының Аймәдет ер Доспамбет 
ағадан» (Доспамбет). «Сол уақыт озған күндер» (Қазтуған). 
«Атқан оғын оздырған» деп келетін жолдардың барлығында
да озу етістігінде салыстырудан туған іс-әрекет ұғымы жоқ, 
жалпы ілгері жүру (кету, созылу) мағынасы ғана бар.
Байтақ сөзі бұл күндегі әдеби тілімізде «ұшы-қиыры жоқ 
кең» деген сын есімдік мағынада қолданылады. Ал Шалкиіз- 
дің бір толғауында: «Алаштан байтақ озбаса, Сыпайшылық 
сүрмен-ді» десе, мұндағы байтақ сөзінің семантикасы 
бөлекше. Байтақ бұрын қазақ тілінде зат есім мағынасында 
қолданылып, «белгілі бір жұрт, халық тұтастығы» («этникалық-
территориялық бірлік»), яғни «ел, жұрт» деген ұғымды біл- 
дірген. Эпостық жырда өз ханына өкпелеп, қайрылмай кетіп 
бара жатқан батырға «кері қайт» деп өтіне келген адам: «Бай- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет