Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша


§ 6. ХV-ХVІІ ғасырлардағы әдеби тіл лексикасындағы



Pdf көрінісі
бет40/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

§ 6. ХV-ХVІІ ғасырлардағы әдеби тіл лексикасындағы 
көне сөздер
Заман неғұрлым әрілеген сайын қазіргі нормамен салыс- 
тырғанда, көнерген элементтердің молынан ұшырасуы – заңды 
да, түсінікті де. Бірақ әрідегі әдеби мұра ауызша сақталған- 
дықтан, көптеген бейтаныс дүниелер мәтіннен ығысып, біз- 
ге түсініктірек баламаларымен жеткені аян. Әйтсе де бұл мұра- 
лардан «көненің көздері» – архаизмдерді табуға болады. Олар-
ды шартты түрде екі-үш топқа бөліп қарастыру керек. Бірін- 
шісі – бұл күнде мүлде қолданылмайтын бейтаныс түрлері, 
екіншісі – қазірде де түсінікті, бірақ қолданыстан шығып
қалған пассив элементтер, үшіншісі – қазірде де қолданыла- 
тын, бірақ өзгеше мағынаға ие болғандар.
Алғашқы қатарда қыпшақ тобындағы түркі тілдеріне о 
бастан тән емес, көне түркілік бірен-саран сөз бар. Мысалы, 


94
Асанқайғының: Ал қолыңды маларсың Алтын менен күміске 
деген жолдарындағы ал сөзі – көне түркілік (және оғұздық) 
қол деген сөзі, сол сияқты жазы (дала, жапан дала), салу 
(қалдыру, тастап кету), кежі (күзет?), құрсау (орау), толғау 
(орау), толғамалы (оралған), сағыну (сақтану), күлем (?), сын-
дырау (?), соңратын (соң, кейін), тебір (?) сөздері – өте көне, 
мағыналары бұл күнде не күңгірт тартқан, не өзге мәнде, онда 
да омоним ретінде колданылатындар. Мысалы, «қалдыру, та-
стап кету» мағынасындағы салу етістігі мен «қою, енгізу» 
ұғымындағы осы күнгі салу етістіктері – бір ұядан өрбіген, 
яғни семантикалық қозғалысқа түскен бір сөз емес, сыртқы 
тұлғалары бірдей, мағыналары бөлек омонимдер, ал сөзі де 
– сондай: «қол» мағынасындағы ал мен түсті білдіретін ал 
сөздері – омоним тұлғалар. Кұрсау сөзі «орау» мағынасындағы 
толғау деген сөз немесе айдай әлем, күндей күлем деген 
тіркестегі күлем сөздері – тұрақты тіркес – фразеологизмдер 
құрамында ғана сақталған «сарқындылар» (реликтілер), ал 
жазы, сақын, соңратын сөздері – осы күнгі жазық, сақтан, 
соң деген сөздермен түбірлес, сол себептен контекске қарай 
түсінігі де оңайырақ баламалар (эквиваленттер) болғанымен
қазірде қолданылмайтын тұлғалар.
Сындырау, тебір, ағбыту, көмбідей ару жалар, кірмембес, 
күрлем, күспен, ұным, нараду, нарт, үрмеу, ісіріп сияқты 
сөздердің мән-мағынасын түсінуге де, әзірше айқындауға да 
мүмкіндігіміз жоқ (әрине, бұл көрсетілгендердің бәрі бірдей – 
көне сөздер болмауы да ықтимал).
Үшінші топқа қарындас, жұрт, алаш, ару, ауыр, қыршын, озу 
тәрізді сөздерді жатқызуға болады. Бұлар – мағыналары біраз 
өзгеріп, семантикалық қозғалысқа түскен сөздер. Қарындас 
сөзі бұл күнге дейін екі мағынада қолданылады, бірақ осы 
кездегі әдеби нормадағы мағынасы – «ер адамның жасы кіші 
әйел жынысты туысқаны» және жалпы ер адамға байланысты 
айтылғандағы жасы кіші әйел заттың атауы. Ал ертеректегі 
қазақ әдеби тілінде бұл сөздің түпкі мағынасы және түркі 
жазбаларында кездесетін «бірге туысқан адам, аға, іні» деген 
ұғымнан ауысқан «жалпы туысқан, жақын рулас адам» дегенді 
білдірген. Асанқайғының: «Ол күнде қарындастан қайырым 


95
кетер» дегенінде де, Шалкиіздің: Жайыңды білген қарындас Ол 
қарындас әм жолдас дегенінде де бұл сөз әйел жынысты адам 
туралы емес, руластар жайындағы ойды білдіреді, қарындас 
сөзінің осы мағынасы қазақ мақалдарында да сақталған: «Ауру 
– астан, дау – қарындастан». «Жан – қарындас болса да, мал 
– қарындас емес» т.б. Бұл сөздің осы көрсетілген семантика-
сы қазақ әдеби тілінде ұзақ уақыт бойы сақталып келгені Ма-
хамбет, тіпті Абай тілінен де табылатындығынан байқалады. 
«Туысқан, жақын адам» мәнінде жұмсалуы қазіргі қазақ поэзи-
ясында да жоқ емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет