92
Қылшан сөзін Қазтуғаннан кездестіреміз: «
Қылшанымды
сары жүн оққа толтырып». Бұл сөз «Шайыр» атты кітапта
«оқ сауыты» деп түсіндіріледі
99
. Контекске қарағанда,
қылшан
сөзі, шынында да, осы мағынаны береді. Сірә, бұл – көне сөз
болар, өйткені соңғы ғасырларда қазақ тілінде оқ сауытын
қорамсақ немесе
садақ деп атаған.
Тобыршық та – садақтың
бір бөлшегінің атауы. Л.Будагов
Қазан татарлары мен алтай
тілдеріндегі
тобыршық сөзі «шишка, шишковатый» («томпақ
зат, томпақтау») деген мағына береді дейді. Қазақ текстеріне
қарағанда, тобыршық – оқтың адырнаға тіреп ататын жері:
Тобыршығы биік жай салып... Тұтамдайын тобыршық.
Оқ пен
жебе сөздері – бұл кездегі әдеби тілде синонимдер.
Жебені садақ оғының өзі емес, қыры деп түсіндіру бар
100
, садақ
оғының масағы деп анықтау да бар
101
. Ал, шындығында,
жебе
сөзінің
оқ сөзіне синоним екені ауыз әдебиетінде кездесетін:
Көп оғының ішінде Сұр жебе деген оқ алды сияқты жолдардан
да тануға болады.
Оқ пен
жебе сөздерінің үшінші синонимі
ретінде
жай сөзі де әдеби тіл қолданысында болған:
Он екі
тұтам жай тартқан... Тобыршығы биік жай салып.
Әңгімелеп отырған кезеңдегі үлгілерде
мылтық пен
зеңбірек
сөздері өте сирек ұшырайды.
Қылыш та кемде-кем, оның орны-
на
алдаспан сөзі немесе тіркес атаулар қолданылады:
балдағы
алтын құрыш болат, қан жұқпас қайқы қара болат т.б.
Бұл тұста тек қару-жарақ емес,
сауыт-сайман аттары да
тұрақталып, нормалана түскен. Мысалы,
сауыт дегеннен
гөрі
көбе сөзі жиірек кездеседі:
Күлікке тастай болып тиме-
се, Үстіме көбе сайлап кимен-ді... Жауырынына қанды көбе
сыймаған (Шалкиіз). Бізге жеткен текстерде
дулыға – тек
баскиімнің атауы:
Дулығамның төбесі туған айдай болмаса
(Шалкиіз). Туған айдай нұрланып,
Дулыға кидім – өкінбен
(До-
спамбет).
Жаугершілік лексикаға жататын сөздер тобындағы қимыл-
дың өзі мен оның орындалу амалын білдіретін етістіктер мен
үстеулер барлық үлгілерге ортақ болып келеді. «Жорыққа
шығу» мағынасын
жорту сөзі, сондай-ақ,
оқ тию, білте салу,
99
Шайыр. - Орынбор, 1910.
100
Жұмалиев Қ. Махамбет. - Алматы, 1962. - 11-б.
101
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - I т. - Алматы, 1974. - 225-б.
93
топ бастау,
дұшпан ату, тепсінісу, жау бастау, ат сайлап
міну, ту байлау, қатты тартып, биік ату, суырылып шабу,
дұшпанның тобын тоздыру сияқты тіркестер, бір жағынан,
жаугершілік мазмұндағы іс-әрекет атауларын білдірсе, екінші
жағынан, осы кезеңде әбден қалыптасып, орын тепкен әдеби
нормадағы фразеология қорын құрайтын сөздерді танытады.
Өмірдің қалған жақтарын бейнелейтін сөздер де өлең тілі-
нен орын алғанымен, тұрақталуы, көркем құралдарға айна-
луы жағынан жоғарғы көрсетілген топтардай емес.
Әсіресе
бұл кезеңде күнделікті тұрмысқа қатысты сөздердің өте сараң
кездесетіндігі байқалады. Көркем әдебиет, негізінен, әлеумет-
тік тақырыптағы поэзия болғандықтан, мұнда күнделікті от
басы, ошақ қасының суреті жоққа тән. Осыған орай тұрмыстық
лексика да молынан көріне алмаған. Ал
құрық (Ұстаса
қашағанның ұзын
құрығы – Қазтуған), қымыз
(Қымыз ішіп,
қызарып
– Асанқайғы),
кереге (Керегеде ілінген, Шабылмаған
семсер тұр – Жиембет),
шымылдық (Ал
шымылдық ішінде Ару
сүйдім
– өкінбен –
Доспамбет) тәріздес бес-он тұрмыстық сөз
кездессе, олар да – тек образ үшін қолданылғандар. Қазақ по-
эзиясы тіліне тұрмыс-салт лексикасының араласа бастауы –
XVIII, әсіресе XIX ғасырлар іші.
Достарыңызбен бөлісу: