Құрық берді ұрыға дейді.
Көркем әдебиет тіліне еркін және жиі ене бастаған сөздер-
дің келесі тобы – оқу-ағарту, мәдениетке қатыстылар. Бірін-
шіден, біртабан ілгері жылжыған қазақ қоғамында оқу, рухани
дүниенің сөз бола бастауы – занды құбылыс, екіншіден, Ма-
хамбет, Дулат, Шортанбайлар мұсылманша сауатты ақындар
болғандықтан, оқу-білімді, өнерді сөз етпей немесе осы сала-
ларға қатысты сөздерді не тура мағынасында, не образ үшін
пайдаланбай отыра алмағандары және түсінікті. Сондықтан
өткен ғасырдың I жартысында-ақ, әсіресе, 50-70-жылдарынан
бастап, қазақтың төл әдеби тілінде молда/молла, сабақ, сабақ
алу, сабақ оқу, хат («жазба дүние» мағынасында), сызу («жазу»
мағынасында), сызған хат, кітап, кітап сөзі, оқымалды
(«білімді»), ұстаз, өнер, ғалым («сауатты адам»), ақын, шай-
ыр, ділмар, шешен, жыршы, жыр, жаршы (сірә, жыршы бо-
луы тиіс), медресе, өнерпаз, әріп («29 әріптің жайын білмек
керек-дүр»), ғалым, мәселе кітап, бәйіт («өлең»), сөз («өлең,
туынды»), насихат («ақыл»), қалам, сия сөздері қолданылады.
Бұлардың ішінде хат, насихат, ғалым, сызу сөздері ол кез-
де осы күнгі мағынасынан өзгеше жұмсалған, қалғандарының
мағынасы қазіргі кездегідей түрде қалыптасып, бізге жет-
кен. Әсіресе өнер, өнерпаз, ақын, кітап, «оқуға» байланысты
мәндегі сабақ, сабақ оқу, «мұғалім» мәніндегі ұстаз сөздерінің
209
осы күнгі мағыналары XIX ғасырдың орта шендерінде пайда
болып, қалыптасқан деп табамыз.
Біз талдап отырған кезеңдегі әдеби үлгілердің тілінде бұл
күнде сол мағынада актив жұмсалмайтын және бір алуан
сөздер бар. Олардың бірқатарын не көне, не жергілікті сөз де-
уге де болмайды. Мысалы, Махамбет шығармаларында ереуіл,
қалықпан, қу толағай бастану, мінкен, қырқарлану, керіскен
(« керіскендей шандозым»), емсеу, жемсеу, кескекті ер, мей-
манасы тасқан, зымыран, алаулау (соғысу), мараю («Астыма
мінген арғымақ, Аяндай түсіп марай ма?») деген сөздер – не сол
дәуір үшін, не қазіргі кезең үшін норма да, актив те емес. Олар
Махамбеттен өзгелерде ақын қолданған ұғымда кездеспейді.
Бұлардың бірсыпырасының білдірген мән-мағынасын біз
сөздердің қолданылу тарихына арналған бір еңбегімізде
бұрынырақ көрсеткен болатынбыз: ереуіл – монғол сөзі,
мағынасы «тың, күшті», бұл контексте жорыққа алып шығатын
қосалқы (запастағы) атты білдіреді; қалықпан – құстың, ірі
жыртқыш құстың аты, түбірі қалық – көне түркі тілдерінде
«аспан» деген мағынаны білдіретін сөз, ол Махамбет текстінде
мықтылықтың, айбарлылықтың символы («Мен қара құстан
туған қалықпан... », «Жалаулы найза қолға алып, Қалықпандай
қомданып»); қу толағай сөзі «тақыр бас, жалаңаш бас» дегенді
білдіреді (бұл сөз Шал ақында да бар: «Тау толағай көрінер
тасы кетсе»; Дулатта да бар: «Төрт түлікке толтырды, толағай
тұлдыр қыратын»); қырқарлану «тізбек құру, қатар түзу» де-
ген мәнді, емсеу «сусау, шөлдеу», жемсеу «жем жегісі келу»
дегендерді, алаулау «шабуылдау, соғысу» дегенді білдіреді
159
.
Сол сияқты Дулат, Шортанбайлардағы мәт, жолан, мұза
(«мініп шығар мұзаға»), топырыш, кегеже (« кегеже туған, кер
кеткен»), әкпіш, ырғын (ит ырғын да көл-көсір), ылат («Алпыс
келдің арсаңдап, Нөсер жауған ылаттай») сөздері де – көп
үлгілерге ортақ, әдеби нормадағы элементтер емес. Оларды
қаламгердің өзі жасаған жаңа сөздер (неологизмдер) деуге де
болмайды. Сол сияқты Шортанбай өлеңдеріңдегі көксім, шер-
неу, селебе (мұнда ол «қылыш, пышақ» дегенді білдірмейді)
сөздері де көпшілікке таныс емес.
159
Бұлар жөніндегі толық талдауларды мына кітаптан қараңыз: Сыздықова Р.
Сөздер сөйлейді. - Алматы, 1980.
210
Қазақтың ескі жазба әдеби тіліне тән кейбір сөздер мен
тұлғалар бұл кезең ақындарында кездесіп отырады. Мыса-
лы: «Кетпей де нешік етермін» (Махамбет), «Амалым нешік
Құдайға» (Шортанбай). Мұндай сирек сөздердің кездесу
фактісі – XIX ғасыр ақындарының тіл байлығын сарқа пай-
далана білгендіктерінің белгісі. Әсіресе образ үшін толағай,
қалықпан, жолан, топырыш, ылат, мәт (мат) тәрізді сөздерді
кәдеге асырулары – ізденістің, тілдегі шығармашылық
әрекеттің куәсы.
Сөз болып отырған кезендегі лексика құрамында кездесетін
жергілікті ерекшеліктердің көрінісіне келсек, мыналарды
айтуға болады. XIX ғасырдың I жартысында қазақ даласының
батыс аймақтарынан шыққан ақындар тілінде қазірде әдеби
нормаға жатпайтын біраз сөз бар. Олардың бірқатары бір
кезде Қазақстанның көптеген өлкелерінде жиі қолданылып,
жергілікті элементке кейін айналғандар. Мысалы, «ел», «жұрт»
мағынасындағы байтақ сөзі – көбінесе эпостық жырлар мен
батыс аймақтарынан шыққан ақындарда кездесетін диалектілік
архаизм. Бұл күнде сой сөзін «ата тек», «нәсіл» мағынасындағы
батыс говорларына тән диалектілік сөз деп жүрміз. Ол
өткендегі «батыс» ақындарында да жиірек қолданылған: «Мен
ақ сұңқар құстың сойы едім», «Мен кескекті ердің сойымын»
(Махамбет), «Асыл сойдың баласы», «Шығаруға сой керек»
(Шернияз). Сонымен катар бұл сөзді қазақ жерінің екінші
қиыры – Аякөзде туып-өскен, бар өмірі осы өлкеде өткен Ду-
латтан да кездестіреміз: «Адал сойы мен емес Пірдің сөзін
тұтынған». Мұны Абайдың баласы – Ақылбай ақыннан да та-
бамыз: «Үлбіреген ақ тәнді, көзі көкшіл, Не қылса да ол жақсы
адам сойлы» («Зұлыс» поэмасынан). Соған қарағанда, бұл сөз
өткенде жалпыхалықтық тілге тән, бірақ сирек қолданылатын
ортақ элемент болғанға ұқсайды.
Махамбет, Шернияз, Алмажан, Байтоқ, Жанұзақтарда
кездесетін шандоз, зәуде (кездейсоқ), жігі-жапар болу (ын-
тасымен кірісу), сыңайы (реті, шамасы), жандасу (өліспей
берілмеу), қасқару, жұрт сұрау (ел билеу) сөздері қазірде
қазақ тілінің батыс говорларына тән диалектизмдер қатарында
қаралады. Сондай-ақ XIX ғасыр әдеби үлгілерінің мәтіндерінен
211
қазірде оңтүстік-шығыс говорларына тән бірқатар сөздерді та-
бамыз. Мысалы, Шортанбайда шата сөзі (әкесі белгісіз бала),
Дулатта тантық (мылжың), дегдар (асыл), бошалаң (бос,
ынжық), бияпыр т.б. сөздер кездеседі.
Бұл көрсетілген сөздер қазіргі қазақ лексикасының әдеби
нормасы бойынша диалектизмдер болып саналғанымен, олар
өткен дәуірлерде әдеби тіл элементтеріне жатады. Өйткені
ұлттық жазба тіл қалыптасқанға дейінгі әдеби тіл нормасын
жасауға сол тілдің барлық говорлары қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |