Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет20/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

Суретте: О дүниелік Осирис соты [28]


60
берілген; ә) кімнің қайырымдылығы кемшіліктерінен артық болса, 
құдайлар қатарына қосылған, мәңгілік өмірге ие болған; б) кімнің 
жақсылығы мен жамандығы тең түссе, Осириске қызмет ету-
ге мәжбүр болған. Мысырлықтар күнәсіз адам жоқ деп есептеген, 
сондықтан әділетсіз істеріне құдайлардың кешіріммен қарағанын, 
мейірімділік көрсеткенін қалаған. Бұл туралы мәтінде: «Менің күнәм 
жойылды, менің қателіктерім кешірілді, менің күпірлігім жуылды...» 
деп жазылған. Осы тәрізді мәтіндерді көшірген мысырлықтар оны 
мумияның екі аяғының арасына орналастырған. 
Магиялық мәтіндер жинағы болатын ақиреттік шығармаларда, 
соның ішінде «Өлілер кітабында» аңыздық деректермен қатар
моральдық идеялар лебі көрініс тапқан, нақты қалыптасқан тіршілік 
іс-әрекеттері бар. Осындай халық шығармашылығы көрінісін тапқан 
аңыз әңгімелер: «Ағайынды екеу туралы ертегі», «Ақиқат пен 
жалған» – ағайындылар қақтығысын, әйел қатыгездігін көрсететін 
шығармалар боп саналады. Өлілер культімен байланысты Мысыр 
дінінің ерекшеліктері, о дүниедегі өмір туралы түсініктер кейін пай-
да болған өркениет өкілдеріне үлкен әсерін тигізеді.
Ежелгі дәуірлер әдебиеті туралы айтқанда, зерттеушілердің, 
мамандардың белгілі бір қиындықтарға кезігері сөзсіз. Бұл 
қиындық шығармашылық, әдебиет туралы айтқанда авторлар 
туралы мәліметтердің келтірілмеуімен байланысты. Мүмкін, 
өзі өмірге алып келген шығарма астына атын жазып, қол қою 
сол кездегі авторларға тән үрдіс болмаған шығар. Мысалы, ауыз 
әдебиетімен жеткен шығармалардың бәрінің де түп негізінде ав-
торлары болғанына ешкім күмән келтірмейді. Бірақ, олардың атын 
атау мүмкін емес, өйткені авторларға сілтеме жасайтын ешқандай 
мәлімет жоқ. Бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда шығарма иесінің 
аты-жөні неге жазылмаған деп сұраудың өзі де орынсыз болар. 
Өйткені, мұның жауабы ешқашан болмайды... Мамандар тек қана 
ежелгі әлемнің бәрінде, соның ішінде ежелгі Мысырда автор 
түсінігі әлі де болса қоғамдық ойдың игілігіне айналмаған болар 
деген пікір білдіреді.
Дегенмен, Жаңа патшалық дәуіріне жататын шығармалардың, 
ежелгі дәуір ғибратнамаларының бірінде сол тарихи дәуір авторлары 
атына айтылатын үздік ой бар: 


61
Олар өздеріне мыстан пирамида және 
қоладан табыт та соқтырған жоқ.
Өздерінің балаларын, 
Есімін сақтайтын мұрагерлерін де қалдырмады.
Бірақ, жазған ғибратты, өнегелі сөздері арқылы
Өз мұраларын жазбаша қалдырды.
Есігі бар үйлер тұрғызды, бірақ олар бұзылды. 
Өлгенге дұға оқитын абыздар да жоғалды,
Олардың ескерткіштерін кір басты,
Мазарларының орны ұмытылды.
Бірақ, олардың тіршілігінде жазған,
Кітабы оқылып, аттары аталады.
Осы кітаптарды жазғандар туралы естелік Мәңгі...
…Кітап нақышталған табыттан артық
Және қабырғалардан да берік.
Кім шежіре жазғанның атын атаса,
Соның ауызында ақиқат болады. 
Кітап мәтіні оны оқығандар жүрегіне 
Үйлер мен пирамидалар тұрғызады 
(А. Ахматова аудармасынан тәржімаланды). 
ХVІІІ әулет перғауындарының отар елге айналған Мысырды 
қайта біріктіруі қоғамдық қатынастарды өзгерістерге ұшыратты. 
Астана (Фива) және басқа да қалалар дамиды, перғауындардың, 
ақсүйектердің байлығы арта түседі. Әскери жетістіктер тек ішкі саяси, 
экономикалық себептермен емес, сыртқы халықаралық жағдайдың 
Суретте: Сырнай [29]
Суретте: Систр
Суретте: Қола цимбал
Суретте: Арфа


62
дұрыстығымен де түсіндіріледі. Тарихи деректер б.д.д. ХVІ-ХV ғғ. 
сол төңіректегі елдер ортасында мысырлық шапқыншылыққа қарсы 
тұрарлық күші бар басқа елдің болмағанын көрсетеді. 
Тарихи дәуір әдебиеті сезімдік ләззат, көңіл көтеру, той-думан 
ұмтылыстарымен сипатталады. Қабірлерде ұзын ақ киім киген 
ақсүйектер, қайықпен қыдырушылар, саялы бақтағы әсерлі серуен-
дер, алуан түрлі мерекелер, жеңіл киінген сымбатты сұлулар, икемді 
жалаңаш бишілер, қонақтардың көңілін көтеру үшін арфада ойна-
ушылар, маңғазданған ақсүйектердің ыдыстарына шарап құюға 
еңкейген қызметшілер, думан-тойлар бейнеленді. Әрине, осындай 
ортада қуанышты сәттер, көңіл жарасымы, сезім ләззаттары жай-
лы әндер айтылады. Зерттеушілер әндердің цимбал (ежелгі соқпа 
аспабы), систр, лютня (ежелгі ішекті аспап), арфа, сырнай аспап-
тарымен сүйемелденгенін көрсетеді. Егер Ортаңғы патшалық 
дәуірінде прозалық шығармалар музыкалық үлкен жетістікке жет-
се, Жаңа патшалық дәуірінде шынайы, үздік лирикалық поэзия 
өмірге келеді. 
Суретте: Көңіл көтеру сәті [30, 31]
Арнайы әдебиеттерде лирикалық шығармалар, соның ішінде ма-
хаббат лирикасының мазмұндылығына назар аударылады. Әрине, 
автор, ақын аты белгісіз болғанымен, біздің уақытымызға елу шақты 
өлең, үзінділер жеткен. Соның бірі аяқталмай қалған: 
«Жел соғады – көк теңізге кетеді,
Сен келесің...» [3. 490 б.]
(А. Ахматова аудармасынан тәржімаланды).


63
Ұлы қуанышқа кенелтуші әйелдің бастапқы сөзі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет