Суретте: Зергерлік бұйымдар [25]
56
Амарнда қазба жұмыстарын жүргізген кезде қабыршақтарын
көк, ақ, сары түспен дөңес қылып істеген балық бейнесіндегі көгілдір
ыдыс табылған. Шыны бұйымдар арасында ХVІІІ әулет уақытына
жататын әйелдің бас мүсіні де бар. Оның беті көгілдір болса, шашы
қанық көк түсті. Бұдан зерттеушілер мүсін бөліктері бөлек жасалып,
бізге белгісіз бір әдіспен құрастырылған деген қорытынды жасайды.
Зергерлік бұйымдар, әшекей заттарды жасау өнері де жоғары
шеберлікпен жүзеге асырылды. Төрт мың жылға жуық дамыған
Мысыр адамзат тарихының әртүрлі кезең мәдениеттері туралы
пікір қалыптастыратын жәдігерлер қалдырды. Деректер ортаңғы
патшалық дәуірі зергерлерінің табыстарына кейін ешбір елдің қол
жеткізе алмағанын көрсетеді. Мысалы, алтыннан жасалған ежелгі
мысырлық бұйымдардың теңдесі жоқ, теңдесу туралы сөздің бо-
луы бүгін де мүмкін емес. Құю, қалыпқа салу, қақтау, балғамен
пішімдеуді (модельдеу) қолданған зергерлердің нағыз шекуші,
нақыштаушы болғаны сондай, бүгінгі техника көмегімен жасалуы
мүмкін алтын пластинаны жиырма есе жұқартуға қол жеткізген.
Ауа райының құрғақтығына байланысты, Мысырдың көптеген
мата өнімі осы кезге жеткен. Деректер зығыр талшықтарының жаңа
тас ғасыры уақытынан бері өңделе бастағанын, кең көлемді тоқыма
шикізаты болғанын көрсетеді.
Тасқа және т.б. материалдарға салынған бейнелеу өнері туын-
дылары мата дайындау, ши, тоқыма тоқу, ою-өрнек салу амалдарын
жеткізеді. Тері өнімдері, оларды илеу де осы кезде жолға қойылған.
Cуретте: Орындық, ыдыс-аяқтар [26, 27]
57
Баппен иленген терілерден сәндік бұйымдар жасалды, киімдер
тігіліп, негізінен қызыл және сары түстерге боялды.
Алғашқы орындықтың Мысырда пайда болғанын, оның
көптеген түрінің жасалғанын зерттеушілер еңбектері жеткізеді.
Түрлі үй жиһаздары – үстелдер, орындықтар, бірнеше адамға
арналған орындар, сандықтар, киім шкафтары және т.б. пайдаланыл-
ды. Жаңа патшалық дәуіріне жататын ағаштан жасалған кішігірім
сәнді тарақтар, арфа, жүзіп жүрген қыз бейнелі қасық, гүл салатын
құмыралар табылды.
Мысырдың құлдырауы б.д.д. ХІ-ІV ғасырлар аралығына
тұстас келетінін деректер көрсетеді. Тарихи дәуірде Мысырдың
халықаралық беделі түсіп, ұлы держава шет қалған аймаққа айнала-
ды. Б.д.д. І мыңжылдықта Алдыңғы Азия елдерінде темір өндіріле
бастайды. Осы кезде барынша әлсіреген Мысырдың оны өндіретін
кен орны да, басқа елдерден алатын мүмкіндігі де болмайды. Пто-
ломейлер әулеті билігіне дейін Мысыр шаруалары ағаш, сүйек не-
месе тас
еңбек құралдарын пайдаланады. Жаңа патшалық дәуірінің
басқыншылық саясаты ел экономикасын құлдыратады, ішкі
әлеуметтік жағдайды шиеленістіріп, жаңадан пайда болған күшті
мемлекеттер үшін талас-тартыс нысанына айналады.
Ежелгі дәуірде мысырлық о дүниеде өзінің атақ-дәрежесін сақтап
қалатынын білсе, соңғы дәуірде оған қайшылықты идея өмірге енеді:
«Онда байлар мен кедейлер арасында айырмашылық жоқтығы,
өйткені адамның жердегі істеген іс-әрекетіне қарап жазаға тарты-
латыны» мәлімденеді. Осындай діни дүниетанымдық көзқарастар
ерте христиандық ұғымдарға әсерін тигізді. Осыдан да болар, дерек-
тер христиандық нақыл, ұстанымдардың ежелгі мысырлық әдебиет
нұсқаларымен ұқсастығын көрсетеді.
Экономикалық құлдырауға қарамай, б.д.д. І мыңжылдықта бұл
елдің данышпандық және құпия мистикалық ілімдерімен атағы
шығады. Ғылымда «Өлілер кітабы» атауымен танымал ақыреттік,
мистикалық мәтіндер таралады. Біздің уақытымызға олардың бірін-
бірі қайталамайтын көптеген түрінің жеткені белгілі. Б.А. Тураев
жаңа патшалық уақытының мазмұндары ұқсас екі мәтінін табудың
қиындығын, мәтіндердің еркін шығармашылықпен жазылғанын
көрсетеді. Кітап байырғы заманғы «Пирамидалар мәтіні», «Сарко-
фагтар мәтінінің» жалғасы болса да, мұнда жаңа патшалық дәуірінің
58
дүниетанымы бар екені даусыз. Зерттеушілер бастапқыда кітаптың
жеке бөліктерінің пертем-херу, яғни «күндіз шығу» (мәйіт ка-
сының қашан болса да, күндіз өз қабірінен шығуы) деп аталғанын
білдіреді. Сенім бойынша, осы жеке бөліктердің өзі о дүниедегі
мәңгілік өмірден хабардар етеді. Тарихи дәуірде «Өлілер кітабымен»
мазмұндас бірнеше ақиреттік магиялық шығармалар – «Қақпа
кітабы», «Үңгір кітабы» пайда болады.
Ежелгі Мысыр өнерінің дамуы әрқашан дінмен байланысты бол-
ды, дінге айтарлықтай тәуелділік мәдениеттің салыстырмалы түрде
баяу дамуына әсерін тигізеді. Осыдан ежелгі өнер ескерткіштері
толық діни бағытта дамиды. Өнерді жасаушылар өз мүмкіндіктеріне
кедергі келтірген, қоғамда қалыптасқан заңдылықтарды ұстануға
мәжбүр болды. Дегенмен, мұнда, адам, оның жан дүниесі, сезімі,
ішкі күйзелістері, жақынын жоғалтқан туыстар мен достар қайғысы,
соғыс күймелері алдында қашқан жау, отбасы мүшелерінің өзара
нәзік сүйіспеншіліктері және т.б. көрініс табуымен құнды. Мысыр
өнерінде сәби Горды қолына ұстаған Исида бейнесінде жоғары
дәрежедегі аналық сезімге назар аударылады. Сәбиін шаян шағып
алған қайғылы Исида дұға оқып, күн құдайы Радан көмек сұрайды.
Қайғыға ортақтасқан Ра өзінің аспан қайығын тоқтатып, жалбары-
ну, сыйыну көмегімен баланы тірілту дұғасын үйрету үшін жерге
Тотты жібереді. Баласын қатерлі қауіптен құтқарған Исиданың
аңыздық бейнесінде ананың баласын аурудан, төнген қатер, ажалдан
құтқаруға деген нәзік сезімі, ұмтылысы байқалады.
Өлгеннен кейінгі сот идеясы, мәйіт тағдырының өмір сүрген
кездегі, тіршіліктегі іс-әрекеттерімен байланысты болатыны тура-
лы айтылған аңыздар да маңызды. Жаңа патшалық дәуірінен бастап
қабірге «Өлілер кітабынан» алынған нақылдар папирусқа жазылып
қойылады. Мысалы, сол тарихи дәуір қабірінде өрнектелген бей-
нелер ішінде, о дүниедегі сот көріністері де бар. Ти мастабасында
жазылған мәтінде: «Мен олармен ұлы құдай алдында, шынайы сот-
тайтын орында соттасамын» деп айтылады. Инти мастабасының
«Тірілерге үндеуінде» де осындай сөздер қайталанылады: «Мен
осыған байланысты олармен ұлы құдай, өктем сот алдында, сот бо-
латын жерде соттасамын».
О дүниенің ақыреттік соты туралы ой өте ерте пайда бол-
ды. Дегенмен, сенім бұлдыр, анық көрінісін таппаса да, ежелгі
59
патшалық дәуірінде адамның қылығы мен іс-әрекетіне қарай
өлгеннен кейін жазалаудың болатынына күмән келтірілмейді. «Пи-
рамида мәтіндері» мен «Саркофаг мәтіндерінде»: «Мен ешқандай
жаманшылық жасаған жоқпын, құдайдың алдына барғанда маған
рахымын, шапағатын тигізетін болар...» деген ой айтылады [3. 192 б.].
Мәтінде нақты қалыптасқан сенімділік жоқ. Одан тек байырғы за-
маннан келе жатқан, өмірден орын алған тілекті сырғақ қайталауды,
еске алуды көреміз.
Ақыреттік сот туралы идеялар «Өлілер кітабында» нақты
жазылған. Онда психостасия, демек өлген адамның тіршілікте
жасаған іс-әрекетін анықтау үшін, жүрегін таразыға тарту тура-
лы идея, пікір-пайымдаулар анық көрінісін табады. Кітап мәтініне
қоса берілетін суреттерде о дүниенің ақыреттік соты бейнеленген.
Онда өлілер мекенінің патшасы Осирис құдайдың тақта отырған
суреті, таразының бір басында өліктің жүрегі, ал екінші басын-
да орналасқан шындық құдайы Маат, тартылған таразы көрсеткен
нәтижені жазып алатын Тот құдай бейнеленген. Сотқа тартылушы-
ны кінәлаған шешім шыққан жағдайда оның касын жұтып қоятын
құбыжық, албасты да осында отыр. Кадан айырылу келешек өмірді
тоқтататын, діншіл мысырлықтар сескенген екінші, соңғы ажал
болады. Сотқа келгендер үш топқа бөлінген: а) кімнің жауыздығы
қайырымдылығынан басым түссе, құбыжықтың жұтып қоюына
Достарыңызбен бөлісу: |