64
Бірақ өзі махаббаттан маздайды.
Міне, ол қандай мейірімсіз!
Мен оны аймалағым келеді, бұл оның ойына да келмейді,
Анамнан оның мені жар қылуға сұрағанын қалаймын,
Мұны ол сезінбейді.
Егер саған Алтын әйел қорғаушы болса,
Мен лайықпын соған, бауырым.
Кел, сенің көркемдігіңе сүйсінейік.
Анам мен әкем қуансын.
Бөтен
адамдар саған таңдансын,
Егізім менің әсемім!
... ... ...
Жетінші өлең
Мен жеті күн сүйіктімді көрмедім.
Мені дерт жеңді.
Денем ауыр тартты.
Мен есімнен айырылып қалғандаймын.
Оқымысты емшілер жүр –
Ауруға емдік шөптерден не пайда?
Дұғашылар тығырыққа тірелді,
Менің дертімді анықтау мүмкін емес.
Маған қарындасымның атын сыбырлашы –
Мен тұрамын төсегінен аурудың.
Одан хабаршы келсе,
Менің жүрегім жанданады.
... Оның көзқарасынан – жасарамын,
Оның сөзінен – күш аламын.
Құшағында – зақымданбаймын,
Жеті күн ол көзіме көрінбеді [3. 491-492 б.].
(В. Потапованың аудармасынан тәржімаланды).
Халық бес күн тірліктің игілігін көруге ұмтылды. Табиғатқа,
қоршаған ортаға, тіршілікке, қуат беретін күн сәулесіне, ұлы жарық
түсірушіге деген сүйіспеншілік мысырлықтардың «Ніл әнұраны»
мен «Атон әнұранын» құрастыруына негіз болды. Эйе перғауын
65
қабіріне ойып жазылған әнұраннан құдай мен табиғаттың бірігуін,
табиғатқа айтылатын мадақты көреміз:
Нілде
мехрап та жоқ,
Ғибадатхана, абыз да жоқ.
Бірақ, оның балалары
барлық жерде Нілді әнге қосады.
Солтүстік және оңтүстік үшін
Кәрі Ніл тасып ағады,
Даланың шөлін қандырады.
Адамдар оны мадақтайды,
Иелер ішіндегі әділеттісі деп.
Оның заңдары бәріне бірдей,
Оның тасуы бәріне бірдей жомарт.
Ол барлық жерді суландырады,
Біреулерге
байлық әкелсе,
Басқаларды қайыршылыққа ұшыратады [3. 493 б.].
(И. Кацнельсон мен Ф. Мендельсон аудармасынан тәржімаланды).
Мысырдың соңғы перғауындары елдің бұрынғы атақ-даңқын,
құдіретін қайта жаңғыртуға ұмтылады. Олардың тапсыруымен
суретшілер Ұлы пирамидалар дәуірі өнерінің үлгісін көшірумен де
айналысады. Бірақ, өткен дәуір елесі өмірге енбей, мысырлықтар өзге
елдердің өмір салтына еліктей бастайды. Мысырға гректер келіп,
сауда орындарын ашады, перғауынға әскери қызметке орналасады.
Тарихи дәуірде гректік немесе грек-мысырлық мәдениеттің аралас
үлгілері таралады. Мысырдың дәстүрлі мәдениетіне жат,
эллиндік
бейнелеу өнері жергілікті шеберлер жұмысынан көрініс табады. Са-
рай төңірегінде гректердің, эллиндік мәдениет түрлеріне еліктеуі
үрдіске, ортақ үлгіге айнала бастайды.
Б.д.д. 332 жылы Мысырға келген грек-македон әскерлері
айтарлықтай қарсылыққа кездеспейді. Перғауындардың заңды
мұрагері атану үшін Александр Македонский Амон құдайға сенім
білдіретін мысырлық бас абызға қажылыққа барады. Абыздар Алек-
сандрды Амон-Раның баласы деп жариялайды...
Бірнеше мыңдаған жылға созылған ежелгі Мысырдың дәстүрлі
мәдениеті эллиндік кезеңде және Рим империясы кезінде,
әлі де
66
бірнеше ғасырлар бойы қолданыста болғанымен, ол өз мүмкіндіктерін
сарқыған еді.
Елдің экономикалық мешеулігіне, әлеуметтік қатынастардың
артта қалғанына қарамай, б.д.д. І мыңжылдықтан бұл ел
данышпандарының құпия ілімдері және мистикалық білім
ұстанымдарымен даңқы шығады. Ежелгі грек тілінде негізі қаланған
ғылымдарға, химия және дәрі-дәрмек
атауларына шығу тегі
мысырлық сөздер енеді.
Достарыңызбен бөлісу: