67
он атауын ежелгі Грецияда тоғыз муза ғибадатханаларына берген.
Тоғыздың жетеуі өнер салаларымен байланысты болса, екеуі: Урания
(астрономия мен басқа нақты ғылымдар музасы) және Клио (тарих
және гуманитарлық ғылымдар музасы) ғылымдарға қатысты. Осы
сөзден қазіргі заманғы музей ұғымы өз бастауын алады. Дегенмен
мусейоннің музейден айырмашылығы қазіргі кездегідей қандай да
бір көрмелер ұйымдастырумен айналыспаған және оған патшаның
рұқсатынсыз бөгде адам кірмеген, ешкім бас сұға алмаған.
Б.д.д. ІІІ ғ. басында, бірінші птоломейлер
дәуірінде негізі қа-
ланған, эллиндік әлемнің ең ірі ғылыми және мәдени орталығы
болған Александрия кітапханасының аты кең танымал еді. Парасатты
орталық ретіндегі осы ғылым ордасында Жерорта теңізі аймағының
оқымыстылары, ойшыл қауымы зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Демек, мусейон мен оның кітапханасында сол тарихи дәуірдің та-
нымал оқымыстылары мен жазушылары жұмыс істеген. Мусейонға
қызметке тұрған оқымыстылар: табиғат философиясы, математика,
астрономия, география, медицина, музыка теориясымен, лингви-
стика және басқа да ғылым салаларымен шұғылданған.
Олардың
ең танымал өкілдері: қазіргі заманғы «евклидтік» геометрияның
(сызықтық кеңістік геометриясы) негізін қалаушы Евклид; біраз
уақыт Александрияда өмір сүрген механик Архимед;
грек тілі та-
рихында тұңғыш рет граматика оқулығын жазған Фракиялық Ди-
онисий; география негізін қалаушы Эратосфен; ежелгі Әлем туралы
мәліметтер беретін география жайлы үлкен еңбектің авторы Стра-
бон; адам санасына үлкен әсерін тигізген әлемнің жерорталық жүйесі
(геоцентристік) түсінігін ұсынған астроном Клавдий Птолемей;
жұлдызды аспанның кең көлемді каталогін құрастырған, осы кез-
ге дейін қолданылатын жарықтығына қарай жұлдыздың үлкендігін
анықтау шкаланы ұсынған Гиппарх; адамзат тарихында әлемнің күн
орталық жүйесін алғаш рет ұсынған оқымысты Самостық Аристарх
деп аттарын атауға болады.
Эллиндік дәуірдің ең ірі қалалардың бірі – Александрия, қолөнері
мен сауда орталығына айналады. Бұл туралы Страбон: бұл теңіз
жағасында
кеме келіп кетуге, кеме тоқтауға қолайлы, теңізде сау-
да жасауға тиімді және бәрін өзен бойымен тасымалдауға ыңғайлы
Мысырдағы жалғыз орын, әлемдегі ірі базар тәрізді көрінеді, деп жа-
зады. Александрия Родосстық Дейнократ сәулетшінің жоспарымен
68
салынды. Қала бес орамнан
(квартал) тұрды. Патша ора-
мында
Птоломейлер сарайы,
театр, мусейон, кітапхана мен
А.Македонскийдің мазары ор-
наласады.
Б.д.д. 48-47 жылдары
кітапханада өрт болады,
бірақ
содан кейін де ол өзінің үлкен
маңызын сақтайды. Кітапхана
тек 273 жылы рим императоры
Аврелиан Александрияны жау-
лап алған кезде қирайды.
Эллин дәуірінде Мысыр-
да бірнеше ғажап құрылыстар
бой көтереді. Оның басты-
сы Фарос маягі – «әлемнің
жеті кереметінің» бірі. Сәулетші Книдтік Сострат оны б.д.д.
280 жылдар шамасында Фарос
аралында кемелердің айлаққа
кірер жолына жарық түсіру үшін тұрғызған. ... Арнайы әдебиеттер
құрылыстың біржарым мың жыл бойы тұрып, бұзылғаны туралы
деректі келтіреді [34].
Достарыңызбен бөлісу: