Ахикар өсиеттері. Ассирия әскерлері өзге елдерге жасаған
жорықтары кезінде көрген-білгендерін шешен тілмен жазды. Жылна-
малардың көркемдік құндылығы өте жоғары. Мыңдаған жылдар бойы
жер астында жатқан «Саз кітаптардың» табылуы арқылы бізге ежелгі
өмір естеліктері, байырғы заман даналықтары, өмір тәжірибелері,
білімі, салт-дәстүрлері, өлім мен сүйіспеншілік туралы әңгімелері,
аңыздары мен жырлары жетті. Осындай байырғы заманнан жеткен
жәдігердің бірі, әрі ең танымалы патша кеңесшісі, данышпан Ахи-
кар есімімен байланысты «Ахикар өсиеттері» деп аталады. Арнайы
әдебиеттер оның Ассирия патшалары Синаххериб пен Асарходдон
кезінде министр болғаны туралы мәліметтер келтіреді. Деректерге
қарағанда, ассирия-вавилон тілінде жазылған осы өсиеттердің бізге
түпнұсқасы емес, тек арамей тіліндегі нұсқасы жеткен. Оның б.д.д.
515 жылға жататын кейбір бөліктерін О. Робсон 1906 жылы Мысыр-
дан тапқан.
Ежелгі шығыстың, «Ахикар өсиеттерінің» қазақ даласымен
байланысын білдіретін, өмірлік ұстанымға айналған ғибратты
пікірлерінің қысқаша мазмұны:
– «Егер құпия сөз естісең, онда ол сенің ішіңде өлетін болсын.
Сенің аузыңда лаулаған көмірге айналып, тіліңді күйдірмесін, сенің
жаныңа қайғы-қасірет әкелмесін және сені құдайға қарсы күпірлікке
душар етпесін, жамандыққа итермелемесін десең, ол құпияны
ешкімге ашпа.
125
– Ұлым менің, не естісең де, не көрсең де, оны жұртқа жайма,
айтпа.
– Түюлі арқанның түйінін шешпе, қажет болмаса, жаңа түйін
түйме.
– Өз әйеліңмен біреу зинақорлық жасамасын десең, жақыныңның
әйелімен зинақорлыққа барма.
– Ерте көктемде гүлдейтін, бірақ басқалармен салыстырғанда,
жемісін кеш беретін бадам ағашына ұқсама. Дұрысы, тұт ағашы
тәрізді болған: ол кеш гүлдейді, бірақ оның жемісінің дәмін бәрінен
бұрын татасың.
– Көзіңді төмен сал, дауысыңды көтерме, өйткені қатты сөзбен
ғимарат тұрғызылмайды. Егер айқайдың күшімен үй тұрғызылар
болса, онда есек күн сайын екі үй тұрғызар еді. Егер соқаны тек күш
қана қозғалтар болса, оның қамытын түйенің мойнынан ешқашан
шешпеген болар еді.
– Ақымақпен бірге шарап ішкенше, ғалыммен бірге тас тасыған
дұрыс.
– Шарабыңды тақуа, сопының моласына төк, бірақ оны ұятсызбен
бірге ішпе.
– Ақылды адаммен бірге жүрсең адаспайсың, ақымақпен бірге
жүрсең ақыл қонбайды.
– Есті, данышпанмен бірге бол – ақыл, парасатқа ие боласың, көк
езу болғың келмесе, мылжыңдардан алыс жүр.
– Аяқ киімің берік кезде ұлдарың мен немерелеріңе тыңнан тап-
тап жол сал.
– Өзіңе не тиесілі болса, соны азық қыл, басқанікіне қолыңды
созба.
– Бейшара адаммен бірге отырып, тіпті нан да жеме.
– Сенің жауың береке тапқан кезде реніш білдірме, ал ол
бақытсыздыққа душар болғанда шаттанба.
– Шамадан тыс сөзі көп, сонымен бірге даусы ащы әйелге
жақындама.
– Әйелдің сұлулығына сұқтанба, оған жүрегің ешқашан
ынтықпасын. Өйткені, әйелдің ақиқат сұлулығы оның мінезінің
жұмсақтығында, ал сүйкімділігі сөзінің қысқалығында.
– Егер саған кездескен жау жамандық ойласа, оны өз ақылыңның
күшімен қарусыздандыр.
126
– Ұлың жаман істерімен ұятқа қалдырмай тұрғанда, жас кезінен
тәртіпке үйрет, сенен күшті болып өсіп, саған қарсы шығатындай
болғанын күтпе.
– Өтірікшінің сөзін тек ақылы кем адам ғана жыртқыш құс
тәрізді талғамсыз қылғып жұта береді.
– Әкең мен анаңның қарғысына қалма, әйтпесе өз балаларыңның
жетістігіне қуана алмайсың.
– Қарусыз жолға шықпа, өйткені өзіңнің жауыңды қашан және
қайдан кездестіретініңді білмейсің.
– Ағаштың сәні – бұтақтары мен жемістері, ал тауды қалың
орманның безендіретіні тәрізді, ер адамның сәні – өз балалары мен
әйелі.
– «Менің қожам ақымақ, ал мен одан гөрі ақылдымын» деп
ешқашан айтпа.
– Басқалар сені ақылды деп есептемей тұрғанда, «мен
ақылдымын» дегенді тісіңнен шығарма.
– Өзінің қожасын тастап кетіп, ізіңе ерген итті таспен ұрып қу.
– Әртүрлі жолға түсіп, тоз-тоз болған қойлар қасқырға оп-оңай
азық болады.
– Сенің кеңірдегіңнен аяғымен бассын демесең, жақыныңа
өкшеңді басуға мүмкіндік берме.
– Есті адамды ақылды сөзбен соқ, жаздыгүні ауруға безгек қалай
қатты әсер етсе, оның жүрегіне де сондай қатты әсер етсін. Бірақ,
ақымақты таяқпен қаншама соқсаң да, оны ақкөңіл қыла алмайсың.
– Тапсырманы тек ақылды шабарманға бер және оны қалай
орындау керек екенін түсіндіріп жатпа. Бірақ, шабарман ақымақ бол-
са, оның орнына жолға өзің шық.
– Өз ұлыңды басында нан және сумен сына, ал сосын ақшаң мен
мүлкіңді қолына тапсыр.
– Мен темір тасып, тас аудардым, бірақ оның бәрі маған қайын
атамның үйінде болғаныммен салыстырғанда, әлдеқайда жеңіл
көрінді.
– Жүрегің соқыр болғаннан, екі көзің соқыр болғаны жақсы.
– Жақын жердегі досың алыстағы бауырыңнан артық. Жақсы
атың әдеміліктен артық. Өйткені, жақсы ат мәңгіге қалады, ал
әдемілігің семеді, жоғалып кетеді.
127
– Өз қолыңдағы қаздың сүйегі өзгенің қазанындағы семіз қаздан
артық. Сенің қолыңдағы бір құс, әуеде ұшып жүрген мың құстан
артық.
– Жүрекпен толғанып, ой елегінен өтпеген сөз аузыңнан
шықпай-ақ қойсын. Өйткені, сөйлесіп отырып сүрінгеннен, ойланып
отырғанда сүрінген жақсы.
– Әміршілердің бау-бақшасына кірме және әлемді билеп-
төстеушілердің қыздарына жолама.
– Өзіңнен жасы үлкен адамды көргенде, ізеттілік белгісін
көрсетіп, орныңнан тұр.
– Су қоймасы ауада қалықтап тұрғанда, құс қанатсыз ұшып
кеткенде, қарға қар тәрізді ағарғанда, ащы дәм бал татыған кезде,
ақымаққа да ақыл кіреді.
– Адам көзі бастау бұлақ тәрізді: ол топыраққа толмайынша,
ешқашан, еш нәрсеге тоймайды.
– Сенен әбден жалығып, жек көріп кетсін демесең, досыңа да жиі
бара беруге болмайды.
– Жақсылыққа жақсылықпен, қастандыққа қастықпен жауап
беріледі. Біреуге арнап ор қазғанның өзі соған құлайды... [59. 25-27 б.].
Өсиеттермен қатар, болашақта грек әдебиетінде өз дамуын таба-
тын мысал әңгіме, ғибратты сөздерді да кездестіруге болады:
«Қабылан жолда жаураған ешкіні кезіктіріп, оған:
– Кел, өз терімді саған жаба қояйын, – дейді.
Ешкі:
– Оның маған не керегі бар? Керісінше, менің терімді сыпырып
алғың келіп тұрған жоқ па? Керек десең, амандасқың да келмейді;
тек қан ішкің келіп тұрған шығар...»
Италия археологы, тіл білімінің маманы Сабатино Москати
Ахикардың кейбір мысалдары Эзоптікі деп есептелетін баршаға та-
нымал мысалдарда қайталанатынын көрсетеді [48. 33-34 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |