Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет46/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

Суретте: Түн патшайымы [62]


136
сты бөлмесі), Неграл мен Ададидің 180 мехрабы және басқа да 12 
мехрабтың» [40] болғанын жеткізеді. 
Бұл – әрине, діни ғимараттардың қарапайым саны, қандай да 
бір символдық сандар. Дегенмен, қазба жұмыстарының нәтижелері 
Вавилон халқының, өмірлік және шығармашылық күштерінің 
басым бөлігін құдайларға арналған құрылыстарды тұрғызуға 
жұмсағанын дәлелдейтіні сөзсіз. Көптеген ықыласты, ыждағатты 
қолы шебер адамдар діни ғұрыптарға керек заттарды, суреттер мен 
бойтұмарларды, моншақтар мен әшекейлерді, сыйыну кестелері мен 
терең сенім бастауларын жасаумен айналысты. Бұларды сол тарихи 
заманның шынайы сенетін, көз жанарын аспанға тіккен адамдары 
әртүрлі діни рәсімдерді орындау кезінде кең көлемде пайдаланған. 
Вавилонның «жұлдыздар діні», сансыз көп шеру мен салтанат-
ты айтпағанның өзінде, жылына көп күнді Ай құдайы Син және 
оның жұбайы немесе нақсүйері Иштарға арнады. Тек кейінірек 
вавилондық құдайлар жиынтығы тағы бір құдайлар патшасы Мар-
дукпен толықтырылады. Оның өмірге келуі жұлдыздар культімен 
және астрономиялық бақылауларға және жаңалықтарға негізделгенін 
жорамалдауға болады. Аспанның құдіретті құдайы Мардук Юпитер 
ғаламшарымен теңестіріледі.
Жаңа жыл мерекесінде Евфратты бойлай қасиетті «Шеру 
кемесі» жүзеді. Ол Құс жолымен жүзген Ай кемесіне ұқсас, өйткені 
вавилондықтар аспан құбылыстарының бәрін жерге түсіруге тыры-
сады. Кеме тұмсығы жылан басымен безендірілген. Бұл Мысырда 
және басқа жерде ежелгі Ай символы болған жыланның басы еді.
Алтын және қымбат бағалы тастармен безендірілген Вавилонның 
кеме шеруі сына жазуы мәтінінің куәлігі бойынша «аспандағы 
жұлдыздар сияқты, күнмен шағылысып жарқыраған».
Қосөзен халқы ғылым дамуында айтарлықтай табыстарға жет-
кен. Әсіресе, вавилондықтардың алғашқы егіс көлемін анықтау, су 
жүретін арықтар қазу тәрізді өмірлік сұраныстарға жауап беретін 
математика саласындағы қол жеткізген табыстары үлкен. 
Ежелгі дәуірлерден олар көп қабатты (археологтар мәліметінше, 
Вавилон мұнарасы сегіз қабат болған) зиккурат мұнаралар 
тұрғызып, оның жоғарғы қабатынан оқымыстылар аспан денелерінің 
қозғалысын қадағалаған. Осылайша, Күн, Ай, әртүрлі ғаламшар мен 
шоқжұлдыздардың орналасуына эмпирикалық бақылаулар жасап, 


137
деректер жинақтаған. Арнайы әдебиеттерде б.д.д. V ғасырда пайда 
болған осы математикалық астрономияның даму деңгейінің Қайта 
Жаңғыру (еуропалық) заманы астрономиясына парапар болғаны 
келтіріледі. 
Ай фазасын анықтау жүйесін Набуриана жасаса, жыл ұзақтығын 
Киден анықтаған. Мысалы, жылдың ұзақтығы 365 күн, 5 сағат, 41 
минут және 4,16 секунд деп анықталып, бар болғаны 7 минут 17 
секундқа қателескен. 
Б.д.д. ІІІ ғасырдан Вавилон астрономдарының еңбектері ежелгі 
грек тіліне аударыла бастаған. Бұл гректерге азғана уақыт ішінде 
мыңдаған жылдар бойы жинақталған тәжірибемен танысып, үлкен 
жетістіктерге жетуге мүмкіндік берген. 
Вавилонның медициналық мәтіндері де сақталған. Одан ежелгі 
Қосөзен дәрігерлерінің аяқ-қолдың буыны шығуы, сынық тәрізді 
ауруларды жақсы емдегендері көрінеді. Алайда, адамның дене 
құрылысы, ішкі мүшелері туралы түсініктері төмен болып, ішкі 
ағзаларды емдеуде әлсіздік танытқаны туралы мәліметтер біздің 
уақытымызға жеткен...


138


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет