Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет44/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

Вавилон мұнарасы әртүрлі халықтардың аңыздары мен 
әңгімелеріне арқау болды. Халдейлер Вавилоны әлдеқашан жермен-
жексен болып, топыраққа көміліп қалғанына мыңдаған жылдар өтсе 
де, әлі күнге естен шыққан жоқ. Шеру жолының қабырғалары қиял-
ғажайып жануарлар бейнеленген түрлі-түсті жарқыраған израз-
ецтермен безендірілді. Вавилонның ең әйгілі құрылыс, ғимараты –
осыдан жүз жылдан аса уақыт бұрын неміс археологтары тапқан 
Иштар құдай қақпасы. 
ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басында Вавилон өзінде қазба 
жұмыстары жүргізілуін күткен маңызды қалалардың бірі болды. Неміс 
археологтары мұнда қазба жұмыстарын 15 жыл бойына жүргізеді. 
1902 жылдың көктемінде археологтар Вавилонның Шеру жолы мен 
Иштар құдай қақпасын табады. Экспедиция жетекшісі Роберт Коль-
девей жалпы жұрттың назарын аударған маңызды жетістіктерді жа-
риялайды. Биіктігі 40 фут, ғаламат үлкен Иштар құдай қақпасы ту-
ралы айтылатын дақпырт ақиқатқа сәйкес келеді. Ол қала мерекесі 
кезінде Мардук құдайдың мүсінін алып жүретін Шеру жолының 
бойында асқақтап тұрған. Әсіресе, қақпа тас пен саздан тұратын 
Суретте: Иштар құдай қақпасына салынған изразец бейнелер [61]


132
сұрқай әлемде түрлі-түсті бояулар барын дәлелдеп, жұртшылық на-
зарын өзіне аударып, үлкен әсер еткен. Шеру жолы мен Иштар құдай 
қақпасын қалпына келтіру туралы мәтінде Навуходоносордың қала 
қақпасы да барша жұртты таңырқататындай заңғар айбынды бо-
луы үшін, қам кесектер мен қыш кесектерге жылтыр бояулы
 
сыр-
мен айбынды бұқалар, жолбарыстар мен айдаһарлардың суреттерін 
(барлығы 600) салу туралы бұйрық бергені мәлімделген. 
Набопаласардың елшілік көрегендігі мен Навуходоносордың табы-
сты әскери жорықтары нәтижесінде өмірге келген империя Амель-Мар-
дук кезінде құлдырауға ұшырайды. Вавилон тарихшысы Берос оның 
әкесі Навуходоносорға лайық ұл болмағанын жеткізеді. Әлемдегі ең 
бір алынбайтын қамал деп есептелген қаланы б.д.д. 583 жылы парсы 
әскерлерін бастап келген Ұлы Кир басып алады. Оқиғаға куә болған, 
қаланың құлағанын өз көзімен көрген кісілердің сөздерін негізге 
алған Геродоттың пікірінше, қорған қабырғаларының мықтылығынан 
Кир оны ұзақ уақыт ала алмай, қоршап тұрған. Ақыр соңында
парсылардың алдыңғы әскер тобы оңтүстік пен солтүстік жақтан су 
жолдары – Евфраттың салалары арқылы қалаға кіреді. Грек тарих-
шысы қаланың үлкен болғаны соншалықты, жау қалаға басып кіріп, 
шет жағын жаулап алғанда, қала орталығындағылар одан бейхабар 
боп, көңілді мереке, ойын-сауықтарын жалғастыра бергенін жазады. 
Геродоттың мәліметінше, парсылар қорған қабырғаларын, қақпаларды 
қиратқанымен, ғимараттар мен ғибадатханаларға тимеген. 
Қала тұрғындары еркіндік үшін көтеріліске бірнеше рет 
шыққанымен, олар сәтсіз аяқталады. Ұзақ уақыт Қосөзен аймағының 
экономикалық орталығы болған Вавилонды кезекті бір көтерілістен 
кейін парсы патшасы Ксеркс [б.д.д. 486-465 жж.] қиратып, бас 
ғибадатхананы бұзып, онда тұрған Мардук мүсінін алып кетуге 
бұйрық береді. Бұл бұйрықтың өзіндік мәні болды. Тарихи дәуірде 
халықтың жайлы тұрмысы ғибадатхананың амандығы, бас құдайдың 
ризалығымен тығыз байланыста қарастырылды. Мысалы, белгісіз 
автор: «Қиратылған Урды жоқтауында» аса құрметті орынның мазақ 
боп, қорлануы қайғылы салдарға ұшыратты», – дейді. Онда әскердің 
ойсырай жеңілуі, нашар қолбасшылық немесе жеңілістің өзіндік 
себептері өзекті мәселе ретінде қарастырылмайды. Автордың 
пікірінше, халық қасіреті құдайлар үйінің қорлануы, мазақ болуы-
мен байланысты [43. 231 б.]. 


133


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет