ЖАҢА ВАВИЛОН
І Саргон ежелгі Вавилон мемлекетінің негізін қалап, оның
ұрпақтары (Хаммурапи) мемлекет негізін нығайтып, шекаралық
аймақтарын ұлғайтқанымен, б.д.д. ХVІ ғасыр шамасында ол
көршілерінің шабуылдары мен ішкі бүліктердің әсерінен кішігірім
128
әлсіз мемлекетке айналады. Оны Кіші Азия жерінен келген жауын-
гер хеттер жаулап алып, Қосөзен аймағына кең тараған Ежелгі Вави-
лон билігіне шек қояды. Хеттер жаңа жер аумақтарын қосып алуға,
оларды ұзақ билеп тұруға қызығушылық білдірмей, Вавилонды түк
қалдырмай тонаумен қоса, қырғынға ұшыратып, бірнеше ғасырға
дейін бас көтере алмайтын жағдайға жеткізеді.
Цезарь мен Тацит еңбектерінде xеттер германдықтарға ұқсас
үнді-еуропалық көшпенді тайпалар ретінде әрқашан қозғалыста,
жауынгерлік жорықтарда жүрген халық ретінде бейнеленеді.
Бұлардың өз мүмкіндіктерін жаулап алу соғыстарына ғана
жұмсаған, қала қорғандары мен жер асты үңгір жолдарын қазғаннан
басқаны білмеген, ғылым, өнер салаларына қызықпаған, оны өз
абыздарының үлесі деп есептегенін тарихи деректер жеткізеді. Де-
генмен, үлкен аймақтарды жаулап алу барысында, басқа елдердің
озық мәдениеттеріне жолығып, оларды біртіндеп қабылдай бастай-
ды. Оған Вавилонның билік заңдары мен жазу өнерін мысал ретінде
келтіруге болады.
Хеттерден соң Вавилон жеріне қазіргі Батыс Иран аймағынан
шыққан касситтер келеді. Касситтер Вавилонға 600 жылдай билік
жүргізеді. Зерттеушілер екінші вавилондық әулет аталған бұл та-
рихи дәуір туралы мәліметтердің өте мардымсыз екенін көрсетеді.
Тек Наци-нугаш (б.д.д. 1350-1345 жж.), Наци-марруташ (б.д.д. 1323-
1298 жж.) және Каштилиаш (б.д.д. 1242-1235 жж.) тәрізді әйгілі
патшалардың ғана есімдері жеткен тәрізді. Тарихи әдебиеттерде
деректердің аздығына соғыстардың себеп болғаны жайлы жорамал-
дар жасалған.
Жаңа Вавилон дәуірі б.д.д. 605 жылдан 538 жылға дейін созыла-
ды. Ассирия мемлекеті талқандалғаннан кейін, оның негізін халдей-
лер қалаған.
Навуходоносор патша шын мәнінде қирап жатқан астананы
мұраға алып, көрегендігімен, жігерлі әрекеттерімен оны Қосөзен
өңірі астанасына айналдырады. Қайта жаңғырған, қалпына келген
Вавилон жайлы Тауратта: «Өзінің бұзақылыққа итермелейтін ашу-
лы шарабымен барлық халықты тойдырды», – деп жазылған. Жаңа
Вавилонның негізін қалаған Набопаласардың: «Вавилон ғибадатхана
мұнарасы маған дейін тозған, бұзылған еді. Оны Жер жүрегінде
жаңартуға, оның мұнарасын көкке жеткізуге Мардук құдай бұйрық
129
берді. Мен іске кірістім, қам кесектерді дайындап, отқа күйдірдім...
Мен аспаннан жауған жаңбыр, аққан өзен тәрізді өлшеусіз қара май-
ды Арабтудан алдырдым... Мен қыш кесектер астына алтын мен
күміс, таулар мен мұхиттардың қымбат бағалы тастарын тастадым...
Мен ием Мардук алдында басымды идім, киімдерімді шешіп, кесек
тас пен саз тасыдым. Тұңғышым, жүрегім қалаған Навуходоносорға
өзіме бағыныштылармен бірге тасаттық жасайтын шараптар мен
майларды алып жүруге бұйрық бердім», – деген сөзінен патша мен
тақ мұрагерінің ғибадатхана құрылысына атсалысқанын түсінеміз.
Патша б.д.д. 605 жылы баласы Навуходоносорды мысырлықтарға
қарсы жорыққа аттандырады. Соғыста жеңіске жеткен жас әскербасы,
әкесінің өлгені жайлы хабар алысымен, тез арада Вавилонға келуге
мәжбүр болады. Таққа отырған ІІ Навуходоносор бірнеше жылдан
кейін Шығыс Жерорта теңізі аймағында жаулап алу соғыстарын
жүргізеді. Соғыс нәтижесінде азып-тозған Вавилон қиратындысын
қайта жаңғыртуға қажетті көп қазына түседі. Жаулап алынған жер-
лерден құлдыққа айдалып келгендер ортасында қолөнершілер,
құрылысшылар, ағаш ұсталары, тас қалаушылар, мүсіншілер болды.
ІІ Навуходоносордың ел астанасында үлкен құрылыс жұмыстарын
бастауына, бәлкім, осылар себепкер болса керек. Уақыт сынына
төтеп беріп, осы күнге жеткен ғимараттардың қираған қалдықтары
көрген жанның бәріне ерекше әсер қалдырады. Үлкен қала қорғанмен
қоршалып, алып тас бұқалар үстіне Евфраттың екі жағасын қосқан
Суретте: Аспалы бақ. Гректер түсіндірмесі [60]
130
көпірлер салынады. ІІ Навуходоносор құдайлардың құрметіне ең бір
ғажап ғимараттарды тұрғызған. Грек тарихшыларының жазуынша,
Вавилон екі түрлі сәулет өнері жетістігін – қала қорғаны мен аспалы
бағын мақтан тұтқан.
Археологиялық қазба жұмыстары қаланың екі бекініспен
бекітілгенін, сыртқы қорғанның биіктігі 50 фут (1 фут = 304,801 мм),
ені 10 фут екенін көрсетті. Қорғанның ішкі жағынан құрылысшылар
аумағы 25 фут болатын кеңістік, ашық жер қалдырған. Ол әскери
шеру өтетін, қорғанды қарауылдайтын жауынгерлердің жиналатын
алаңы болуы мүмкін. Содан соң біріншісінен де қабырғасы қалың,
ені 20 фут екінші қорған тұрғызылған.
Тарихи дәуірде Евфрат өзені қаланы екіге бөліп ағып жатқан.
Үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің шығыс жағында қаланың ескі
бөлігі, ал батысында жаңа бөлігі орналасқан. Осы өзен суын пайда-
ланып, жаудың қайықпен қалаға кіріп кетуі мүмкін екенін ойлаған
Навуходоносор арықтар қаздырып, суды терең жыраларға бұрғызып,
қорғанның әлсіз тұстарын бекіттірген. Қаланың қақ ортасындағы На-
вуходоносор сарайы – негізгі саяси орталық, Мардук құдайға арнап
тұрғызылған ғибадатханада діни рәсімдер өткізілетін орын болған.
Ежелгі тарихшылар қала орталығында «Аспалы бақтың» да
болғанын мәлімдейді. Оның барынша толық, егжей-тегжейлі сипа-
тын берген Диодор Сицилийский: «Бақтың ұзындығы да, ені де 100
фут; ол театрға ұқсас қатарлардың үстіне орналасқан. Ең жоғарғы
бөліктің жерден биіктігі – 75 фут. Бақтың төбесіндегі шатырлары
ұзындығы 16 фут болатын тас бөренелерден құрастырылды; оларды
алдымен қамыспен жауып, үстіне сұйық қара май құйған, сосын це-
ментпен екі қатар күйген қыш кірпіш қаланған; оның үсті су өтпеуі
үшін қорғасынмен қапталған. Осыдан кейін, төбенің үстіне тамыр-
лары берік үлкен ағаштар отырғызуға болатындай қалың құнарлы
топырақтар төгілген. Тегістелген төбелерге әртүрлі ағаштар барын-
ша жиі, күн жақсы түсетіндей етіп отырғызылған... Бұлар өзен су-
ымен суарылған, алайда оның қалай істелгенін ешкім көрген жоқ»
[43.194 б.]
Әлемнің жеті кереметінің бірі деп есептелетін «Аспалы бақ»
зерттеушілердің қызығушылығын оятып, оның шынымен өмірде
болғаны жайлы айғақтарды іздеуге итермелейді. «Аспалы бақты»
ынталана іздеген Роберт Кольдевей Вавилонның оңтүстік бөлігінен
131
төбе тәрізді ғимаратты тауып, «Аспалы бақ» сол деген қорытынды
жасайды. Өйткені, тіреулерінен басқасының бәрі тастан тұрғызылған
жалғыз құрылыс сол болатын. Бұған қоса, құрылыс жанынан
бір-біріне шахта арқылы қосылған үш құдық табылған, олардың
ортасындағысы – шаршы түрінде, екі жағындағысы – тік бұрышты.
Зерттеуші «Аспалы бақ» осы құдықтардың суынан нәр алды деген
болжам жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |