Ашок патша. Ашок будда дінін қабылдағаннан кейін ескерткіш
ретінде тұрғызылған, патшаның халыққа үндеуі ойып жазылған тас
бағандар (эдикт) «арийлік» Үнді сәулет өнерінің жетістігі деп айты-
лады. Ашоктің эдиктілері патшаның діндарлығын баяндауға және
осыған байланысты барлық халықтың одан үлгі алуына арналған.
Эдиктілер жергілікті тілдерде, диалектілерде құрастырылған.
Сондықтан патшалық құрамына кірген елдер, халықтар, нәсілдер
туралы да мәліметтер береді.
Жазулар үлкен техникалық шеберлікпен ойып жазылған,
бағандар жоғары дәрежеде өңделген әрі берік. Зерттеушілер осындай
сәулет өнері үлгісінің бұрын белгісіз болғанын, оның парсы шеберлері
үлгісінде орындалғанын көрсетсе, арнайы әдебиеттерде олар
«парсылық» немесе «ахеменидтік» деп аталады. Мысалы, Дарий мен
Ксеркс сарайларын безендірген тастар сирек кездесетін шеберлікті
айғақтайды. Тастардың ысқылап тазартылып, жылтыратылатыны
сонша, олар қара мәрмәрдан жасалған айна тәрізді көрінетін болған.
Тас сәулет өнерінің шеберлері жетістіктерінен соң Ашоктың
парсылардан алған, жартастан ойып жасалған құрылыстарын айтуға
болады. Солардың ішінде Барабар тауы жартасынан үңгіп жасалған
ғибадатхана түрі жағынан төбесі қамыспен жабылған дөңгелек,
ағаш құрылысты жұпыны үйді еске түсіреді. Мұнда парсылардың
тасты ысқылап жылтырату әдісі асқан шеберлікпен орындалған.
Бөлмелердің жылтыр гранит қабырғалары айнаға, металға ұқсас.
Патша осы ғибадатхананы будда және жайнистермен бақталас ад-
159
живика тақуаларына берген. Бұл өз халқын төзімділікке шақырған,
будда дінін ұстанған Ашоктың өнегелі ісі деп дәріптеледі.
Дәстүрлі емес діндерге, негізінен буддизмге қамқорлық көрсету
тарихи дәуірдің өзіндік ерекшелігі болды. Ашок үндеулері тек брах-
ман абыздарының ғана емес, сонымен бірге, жаңа ілімдердің кез-
бе дәріптеушілерін де құрметтеуге шақырды. Эдиктілер буддизм
әсерімен қалыптасқан уағыз да болды. Патша: «Кім өзінің дініне
шынайы берілгендіктен, өзгенікін жамандаса, шын мәнінде өз
дініне зиянын тигізеді», – деп халықты төзімділікке шақырады. Өзін
халықтың әкесі ретінде жариялаған ол барлық діни қауымдастықты
қолдауға уәде береді.
Ежелгі Үнді тарихында үлкен орын алған Ашок патша б.д.д.
268 жылы таққа отырып, б.д.д. 232 жылдар шамасында өмірден
озды. Ол билік құрған кезеңде материалдық және рухани өмір
салаларындағы жетістіктер мен ұлттық сана өсті. Ашоктың атасы
Чандрагупта б.д.д. 326 жылдар шамасында Бихарада магадхалық
тақты басып алып, елдің солтүстігінде мықты, гүлденген мемле-
кет – Маурья әулетінің негізін қалады. «Жауларын ойсырата жеңуші»
(Амитрахата) атанған Биндусара кезінде Маурья патшалығындағы
Ганга өзені алабындағы үлкен жерге иелік жасайды. Ашок билікке
келгенде, империя жерінде мемлекеттік билік нақты қалыптасады.
Әртүрлі бағытта дамыған жергілікті салт-дәстүрлер, әдет-
ғұрыптар арасында маңызды орын алатын, қоғамдық даму мен
мәдени идеяларға бағыт беретін мүмкіндіктер пайда болады. Оның
«ел мен халықтың қалай өмір сүргенін қадағаладым» деген сөзі
мемлекеттік мәселелерді бақылап, халықпен байланысты нығайтып,
мұқтаждығын біліп, мүддесін қорғағанын көрсетеді.
Б.д.д. 302 жыл шамасында Мегасфен Маурья империясының аста-
насы Паталипутрада болып, оның билік жүйесі мен сарайлары тура-
лы құнды мәліметтер қалдырған. «Теңіз бен өзен жағалауында орын
тепкен Үнді қалаларында, – дейді ол, – үйлер ағаштан тұрғызылады,
өйткені тастар мен қам кесектерден тұрғызылған үйлер жаңбыр мен
тасыған суға төтеп бере алмайды. Дегенмен, судан алыс, биіктеу
төбелерде орналасқан қалаларда құрылыс жұмыстарына қам кесек-
тер, саз қолданылады». Оның мәліметі бойынша, Паталипутра Сон
және Ганга өзендерінің қиылысқан жерінде, ұзындығы 14 км, ені
3 км болатын кеңістікке орналасқан. Қала қорғанында садақшылар
160
оқ ата алатын арнайы орындар, 570 мұнара, 64 қақпа бар. Қорған сыр-
тынан қорғаныс ретінде су жіберілетін терең, кең жыра қазылған.
Мегасфеннен кейін Эллиан: «Патша сарайындағы барлық нәрсе
«адам таңданатындай, басқалар бақ таластыра алмайтындай болды.
Бақтарда әдейі қолға үйретілген тауыстар, қырғауылдар сайрандап
жүрді. Мұнда тек осы жерден ғана көруге болатын өсімдіктер бар...
Саялы шағын ормандар, гүлденген шабындықтар, өнерлі бағбандар...
Жасанды су қоймасында керемет үлкен балықтар жүзіп жүр», – деп
жазады.
Үнді өңірінде асқақтата тұрғызылған ғибадатханалар, ерек-
ше көркемдігімен таң қалдыратын патша мазарлары кездеспейді.
Сондықтан бұлар жайлы болжам жасау мүмкін емес. Үнді
шеберлерінің қолынан шыққан жануарлардың шағын бейнелері,
мөр беттеріндегі бедерлерден басқа еш нәрсе сақталмаған. Бұдан
керамикалық ыдыстар, еңбек құралдары, қару-жарақтар басқа жер-
ден әкелінген деп айтуға негіз жоқ. Жұқа, жүзі нәзік пышақтар мен
найзалар, мыс пен қоладан жасалған жалпақ балталардың өзге ел
құралдарымен салыстырғанда маңызды айырмашылығы бар.
Үнді елінің басты қалаларында дамыған қолөнері – негізінен
сәндік бұйымдар, мақта-мата, металдан жасалған түрлі бұйымдар
елдің ішкі сұраныстарын ғана қанағаттандырып қоймай, сыртқа
да (Цейлон, Оңтүстік Шығыс Азия және т.б.) шығарылды. Б.д.д.
V ғасырда күміс ақшалардың пайда бола бастағаны жайлы
мәліметтер бар.
Әлеуметтік топ, варналық бөлініс өкілдерінің құқықтары,
міндеттері ежелгі Үнді елінің «Ману заңдары» жинағында
бейнеленеді. Мұнда басты орындағы брахмандар, тайпа көсемдері
мен ірі әскербасы (кшатрилер) сияқты тұлғалардың әлеуметтік
құрылымдағы алатын орындары, соған сай құрметтелуі туралы
жазылған. Мысалы, онда жүз жасаған кшатридің он жастағы брах-
ман алдында тағзым етіп, басын июі керектігі көрсетіледі.
Маурья әулеті тұсында брахман діні жүйесінің қоғамдық талап-
тілектерге жауап бермейтіні айқындала түседі. Ережелері рулық,
тайпалық дәуірде қалыптасып, өмірге енген дін бір орталыққа
бағынған билік жүйесі кезіндегі талаптарға сай келмейтін.
Қоғамның барлық рухани құндылығын қолында ұстаған
брахмандарға брахман діні құпиялылық қасиетін таңды. Ал брахман
161
еместер кез келген діни доктринаның дәйексіз ұстанушылары ретінде
көзге түсті. Санкхья, йога, веданта жүйелерінің өзіндік доктринала-
ры, практикалық ұсыныс-кеңестері б.д.д. І мыңжылдық ортасында
барлық материалдықтан құтылып, бар күш-жігерін рухани «менге»
жинақтауға, қоғамнан бөлектеніп, жанды азап шегуден құтқару жол-
дарын іздеген берік негіздің пайда болуына әкелді. Уақыт талабына
сай өмірге келген жаңа ілімдер барған сайын брахман жүйесімен
қайшыласып, тайталаса бастайды. Бұлардың ішінде варналық
бөліністегі барлық топтардың мүшелері болды. Брахмандық діни
доктринаға балама болатын негізді іздеуге ұмтылыс жоғары дәрежеде
жетілген, кең таралым тапқан буддизмді өмірге әкелді.
Билік иелері үшін брахман дінімен салыстырғанда, буддизмнің
қолдауға болатындай бірталай ерекшелігі болды. Брахмандар
варналық бөліністі қасиетті деп санап, оның негізі мызғымайтынын
дәріптесе, Будда діні варналық бөлініске, этникалық ерекшелікке
қарай ие болатын артықшылықтарды жоюға қызмет көрсетті.
Брахман діні Маурья әулеті кезінде мемлекет басқару ісіне үлкен
кедергі жасады, бір орталыққа бағынған мемлекеттік құрылымды
бір жолға салуға кедергі келтірді. Елді енжарлыққа шақыру билік
иелерін толық қанағаттандырды, буддизм Ашок патша тұсында та-
бысты дамып, кең таралымын тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |