Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет50/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

Діни ұстанымЕжелгі өркениет тұрғындарының діни сенімдері 
туралы жеткілікті мәліметтер жоқ, тотемдік түсінікке байланысты 
жануарларға, ағаштарға, ана құдайға (терракоталық – күйдірілген 
саздан жасалған әйел мүсіндері) табыну орын алған деп айтуға бо-
лады. Ежелгі Үнді тұрғындары от пен суға да табынған. Калибан-
ганнан ғибадатхананың басты бөлмесі -мехрабтың (алтарь) қалдығы, 
ал Мохенджо-Дародан үлкен бассейннің орны табылған. Мохенджо-
Даро қорғанындағы ең үлкен ғимарат орнынан табылған мүсін билік 
иесі – абыздың мүсіні деп есептеледі. 
Суретте: Әйел мүсіндері, б.д.д. 2000 ж. [65]
Қолында білезігі бар жалаңаш әйелдің қоладан жасалған шағын 
бейнесі «биші болуы мүмкін» деген жорамал бар. Тас және қола 
мүсіндер көркемдігімен, нәзіктігімен ерекшеленеді. 
Ал саздан жасалған, үлкен бас киімді құдай ана бейнелері 
қарапайым үлгіде орындалған. Харапп мәдениетіне тән мөр 
түрлерінің Үнді өлкесінен алшақ жатқан Қосөзен, Парсы, Түрікмен 
жерінен табылуы оның өркендеген дәуірінде кең көлемді сыртқы 


146
байланыс жүргізілгенінен мәлімет берсе керек. Қосөзен жерінен 
табылған үнді бұйымдарының жасалған уақытын тексергенде, 
оның Шумер-Аккад мәдениеті өмір сүрген уақытқа сәйкес келетіні 
белгілі болды. Демек, б.д.д. ІІІ мыңжылдықтың соңы мен б.д.д.
ІІ мыңжылдық басында пайда болған мөр таңбалары ағаш, жануар, 
аспан шырақтары культі туралы ой түюге мүмкіндік береді. Мы-
салы, ана құдайлардың мүсіндері егін шаруашылығының жолға 
қойылғанын көрсетсе, ал йог тәрізді малдасын құрып, төрт аңның 
қоршауында отырған еркек құдай әлемнің төрт бұрышының иесі 
ретінде қарастырылады.
Ежелгі Үнді елінде ашық көрінісін тапқан діндарлық өз бастауын 
б.д.д. ІІ-І мыңжылдықтар шамасында пайда болған Вед әдебиетінен 
(қасиетті ән-жырлардың ежелгі жинақтары және т.б.) алады. Де-
мек, тарихи дәуір мәдениетінің дамуы туралы мәліметтерді діни 
әнұрандар, тілек-дұғалар, әуендер, сонымен қатар қасиетті рәсімдер 
түсіндірмелеріне арналған шығармалар, діни әдебиеттер береді. 
Зерттеушілер вед әдебиетінің пайда болуын арийлер тайпасының 
үнділер жеріне келуімен байланыстырады.
Ежелгі жыр-аңыздар негізінде б.д.д. І мыңжылдық ортасында 
аса үлкен екі поэма – «Махабхарата» мен «Рамаяна» қалыптасқан. 
Оның мазмұндық негізіне куру тайпасы билік иелерінің әулеттік тар-
тыстары алынған. «Махабхаратаның» басты кейіпкерлері: құдайлар, 
жартылай құдайлар, әзәзіл перілер, батырлар, тақуалар, данышпан-
дар, сұлулар, жауынгерлер мен қызметшілер.
Қысқаша айтқанда, поэманың мазмұнына Драупада сұлуға 
үйленген Панда патшаның ағайынды бес ұлы кейіпкер болған. Олар 
әртүрлі себепке байланысты елде өмір сүру құқығынан айырылып, 
жырақ кетуге мәжбүр болады, жат жерде небір қиындықтарға кезігіп, 
ерлік істер жасайды. Межелі уақыт келгенде, бұлардың бақталастары 
жарты патшалықты бермек болған уәдесінен бас тартады. Осыдан 
құдайлар мен батырлардың, патшалар мен жауынгерлердің соғысы ба-
сталады. Соғыстың бір ауыр сәтінде Кришна құдай ағайындылардың 
басшысы Арджунаға қулыққа бару жөнінде кеңес береді. Жүрегі 
қан жыласа да, ол келісімін беріп, жеңіске жетеді, кейін Арджуна 
ұрпақтары иелік жасаған өз патшалықтарын қайтарып алады. 
Үнді мәдениеті негіздерінің бірі болған «Рамаянада» ежелгі 
эпостық жыр кейіпкері Раманың ерліктері баяндалады. Халықтың 


147
сүйікті шығармасына айналған бұл жырды жұрт жатқа айта-
тын болған. Ауылдық жерде жырау-жыршылар (соның ішінде 
брахмандар да бар), тыңдармандарға ұлы эпикалық шығарманы 
жырлаған. 
Дашаратхи патша тағының мұрагері Рама батырлар сайысына 
қатысып, жеңіске жетеді де, Сита сұлуға қол жеткізеді. Әкесінің жас 
әйелі, қарт монархтың алғашқы шешімін өзгерттіріп, өзінің бала-
сы Бхаратаны тақ мұрагері ретінде жариялатады. Ренішін білдірген 
Рама әйелі Сита мен кіші інісі Лакшманды ертіп, әкесінің үйінен 
кетіп қалады.
Бұлар өмір сүріп жатқан орманда Раманы өзіне қаратып алу-
ды көздеген сұлу, жын-пері әйел пайда болады. Ол мақсатына жете 
алмағасын, өзінің інісі, жын-сайтандар көсемі Равананы Ситаның 
сұлулығына қызықтырып, Рамадан өзінің өшін алып беруін талап 
етеді. 
Равана Ситаны ұрлап кетеді. Жұбайын іздеген Рамаға жануар-
лар, рухтар, сонымен бірге маймыл баласы, жел патшасы Хануман 
көмектеседі. Хануман Үнді елінен Цейлон аралына ұшып келіп, 
Равана патшалығы орналасқан Ланка жерінде, жұрттың көзіне 
түспейтіндей жерге жасырылған мұңды Ситаны көреді. Рама май-
мылдар мен аюлардан тұратын жасағымен Ланкаға келіп, ракшастр 
жын-перілерімен соғыста жеңіске жетеді. Жекпе-жек айқаста Равана-
ны жеңіп, Ситаны құтқарады. Дегенмен, Раманың көңілінде Ситаға 
деген күдік пайда болады. Қорланған Сита жанған оттың ішіне 
түседі. От жалынында пайда болған Агни құдайдың қолы Ситаға 
оттың зиянын тигізбейді. Осылайша, Ситаның күнәдан тазалығы 
анықталады. 
Қорыта айтқанда, Рама – батыр, болмысы биік ер азамат, жау-
ынгер, көреген билік иесі, адал жар. Ал Сита – адалдықтың, шын 
берілгендіктің, сүйіспеншіліктің, нағыз үнді әйелінің нышандық 
белгісі. Әйел адалдығы қастерлі, қасиетті, оған деген күдікті тек 
өлім ғана жояды. Шығарма үнділердің ұлттық рухын, өмір салтын, 
ойын, этикалық және мәдениет стандарттарын бейнелейді. 
«Махабхарата» мен «Рамаяна» көптеген ғасыр бойы үнді 
ұрпақтарына, әлеуметтік және этикалық ұстанымдарына, көңіл-күйі 
мен сезімдеріне, тәрбиесіне, құдайлар мен рухтар, батырлар мен 
жын-сайтандар туралы түсініктеріне үлкен әсерін тигізді. Батыр-


148
лар жыры, эпостармен бірге, аңыз әңгімелер жинағы – пураналар да 
халықты осы бағытта тәрбиеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет