158
будда (Сиддхартха Гаутама) және жайнизм (Махавира) діндерінің
негізін қалаушылар қызметтерімен байланыстырылады.
Қорған
сырты сыланбаған үлкен шомбал тастармен қаланған, қабырғаларда
бір-біріне жақын орналасқан, атыс орны болар деп болжанатын
ойықтар бар. Арнайы әдебиеттерде тас және күйдірілген қыш кесек-
тен салынған құрылыстардың б.д.д. ІІІ мыңжылдықтан тұрғызыла
бастағаны, бірақ оларды сәулет өнері жетістігі, ғимарат деп атауға
болмайтыны көрсетілген [63.194 б.].
Таксилде қазба жұмыстарын
жүргізген С. Маршалл қаланың мәдени өмірі деңгейінің өте
төмендігінен: «Мұнда сәулет өнері жетістігі деп айтатындай ештеңе
болмаған», – дейді. Үнді елінен тек б.д.д. ІV ғасыр соңына жататын
қымбат тастардан жасалған бірнеше бұйым табылады, соның ішінде
ахеменид шеберлерінің қолынан шыққан әсем, құнды тастар да бар.
Достарыңызбен бөлісу: