Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС


Үнділік жаратылыс жыры (Ману заңдары, І, 5-16)



Pdf көрінісі
бет58/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

Үнділік жаратылыс жыры (Ману заңдары, І, 5-16)
5. ...Бұл ғалам қараңғылық ретінде тірлік еткен, ешкімге 
танылмаған, үздік белгілерден ада, ұғыну мүмкін емес, ешкімге 
белгісіз ежелгі күндердегідей терең ұйқыға бойлаған.
6. Сосын төңіректі өз-өзінен тірлік етуші, көзге көрінбейтін, 
бірақ мына барлық ұлы бөлшектерді және өзгені көрінетін қылған, 
қараңғылықты ыдырата, бір дүлей күш ретінде пайда болды.
7. Тек қана ішкі мүшемен ұғынылатын, қолға ұсталмайтын, 
көрінбейтін және мәңгі, барлық жаралған тірі жанды өзінде сақтаушы 
және ұғымға сыймайтын, өз еркімен жарқырай шықты.
8. Ол, өз денесінен түрлі жәндіктерді жаратуды армандаушы, ал-
дымен ойша су жасап, оларға тұқымын орналастырған.
9. Бұл тұқым жарқылы Күнге тең алтын жұмыртқаға айна-
лып, осы жұмыртқада ол өзі, бүкіл әлемнің атасы Брахман ретінде 
дүниеге келді.
10. Су Нара деп аталды, өйткені су, расында да, Нараның туын-
дысы; өйткені ол оның алғашқы мекені болған. Сол себепті ол На-
райяна аталған. 
11. Міне, осы ажыратусыз, мәңгі және сонымен бір мезгілде шы-
найы һәм шынайы емес (алғашқы) себеп арқылы бұл әлемде Брахман 
атымен даңқты осы еркек (Purusha) туған.
12. Тәңіртекті бір жыл бойы жұмыртқада тұрған, содан соң ол 
өз-өзінің ойымен оны екі жартыға бөлген.
13. Осы екі жартыдан ол Көк пен Жерді жаратып, олардың ара-
сына ортаншы әлемді, көкжиектің сегіз нүктесін және судың мәңгі 
мекенін орналастырған.
Дүниенің жаратылуы Упанишад бойынша
1. О баста мұнда еш нәрсе болмаған. Расында да, бұл өлім неме-
се аштық жамылған еді, себебі аштық дегеніміз – өлім. Ол өз-өзімді 
жаратайын деп, ақылды жаратты. Сөйтіп, ол еңкейіп, бұғыңқырап, 
қозғала бастады.
2. Судың көбігі қатайып, жерге айналды. Онда ол (яғни, 
өлім) тығылып жатты. Сөйтіп, тығылып жатқан және жоқтықтан 
жылынған от түріндегі оның жарқылы пайда болды.


172
3. Ол өзін үш бөлікке бөлді (үштен бірі – от, үштен бірі – Күн 
және үштен бірі – Жер). Сонымен қатар, ол өзін үшке бөлген өмір.
Күн – ол Брахман ілімі. Мұның түсіндірмесі былай: о баста бұл 
әлем болмаған. Ол тірлік ете бастады. Ол өсті. Ол жұмыртқаға ай-
налды. Ол бір жыл бойы жатты. Ол жарылды. Сөйтіп, жұмыртқаның 
қабығынан бірі – күміс, бірі – алтын, екі жарты шықты. Күміс бөлігі – 
жер, алтыны – аспан. Сыртқы қабыршағы – тау, ішкі жамылғысы – 
бұлт. Тамыр болған нәрселері – өзендер. Оның ішіндегі ылғал – теңіз.
[Бірақ, кейін данышпан Удаллака өзге көзқарасты келтіреді: о 
баста тек Болмысты болған]
1. Алдымен, қымбаттым, тек жалғыз, еш қоспасыз Болмысты 
болған. Кейбіреулер айтады: о баста тек болмысы жоқ нәрсе болған, 
тек жалғыз сол, ешбір қоспасыз. Осы болмысы жоқ нәрседен болмы-
сы бар нәрсе туындаған. 
2. Бірақ, ондай болуы мүмкін бе, қымбаттым? Болмысы бар нәрсе 
қалай болмысы жоқ нәрседен туындайды? Керісінше, қымбаттым, 
алдымен болмысы бар ғана болған, жалғыз, еш қоспасыз.
3. Ол мен көбейейін деп ойлады. Ол отты жіберді. От, мен 
көбейейін деп ойлады. Ол суды жіберді.
4. Бұл су мен көбейейін деп ойлады, ол ағын суды жіберді...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет