Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет51/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

Аңыздық дүниетаным. Үндінің аңыздық дүниетанымының 
негізгі Құдайлары: Индра – найзағай, күн күркіреуі Құдайы; Митра –
күн Құдайы; Варуна – аспан Құдайы; Агни – от Құдайы; Яма – өлім 
Құдайы, Дхарма – заң, әділет Құдайы. Көп қолданылатын ұғымдары: 
Тапас – құштарлық, жылылық; Рита – ғарыш тәртібі; Пуруша – 
ғарыш адамы, рух, жан; Карма – адамның тағдырын құрайтын жан-
дүние; Сансара – ғарыштық жан-дүние әлемі; Мокша – бұл дүние 
азабынан құтылып, ғаламдық рухқа қосылуға мүмкіндік алу т.б. 
Үнді аңыздары туралы мәліметтер беретін кітаптар: Ригведа, Упани-
шада, Махабхарата, Бхагавадгита, т.б.
Вед әдебиеті. Үнді әдебиетінің көне ескерткіші – Вед кітабы төрт 
түрлі топқа немесе бөлімге бөлінеді. Ең ескісі – Самхита. Ал басқа 
бөлімдердің мазмұны осы Самхитаға жасалған толықтырулар мен 
түсіндірмелерден тұрады. Самхита төрт түрлі жинақты қамтиды. 
Олардың ең ертеде шыққаны – Ригведа, шамамен б.д.д. 1500 жылы 
жазылған діни әнұрандар (гимн) жинағы деп болжанады. Екінші 
бөлігі – Брахмандар діни салт-жоралғылар жинағынан тұрады. 
Бұған буддизм дініне дейін өмір сүрген брахман діні сүйенеді. Вед 
әдебиетінің үшінші бөлігі – Араньяки мазмұнын дуана, дәруіштердің 
мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелерінің жиынтығы құрайды. Біздің 
дәуірімізге дейінгі 1000 жылдық шамасында пайда болған Упани-
шад – Вед әдебиетінің соңы. Философиялық сананың бастапқы 
элементтері, дүниетанымдық көзқарастар орнын тапқандықтан, 
ол шын мәнінде философиялық шығарма ретінде қарастырылады. 
Упанишадта дүниені жаратқан «Брахман – бәрін сақтайтын ең 
бірінші Құдай. Ол – Дүниенің басы, себебі, байланыстырушысы». 
Оны қалай танып-білуге болады? деген сұраққа, «...ол танылмайды, 
бұзылмайды... ауыспайды... » деп жауап беріледі.
Вед әдебиетінде сансыз көп соғыс, қан төккен майдандар сипат-
талады. «Ригведаның» көптеген әнұраны жауынгер құдай Индраның 
ерліктері мазмұнына құрылған. Индра әрқашан «Құдайлар патшасы» 
деп аталып, қайраттылық, ерлік, ержүректілік көрінісі ретінде мойын-
далады. Адам тәрізді бейнеленетін ол мықты аттар жегілген күймеге 
мінеді. Атқаратын негізгі жұмысы – түнек, қараңғылық күштерінің 
және хаостың нышан белгісі болатын алыптармен соғысу. Оның ең та-


149
нымал ерлігі – Вритрамен соғысы. Индра қорқынышты құбыжықтың 
тұрғызған 99 қала-қамалын қиратып, қолдарын шауып өлтіреді. 
Әнұранда Вритра суға тосқауыл қоюшы ретінде көзге 
түсетіндіктен, оны өлтірген Индра су ағынының жолын ашу-
шы, жерді суландырушы ретінде танылады. Құдіретті құдайдың 
жауын жусататын басты қаруы – ғарыштық найзағай (ваджра). 
Найзағай мен күннің күркіреуі мәтінде жиі қайталанатындықтан, 
зерттеушілер Индраны найзағай құдайы деп таниды. Ал оның Ври-
трамен соғысын үнді халқы үшін маңызы үлкен болатын, муссондық 
жауын басталуының аңыздық бейнеленуі деп түсіндіреді.
Шығарма мәтінінде айтылатын соғыс күймелері, қоладан 
жасалған қару-жарақ сол кезде ұстаханалардың, ұсталар, ағаш 
шеберлері тәрізді кәсіби қолөнершілердің болғанын көрсетеді. 
Б.д.д. II-I мыңжылдықтар шамасында Үнді жерінде мемлекеттік 
құрылым өмірге енеді. Діннен қолдау тапқан, төрт түрлі варналық 
қатынас пайда болады: абыздар (брахмандар) варнасы; әскер басы 
ақсүйектер (кшатрии) варнасы; жер өңдеушілер, қолөнершілер, сау- 
дагерлер (вайшьи) варнасы; төменгі тап (шудра) варнасы. Текті абыз-
дар отбасы қоғамда үлкен ықпалға және сауаттылық пен арнайы 
білімге ие болып, діни әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің дамуына 
әсерлерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет