Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС


Мұның бәрі қайдан келді және қалай пайда болды? (Ригведа)



Pdf көрінісі
бет59/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

Мұның бәрі қайдан келді және қалай пайда болды? (Ригведа)
1. Ол кезде еш нәрсе жоқ еді, тіпті тірліктің өзі де. Ол кезде ауа 
жоқ еді және оның үстіндегі аспан да. Оны не жауып еді? Ол қайда 
болды? Кімнің қамқорлығында? Ол кезде өлшемсіз тереңдікте 
ғаламдық су болып па еді? 
2. Ол кезде өлім де, мәңгі өмір де жоқ еді... Және түн мен күннің 
алаңы да жоқ еді. Тек шексіз тыныстаушы және өз-өзін қолдаушы 
жалғыз ғана, тек қана сол жалғыз болатын және өзге ешкім жоқ еді.
3. О баста тек қараңғылыққа оранған түнек қана болатын. Мұның 
бәрі тек қана жарығы жоқ су болатын.
4. Бір сезім туды онда – бұл ақылдан туған ежелгі даналық еді.
Өз жүрегінен даналық іздеген данышпандар бар нәрсенің жоқ 
нәрсеге тең екенін біледі...


173
6. Бірақ, бәрінен кейін кім біледі 
және кім айта алады, 
мұның бәрі қайдан келді
және қалай жаратылды?
Тәңірілердің өзі жаратылыстан кейін пайда болды.
Сондықтан шынымен кім біледі
Барлық нәрсенің қайдан шыққанын?
7. Жаратылған нәрсенің бәрі қайдан туындады,
Ол жаратты ма екен мұны әлде жоқ па?
Ол, барлық нәрсені зеңгір көктен бақылаушы,
Ол біледі – әлде, мүмкін, ол да білмейтін шығар? [71. 7-8, 18 б.]


174
ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ 
Арнайы әдебиеттерде неолит дәуірі мәдениетінің б.д.д. V- 
ІІІ мыңжылдықтар арасында Хуанхэ өзенінің ортаңғы бөлігінде көрініс 
табатыны мәлімденеді. Өзен аңғары ұзақ уақыт бойы салыстырмалы 
оқшаулықта өмір сүрген әлемдік мәдениет ошағының бірі еді.
Аңыздар. Қытай өркениетінің 
рәміздік нышаны ретінде айдаһар 
көзге түседі. Сенім бойынша, Аспан 
Айдаһары құдіретті патшалардың 
түпкі атасы деп танылады. Аңызда 
тылсым, түсініксіз айдаһар-жылқы 
Сары өзеннен шыққан. Ол жазу 
өнерінің негізі болатын, табиғатта 
жоқ сырға толы құпия рәміздерін 
арқалап, Қытайдың бірінші патша-
сы даңқты Фу Шиға келген... 
Қытай аңызында, аспан асты империясын Айдан түскен ата-
бабасының өмірге алып келгені туралы сенім бар. Көне заман 
қолжазбасы «Чи» Қытайды 18 мың жыл бойы Құдіретті Патшалардың 
билегенін айтады. Ал «Хуайнань цзю» кітабында дәулетті тыныш 
өмір, жан мен тән ғарыштық үндестікте болған жұмақ егжей-тегжейлі 
баяндалады. Адам жанға жайлы қоршаған ортада өмір сүріп, рахат 
табады. Рухтар Жерге жиі келіп, адамға құдайлық данышпандықты 
үйретеді. Бірақ, адам өзінің нәпсіқұмарлығынан, қалыптан тыс 
әуес болуынан азғындап, рухтардың кәріне ұшырайды. Сонда әлем 
берекесіздік пен қорқынышқа толады. Ежелгі Қытайдың «Шан-
хай чинь» кітабында қанатты адам тәрізді жан иелерінің сипаты 
бар. Олар б.д.д. 2400 жылы «Жоғарғы құдірет иесімен» жанжал-
дасып қалғаннан кейін, ұшатын қабілетінен айрылған. «Царь Шу» 
кітабында: «Құдіретті Чангти өзінің халқы ізгілік атаулының соңғы 
қалдығын да жоғалтқаннан кейін, Чан мен Лхайға жер мен аспан 
арасындағы барлық байланысты үзуге бұйрық береді. Демек, сол 
кезден бері ешбір ғибадат та, төмен түсу де болмаған» [73]. 
Қытайлықтар өздерінің ұлттық тарихын екі кезеңмен – ежелгі 
бес данышпан мемлекет басшысы болған уақытпен және Қытайда 
бірінші патша болған, ұлттық этникалық бірігулер негізін қалаған 
Суретте: айдаһар-жылқы [72]


175
Сары император (Хуан-ди) дәуірлерімен байланысты қарастырады. 
Ал ғылыми әдебиеттер «бүгінгі Қытай жеріндегі ең ежелгі 
мемлекеттік құрылымның өркениеттік тарихын Шан-инь әулеті аша-
тынын, оны археологиялық мәліметтер тыңғылықты дәлелдейтінін» 
көрсетеді [74. 47 б.]. 
Католик дінін уағыздаушылар Еуропаға тақуа діндарлығы жоқ, 
бірақ данышпан философтардың басқаратын елі туралы мәліметті 
жеткізеді. Бұл батыс елдерінде байырғы замандардан қалыптасқан, 
өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін діни түсініктері бар Қытай тура-
лы жалған пікірдің пайда болуына соқтырды.
Ежелгі Қытайдың рухани өмір саласындағы қол жеткізген та-
быстары үлкен. Оның өзіне тән ерекшелігі білім мен сауаттылықты 
қастерлеуінде. Юань Кэ жинақтаған аңыздар ішінде алғашқы 
философиялық ой-пікірлерді білдіретіндері де бар. Бұл аңыздарда 
ғаламның алғашқы жағдайы – алғашқы болмыстық ретсіздік, 
түсініксіз ұйқы-тұйқылық (хаос) және осы ретсіздіктің қарама-
қарсы бөлшектері: жеңілінен аспанды (Ян), ал ауырынан жерді (Инь) 
ұйымдастырушы ғарыштық күштер туралы түсініктер, пайымдау-
лар кездеседі. 
Тағы бір аңызда ұйқы-тұйқы ретсіздікті реттеу, ғаламды 
ұйымдастыру ғарыш жұмыртқасының ішінде дүниеге келген 
Пань-гу есімді жаратылыстан тыс адам қызметімен байланысты-
рылады. Алғашқы болмыс қараңғылығында дүниеге келген Пань-
гу оны екіге, жер мен аспанға бөліп, екіншісін біріншісінің үстіне 
көтереді. Кейін ғаламның әртүрлі бөліктері өлген Пань-гудің дене 
мүшелерінен, яғни жел мен бұлт – оның демінен, күннің күркіреуі –
даусынан, Күн – сол жақ көзінен, Ай – оң жақ көзінен, әлемнің 
төрт бөлігі – аяқ, қолы мен денесінен, өзендер – қанынан, жолдар –
сіңірлерінен, топырақ – тәнінен, жұлдыздар әлемі – шашы мен сақал-
мұртынан, өсімдік әлемі – терісі мен ондағы түктерден, металдар 
мен тастар – тістері мен сүйектерінен, жауын мен шық – терінен, 
найзағай – көзінің жарқылынан пайда болды. Ал алып адамның 
денесінде қоректеніп жүрген зиянкестерден адамдар пайда болып, 
«жел оларды жан-жаққа таратты» делінеді [75. 43-б.]. 
Осымен қатар, зерттеушілер ежелгі қытай аңыздарының 
бірнеше топқа бөлінетініне сілтеме жасайды. Табиғат пен адамның 
алғашқы хаос жағдайынан пайда болуының түсіндірмесін беретін 


176
космогониялық аңыздарда екі негіздік көзқарас орын алады. Біріншісі 
бойынша, жансыз заттар және тірі жан иелері хаостық алғашқы екі 
элементке – жарық (еркек) бастау ян мен күңгірт (әйел) бастау иньге 
бөлінуі нәтижесінде пайда болады. Екінші көзқарас бойынша, Нюй 
Ва әйел құдай болмысы, ғаламда бар барлық заттар әлемі мен тірі 
жан иелеріне айналады. 
Ежелгі Қытайда табиғи апаттар мен адамдарды одан құтқаратын 
батырлар туралы аңыздар да кең таралымын тапқан. Онда су тасқыны 
мен қуаңшылық тәрізді табиғи апат – көзге түседі. Бір аңызда су 
тасқыны алғашқы қалыпты жағдай ретінде көрінсе, екіншісінде 
ол Аспанның адамға жіберген жазасы ретінде қарастырылады. 
Егіншілікті күйдіріп жіберетін, адам өміріне қатер төндіретін 
қуаңшылық бір уақытта он күннің шығуы нәтижесінде пайда бо-
лады. Су тасқынынан Ұлы Юй, ал қуаңшылықтан садағымен басы 
артық күндерді атып құлатқан мерген И құтқарады. 
Аңыздар ежелгі Қытайдың көне уақыттағы техникалық 
жетістіктерді өмірге енгізген авторларды табуға ұмтылысын да 
бейнелейді. Бұлардың арасында адамға отты үйкеліс жолымен 
жағуды, алғаш рет бұтақтан лашық жасауды үйреткен, аңшылық 
және балық аулау тәсілдерін тапқан, жер өңдеу құралдарын жасаған 
және астық өнімдерін ас ретінде пайдалану жолын көрсеткен, дәнді 
буға ұстап пісіру амалын шығарған және т.б. бар. Осы кейіпкерлердің 
басым бөлігін ежелгі қытайлар жартылай адам, жартылай жану-
ар түрінде бейнелейді. Денесі жылан, бұқа басты және т.с.с. ежелгі 
тотемдік түсініктің көрінісі болатыны күмәнсіз. 
Ата-бабалар туралы аңыздар да өзіндік ерекшеліктерімен 
көзге түседі. Олардың бәрі де жарық дүниеге бейкүнә байланыс 
нәтижесінде келеді. Мысалы, иньдіктердің түпкі анасы кездейсоқ, 
қасиетті Қанкүрең Құстың жұмыртқасын жұтқаннан, бірінші 
чжоустың анасы Дәудің ізін басып кеткеннен аяғы ауыр болады. 
Алғашқы адам туралы осы айтылғандар бір кезде «адам өз атасын 
білмей, тек анасын білді» деген, кең таралымын тапқан түсінікпен 
байланысты тәрізді. Бұл алғашқы аналық дәуірдің санадағы 
сарқыншағы болар.
Иньдіктердің о дүние туралы түсініктері жердегі тәртіптің 
адам ойындағы бейнелі көрінісін береді. Аспан асты еліндегі 
жоғарғы биліктің Ванға тиесілі болатыны тәрізді, аспандағының 


177
бәрі жоғарғы, бас құдай Диге бағынады. Ди құдіретті – тек сол 
ғана адамды жарылқайды немесе бақытсыздыққа душар қылады, 
егіннің мол өнімін береді, қуаңшылық жібереді, жел мен жауын да 
соған тәуелді. Ванның қайтыс болған ата-бабалары Диге жақын 
жүретін «қызметшілер» деп есептеледі, оның берген әртүрлі тап-
сырмасын орындайды, Ванның сұраған рақымшылық пен көмек 
туралы өтінішін Диге жеткізеді. Осыдан құрбандықтар беріп, 
ата-бабасын елжіреткен Ван жоғарғы, бас құдайдың қолдауын 
күтеді, үміттенеді. Ван бас абыз ретінде адамдар әлемі мен 
құдайлар әлемі арасын байланыстыратын ата-бабасымен хабар-
ласа алады.
Ежелгі Қытайда император Аспан ұлы деп қабылданады. Діни 
түсінік бойынша, ол – Аспан мен халықтың арасын жалғастырушы. 
Ерекше өкілеттілік үлесіне ие болған билігі шексіз Аспан ұлы өзінің 
құзырындағы халқынан адалдықты күтеді. Император белгілі бір 
артықшылық иесі ғана емес, сонымен қоса, ол елінің көркеюі мен 
жақсы тұрмысына да жауапкер. 
Ерте чжоулық уақытта байырғы заманнан қалыптасқан діни 
түсініктер айтарлықтай өзгеріске ұшырай қоймайды. Адам сана-
сында біртіндеп ата-баба әлемінің құдайлар әлемінен ажырауы 
жүзеге аса бастайды. Бұл болашақта ата-баба культінің Бас құдай 
культінен ажырауына алып келеді. Осыдан рухтар және құдайлармен 
байланысуға қабілетті жалғастырушылық қызмет абыз міндетіне 
айналады. 
Елдімекендердің көне орындарында әртүрлі құдайлар мен 
рухтар әлемі жөніндегі наным-сенімдермен тығыз байланы-
сты заттар, мәліметтер сақталған. Неолит дәуірінің өзі Қытайда 
жерлеу ырымдарының, күрделі сенімдер, салттар мен рәсімдер 
жүйесінің болғаны жайлы мәліметтер береді. Қайтыс болған 
адамның о дүниедегі тіршілігі үшін еңбек құралдарын, тағамдар 
салынған, ішімдіктер құйылған ыдыстарын да қабірге қойған. Бай 
адамдардың зиратындағы заттар қытайлықтардың о дүниені рух-
тар мен құдайлар мекендейтіні жайлы нанымынан хабар береді 
[76. 85 б.].
Ежелгі тарихты билік иелері әулеттеріне қарай әртүрлі кезеңдерге 
бөлу орын алған. Мысалы, аттары аңызға айналған «бес император» 
билігінен кейін «үш әулет» (Ся, Шан-Инь және Чжоу) билігі орнай-


178
ды. Дәстүр бойынша, Чжоу тарихи заманы да Батыс Чжоу (б.д.д. ХІ-
VІІІ ғғ.) және Шығыс Чжоу (б.д.д. VІІІ-ІІІ ғғ.) болып бөлінеді. Цинь 
(б.д.д. ІІІ ғ.) әулеті орнына Батыс және Шығыс болып бөлінетін Хань 
әулеті келеді. Арнайы әдебиеттерде ежелгі қытайлар мәдениетін 
әулеттерге бөліп қараудың қазіргі заман сұранысына толық жауап 
бере алмайтыны, археологиялық қазба жұмыстары мәліметтеріне 
сүйенудің орынды болатыны көрсетіледі. Қоғамның даму сатыларын 
ажыратуға мүмкіндік беретін өндіргіш күштер, еңбек құралдары 
жасалған негіздік материалдарға сүйенудің тиімділігіне сілтеме жа-
салады.
Бес мың жылдан артық тарихы бар Қытай мәдениетінің 
даму кезеңдері, әмбебап заңдылықтары мен тарихи үдерісінің 
ерекшеліктерін ғылыми талдаудың өзектілігі әлі күнге дейін 
күн тәртібінен түскен жоқ. Егер даму сатыларының анықтаушы 
негізі ретінде мемлекет түрі, саяси-экономикалық қатынастар 
және мәдениет түрлерінің деңгейі қабылданса, онда Қытай тари-
хы төмендегідей сатыларға бөлінеді: архаикалық Қытай (ерте не-
олиттен мемлекеттің пайда болуы); алғашқы мемлекеттер кезін 
қамтитын ежелгі Қытай (б.д.д. ХVІ-ХІ ғғ. Шань-Инь, б.д.д. ХІ-ІІІ ғғ. 
Чжоу дәуірлері); алғашқы империя пайда болуы (б.д.д. ІІІ ғ. мен б.д. 
ІІІ ғ. аралығы); дәстүрлі Қытай (б.д. ІІІ ғасырынан 1912 ж. дейін); 
қазіргі заманғы Қытай.
Мұз басу дәуірінен кейінгі б.д.д. Х-ІХ мыңжылдықтарда ауа-
райының жылуынан, өзен алқаптарында егін шаруашылығына, 
отырықшы өмірге қолайлы жағдайдың пайда болуынан байырғы 
адамдардың тіршілік көзі өзгереді. Жеміс терушілердің, аңшылар 
мен балықшылардың тұрақты қауымдастығы пайда болып, кейін 
олар жер өңдеуді, қолөнер өнімдерін дайындауды, тастан құрал-
жабдықтар жасауды игереді. Осы уақытты тарихшылар «неолит 
дәуірінің төңкерісі» деп атайды [76. 20-21 б.]. Ерте пайда болған 
мәдениет жайлы ойға итермелейтін алғашқы адам қоныстарының 
өмір сүрген уақытын анықтау қиынға түссе де, олардың ортақ 
белгілерінен дамудың бірізділігі байқалады. 
1956-1957 жылдары жүргізілген қазба жұмыстары кезінде Қытай 
жерінен осыдан 15 млн жыл бұрын өмір сүрген дриопитектің бірнеше 
сүйек қалдығы табылған. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде 
табылған заттардың аздығына қарамай, ғалымдар Қытайдың оңтүстік 
аймағын адамзаттың азиялық тармағының отаны болуы мүмкін де-


179
ген тұжырым жасайды. 1921 жылы швед археологы Ю. Андерсонның 
Яншао елді мекені маңында жүргізген қазба жұмыстары кезінде не-
олит дәуіріне жататын, адам еңбегінің жетістігі деп айтуға болатын 
деректер табылды. Ғылыми әдебиеттерде «Яншао» сөзі қытайдың 
неолит дәуіріндегі мәдениетіне терминологиялық атау ретінде 
берілді. Хуанхэ өзені аңғарын игерген (б.д.д. V-ІV мыңжылдық), 
боялған қыш құмыраларды жасаған осы яншао адамдары деп бол-
жанады. 
Арнайы әдебиеттерде неолит дәуірінің мәдениеті адамдар 
қоныстанған жер атымен көрсетіледі [76]. Ерте неолит дәуірінің 
қоныстары Қытайдың оңтүстік аймағында Фуцзянь, Цзян-
си, Гуандун, Гуанси және Гуйчжоу әкімшілік аймақтарында: 
солтүстік-шығыста ағатын Ляохэ өзені аңғарында табылған. Б.д.д. 
VІ мыңжылдықтан бастап, орталық, солтүстік аймақтарда да 
алғашқы адамдардың қонысы болғаны жайлы мәліметтер бар. Осы 
кезде Хуанхэ, оның Вэйхэ саласы және оңтүстікке қарай Янцзы 
өзендері аңғарларында, сол тарихи дәуір үшін дамыған деп айтуға 
болатын мәдениет ошақтары өмір сүрген. Солтүстік аймақтарда 
ауа-райының құрғақшылығына байланысты ауыл шаруашылығы 
дақылынан тары егілсе, жауын-шашыны мол, ылғалдылығы 
жоғары оңтүстікте күріш егіні басым болады. Соңғы зерттеулер 
мәліметіне қарағанда, күріш өсіру VІІ мыңжылдықтан басталған. 
Бұл – күріш өсіру туралы әлемдегі ең ежелгі дерек.
Б.д.д. 6500-4900 жылдар солтүстік аймақтағы адам қоныстары 
(Хэнань, Хэбэй, Шэньси провинцияларында дамыған) түріне 
қарап, Цишань – Пелиган атауларын 
алған. Олар тас өңдеу техникасын 
меңгерген, қызыл немесе қоңыр түсті, 
дөрекі өңделген қолөнер бұйымдарын 
жасаған, итті қолға үйретіп, шошқа 
өсірген. Сондай-ақ, күріш өнімін алуға 
негізделген шаруашылық та соларға 
тән. Уақыт бастапқы діни түсініктердің 
қалыптаса 
бастағанын 
көрсетеді. 
Бұл мәліметтер Қытайда б.д.д. 5000-
3000 жылдар арасында дамыған 
Яншао мәдениетінен жеткен. Ол –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет