пен оның зайыбы
Нофреттің
мүсіндері [15]
32
Перғауын Құдайдың ұлы, құдіретті билік иесі ретінде
мадақталды. Оның лақатына о дүниелік мәңгілік өмірді қамтамасыз
етеді деген бұйымдар қойылды, жабдықталды. Осыдан да болар,
перғауын пирамидаларындағы рельефтер де сан алуан тақырыпқа
арналған. Перғауынның құдайлар ортасында болған сәті, соғыс
көрінісі, тұтқындар мен олжаны иелену, сәтті аңшылық, сонымен
қатар о дүние тіршілігін қамтамасыз ететін сыйлар әкелу, өлген
адамға түрлі ырымның жасалуы бейнеленді. Терең ойылған бедерлер-
мен қатар, беті дөңес берілген бейнелер де бар. Онда бейне нұсқасы
маңындағы қабат сылынып, қабырға аясында жазық сұлба түрінде
көзге түседі. Болашақта қырып алынатын қабат тереңдей түсіп, бей-
не дөңестенеді, жұмырланады. Рельефте басты әрекет иесі болатын
перғауын адамнан бойшаң, құдайлар тәрізді үлкен етіп көрсетілді.
Осыдан құдай, перғауын денелері өздерінің көлемімен бірден көз
тартады. Демек, қабір иесінің бейнесі үлкен болса, оның жақындары
кішірек, ал құлдар мен тұтқындар одан да кіші көлемде берілді.
Басшының тотемдік аң, құс,
айбынды жануар бейнесінде
көрсетілуі ежелгі дәуір ұғымында
үлкен орын алды. Бұл оның
табиғат күштерін бағындырған
жаратылыстан тыс күшке ие бола-
тынын білдірді, билігін нығайта
түскенін айғақтады. Осылай бей-
неленген жеңімпаз, Мысырды
біріктірген перғауынды, Нармер
тақтасынан көреміз. Зерттеушілер пікірінше, екі жағынан да сурет-
тер салынған тақтаның бет жағында: жеңіс салтанаты бейнелен-
ген. Онда перғауын жақындарымен бірге бастары алынған жаула-
рын көруге келеді. Оның алдында құдайлар бейнесі бар төрт жалау
көтерген адамдар бар. Төменде бұқа бейнесіндегі перғауын қамалды
қиратып, жауларын таптауда. Тақтаның ортасында фантастикалық
екі қабылан бейнеленсе, тақтаның басына перғауынды қорғаушы
сиыр басты, әйел бетті аспан әйел құдайы Хатор орналасқан.
Тақтаның екінші жағында тәж киген патша жауын найзасымен
түйреп өлтіруде. Ал сұңқар бейнесіндегі Тот перғауын – Нармердің
жеңісін қамтамасыз етуші.
Суретте: Нармер тақтасы [16]
33
Әрбір билік иесі немесе дәулетті адам қайтыс болғаннан кейін,
өзін о дүниеде жайлы тұрмыспен қамтамасыз етуге тырысады.
Оның қабірінің ішкі қабырғасына үй-жайы, жанындағы адал жары
мен балалары, қызмет көрсеткен малайлары, арық қазып, егін еккен,
өнім жинаған бау-бақшасы, барлық шаруашылығы бүге-шігесіне
дейін бейнеленді. Суретші салған әрбір бейне қызықтап қарау үшін
салынған дүние емес, өлген адамның о дүниедегі жайлы тұрмысын
қамтамасыз ететін қажеттіліктер, іс-әрекет ретінде барынша нақты
беріледі.
Ежелгі дәуірге жататын кейбір қабірлерде бейнелеу өнері ту-
ындыларымен бірге, мәйіттердің өмірбаяндары да бар. Мұнда оның
қызмет бабына, істеген игілікті істеріне, тірліктегі табыстарына, ол
тәуелді болған перғауын ілтипатына назар аударылады. Деректер
мұның мәнін мәйіттің о дүниедегі жайлы тұрмысын қамтамасыз
етуі, қоғамдағы қол жеткізген табыстарын сақтап қалуымен байла-
нысты болар деп санайды.
Қабір қабырғаларына салынған суреттер мен жазылған жа-
зулар ежелгі патшалықтың билеушілері жайлы мәліметтерді,
мемлекетті басқару өнері мен саяси билік туралы құнды деректерді,
ежелгі Мысыр мәдени жетістіктерін, әлеуметтік өмір салтын
зерттеуге мүмкіндіктер береді. Онда кез келген билік тұтқасы
перғауынның еркінде болды деп айтылса да, оған бір әулет адам-
дары тағайындалды. Демек, билік тізгіні мұрагерлік жолмен атадан
балаға мирасқа қалатын еді.
Перғауынмен туыстық қатынас та үлкен мәнге ие болды,
сондықтан мемлекеттік билік жүйесі «отбасылық» негізде құрылды.
Дегенмен, мұндай жүйе б.д.д. ХХІІ ғасыр шамасынан тоқырап,
перғауын пирамидасы қарапайым өлшеммен, мықты тастар емес, қам
кесектермен тұрғызыла бастаған. Бұл кезде жергілікті әкімдердің
бір-бірімен бақталастығы арта түсіп, олар ең құдіреттілердің қасына
топтала бастайды. Мысыр жерінде күшейген екі орталық (сол-
түстікте – гераклопольдік және оңтүстікте – фивалық) пайда болады.
Тарихи дәуірдің бірнеше сәуегейлік шығармасының көшірмелері
біздің уақытымызға жеткен. Солардың бірінде «ақырзаманға»
ұқсайтын, «қолөнершінің дөңгелегі сияқты жердің төңкерілу»
оқиғасы сипатталады. Автор мұндай апокалипсис жағдайдың шығу
себебін еске алу құрбандығының берілмеуімен, мумиялардың
34
қабірден шығарылып тасталуы және әдет-ғұрыптары Мысыр
халқына жат, өзге халықтардың көбейіп кетуімен, иерархиялық
билік дәстүрінің бұзылуы – «бұрын аяқ киімі жоқтардың байлыққа;
ал бұрын табыты да болмағандардың үлкен қабірге ие болуымен»
түсіндіреді. Орныққан анархия барлық қасіреттің негізі болды.
Сәуегейлік шығармалардың бірінде осы хаостан құтқарушының
келеріне пайғамбарлық болжау жасалады. Мысыр зерттеушілері
билік құрған кезінде тұрақтылыққа қол жеткізген сол құтқарушыны
фивалық перғауын Аменемхата деп есептейді. «Төңкерілген
әлем» бейнесі арқылы жылнамашылар ғарыштық және әлеуметтік
тәртіптердің ақиқат мәнінің неде екенін көрсету мақсатын ұстанады.
Ал патша болса – әлемнің жалғыз қорғаушысы, оны ғаламдық хао-
стан құтқарушы.
Жұмысты ұйымдастыру, бақылауды жеңілдету шараларынан
б.д.д. ІV мыңжылдық соңына қарай жазу өнері, пиктографиялық су-
рет өнерінің дамыған, жетілдірілген түрі – иероглиф пайда болады.
Иероглиф белгілерінің суретке ұқсастығы кездейсоқ емес, өйткені
бейнелеу өнеріне жақын сурет түріндегі пиктограмма бізге белгілі
бір мәліметтерді жеткізеді. Ежелгі жазу өнерінің негізгі мақсаты –
көрерменге эстетикалық ләззат беру емес, қандай да бір идея көрініс
табатын белгілі бір ойды білдіру. Мысалы, егер құдайдың бейнесі
адам бейнесінен айтарлықтай ірі болып бейнеленсе, одан біз құдай
денесінің үлкендігін емес, құдайдың құдіретін ұғынамыз. Сол сияқты,
үлкен аса таяқ ұстап, тақта отырған хан суретінен біз қартайған,
таяқты сүйеніш еткен жанды емес, хандық құрған кезінде ерен
еңбегімен үлкен билікке қол жеткізген, халқының сүйіспеншілігіне
айналған тұлғаны көреміз. Демек, аса таяқ – құдіретті билік белгісі.
Осындай бейнелеу өнері туындысын және пиктография жазуының
сырын түсіну үшін айтарлықтай ақыл, ой еңбегі қажет.
Аңдардың, жануарлардың, таудың суреті салынған Мы-
сыр иероглифі – белгілі бір идеяны көрсететін, ұғымдық белгілер
сақталған жазу өнері дамуының маңызды сатысы. Күрделі жазу өнері
ретіндегі мұндай белгілер, идеялар жиынтығына негізделгендіктен,
идеограммалар деп аталады. Осыдан екі аяқты бейнелеген иеро-
глиф жүруді көрсетсе, ал жоғарыда айтылған аса таяқ билік идеясын
берді. Идеограммалармен қатар қолданыста болған иероглифтер су-
реттерден құрастырылды. Дегенмен, «ол мәні бойынша түсіндіруге
35
келмейтін», керісінше, дыбыстық (фонетикалық) оқылатын белгі.
Бұл жазу өнері белгісінің (әріптің) бейнеленетін денемен байланысын
жойып, сөз құрастыратын дыбыстармен байланысының күшейгенін
білдіреді.
Жазу өнерінің пайда болуы мәдениет дамуына мәнді әсерін
тигізді. Ол мәліметтің сақталуы мен келер ұрпаққа мирас ретінде
берілуіне әсерін тигізіп қоймайды, оның сипатын түпкілікті
өзгертеді, адамның абстрактілі ойлау қабілетінің қалыптасуына
мүмкіндіктер жасайды. Уақыт өте келе, көшірмешілер, яғни жазу
өнері дәстүрін, нақты бір елдің рухани мәдениетін сақтаушылардың
ерекше әлеуметтік тобы пайда болады. Мысырдың ең ежелгі аннал-
дары – әр жылғы жылнамалары өзінің көнелігі жағынан пирамида-
дан кем түспейді.
Мысыр жазу өнері – әлемдегі ең ежелгі жазу өнерлерінің бірі.
Мыңдаған жылдарға созылған мәдени дамуында халық иероглиф-
термен және иератикамен жазған. Б.д.д. VІІІ ғ. тағы бір күрделі
демотикалық жазу өнері пайда болады. Б.А. Тураев еңбектерінде
иероглифтік, иератикалық және демотикалық жазу өнерлерінің
қатынасы жалпы алғанда қолжазба, баспа және стенографиялық
белгілеріміздің баламасындай деп түсіндіріледі.
И.С. Кацнельсон Мысыр әдебиетінің ежелгілігін тек Шумер
әдебиетімен салыстыруға болатынын, ежелгі Үнді және Қытай
мәдениеті мәтіндерінің бұдан он бес ғасыр кейін пайда болғанын
көрсетеді. Оқымысты мысырлық көркем шығармалардың алғашқы
пирамида тұрғызушылар дәуірінен бастау алатынын, бұлардан басқа
халықтар мәдениет дамуының төменгі сатысында тұрғанда, кімнен
болса да бір нәрсе қабылдау мүмкіндігі болмаған мысырлықтардың
Достарыңызбен бөлісу: |