Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС


«Алтын адам» және зергерлік бұйымдар



Pdf көрінісі
бет101/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

«Алтын адам» және зергерлік бұйымдар [123]
Археологтар мәліметтеріне қарағанда Есік обасынан алынған 
бұл адамның б.д.д. V-ІV ғасырларда өмір сүргені анықталған. 
Қорымнан мәйітпен қоса, оның тіршілікте ұстаған мүліктерінің бір 
бөлігі табылған. Осыдан да болар, сақтардың ежелгі қорымдары 
сол, байырғы замандардың өзінде-ақ, тонауға ұшырағанын қазба 
жұмыстарының мәліметтері көрсетеді. Дегенмен, осы сақ қорымдары 
бізге ойламаған күрделі бейнелерді, материалдық мәдениет 
жетістіктерін де көрсетті. 
1999 жылы Атырау жерінің Аралтөбе қорғанында Зайнул-
ла Самашевтің басшылығымен жүргізілген қазба жұмысының 
нәтижесінде сармат тайпасы көсемінің мәйіті табылды. Табылған 
мәйіттің көсем мүрдесі екеніне археологтардың еш күмәні болған жоқ. 


280
Өйткені, мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген жауынгердің бар киімі 
әртүрлі пішінді алтын жапырақшалар және тоғалармен үйлесімді 
безендірілген. Бұл қазақ даласынан табылған екінші «Алтын адам» 
болды. Ал жауынгер жанында жатқан болат семсер Каспий теңізі 
төңірегінде өмір сүрген сақ тайпаларының құрыш болат өндірісін 
жолға қойғанынан мәлімет береді. 
2003 жылы Шелекті алқабында 
жатқан ең үлкен қорған ашылды. 
Қазба жұмысына ҚазҰУ профессо-
ры Абдеш Төлеукенов жетекшілік 
жасаған. Төбе астынан он шақты 
алтын әшекей зат табылды. 
Археологтардың айтуынша, бұл – 
табылған үшінші «Алтын адам». 
Егер Есік қорғанының «Алтын 
адамы» сауыт киген жауынгер бол-
са, Патшалар алқабының «Алтын 
адамы» патша болған. Өйткені, 
оның үстіндегі әшекейлері көгілдір 
түсті асыл тас – бирюзамен безендірілген, жоғары сапалы алтыннан 
құйылған. Атап айтар жай,
А. Төлеукенов «Аң стилі» аталатын сақтардың ұлы мәдениетінің 
осы Тарбағатай жотасының төңірегінде өмірге келгенін мәлімдейді. 
Патша қорғанынан табылған әшекей бұйымдар ғалымның пікіріне 
дәлел ретінде келтіріледі... 
Аң стиліндегі бұйымдардан бұғы, марал, арқар, барыс, қабылан, 
қасқыр, қыран бүркіт сияқты жануарлардың суретін жиі кездестіреміз. 
Қазба жұмыстары ең жақсы сақталған бұйымдардың алтын, күміс, 
қоладан жасалғанын көрсетеді. Дегенмен сәндік бұйымдардың тек ме-
талдан жасалмағаны да белгілі. 
Пазырық қорғанының мұз қабатынан археологтар сақ 
шеберлерінің ағаш, сүйек, мүйіз, мата, тері мен киізге өрнектеп 
салынған зақымданбаған өнімдерін тапты. Ежелгі өнер 
туындыларының түпнұсқалық үздік туындысына аңыздық желі 
арқау болған. Сырт киім, аяқ киім, салт аттылардың салтанатты 
шеруге қатысуына арналған жабдықтар, қару, жорық әбзелдері мен 
басқа да керек жарақтар аң стилі мәнерінде орындалған.
Суретте: Сақ қорғанының 
алтыны [124)


281
Сактардың ғажайып үлгіде бейнелеген аңдары нені білдіреді 
деген сұрақ төңірегінде оқымыстылар келесі пікірлерін білдіріледі:
а) аңдардың таң қаларлық күшін, қасиеттерін магиялық жолмен 
адамға беру. Семсердің қолға ұстайтын сабына арыстан басы мен 
қыран көзінің өрнектелуі жауынгерге күш пен қырағылық бергісі 
келуінің нышаны; аңдар сақ құдайларының рәміздік нышаны болды;.
аңдар бейнесі оның қожасының қоғамдағы орнын көрсетеді; аң стилі 
өнерінде ғаламның аңыздық бейнесі көрінісін табады. Сақтардың 
ғалам түсінігі бойынша, қыран бүркіт – аспанмен (жоғарғы әлеммен), 
бұғы, марал – жермен (ортаңғы әлеммен), ал жыртқыштар жер асты 
патшалығымен (төменгі әлеммен) байланыстырылады... 
Геродот сақтардың қалай шомылғаны, өздерін тазартатыны ту-
ралы мынадай дерек қалдырған: «...басын жуып, тарайды, денесін 
(монша буымен) былай тазартады: үш қада қағып, ұштарын бір-біріне 
біріктіреді. Киізбен орап байлайды, қымтап жабады да, киіз үйшіктің 
ортасындағы қызған тастың үстіне... кенеп дәнін киізге орап... та-
стайды. Бұдан қатты түтін мен бу шығады, онымен ешқандай эллин 
бу моншасын салыстыруға келмейді. Скифтер бұған рахаттанып, 
қатты айқайлайды...» [106. 76 б.]. 
Тамара Р. Райс өзінің «Скифтер» кітабында: «1929 жылға дейін 
осы айтылғанға аса мән берілген жоқ. Дегенмен, тек осы жылы Па-
зырык қорғанынан (кейбіреулерінің алты қазығы бар болса да) әлі де 
болса, үстіне тартылған киіз немесе тері жапқыштары, тас салынған 
қазаны және кенеп дәндері сақталған лашық табылды. Әрбір мо-
лада қайтыс болған екі адамға арналған қабір орындары бар: бірі 
күйеуінікі болса, екіншісі әйеліне арналған» [125. 37 б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет