Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет99/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

тақтадағы сақ
бейнесі, б.д.д. 
ІV-ІІІ ғғ. [117]


272
регін жайлаған, Қара теңіз төңірегінде өмір сүрген, скифтермен 
туыстас, жауынгер сармат тайпасы туралы там-тұм білуге бола-
ды. Археологтардың жүргізген қазба жұмыстары ежелгі тұрақтар, 
қамалдар, шеберханалар туралы мәліметтер береді. Б.д.д. ІV–
ІІІ-ғасырлардағы сармат қорымдарынан жақсы сақталған қару-
жарақтарды, саздан жасалған ыдыс-аяқтарды, қола айналарды, арзан 
тастар мен әйнектен жасалған моншақтарды көруге болады [117]. 
ХХІ ғасыр басында Оңтүстік Сібірде біріккен ресей-герман 
мамандарының жүргізген жұмыстары сақтардың Еуропаға дейінгі 
өмірі туралы мәліметтерді табады. Қазба жұмыстары Минусинск 
ойпаты мен Моңғол шекарасына жақын Аржаан-2 аталған қорғанда 
жүргізіледі. Суретте: Аржаан-2 қорғанында жүргізілген қазба орны 
Экспедицияның ғылыми жетекшісі Константин Чугунов табылған 
жәдігерлер тарихшылардың назарын өзіне аударады деп есептейді: 
«Тувада жүргізілген қазіргі қазба жұмыстары кезінде б.д.д. VIII-
VII ғасырларға жататын ескерткіштер табылды. Бұлар Геродоттың 
болжамын растай түседі. Өйткені, бұл кезде археологиялық қазба 
жұмыстары Қара теңіз жағалауында скифтер болмағанын көрсетеді. 
Аржаан-2 қорғанынан табылған жәдігерлерге барабар ескерткіштер 
жоқ. Сақтартриадасы (сақтар өнерінің үш түрлі бірлігі) бейнелерінің 
жоғары дамығаны сонша, оларды біз б.д.д. VI ғасырдан ерте жасалған 
деп ойлаған жоқпыз. Бұл Азия көшпенділерінің, сақтар өнерінің 
пайда болуы мен дамуы туралы түсінікті түпкілікті өзгертеді. Оның 
даму деңгейі сол тарихи дәуірде өмір сүрген көне Грек өнерінен 
әлдеқайда жоғары болды... Табылған жәдігерлердің көнелігі 
Қара теңіз жағалауларына сақтардың Орталық Азиядан келгенін 
білдіреді», – дейді. Осы айтылған пікірдің кезінде Геродоттың скиф-
тер Орталық Азиядан келді деген ойын дәлелдей түсетіні айғақ [187]. 
Еуразия көшпенділері өмірін зерттеуші мамандар иран тілді 
далалықтарды өзара ажырату және басқа тайпалардан бөлектеу 
үшін «скифтер триадасы» ұғымын өмірге енгізген. Бұл, біріншіден, 
қару-жарақ ерекшеліктерін, екіншіден, ат әбзелдерін сипаттайтын, 
үшіншіден, «аң стилі» аталатын қолданбалы өнер туындыларын 
көрсетуді білдіреді.
Бағзы замандардан қазіргі Қазақстан аймағы бостандық сүйгіш, 
қайталанбас өзіндік мемлекеттігі мен мәдениетін құрған, әртүрлі 
көшпенді, жартылай көшпенді, отырықшы ру-тайпалардың Отаны 


273
болған. «Сақ бірлестіктері туралы мәліметтер кездесетін негізгі 
жазба деректер екі топтан тұрады: 1) Антика дәуірінің авторлары 
(гректер) – Геродот (б.д.д. V ғ.), Ксенофонт (б.д.д. VІ-V ғғ.), Птоло-
мей (б.з.б. ІІ ғ.) және т.б. жазба деректері; 2) Ахемен әулетінен (көне 
парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы және т.б.). Қытай 
деректерінде де «се» тайпалары аталады» [118].
Көшпенділер киіз үйлерде, қам кесектен немесе ағаштан 
тұрғызылған үйлерде тұрған. Сайын даланы мекендеген халық 
шығыс ирандық тілде немесе диалектіде сөйлеген. Антрополог 
ғалымдар мәліметінше, олар еуропоидтық нәсілге жатқан. Кейін 
Шығыстан моңғолдық (монголоид) тайпалардың енуіне байланы-
сты, морфологиялық өзгерістерге ұшыраған. 
Б.д.д. І мыңжылдық ортасы ежелгі Тұран жерінің айтулы кезеңі 
болады. Мысалы сицилийялық Диодор, бастапқыда сақтардың 
азғана жерге иелік еткен талайсыз тағдырынан мәлімет берсе, кейін 
олардың көбейіп, өздерінің батылдығы мен ер жүректігі арқасында 
үлкен жерлерді мекендеп, даңққа бөленгенін, үстемдікке ие болғанын 
паш етеді [119]. Осы кездегі шаруашылық көшпенді, жартылай 
көшпенді өмір салтымен байланысты. Бұл, бір жағынан, далалықтар 
еңбегінің өнімділігін көрсетсе, екіншіден басы артық, қосымша 
табыстың да негізін құрайды. Шаруашылықта қой мен жылқы өсіру 
басымдыққа ие болады. Жылқы байырғы заманның күнге табынған 
сенімімен байланысты. Ол күн құдайының бөлінбейтін бөлшегі 
ретінде көзге түседі. Көшпенділер өмірінде жылқының алатын 
орны үлкен болғанын археологиялық материалдар да дәлелдейді. 
Сақ жауынгерлері мен беделді адамдарының молалары орнында 
жүргізген қазба жұмыстары кезінде қазанат, жылқы сүйектері қоса 
табылған. 
Мал, мал шаруашылығы өнімі отырықшы халықтармен арадағы 
экономикалық қатынастарды тұрақтандырады, «...түйелі керуен-
дер үнді және вавилон тауарларымен сауда жасады, оларды армян-
дар мен мидиялықтарда айырбастап алды; өздерінің дәулеттілігіне 
сәйкес алтын әшекейлер тағатын» [120. 232 б.].
Сақтардың қолөнері де жоғары дәрежеде дамыған. Олар 
дөңгелекті арба көліктер, тері және ағаштан жасалған ыдыстар, са-
уыттар, қысқа қанжар – акинактар, пышақтар және т.б. тұрмыстық 
керек-жарақты жасаған. Осыған байланысты Геродот: «...ат үстінде 


274
де, жаяу да соғыса береді. Оларда садақ, найза және соғыс айбал-
талары бар. Барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Найзаның, 
оқтың және айбалтаның металдан жасалатын жерін мыспен, ал бас 
киімдерін, белдіктерін және бауларын алтынмен әшекейлейді. Сол 
сияқты, олар атқа мыстан сауыт, кеуделік кигізеді. Аттың жүгенін, 
ауыздығын және жақтаулығын алтынмен аптайды. Темір мен 
күміс олардың қолданысында мүлдем жоқ, себебі бұл металдарды 
олардың жерінен кездестірмейсің. Есесіне, алтын мен мыс жетерлік».
[120. 43 б.].
Көшпенді өмір салтын ұстанған далалықтар өздерінің 
этномәдени айырмашылықтарына қарамай, сақтар деген ортақ 
атаумен аталады. Дегенмен, арнайы әдебиеттерде археологиялық 
қазба жұмыстары нәтижесінде «сақ-скиф-сэ» әлемінің бірнеше 
аймағын ерекшелеуге қол жеткізілгені мәлімделеді. Олардың 
бір тобы «Жетісу, Алатау, Тарбағатай мен Алтайды мекендеген. 
Бұлар Парсы деректерінде сақтар – тиграхаудтар немесе гректер 
мәліметінше скифтер аталады... Осы екі атау да «шошақ бөрік ки-
гендер» деген мағына береді. Арал теңізі төңірегінде мекендеген 
екінші топты гректер массагеттер, даилар десе, парсылар хаома-
варг сақтары атаған. Орталық Қазақстанға гректер асседондар мен 
агриппилерді «орналастырған». Осы жердің мәдениетін археолог-
тар тағы «Тасмола мәдениеті» деп ерекшелейді. Батыс Қазақстан 
мен Орал таулары аймағында савроматтар немесе сарматтар өмір 
сүрген» [121. 35 б.]. 
«Қазіргі тарих ғылымында парсы патшалары Кир мен Дарийдің 
Қазақстан жеріне келген бағыттары әлі толық анықталмаған, бірақ 
олардың сақтар мен массагеттерге қарсы жорық жасағаны, жал-
пы алғанда бұл жорықтардың сәтсіз аяқталғаны тарихи шындық 
деп есептеледі... Зерттеулерге қарағанда, Кир әуелі сақтармен 
әскери одақта болып, Лидия патшасы Крезбен соғысқан. Одақты 
өзі бұзған Кир... б.д.д. VІ ғ. басында сақ-массагеттер еліне шабуыл 
жасаған және «шошақ бөріктілердің» табан тірескен қарсылығына 
тап болған» [118].
Кир көшпенділер даласымен арадағы шекарасын нығайтуды, 
Арал теңізі маңында өмір сүретін көшпенділерді бағындыруды 
мақсат етеді. Мұның оңтайлы кезін ол массагеттер патшасының 
қайтыс болып, орнына оның әйелі Томиристің келуінен көрген. 


275
Патшайымды әйелдікке аламын деген желеумен, құда түсу үшін 
елшілер жібереді. Томирис Кирдің массагеттер патшалығын 
өзіне қосып алуды көздеп отырғанын түсініп, бас тартады. Ай-
ламен мақсатына жете алмаған парсылар патшасы ашық соғысқа 
шығады.
Сырдария бойына дейін келген Кир Томирис патшайымның 
ержүрек ұлы Спаргаписті қулықпен қолына түсіреді. Намыстанған 
ханзада өзіне қол жұмсап қаза табады. Баласының тағдырын естіген 
Томирис: «Қанішер Кир! ...Сау тұрғанда, еліңді тап... массагеттердің 
күн құдайымен ант етемін, сен қаншалықты тойымсыз болсаң да, 
қанға тойдырамын...» – дейді. Осы соғыс туралы Геродот: «...То-
мирис барлық әскерімен парсыларға шабуыл жасайды. Бұл соғыс 
варварлар арасындағы ең қанды қырғын болды. ...Қарсыластар бір-
біріне алыста тұрып садақтан атады, ...оқтары таусылып, қанжармен 
найзаласуға көшеді. Ешкім шегінгісі келмей, ұзақ соғысады. Ақыры 
массагеттер жеңеді. ...Парсы әскері соғыс даласында қырылды, 
Кирдің өзі де өлді. Томирис шарап құятын тері ыдысын адам 
қанына толтырып, ...Кирдің ...басын оған тоғытуға бұйырады. Со-
дан кейін өлікті қорлап, мынаны айтады: Мен сені соғыста жеңіп, 
аман қалғаныммен, сен мені жеңдің, себебі айламен баламның көзін 
құрттың. Сондықтан мен айтқанымдай, сені қанға тойдырамын. 
Кирдің өлімі туралы... осы шындыққа жанасатын тәрізді», – дейді. 
[120.42-43 б.].
Бұдан кейін І Дарийдің де б.д.д. 518 ж. сақтарға қарсы соғысқа 
шыққаны, бірақ жорығының сәтсіз аяқталғаны белгілі. Геродот 
Дарийдің сақтарға барар жолында «көпір соғуға бұйрық берген жері 
Византия мен Боспорға кіре берістегі ғибадатхана арасында жа-
тыр», – деп көрсетеді. Самостан шыққан грек инженері Мандроклға 
тұрғызған көпірі үшін риза болып, көп сыйлық береді. Осы көпір 
арқылы өткен парсылар сақтарды іздеп, Истр өзеніне жетеді. Бұл 
өзенге де көпір салдырып, әскері өтіп болған соң, иондықтарға 
көпірді бұзуға бұйрық береді. Сонда Эрксандрдың баласы Кой: «Пат-
ша! Сіз жыртылған жері, тұрғызылған қаласы жоқ елге жорыққа 
келе жатырсыз... Осы көпірді бұзбай, оны салғандарға күзеттір. Бәрі 
жақсы болса, скифтерді табамыз. Ал таба алмасақ, кері қайтар жо-
лымыз дайын тұрады. Мен скифтерден жеңілеміз деп қорықпаймын, 
біз оларды таппай, адасып өлеміз бе деп қорқамын...» – дейді. Дарий 


276
иондықтарға көпірді алпыс күн, өзінің қайта оралатын кезіне дейін 
күзетуді тапсырып, сақтарды іздеуін одан ары жалғастырады. 
Шапқыншылық қаупі төнген сақтар көшпенді тайпалардың же-
ке-дара парсыларға қарсы тұруы қиын болатынын түсінеді. Дарийдің 
өздерін бір-бірлеп құртатынын алға тартып, көршілердің күш 
біріктіруі керек екеніне көздерін жеткізбек болады. Дегенмен, олар 
ортақ шешімге келе алмайды. Тек өз күшіне сенуге мәжбүр болған 
сақтар ашық соғысқа бармайды. Шегінген жерінің шөбін өртеп, 
құдықтарды көміп, парсы әскері алдында бір күндік жерде жүріп 
отырады. Жорық созылып, нәтижесіз жүріс парсы әскерін аздырады, 
мініс көліктеріне де азық жетіспейді.
Сақтардың Шығысқа қарай шегінуін жалғастыра беруінен 
жалыққан Дарий: «...сенің таңдауың болса да, неге қаша бересің? 
Егер күшің менімен соғысуға жетсе, тоқта, менімен ашық соғыс. 
Егер әлім жетпейді десең, қашуыңды тоқтатып, әміршіңе жер мен 
суыңды сыйла да, келісімге кел», – дейді. 
Бұған сақ патшасы: «Менің жағдайым осы, патша! Мен бұрын 
да біреуден қорқып қашқан емеспін, сенен де қорқып қашпаймын. 
Қазір де бейбітшілік кезіндегі әдісімді істеп жатырмын. Сенімен 
неге соғыспағанымды қазір түсіндіремін. Біздің не қалаларымыз, 
не айдалған жеріміз жоқ. Біз оны тоналады деп қорықпаймыз, 
сондықтан бірден соғысқан жоқпыз. Сендер бізбен қайткен күнде де 
соғысқыларың келсе, бабаларымыздың молалары бар. Соларды та- 
уып құртып көріңдер, сол кезде білесіңдер, молалар үшін соғысамыз 
ба, жоқ па?! Оған дейін мүмкіндігінше соғыспаймыз... Әміршім деп 
Зевс пен скифтер ханшасы Гестияны танимын... Сен өзіңді менің 
әміршім деп атағаның үшін жауап бересің!» – деп сөз қайтарады 
[106. 76-б.]. 
Сақтар парсыларды өз жерінде ұзақ уақыт ашықтыруға тыры-
сады. Ас іздеп шетке шыққан әскерді аңдиды, түнде шабуылдар 
жасайды. Геродот сақтардың парсыларға шабуыл жасаған кезде 
абыржытқан бір оқиғасын: «...скиф жерінде есектер пен қашырлар 
болған емес. Сондықтан да скиф атты әскерін есектің ақырғаны 
шошытқан. Парсыларға шабуыл жасағанда скиф аттары есектің 
ақырғанын естігенде шошып, басын бұрып қашатын. Дегенмен, бұл 
парсы әскерлеріне сәл ғана көмектесті», – деп келтіреді [106. 76-б.]. 
Ақыры Дарий қыспаққа түсіп, кейін шегіне бастайды. Сақтар 


277
қыспағынан қашқан парсылар иондықтар күзеткен көпірге жетіп, 
одан аман өтіп кетеді. Бастарына төнген қатерден құтылады... 
Б.д.д. 330-327 жылдары Орта Азияның елдімекендерін жаулап 
алған Александр Македонский отырықшылар мен көшпенділер 
отаны болған Сырдарияға қарай бет алады. Осы өзеннің сол 
жағалауында орналасқан бірнеше қаланы өзіне қаратады. Ұлы 
қолбасшының бұйрығымен Сырдарияда, мемлекеттің солтүстік-
шығыс шекарасының тірегі ретінде Александрия Эсхата (Шеткі 
Александрия) аталатын қала тұрғызылады. Бірақ, Сырдарияның оң 
жағалауында өмір сүрген көшпенді тайпаларға қарсы жүргізілген 
жорық сәтсіз болып, Шығыс бағытында жасалған жорық 
тоқтатылады. 
Көшпенді тіршілік әрқашан басқа ел өкілдерімен, мәдениеттер- 
мен ұштасқан. Дегенмен, арнайы әдебиеттерде сайын дала тұр- 
ғындарының өзіндік әлеміне тән бірегей қалыптасқан мәдениеті 
болғаны көрсетіледі. Мұның мысалы ретінде археологиялық қазба 
жұмыстары кезінде табылған олардың материалдық мәдениет 
жетістіктері мен әлі де болса сыры ашылмаған жазу өнерін айтуға 
болады. 
Арнайы әдебиеттер Қазақстанда өмір сүрген ежелгі тұрғындар 
туралы жазба деректерді бірнеше топқа бөлген. Бірінші топқа ежелгі 
грек авторларының қалдырған мәліметтері кіреді. Бұлар: Геродоттың 
«Тарих», Страбонның «География» және тарихшы Плинийдің сақтар 
мен түрік тайпалары туралы қалдырған мәліметтері. Екіншісі: ежелгі 
Қытай ақпараттық деректерінде де байырғы дала тұрғындары туралы 
пайдалы мәліметтер беріледі. Бұларға – б.д.д. ІІ ғасырында Жетісуға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет