Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет46/60
Дата06.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#55473
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60
СӨЗ ТҮЙІНІ
Қазақтың халық прозасын фольклорлық жанрлар теориясы 
негізінде зерттеудің нәтижесінде мынадай қорытынды шыға­
руға болады.
Халық ауыз әдебиетінің өзіндік қасиеттері жанр ұғымын 
нақтылай түсуді қажет етеді. Жалпы, көркем әдебиет пен 
16­278


[
242
]
өнерде қабылданған жанрдың анықтамасы фольклорлық 
жанр ға толық сай келе бермейді. Әрине, оларды біріктіретін 
ор тақ факторлар да бар. Олардың ішінде ең бастысы – жанрдың 
өмір лік нысанасы мен атқаратын қоғамдық­тұрмыстық функ­
циясы. Ал фольклорлық жанрларды сипаттайтын белгі 
лер 
болып елдің фольклорлық шығармаға сенетіні мен сенбей­
тіндігі, ол шығарманың айтылу мәнері мен көркемдік сапасы, 
т.б. саналады.
Міне, осы тұрғыдан келгенде қазақтың халық прозасы аңыз­
дық және ертегілік болып екі үлкен топқа бөлінеді. Олар бір­
бірінен өзіндік қасиеттерімен дараланады.
Біріншіден, аңыздық проза тыңдаушы мен айтушыларында 
еш күдік туғызбайды, оған ел сенеді, ал ертегілік прозада ойдан 
шығарылған, қиялдан туған жайттар көп екенін халық жақсы 
түсінеді; екіншіден, дүниеге ең алдымен аңыздық прозаның 
сюжеттері мен жанрлары келеді, одан соң бұл сюжет пен 
жанр лар ел арасында ауызша айтылуының арқасында бірте­
бір те толығып, өсіп ертегілік проза түріне ауысады. Басқаша 
айтқанда, аңыздық проза дәуір (стадия) жағынан ертегілерге 
қарағанда көнелеу; үшіншіден, композициясы мен тіл кестесі, 
яғни жалпы көркемдігі жағынан аңыздық проза ертегілерден 
гөрі төмендеу болады; төртіншіден, аңыздық прозаның негізгі 
қызметі танымдық, табиғаттың тылсым сырларын түсіндіру 
және халық тарихынан мағлұмат беру, ал ертегілік прозаның 
басты функци ясы – эстетикалық және тәрбиелік қызмет.
Аңыздық проза шығармаларының мазмұны айтылып отыр­
ған уақыттан біраз ғана бұрын болған оқиға сияқты болып 
көрінеді. Себебі оның бас кейіпкері, көбінесе, рудың бабасы 
немесе бүкіл елге әйгілі белгілі бір ірі қайраткер, кейде аңыз­
дық проза шығармасын айтып отырған кісінің өзіде кейіпкер 
ретінде жүреді. Сол себепті аңыздық проза да әңгіме болатын 
оқиғаларға көпшілік толық сенеді, оларды шын болған деп 
қабылдайды. Аңыздық проза шығармалары оқиғаны шын 
болған тәрізді етіп баяндап, адамдарға ғибрат береді, өз оқи­
ға 
сындағы шешімді айтылып отырған жағдайға үлгі етіп 
ұсынады.
Аңыздық проза өз құрамындағы шығармалардың өмірге 
келу процесі мен шындыққа қатысына байланысты бірнеше 


[
243
]
жік жанрға бөлінеді. Олар – миф, хикая (быличка), әңгіме 
(рассказ), аңыз (предание), әпсана­хикаят (легенда).
Осы уақытқа дейін қазақ фольклорында миф жанры жоқ 
деп келдік. Алайда, халық әдебиеті жанрларын мүшелеп, 
же 
ке­дара саралап зерттегенде, бізде миф жанры бар екені 
анықталып отыр. Бірақ біздің миф деп отырғанымыз көне 
гректер мен римдіктердің мифінен басқа. Олардың мифі 
құлие ленуші мемлекеттік қоғамға сәйкес дамып, циклденіп, 
біртұтас мифологиялық жүйеге (системаға) айналған. Ал, 
қазақ фольклорындағы миф рулық қауым мен патриархалды­
феодалдық қоғам тұсында жүйелі мифология құрмай, хикаяға 
айналып кеткен. Қазақ мифінің ішінде әсіресе кең тарағаны – 
аспан әлемінің құрылысын түсіндіретін және әр түрлі жануар 
мен жәндіктердің кейбір қасиеттерін баяндайтын миф­
тер. Айталық, Жетіқарақшы, Ай, Құс жолы, Кемпірқосақ 
туралы әңгімелер немесе қарлығаштың құйрығы неге айыр, 
қоянның ерні неге жырық, суыр неге адамша қол қусырып 
тұрады деген сұрақты себепті баяндаулар космогониялық және 
этиологиялық мифтер болып са налады. Адамдар табиғаттың 
құбылыстарын, аспан әлеміндегі нәрселерді түсіну үшін олар 
туралы неше түрлі миф шығарып, өз өмірін, тұрмысын соларға 
көшірген, көп нәрсені күнделікті шаруа мен тұрмыс, адамдық 
қасиеттер мен қатынас тұрғысынан түсіндірген.
Алғашқы қауымның мифі үздіксіз пайда болып отыратын 
әңгімемен бірігіп патриархалды­феодалдық дәуірде хикая 
жанрын қалыптастырады. Хикаяда шындық фактіден гөрі 
қоспа көп, жеке адамның өзі туралы әңгімесі ел арасында ай­
тыла­айтыла көптеген өзгеріске ұшырайды. Оған әу баста 
болмаған оқиғалар жамалады. Кейіпкер енді әдепкі жануармен 
емес, мифтік ұғымнан қалған түсінік бойынша елдің ойынан 
шығарған неше түрлі ғажайып сиқырлы мақұлықтармен 
кездескен болып көрсетіледі. Мысалы, бұрынғы аңшының 
басынан кешкен әңгімелері енді оқиғасы қоюланып, біраз 
көркемделіп, батырдың жезтырнақпен немесе жалғыз көзді 
дәумен я болмаса албастымен, яғни басқа бір адам көрмеген 
хайуанмен жолығып, айқасқаны туралы хикаяға айналады. 
Хикаяда көне дәуірде туған шамандықтың белгілері де 
кездеседі. Сол себепті хикая жанрын кейде халықтық демоно­
логия деп те атайды.


[
244
]
Алғашқы рулық қауымнан бастап, барлық уақытта да ту­
ып отыратын жанр – жай әңгіме. Әңгіме – біреудің немесе 
қауымның өміріндегі бір ерекше жағдай туралы баяндау. 
Әдетте, әңгімедегі оқиға айтушының өзі яки айтушыға жа­
қын, тыңдап отырған көпшілікке таныс басқа адамдардың 
қатысуымен расталады, яғни көп жағдайда айтушының өзі 
әңгіменің басты кейіпкері болады. Мұнда көркемдік әсірелеу 
өте аз, бірақ әңгіме бір рет қана айтылып қоймайды, ол әр 
жерде, жиын болған кезде айтылады да, ондағы оқиға бірте­
бірте тұрақты сюжетке айналады. Сөйтіп, әңгіме дәстүрлі 
шығарма ретінде жеке жанрлық топ құрайды. Көркемдік әсі­
релеуі жоқ осындай жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде 
айтылатын әңгімені халықаралық фольклористикада меморат 
деп атайды.
Ертегіден тыс прозалық жанрдың бірі – аңыз. Аңыздың 
басты ерекшелігі – шындыққа, өмірде болған бір фактіге 
немесе оқиғаға негізделетіндігі. Бұл жағынан ол әңгімеге жа­
қындайды, бірақ көркемдігі басым болады. Айтушы да, тың­
даушы да аңызға толық сенеді, оның мазмұнына, баяндалып 
отырған оқиғаға еш күдік келтірмейді. Аңыздың тағы бір 
айырмасы – ол осы күнгі, әйтпесе болашаққа қатысты мәселені 
қамтымайды, өткенді ғана баяндайды, яғни ретроспективтік 
сипатта болады. Аңыздан халықтың дүниетанымдық қасие­
тін, табиғатқа және өзінің тарихына көзқарасын байқауға 
бола ды. Қазақ аңыздары үлкен екі топқа бөлінеді. Бірі – жер, 
су, ме кен аттарын түсіндіріп, олардың тарихын баяндайтын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет