[
246
]
бірінен қызықты, қорқынышты болып келеді. Мұндай ерте
гілерде ісәрекеттің бәрі ортағасырлық шаһарда, хан сарайында
өтеді, ал басты кейіпкерлер қала тұрғыны, қолөнерші, ақылды
да тапқыр адам болып келеді. Ертегілердің басқа түріне қара
ғанда ғибраттық ертегіде биографиялық сипат жоқ. Онда
кейіпкердің бүкіл өмір жолы көрсетілмейді, көп жағдайда
кейіпкер өміріндегі ең бір қызық кезең неме се қоғамдағы, қа
уымдағы бір төтенше жағдай суреттеледі. Бұл жанрда адам
гершілік және әлеуметтік мәселе басты орын алады. Өйткені
ол жанр ретінде таптық қоғамда қалыптасқан. Оның жанрлық
табиғатында қиялғажайып ертегісінің, әпсанахикаяттың,
аңыздың, кітаби мысалдар мен шығыс әдебиетінің қасиеттері
бар.
Ертегілердің поэтикасы мен композициясы аңыздық про
заға қарағанда әлдеқайда көркем және жүйелі. Олардың
құрылысы тұрақты бірнеше элементтерден тұрады:
баста ма –
Достарыңызбен бөлісу: