Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет24/27
Дата27.02.2017
өлшемі2,12 Mb.
#5011
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

7.12  Сабақтас құрмалас сөйлем 
      
Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  бірінші  тиянақсыз  сыңары 
бағыныңқы,  екінші  сыңары  басыңқы  деп  аталады.  Бағыныңқы 
сөйлемнің  баяндауышы  тиянақсыз  формада  айтылады.  Ол  көбіне 
етістік  баяндауыштары,  яғни  есімше,  көсемше,  шартты  рай    және  
қимыл    есімдері  арқылы    және      оларға  түрлі  шылаулардың 
түйдектелуі  арқылы  және  есімдерге  түйдектелген  көмекші  етістік, 
модаль  сөздердің  қатысы  арқылы  жасалып,  олар  басыңқыға 
бағынышты келеді.   
     Көсемше. 
Сабақтас  құрмаластың  бағыныңқы  сыңарының 
баяндауышы  қызметінде  көсемшенің  -ып/-іп/-п  жұрнағы  мол 
қатысса, 
-ғалы/-гелі 
түрі 
сиректеу 
қатысады. 
Мысалы: 
Қауменовтің  інісі  қашқын  болып  кеткелі,  жылдан  асты 
(М.Әуезов). Базарәлі елге келгелі, бір айдай уақыт өтті (М.Әуезов). 
Етістіктерге  көсемшенің  жұрнағы  тікелей  жалғануы  арқылы 
бағыныңқы  сыңар  жасалса,  кейде  негізгі  етістікке  түйдектелген 
көмекші  етістіктер  көсемше  тұлғасында  да  келеді:  Манадан 
мыжыңдаган,  құлағын  қажытып  келе  жатқан  урядник  осымен 
тоқтатар  ма  екен  деп,  тік  жауап  қайырды  (Ғ.Мұстафин).  Сол 
сияқты –ғанша, -ғандай тұлғалы сөздерді де көсемшелі бағыныңқыға 
жатқызу орын ала бастады: Ерлік іс болмайынша, ол жайында жазу 
да болмайды (Б.Момышұлы). 
Шартты  рай.  Шартты  райлы  бағыныңқы  сөйлем  -са/-се 
жұрнағы арқылы жасалады. Оның өзі жаққа қатысты айтылып, I, II, 
ІІІ  жақта  келеді.  Сол  сияқты  бұл  жұрнақты  баяндауышқа  да,  де 
шылауы  тіркесіп        күшейту  мағынасын    береді:  Күштілерім  сөз 
айтса,  бас  изеймін  шыбындап  (Абай).  Қысты  қамсыз  қарсы  алсаң, 
оның  қапысы  да  болады.  Шартты  райдың  жұрнағы  көсемшенің 
жұрнағы тәрізді негізгі етістікке немесе негізгі етістікке түйдектелген 
көсемшелі  етістікке  жалғану  арқылы  бағыныңқы  сөйлем  жасайды: 
Егер  де  бұл  жоспар  орындалмайтын  болса,  организм  қиын  ауруга 
ұшырайды («Жас алаш»). 
Есімше.  Егер  көсемше,  шартты  райлы  етістіктер  бағыныңқы 
сөйлемнің  баяңдауышы  ретінде  сол  қалпында  немесе  тек  жақтық 
көрсеткіш  арқылы  көрінсе,  есімшенің  байланыстыру  қызметінде 
өзіндік ерекшеліктер бар.         
     Қабыса 
байланысқан 
сабақтас 
құрмалас 
сөйлемнің 
баяндауыштары  -ған/-ген  тұлғалы  есімшенің  атау  септігін  керек 
ететін  сайын,  себепті,  кезде  т.б.  шылаулар  арқылы  жасалады. 
Мысалы:  Мақсат  ортақ  болған  сайын,  оларға  да  көмектесу  парыз 
(«Жұлдыз»), Үш күннен бері жаттығу жасамаган себепті, денеміз 

 
270 
ауырлап  қалыпты  («Лениншіл  жас»).  Үй  іші  тынышталған  кезде, 
есік қақты біреу (Ғ.Мұстафин). 
    Есімшеден  жасалған  баяндауышқа  –ша,  -ше  жұрнағы  жалғану 
арқылы  да  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  баяндауышы  жасалады: 
Асығып-үсігіп   келгенімше, хатшының кеңсесінде мәжіліс басталып 
кетіпті. (Газеттен) 
-Дай/-дей  жұрнақтары  да  есімшеге  жалғану  арқылы  сабақтас 
құрмалас  сөйлемнің  баяндауышы  болады:  Жаз  шыбыны  қысылар, 
Үстінен зіл басқандай (Абай). 
Меңгеріле 
байланысқан 
есімшелі 
сабақтас 
құрмалас 
сөйлемдердің  жасалуында  да  септік  жалғауларымен  түйдектелген 
шылаулардың  қызметі  еркін.  Барыс  септік  арқылы:  Баласы  жақсы 
оқығанға дейін, әкесі абыржумен болды («Жұлдыз»). 
Жатыс  септік  арқылы:  Деревняның  шетіне  таянғанда,  бұл  үйге 
көзі түсті (Т.Ахтанов). Шығыс септік арқылы: Тиісті документтер 
жіберілгеннен  кейін, Ленинград  университетінен қабылдаған хабар 
да  келді  (С.Мұқанов).  Сыртынан  көрген  көрген  бола  ма,  ауызба-
ауыз  сөйлеспеген соң (Б.Момышұлы). 
Көмектес  септік  арқылы:  Басқа  кісі  білмегенмен,  Қасымның 
жанын сен білесің (Б.Майлин).   
Меңгеріле  байланысқан  есімшелі  бағыныңқы  сыңар  есімшеге 
-дықтан/-діктен  қосымшаларының  жалғануы  арқылы  да  жасалады: 
Совхоз  шабындық  жері  аз  болғандықтан,  пішенді  алыстағы  мал 
жайылымынан дайындау керек-ті («Социалистік Қазақстан»).   
      Есімшелі  бағыныңқы  сыңар  кейде  мынадай  тұлғалар  арқылы 
да жасалып, басыңқы сөйлеммен байланысады:  Біз тың жерді игере 
бастаған кезде, жаңадан құрылып жатқан совхоздар үшін егіннің 
гектарына  8  кентнерден  өнім  алуды  белгіледік.(Газеттен).  Түн 
ортасы  ауған  кезде,  Көжек  Қызыл  вагонда  келе  жатыпы 
(Т.Ахтанов).  Көңіл  құсы  құйқылжып
 
  шартарапта,  адам  аты 
түрленіп ауған шақта (Абай). 
      Бұл  сөйлемдердегі  баяндауыштар  -келген  шағында,  ауған  кезде, 
бастаған  кезде,  ауған  шақта.  Сөйлемдердегі  баяндауыштардың 
негізін келген, ауған, бастаған сынды есімшелер құрған да, шағында, 
кезде,  шақта  сөздері  -  көмекші  сөздер.  Осындай    есімшелерді 
сабақтас құрмалас сөйлем  етуге  шақ, кез  сөздерінің  тәуелдік,  нөлдік 
тұлғалардың  негізінде  жатыс  септігінде  келуі  оларды  тиянақсыз 
баяндауыш  жасауға  негіз  болған.  Тек  осындай  көмекші  сөздердің 
арқасында  ғана  тиянақсыз  қалыпқа  түскен,  екіншіден,  сол  көмекші 
сөздердің дәнекерлігі қызмет атқарған. 
     Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  бағыныңқы  сыңары  ретінде 
келгенде,  келгенмен,  келгеннен,  келгенге  дейін,  шыққаннан  соң, 

 
271 
келгеннен  кейін  дегендерде  есімшелер  жатыс,  шығыс,  көмектес 
септіктерінде  меңгеріле  байланысқан  бағыныңқы  сыңар  жасауы 
негізгі  фактор  болса,  есімшелердің  септік  жалғауы  мен  оларға 
түйдектелген шылаулар арқылы да бағыныңқы сыңарда жұмсалады 
екен. 
Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы қызметінде есімшенің 
ар/-ер/-р  жұрнағы  қатыспайды.  Кейде  Жұрт  өсектеп  жүрер  деп, 
хатшының  үйінің  маңына  жолатпады    сияқты    сөйлемнің 
баяндауышы - жүрер деп. Бұл баяндауыш -ер жұрнақты жүр етістігі. 
Жүрер  етістігі  осы  қалпында  сабақтас  құрмалас  сөйлем  құрай 
алмайды.  Оны  баяңдауыш  етуге  көсемше  тұлғалы  деп  көмекші 
етістігі атқарып тұр. Осының негізінде көсемшелі сабақтас құрмалас 
сөйлем жасалуда. 
Кейде қабыса байланысқан бағыныңқы сөйлем жоқ сөзіне -тық/-
тік  жұрнағы  және  оның  тәуелденген  түріне  себепті  шылауының 
қосылуы  арқылы  жоқтығы  себепті  баяндауышы    жасалады:  Бірақ 
жолдың жоқтығы себепті, бұл  жайылымды пайдалану қиын («Жас 
алаш»).  Осы  сөйлемнің  баяндауышы  жоқ  сөзі  болуы  тиіс.  Бұл 
құрамда  баяндауыш  тиянақсызданып  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің 
бағыныңқы сөйлемін құрайды.   
Қимыл  есімі.  Қимыл  есімдері  де  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің 
баяндауышы  ретінде  жұмсалады.    Бірақ  қимыл  есімдері  есімше 
сияқты  сол  тұлғада  бағыныңқы  сыңарда  жұмсалмайды.  Қимыл 
есімдері бағыныңқы сыңарда үшін, себепті шылаулары арқылы ғана 
келеді:  Жол  қысқару  үшін,  жолдасымен  сөйлесуді  мен  өзім  де  тілеп 
келе  жатыр  едім  (Б.Майлин).  Бірде-бір  дән  жерге  төгілмеу  үшін, 
әрбір  комбайыншы  өз  ісіне  жауапты  қарау  керек.  Меңгеріле 
байланысқан  бағыныңқы  сыңар  -ысымен/-ісімен  қосымшаларының 
етістікке  жалғануы  арқылы  да  көріледі:  Олар  станцияға  келісімен, 
бір топ вагоншылар іске кірісті. (Газеттен) 
Бол  көмекші  етістіктері  түрлі  морфологиялық  құрамда  мына 
тұлғалармен түйдектелуге бейім: 
-
 
шартты рай арқылы; 
-
 
есімшенің септелуі нәтижесінде
-
 
есімше  тұлғалы  сөзге  -дық  қосымшасының  септік  жалғауда 
келуі  арқылы.  Көмекші  сөздердің  жеке  дара  синтаксистік  қызметі 
жоқ.   Сондықтан  да  ондай  сөздер  түйдектеліп  құрама баяндауыш  
жасайды.            Құрама    баяндауыштың  көмекші  сөздері,  біріншіден, 
өзінің  алдындағы  негізгі  сөздердің  құрамында  құрама  баяндауыш 
жасауға  қатысады.  Ондай  көмекші  сөздер  құрама  баяндауыш 
жасауда  бол,  де  тұлғасында  келеді.  Осы  көмекші  сөздер  енді 
бағыныңқы  сыңарды  басыңқы  сөйлеммен  байланыстырушы 

 
272 
дәнекерлік  қызметке  ие  болады.  Қорытындылай    келгенде,  сабақтас 
құрмалас  сөйлемде  бағыныңқы  мен  басыңқыны  байланыстыруда 
есімше,  көсемше,  шартты  райлы,  қимыл  есімді  етістіктер 
қатысатыны анық. Сонымен бірге құрама баяндауышты құрайтын 
көмекші етістіктер де жұмсалады екен. 
Сабақтас   құрмалас  сөйлемнің мағыналық топтары:  
1.
 
Мезгіл бағыныңқы сабақтас
2.
 
Шартты бағыныңқы сабақтас, 
3.
 
Қарсылықты  бағыныңқы сабақтас, 
4.
 
Салыстырмалы   бағыныңқы сабақтас, 
5.
 
Себеп бағыныңқы сабақтас, 
6.
 
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас, 
7.
 
Мақсат бағыныңқы сабақтас. 
8.
 
Түсіндірмелі  сабақтас; 
9.
 
Көп   бағыныңқылы  сабақтас. 
 Мезгіл 
бағыныңқы 
сабақтас.  Жасалу 
жолы 
жағынан 
сабақтастардың  ішіндегі  ең  күрделісі  -  мезгіл  бағыныңқы  сабақтас. 
Бұл  сөйлемнің  бағыныңқы  сыңары  басыңқы  сыңарда  айтылған  іс-
әрекеттің  болу  уақытын  көрсетеді.  Мезгіл  бағыныңқы  сабақтастың 
басыңқысынан  бағыныңқы    сыңарына  қашан?  қашанға  шейін? 
қашаннан бері? қай кезде? қай мезгілде?  деген  сұрақтар қойылады.     
       Мезгіл  бағыныңқы  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  тиянақсыз   
баяндауышының   жасалу  жолдары:        
-  қалы  (-келі),  -ғалы  (-гелі)  жұрнақты  көсемше:  Мұнда  қызу 
жұмыс  басталғалы,  жастар  да  тыным  таппады  («Лениншіл 
жас»).   Базарәлі елге келгелі, айдай уақыт өтті (М.Әуезов). 
 
 
-ып-іп-п  жұрнақты  көсемше:  Мұрат  шығып  үлгірмей  жатып, 
Вагонга  Ержан  кірді  (Т.Ахтанов).  Түнде  жылқышы  ұйықтап  қап, 
қалың жылқы егінге түсіп кетеді (М.Әуезов). 
-са, се,  жұрнақты  шартты райлы етістік: Мысалы:  Үлкен алаңға 
келсек, көп елдің спортшылары сапқа тұрып қалған екен («Лениншіл 
жас»), Жампейістің үйіне барсам, Абылайдан басқа  қонақ жоқ екен 
(С.Мұқанов).  Әрине,  ондайда  контекстік  талдам  көмекке  келеді. 
Себебі  шартты  райлы  етістіктің  басқа  да  мағыналық  қызметі  бар. 
Мұндайда сыңараралық сұрақ қоюдың мәні зор.  
-  Етістіктің  есімшелі  түрі  де  мезгіл  мәнін  береді.  Бағыныңқы 
сыңардағы  есімшелер  әр  алуан  септік  жалғауларымен  тіркесіп, 
бағыныңқының    баяндауышы  болады:  әсіресе,  жатыс  жалғауы 
икемдірек  келеді:  Станциядағы  екі  жылдық  училищеге  оқуға 
бергенде,  мен  он  жаста  едім  (З.Шашкин).  Құсы  да,  иесі  де 
қоразданар, алпыс екі салалы түлкі алғанда (Абай).    

 
273 
-  Мезгіл  бағыныңқы  сөйлем  барыс  жалғаулы  есімшеге  шейін, 
дейін шылауларының түйдектелуі арқылы да беріледі: Бұл кісі әбден 
орналысып болғанға дейін, сен ешқайда кетпе (Ғ.Мүсірепов).   
- Шығыс жалғаулы есімше де, оған соң, бері, кейін шылауларын 
тіркестіру  арқылы  да  мезгілдік  мағына  жасалады:  Бала  би  атқа 
мінгеннен,  жұртқа  хабар  тарады  («Қазақ  әдебиеті»).  Қабылдау 
салтанаты  біткеннен  кейін,  бізді  қала  аралауға  шақырды  («Жас 
Алаш»).   
-  Келер  шақтық  есімше  мен  қимыл  есіміне  бұрын  шылауының 
түйдектелуі  де  мезгіл  бағыныңқы  сабақтас  құрмалас  сөйлем 
жасайды:  Құнанбай  ел  жайлауға  шығардан  бұрын,  былтыр  өзі 
Қарашоқыдан  көшірген  Бөкенші,  Борсаққа  Жігітек  жерінің 
жапсарынан жайлау берген болатын (М.Әуезов). 
-ша-ше  жұрнақты  есімшенің  мезгіл  мағына  тудыруы  жиі:  Бір 
тізерлеп  отыра  қалып,  биені  қалқанындай  бетке  ұстап  кезеніп 
үлгергенше,  алдыңғы  қазытық  аты  биеден  бір-ақ  адымдай  жер 
жанап өте шықты (Х.Есенжанов).   
-  Өткен  шақтық  есімшеден  соң  кезде,  күнде,  уақытта,  жақта, 
мезгілде,  сағатта,  минутта  сынды  мезгіл  мәнді  сөздердің 
түйдектелуі де мезгіл   бағыныңқылы  сабақтас құрмалас  жасайды: 
Біз  тың  жерді  игере  бастаған  кезде,  жаңадан  құрылып  жатқан 
совхоздар  үшін  егіннің  гектарына  8  центнерден 
 
өнім  алуды 
белгіледік  (Газеттен).     
 -  Етістікке  –ысымен,  -ісімен  қосымшаларының  жалғануы  да 
мезгіл  бағыныңқы  сабақтас  жасайды:  Бұлар  далаға  шығысымен, 
басқалар  да  кетіп  үлгерісті  («Қазақ  әдебиеті»).  «Аманкелдіге» 
келісімен, бұл арман шыңына жетті (Ғ.Мұстафин). 
- с жұрнақты болымсыз етістіктің жатыс, шығыс жалғауларында 
келуі  де  мезгіл  бағыныңқы  сабақтас  жасайды:  Бірақ  Федя  бір 
жасқа  шығар-шықпаста,  Анна  Павловна  өлімші  науқас  болды 
(И.Тихонов).  Үш  ай  өтпестен,  жігіт  Лондондағы  орыс  елшілігінің 
кеңсесінен орын алды («Қазақ әдебиеті»).  
-  Бар,  жоқ  сөздерінің  жатыс  септікте  келіп  мезгіл 
бағыныңқы сабақтас тудыру қабілеті бар: Алдыңда ағаларың  барда, 
жоқ таңдамай тұра тұр  (І.Есенберин). Күн жоқта, түнде жүзген 
Ай да сұлу (Т.Жароков). 
Шартты  бағыныңқы  сабақтас.  Шартты  бағыныңқы  сөйлемде 
алғашқы  сыңар  басыңқыдағы  іс-әрекеттің  орындалу-орындалмау 
шартын  көрсетеді.  Шартты  бағыңқы  сабақтас  қайтсе?,  не  етсе?,  не 
еткен?, қайтпейінше?, не етпейінше?, қайткенде?, не еткенде? сияқты 
сұрауларға жауап береді. Бұл сөйлем түрінің де жасалу жолдары:    

 
274 
     1.  Түйдектелген  -са/се  тұлғалы  көмекші  етістіктердің  етістік 
пен  негізгі  сөздерге  тіркесуі  арқылы  тиянақсыз  баяндауыш 
жасалады. Шартты бағыныңқы сөйлемдер I, II, III жақта бірдей келіп, 
өз  бастауыштарымен  қиысады.  Мысалы:  Халық  өз  бақыты  үшін 
күресетінін  өзі  білсе,  оған  ешбір  жау  төтеп  бере  алмайды 
(Х.Есенжанов).  Егер жан берілмесе, оның қутар болар  (М.Горький). 
Кімде-кім  шекараларды  бұзбақшы  болса,  ол  барынша  күйретіле 
және біржолата соққы алатын болады («Лениншіл жас»).   
2.  Бағыныңқы  сөйлемнің  баяндауышы  көсемшенің  -ынша/-інше 
жұрнағының жалғануы арқылы жасалады: Ісінің құрылысы түзелмей, 
ешкімнің  түрлі  ісі  түзелмейді.  (Мақал).  Бірлік  болмай,  тірлік 
болмайды  (Мақал).    Білім  көп  болмайынша,  жазу  да  қиын  («Қазақ 
әдебиеті»).   
3.  Бағыныңқы  сөйлемнің  баяндауышы  есімшенің  -ған/ген 
жұрнақты  түрінің  жатыс  септікте  келуі  арқылы  жасалады:  Егер 
жүгері  суармалы  жерге  егілгенде,  онда  көлемі  аз  жерден 
шаруашылыққа  керекті  мөлшерде 
 
  шөп  өндіруге  болар  еді 
(«Социалистік  Қазақстан»).    Аттар  тоқ  болғанда,  серіктерім 
тәпкеш ауылына жетіп қонатын еді (С.Мұқанов). 
4.  Бағыныңқы  сыңар  мен  басыңқы  сыңарда  қатыстық 
есімдіктердің  келуі  арқылы  да  шартты  бағыныңқы  сабақтас 
жасалады: Сиыр қанша  керек  болса, қой да сонша керек 
     Қарсылықты 
бағыныңқылы 
сабақтас. 
Қарсылықты 
бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  жасалуында    өзіндік 
ерекшелік бар: 
1.Көсемше  формалары  арқылы.  Бағыныңқы  сөйлемнің  есім 
баяндауыштарына түйдектелген бола тұра (бола тұрса да) көмекші 
етістіктері  тіркесу  арқылы  жасалады:  Оқуға  уақыт  аз  бола  тұра, 
олар  жақсы  үлгерімге  жетті  («Лениншіл  жас»).  Күздің  санаулы 
күндерінің бірі бола тұра, ауа райы жақсы еді (С.Шаймерденов).   
 -й жұрнақты болымсыз көсемшелер арқылы жасалады:  Жарты 
сағат болмай, қарсыластар қақпасына екі  доп енгізілді  («Лениншіл 
жас»).   
2.  Шартты  рай.  Бағыныңқы  сөйлемнің  баяндауышы  -са/се 
шартты    рай  жұрнағы  арқылы  жасалады:  Хат  танымайтыны 
болмаса, жігіттің сарбазы болайын деп тұр (Ғ.Мүсірепов).   
- баяндауыш тәуелдік жалғаулы сөзге болмаса көмекші етістігінің 
түйдектелуі  арқылы  жасалуы  да  мүмкін:  Осындай  шалкез  мінезі 
болмаса,  «жынды  қызыл»  да  сүт  беруге  келгенде  жомарт 
(Қ.Кабдекзыров). 
 - шартты райлы етістікке да/де шылауының жалғануы арқылы 
да    қарсылықты  мағына    жасалады:  Раушан  бір-екі  рет  ышқырса 

 
275 
да, бұрылмады (Б.Майлин). Шындықтың жүзі қанша суық болса да, 
тура қарауымыз керек (Т.Ахтанов).   
2.  Есімше.  Бағыныңқы  сөйлемнің  баяндауышы  өткен  шақтық 
есімшенің  көмектес  сеіптікте  келуі  арқылы  жасалады:  Бетпердесі 
бұзылмағанмен,  аяқ  басуы  ауырлап  кеткен  әкесінің  хал-жайы  оған 
енді  түсінікті  болды  (С.Мұқанов).  Балалық  мінезі  әлі  қалмағанмен, 
өзін үлкен адамдарша ұстағысы келеді (С.Мұқанов). 
    Салыстырмалы 
бағыныңқылы 
сабақтас. 
Салыстырмалы 
бағыныңқы  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  бұл  түрі  басыңқы 
сыңардағы  жай-күйімен,  әрекетпен  салыстырмалы  айтылу  негізінде 
жасалады. 
 Тиянақсыз баяндауыш бір ғана жолмен жасалады: 
-
 
дай-дей жұрнақты сөздердің өткен шақтық есімшеге жалғануы 
арқылы: Басының ішінде қорғасыны босаған бір ескі сақа жүргендей, 
бірдеме  сықылдайтын  сияқты  (Ғ.Мүсірепов).  Акуланың  қатал 
жері  енді  шапалақпен  жаңа  салып  жібергендей,  ән  аз  ғана 
шашалды да үзіліп кетті (Ғ.Мүсірепов).   
       Себеп  бағыныңқылы  сабақтас.  Себеп  бағыныңқы  сабақтас 
құрмалас  сөйлем  құрамыңдағы  алғашқы  сыңар  басыңқы  сөйлемде 
айтылған  іс-әрекеттің  себебін  білдіреді.  Себеп  бағыныңқы 
сабақтастың басыңқы  сыңарынан бағыныңқыға неге?, неліктен?, не 
себепті? Сұрақтары  қойылады.  Баяндауыштың  жасалу  жолдары:  
 -й, -ып,-іп,-п  жұрнақты көсемшеден  жасалады:  Айқастың соңғы 
кезінде  ауа  райы  бұзылып,спортшылардың  кең  көсілуіне  мүмкіндік 
болмады.  («Лениншіл  жас»).  Болыс  пен  тілмаш  келмей,  біз  істі 
бастай алмай жаттық (С.Сейфуллин).   
 -  өткен  шақтық  есімшеге  -дықтан-діктен  қосымшаларының 
жалғануы  арқылы:  Құлағына жайлы хабар тигендіктен, Ақан киіне 
бастады  (С.Жүнісов).  Көктем  айы  жаңбырлы  болғандықтан,  өріс 
оты тез қаулап өсіпті (газеттенр).   
-  өткен  шақтық  есімшеге  соң,  кейін  шылауларының  түйдектелуі 
арқылы:      Раушанды  көрген  соң,  сөздерін  қоя  қойды  (Б.Майлин). 
Кәмшат  жайы  осындай  күйіп  жүрген  күндерде  келгеннен  кейін, 
Бөжейдің рақымсыз боп жүргені рас (М.Әуезов). 
Нольдік  жалғаулы  есімше  және  тәуелдік  жалғауының  III 
жағындағы  қимыл  есіміне  себепті  сөзінің  тіркесуі  арқылы 
жасалады:  Физиологиялық  әсері  бірдей  болмауы  себепті,  жаңа 
жасанды дәрілер ауру қоздырушы микроорганизмдерді тез  жойып 
жібереді  («Білім  және  еңбек»).  Үш-төрт  күннен  бері  жаттығу 
жасамаған себепті, денеміз ауырлап қалыпты (Газеттен). 
-ғасын/-гесін  формалы  кіріккен  (ған  соң)  форма  арқылы 
жасалады:  Бір  күні  бай  ертеңгі  шайдан  кейін,  үйде  бөтен  адам 

 
276 
болмағасын,  шаруаға  кез  салайын  деп,  алдымен  қонақ  үйіне  кірді 
(С.Көбеев).   
-  қимыл  есімді  етістікке  үшін  шылауының  түйдектелуі  арқылы 
себеп    мағынасы  жасалады:  Атылған  шешесінің,  жақын 
жігіттерінің,  қолға  түскен  Ботакөздің  кегін  алу  үшін,  ол  жанын 
аямай  бата  қимылдайды  (С.Мұқанов).  Қол  ұстату  үшін,  қол 
ұстардың  алдында  күйеу  жақтан  берілетін  үлкен  сыйлық  болады 
(М.Әуезов). 
     Қимыл-сын  бағыныңқы  сабақтас.  Қимыл-сын  бағыныңқы 
сабақтас құрмалас басыңқы сөйлемде айтылған іс-әрекеттің қандай 
амалмен  жасалуын  көрсетеді.  Қимыл-сын  бағыныңқы  сабақтас 
құрмалас  сөйлемнің    басыңқысынан  бағыныңқы  компонентіне 
қалай?, қайтіп?, не етіп? сұрақтары  қойылады. Сабақтастың бұл түрі 
көсемшенің  -ып-іп-п  және  -а,  -е,  -й  жұрнақтары  арқылы  жасалады: 
Ұзын  кірпіктері  қыбыр-қыбыр  етіп,  Манар  әлдене  бір  шуылдаған 
дыбыстарды  естіп  жатты  (Х.Есенжанов).    Ақсаған  көңілім   
серпіле, Бүгілген  белім  керіле, Сапар шегіп, жол тарттың, Сүйікті 
Кавказ  елім  (Жамбыл).    Қалжыңы,  күлкісі  араласа,  шай  өте  көңілді 
ішілді (С. Мұқанов). 
     Мақсат  бағыныңқы  сабақтас.  Мақсат  бағыныңқы  сабақтас 
құрмалас  сөйлемнің  алғашқы  сыңарында  басыңқы  сөйлемдегі 
айтылған  іс-әрекеттің  мақсаты  баяндалады.  Мақсат  бағыныңқы 
сабақтас  құрмалас  сөйлем  неге?,  не  етпек  болып?,  не  үшін?, 
қандай  мақсатпен?  сұрақтарына жауап беріп, төмендегі жолдармен 
жасалады: 
-
 
Бағыныңқы  сөйлем  баяндауышы  бұйрық  райлы  етістіктен  соң 
деп көсемшесінің тіркесуінен жасалады:   
Дәмді жеміс іздедім, 
Бойы өссін деп баланың. 
Дәмді сөзді іздедім, 
Ойы өссін деп баланың (Қ.Әбдікадыров). 
     -мақ-(мек),  -пақ-(-пек),  бақ(-бек)  жұрнақты  етістікке  болып 
(боп)  көмекші етістігінің түйдектелуі арқылы  жасалады: Басы бете 
бұрандалы  қуыршақ  секілді,  соғыс  мүгедегі  дабырлай  сөйлеп  қалай 
жүрсе, солай бұрылады.   
      Түсіндірмелі  сабақтас  сөйлем.  Қазақ  тіл  білімінде  бұрын-соңды 
шыққан  еңбектерде  сабақтас  сөйлемнің  бұл  түрі  аталмай  келді. 
Тіліміздегі  кейбір  сөйлем  құрылыстары  мен  олардағы  белгі  басқа 
бағыныңқыларға  ұқсамайтын  сабақтастың  жаңа  бір  түрі  – 
түсіндірмелі  сабақтас  барлығын  айқындайды.  Түсіндірмелі  сабақтас 
сөйлем  өзге  бағыныңқылардан  екі  түрлі  өзгешелікпен  ерекшелене 
алады. 1.Сабақтас сөйлемнің грамматикалық табиғатына сай әдеттегі 

 
277 
бағыныңқы компонент басыңқыны түрлі жақтардан айқындап тұрып,  
мезгіл,  шарт,  мақсат  т.б  болып  шығып  жатады.  Ал  түсіндірмелі   
сабақтас  сөйлемде  компоненттер  арасындағы  мағыналық  қарым–
қатынас  керісінше  болады:  Мұнда  айқындауышы  не  болмаса 
түсіндіруші  –  бағыныңқы  сөйлем  емес,  керісінше  басыңқы  сөйлем 
болады.  Басқаша  айтқанда,  бағыныңқы  компонентте  хабарланған 
оқиға,  амалдың  мазмұн  көрінісі  басыңқы  компонентте  ашылады. 
Осыған  орай,  мұндай  сөйлемдердің  осындай  ерекшелігін  ескере 
отырып, басыңқыдағы айқындауыштық қасиетке байланысты оларды 
түсіндірмелі  сабақтас  деп  атаймыз.  Мысалы,  бастан-  аяқ  жөнін 
ойласа, бұл өзі – Жігіттіктен кешірім  сұраған сөз (М. Әуезов ). 
      Бұл  сөйлемнің  құрылысы  да  өзгешелеу:  Бағыныңқы  компонентте 
хабарланған  ой  (бастан-аяқ  жөнін  ойласа)  басыңқыда  бұл  өзі    деген 
тізбекпен    қайталана  берілген  де,  содан  кейін  іле–шала  оның  қандай 
екендігі түсіндіріліп тұр. (Жігіттіктен кешірілу сұраған сөз).  
     Басыңқы  сөйлем  басында  осылайша  ол,  бұл  сілтеу  есімдіктері 
қолданылса,    -  түсіндірмелі  сабақтас  болғаны.  Бұл  –  оның  екінші 
ерекшелігі.                                                                                               
Түсіндірмелі  сабақтас  сөйлемнің    басқа  бағыныңқылардан  өзіндік 
айырмашылығы  бола  тұрса  да,  мұнда  да  синтаксистік  компоненттер 
арасындағы тұлғалық, мағыналық байланыс бір-біріне тәуелді болып 
келеді.  Бағыныңқыда  хабарланған  ойдың  мазмұны  басыңқыда 
айқындалады.  Осыған  орай,  мұндай  қатынаста  келген  сөйлемді  де 
пысықтауыштық  мәнде  жұмсалуына  байланысты  адвербиалды 
сабақтастың қатарына жатқызамыз. 
     Түсіндірмелі  сабақтас  сөйлемде  оқиға,  әрекеттің  баяндалу  барысы 
осы  шақта  хабарланып  келеді,  осыған  орай,  екі  жақ  компоненттің 
баяндауыштары  да  осы  мезгілдік  ұғымға  сәйкес  айтылады.  Жасалу 
жолы  жағынан  түсіндірмелі  сабақтас  бағыныңқы  компонентті 
көбінесе етістіктің шартты рай тұлғасы арқылы беріліп отырады:  
      1.  Басыңқы  сөйлем  ол,  бұл  сілтеу  есімдіктерінің  бірімен 
басталады.  Бұлайша  құрылыс  алдағы  ойды  басыңқы  компонентке 
жетектеп  әкеледі  де,  содан  кейін  оның  мазмұнын  түсіндіре  айтуға 
мүмкіндік  туғызады.  Басыңқыдағы  ол,  бұл  сілтеу  есімдіктері 
бастауыштың қызметін атқарады. 
 Сенің  малың  кетсе,  ол  –  азаматтың  құны  (М.  Әуезов). 
Сондықтан  егер  мен  саған  өзеурей  қойсам,  ол  –  менің  сені  жақсы 
көрмеуімнің белгісі емес, мінезіңдегі кемшілік (С.Мұқанов).   
     2.  Сөйлем  құрылысы  деген  не  екен,  не  десе  (бағыныңқы),  дер 
ем  (басыңқы)  түрінде  қалыптасады.  Жастық  деген  не  десе, 
жарқыраған нұр деуші ем. Нұр дегенің не десе, екі шырақ көз деуші 
ем. Көзсіз өмір не десе, тас қараңқы көр деуші ем... (Ғ.Мұстафин). 

 
278 
      3.  Басыңқы  сөйлем  бір-ақ  сөзбен  беріледі,  оның  өзі 
баяндауыштың қызметін атқарады. Мұндайда ол есімдігінен болатын 
бастауыш арнайы айтылмайды. Түсіндірмелі сабақтастың бұл жолын 
алғашқының  (І)  қысқыртылған  түрі  деп  те  қарауға  болады. 
Жақындаған  шапқыншыға  жұрт  көзін  тіксе  –  Байжан!  Демін  әрең 
алған  Айбарша көзін төңкере ашып қараса – Дәулет!... ...   
     4.  Түсіндірмелі  сабақтас  сөйлем  сонша,  сондай  мөлшер 
үстеулерінің  қатынасуымен  де  жасалады.  Аталған  үстеу  сөздер 
бағыныңқының 
құрамында 
қолданылып, 
сөйлемдер 
арасын 
жымдастыра  байланыстыруда  дәнекерлік  қызмет  атқарады.  Сонша, 
сондай  сөздерімен  аяқталған  алғашқы  компонент  мазмұн  желісінің 
ашылуы кейінгі бөлшекке қалдырылады. Сөйлемнің басыңқы қанаты 
хабарланған  ойды  тиянақтап,  оның  мазмұнын  түсіндіріп  тұрады. 
Сондықтан  да  мұндағы  синтаксистік  компоненттер  бір-бірінен 
тәуелді  келеді.  Осындай  сөйлемдердің  алғашқы  компоненті 
мағыналық    жағынан  да,  тұлғалық  жағынан  да  тиянақсыз  келіп, 
басыңқы  компонентке  иек  артып  тұрады.  Бұл  заңдылық  оның 
сабақтас  сөйлем  екендігін  айқындай  түседі.  Оның  қалжырағаны 
сондай  -  иығындағы  зілдей  күрекпен  теңселіп,  тербеліп  келеді 
(З.Шашкин). Қуанғаны сонша - сәлем беруді де ұмытып кетіпті.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет