Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата27.02.2017
өлшемі2,12 Mb.
#5011
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

7. ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ 
 
7.1 Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелу тарихы 
   
   «Құрау,  құрылыс»  мәнін  беретін  «құрмалас»  атауының  қазақ  тіл 
білімінде  танылып,  ұғымына  сай  жадымызда  қалыптасып 
қабылданып кетуі алғашқы тілтанымпаз А.Байтұрсынұлы есімімен 
тікелей  байланысты.    Бұл  -  тек  тілі  білімінде  ғана  қолданылатын 
лингвистикалық  термин.  Құрмалас  сөйлем  жалпы  сөйлемнің 
құрылымдық  бір  түрі  болғандықтан,  оның  синтаксис  саласындағы 
орны  да  жалпы  сөйлемдерден  бөлек  емес,    солармен  біртұтас.    
Құрмалас  сөйлем  синтаксисінің  тексерілуі  1930-1940  жылдар 
аралығында  барынша  жетілдірілді.  Оқу  құралдарын,  оқулықтарды 
бағдарламаға сәйкестендіру 1935 жылдан кейін қолға алынды.   
     Орта  мектептерге  оқулық  жазу  С.Аманжолов,  Н.Сауранбаев, 
М.Балақаев  тараптарынан  да  болды.    Авторлар:  «Күрделі  ой  жеке, 
дара жай сөйлемнің шеңберіне сыймайды. Ал адамның ойы көбінесе 
күрделі  түрде  айтылуды  керек  қылады»  -  дей  отырып,  ондай 
құрылымдардың  салалас,  сабақтас,  аралас  болып  келетіндігін 
көрсетеді.  
     Құрылыстық  жақтан  сөйлем  түрлерінің  көп  бағыныңқылы  да 
болатыны алғаш осы еңбекте ұсынылған.  Тіпті, олар бірыңғай және 
сатылы бағыныңқылы сабақтас болып жіктелген.      

 
243 
    Жалпы,  құрмалас  түрлерінің  үш түрмен көрінетіндігі 1940  жылғы 
бағдарламада бекіп, онан кейінгі уақытта күн тәртібінен түскен жоқ.     
    1941  жылы  құрмалас  сөйлемнің  топтастырылуына  байланысты 
С.Жиенбаев «Синтаксис мәселелері» еңбегін шығарды.     
    Академик  Н.Сауранбаевтың  1941  жылғы  «Қазақ  тілінің  синтаксис 
мәселелері»  атты  мақаласы  құрмалас  сөйлем  түрлерін  екіге  жіктеп 
көрсетеді.  «Оның  біреуі  -  салалас  құрмалас,  екіншісі  -  сабақтас. 
Құрмалас сөйлемнің бұл екі түрі сол құрмалас сөйлемге енген жай 
сейлемдердің  ішкі  мағыналық  қатынасына,  сыртқы  тұлғалық 
байланысына  қарай  ажыратылады»  —  дей  тұрса  да,  сабақтастың 
мағыналық  топтастыруын  дұрыс  шешіп  бермеді.  Олардың 
бағыныңқыларын  сөйлем  мүшесі  қызметі  ерекшелігіне  салып, 
анықтауыш  бағыныңқылы,  толықтауыш  бағыныңқылы  т.с.с.  деп 
атады.  «Шартты  бағыныңқы  да,  қарсылықты  бағыныңқы  да 
қызметіне қарай  пысықтауыш бағыныңқылардың тобына жатады» - 
деді . 
     М.Балақаев  пен  Т.Қордабаев  авторлығымен  жоғары  мектеп 
филология факультетінің  студенттері үшін жинақталған  оқулықта 
да құрмалас сөйлемдердің құрылымдық, мағыналық топталуларының 
өзіндік  орны  бар.  Бұл  еңбекте  аралас  құрмалас  сөйлем  үш-төрт  не 
одан да көп құрамды болады. Жеке компоненттері ретінде төл сөздің 
де  рөлі  бар  деп  тұжырымдалады.  Сөйлемдердің  құрмаласуындағы 
салалас, әрі сабақтас байланысу тек аралас құрмаласқа тән белгі. Бұл 
белгі  -  төрт  не  одан  да  көп  компоненттер  құрмаласуындағы  аралас 
сөйлемді танытар бірден-бір қасиет.    
     Ғалым  Қ.Есенов  те  синтаксис  саласындағы  қадамдарын  1950 
жылдардың  соңын  ала  бастап  еді.  Содан  бергі  уақытта  құрмалас 
сөйлемнің  бағыныңқы  сипаттағы  түрін  ерекше  көңіл  бөліп,  бұл 
жайында  бірнеше  монографиялық  еңбек  ұсынды,  зерттеу  жұмысын 
да  жүргізді.  1995  жылы  ұсынған  оқулығы  осы  ұзақ  жылғы 
зерттеулерінің  жемісі  іспетті.  Бұған  қоса  ғалым  сабақтас  құрмалас 
сөйлемнің  үлестес  түрін  жаңартып  танытқанын  байқаймыз. 
Профессор  Қ.Есенов  аралас  құрмалас  сөйлемнің  жасалуындағы  төл 
сөзді  сөйлемнің,  шылаудың,  интонацияның  қызметін  мысалдар 
арқылы нақтылап көрсеткен.   
     Қазіргі  қазақ  тіл  білімінде  аралас  құрмалас  сөйлем  мәселесі  бір 
жақты  шешіліп,  құрмалас  сөйлемнің  үшінші  түрі  ретінде  оқытылып 
келеді.    Оның  үстіне  соңғы  зерттеулердің  аралас  сөйлемді  көп 
компонетті  құрмаластардың  қатарында  қарастыратындары  да 
кездеседі. Мұндай жіктеу тек казақ тіл біліміне ғана тән нәрсе емес, 
сонымен қатар орыс, моңғол, туыстас түркі тілдерінде де кездеседі.      

 
244 
     Қазақ  тіл  білімінің  ғалым-зерттеушілерінің  басым  көпшілігі 
аралас  құрмалас  сөйдемді  құрмаластың  үшінші  бір  түрі  ретінде 
тұрақтандырып танытып келеді.     
     Синтаксисті  грамматиканың  бір  саласы  деп  түсініп,  алғаш  сөз 
еткен  адам  жыл  санауымыздың  II  ғасырында  өмір  сүрген 
Александрия  тілі  зерттеушілерінің  көрнекті  өкілдерінің  бірі  - 
Апполони Дискол. Дискол синтаксистің обьектісін айқындау, сөйлем, 
сөйлем  мүшесі  дегендерді  ғылыми  тұрғыдан  шешу  тәрізді 
мәселелермен  айналыспаған,  ол  негізінде    байланысудың  жолдарын 
қарастырған. 
      Синтаксисті сөйлем туралы ілім деп танып, оны мүшелерге жіктеу 
мәселелерімен ғылыми тұрғыдан кеңірек айналысқандар 19 ғасыр тіл 
білімінде  пайда  болған  қисындық  бағыт  өкілдері  болды.    Олар 
синтаксистік  ұғымдарды  логиканың  мүддесі  тұрғысында,  соған 
тәуелді  мәнде  қарады,    синтаксистің  міндеті  логикалық 
категориялардың  тілдегі  баламасын  айқындау  деп  түсінді.    Сөйлем 
болсын,    оның  мүшелеріне  болсын  анықтама  беруде  бірден-бір 
сүйеніш  қисын  заңы  деп  білді.  Сөйлем  -  қисындық  пайымдаудың 
көрсеткіші,  ол екі мүшелі  ғана болады: оның бірі - субьект,  екіншісі 
-  предикат.    Бұл  екі  категорияның  тілдегі  көрсеткіштері  -  бастауыш 
пен  баяндауыш  деп    дұрыс  көрсетті.  Сол  кезден  бері  жарық  көрген 
грамматикалық 
әдебиеттердің 
барлығында 
да 
синтаксис 
грамматиканың  бір  саласы  ретінде  қаралып  келеді.  Сондай  ұзақ 
тарихына  қарамастан,    синтаксистің  негізгі  обьектісін  айқындауда 
күні  бүгінге  дейін  пікір  қайшылықтары  кездесіп  қалады.    Өткен 
ғасырдың  аяғына    дейін  синтаксистің  ең  негізгі  және  бір-бірден 
обьектісі  сөйлем  делініп  синтаксистің    қарауына  сөздер  тіркесі  де 
жатады  дейтін  пікір  пайда  болды.    Тіпті  келе-келе  сөздер  тіркесі  - 
синтаксистің  бірден-бір  обьектісі  сөйлемнің  өзі  де  сөз  тіркесі 
құрамына енеді делінді. Бұл пікірді орыс тіл білімінің көрнекті өкілі 
Ф.Ф.Фортунатов пен оның шәкірті М.Н.Петерсон енгізді.    
    Қазақ  тіл  мамандары  соңғы  уақытка  дейін  синтаксис  деген  атауды   
сөйлемге  сипаттама  беруден  бастап  отырған.  Сөйлемді  синтаксистің 
негізгі  және  бірден-бір  обьектісі  деп  түсіндірген.  Синтаксистің 
қарауына  сөздер  тіркесі  де  жататынын  және  синтаксистің 
анықтамасын  қазақ  тілі  білімінде  сөз  еткен  –  профессор  Қ.Жұбанов. 
Ол  синтаксисті  сөйлемнің  қандай  түрлері  болатынын,  қандай 
бөлшектен  құралатынын  қарастыратын  грамматиканың  бір  саласы 
деп  анықтайды.  Синтаксистің  қарауына  сөз  тіркесі  енетіні  кейінгі 
жылдары  М.Балақаев  еңбектерінде  айтылды.  Соңғы  еңбектерінде 
одан  гөрі  айқындап,  сөз  тіркесі  синтаксистің  бірінші  обьектісі 
дәрежесіне  көтеріледі.  Сөздер  тіркесі    сөйлеммен  тығыз  байланыста 

 
245 
қаралуы  керек.  Бірақ  сөз  тіркесі  синтаксистегі  тұлға  емес,  оның 
негізгі  тұлғасы  –  сөйлем.  Сөз  тіркесі,  көптеген  ғалымдардың 
көрсеткеніндей,  сөйлемнің  бір  бөлшегі  -  сөйлем  құрауға  қажетті 
құрал.   
     Сөйтіп, синтаксистің қарауына жататын оның негізгі обьектісі:  
     а) сөзтұлға  синтаксисі
     ә)  жай  сөйлем  синтаксисі,  оның  құрамы,  структуралық  және 
мағыналық түрлері; 
     б) сөз тіркесі, оның өзіндік ерекшеліктері;  
     в)  сөйлемдер  тіркесі,  оның  түрлері  мен  структуралық 
сипаттары;    
      г) мәтін  синтаксисі.   
     Бұл  мәселелер  бір-біріне  тәуелді,  өзара  шарықтас,  тілдің 
синтаксистік жүйесінің жеке–жеке элементтері болып келеді. 
           
7.2 Құрмалас сөйлем синтаксисінің объектісі 
      
Синтаксис  ғылымының  басқа  да  салалары  сияқты  құрмалас 
сөйлем  синтаксисінің  де  зерттейтін  өзіндік  күрделі  объектісі  бар. 
Адам  сөйлегенде  бір-біріне    байланыссыз  жеке  сөйлемдерді  ғана 
айтпайды, оның сөйлеуі бір-біріне жалғасып, өзара ұштасып жататын 
сөйлемдер тізбегі түрінде болады. Тізбек құрамындағы сөйлемдердің 
бір-біріне  жалғасуында  қалыптасқан  мағыналық  және  структуралық 
заңдылықтар  бар.  Құрмалас  сөйлем  синтаксисінің  міндеті  –  сол 
заңдылықты  ашып-айқындау.  Басқаша  айтқанда,  құрмалас  сөйлем 
синтаксисінің міндеті – жеке ойды білдіретін жай сөйлемдермен өзара 
ұласып,  күрделі  бір  сөйлемге  айналуы  сол  арқылы  бір  ойды  екінші 
ойға  жалғастырып,  күрделі  бір  ойды  білдірудің  жолдарын,  амал-
тәсілдерін  зерттеу.  Бұл  жағынан  алғанда,  құрмалас  сөйлем 
синтаксисінің  жай  сөйлем  синтаксисінен  елеулі  өзгешелігі  бар:  жай 
сөйлем синтаксисі, негізінде, жеке ұғымды білдіретін сөздердің өзара 
тіркесіп,  сөйлем  болу  жолдарын  тексерсе,  құрмалас  сөйлем 
синтаксисі  жеке  ойды  білдіретін  сөйлемнің  бір-бірімен  ұласып, 
құрмалас  сөйлем  болу  жолдарын,  құрмалас  сөйлемнің  өзіндік 
сипаттары мен түрлерін тексереді. Сөйтіп, бірінің объектісі – ұғымдар 
тіркесі болса, екінші объектісі – ойлар тіркесі, яғни сөйлемдер тіркесі. 
Сөйлемнің  бұл  екі  түрінің  әрқайсысы  өз  мүшелерінің  бір-бірімен 
байланысу  жолдарын,  амал-тәсілдерін  зерттейді.  Құрмалас  сөйлем 
синтаксисі  жай  сөйлемдердің  өзара  бірігіп,  күрделі  ойды  білдіретін 
бір сөйлем, яғни құрмалас сөйлем болуын зерттеумен ғана тыңбайды, 
сонымен 
бірге 
бірнеше 
сөйлемдер 
тіркесінен 
құралатын 
синтаксистік  күрделі  бірлікті  де  қарастырады.  Осы  тұрғыдан 

 
246 
алғанда, құрмалас сөйлем синтаксисінің объектісін құрмалас сөйлем, 
синтаксистік күрделі бірлік деп екі топқа бөлуге болады. 
 
           7.3 Құрмалас сөйлемнің қалыптасу жолдары 
    
  Тілдік  категориялардың  басқа  да  түрлері  сияқты  құрмалас 
сөйлемдердің  де  өзіне  тән  қалыптасу,  даму  тарихы  бар.    Ой 
атаулының  қандайы  болса  да  тіл  арқылы  қалыптасып,  тіл  арқылы, 
тілдік  материалдар  арқылы  өмір  сүріп,  басқаларға  жеткізеді. 
Сондықтан  тіл  ойдың  тікелей  шындығы,  ал  ой  шындығы  тек  тіл 
арқылы ғана көріне алады дейміз.  
      Тілдік категориялар ішінде ойды білдіретін бірден-бір көрсеткіш – 
сөйлем. Сөйлемге «біршама аяқталған ойды білдіреді» деп анықтама 
беретініміздің себебі де сол. Сөйлем мен ой  – бірі  форма, екіншісі  – 
соның  мазмұны  ретінде  өзара  тығыз  байланысты,  берік  бірлікте 
болатын категориялар. Бұл екеуі  - қағамның өмір сүрген кезеңіне сай, 
соның  қажетіне  қарай  бірте-бірте  дамып  отыратын  қоғамдық 
құбылыс.  Сөйлем  ойдың  формасы,  ой  сөйлемнің  мазмұны 
болғандықтан,  ол  екеуінің  қалыптасу,  даму  тарихын  да  бірлікте  деп 
қараған  жөн.  Ой  дамып  жетілмеген,  күрделенбеген  замандарда 
күрделі  ойдың  көрсеткіші  болып  табылатын  құрмалас  сөйлемдердің 
болуы да мүмкін емес. Құрмалас  сөйлем адамның ой-өрісінің, дүние 
тануының кеңейіп, күрделі ойлардың туып, дамуына байланысты, сол 
ойдың көрсеткіші ретінде қалыптасып дамыған.  
Тіл  дамуының  қазіргі  дәуірінде  тілдерде,  соның  ішінде  қазақ 
тілінде  де,  құрмалас  сөйлемнің  неше  алуан  күрделі  түрі  кездеседі. 
Бірақ  солардың  бәрі  бірдей  белгілі  бір  уақыт  ішінде,  бірден  пайда 
болмаған.  Әр  тілдің  өзіндік  даму  заңына  лайықты  бірте-бірте 
қалыптасып жетілген.  
     Көрнекті  ғалымдардың  айтуына  қарағанда,  тіл  дамуының  көнерек 
заманында  сөйлем  құрамындағы  сөздерді,  сол  сияқты  жаңа 
сөйлемдерді  бір-бірімен  байланыстыратын  қазіргі  тіліміздегідей 
дәнекерлер,  тәсілдер  болмаған.  Ол  уақыттағы  сөздер,  сөйлемдер 
арасында  қазіргі  тіліміздегідей  бірі  екіншісіне  меңгеріліп,  жетектеп, 
өзіне  тәуелді  етіп  тұру  сияқты  байланысу  тәсілінің  анағұрлым  берік 
түрлері  болмаған.  Сөздер,  сөйлемдер      тұрған  орындарына,  мағына 
желілерінің  жақындықтарына  қарай  бір-бірімен  қабыса,  іргелесе 
байланысу тәсілі болған. 
      Тіл дамуының мұндай сатыдағы кезеңінде құрмалас сөйлемнің тек 
салалас  түрі,    яғни  мағыналары  бір-біріне  жақын  жай  сөйлемдердің 
өзара  іргелесе,  тіркесе  айтылуы  арқылы  жасалған  түрі  ғана  болған. 

 
247 
Ғылымда құрмаластың бұл түрі паратаксис деп аталады. Паратаксис 
құрмалас сөйлем дамуының алғашқы, бірінші жолы деп есептеледі.  
     Біріне-бірі  тәуелссіз,  бытыраңқы,  қысқа  сөйлемдер  тізбегі 
фальклорлық  шығармаларда  да  көп-ақ.  Мысалы:  Ерте  заманда 
Бабағұмыр  деген  әулие  болған  екен.  Көзі  тиген  сол  қыз  буаз  болған 
екен. Буаз болған соң ұл тапты. Ол ұлдың атын Баба түкті Шашты 
әзіз  қойды.  Жиырма  бес  жасқа  келгенде  әулиелік  қылып  жөнелді. 
Ауған  дариясына  барады.  (Батырлар  жыры).        Құрмалас  сөйлемнің 
алғашқы  түрі  бір-бірімен  мағыналық  жағынан  да,  грамматикалық 
жағынан  да  нашар  тіркескен,  жеке,  дербес  жай  сөйлемдердің  өзара 
салаластық негізде байланыса айтылуынан пайда болғанда, кейінірек 
сол  салаластың  негізінде  компоненттері  әр  түрлі  дәнекерлер  арқылы 
бір-  бірімен  бағына  байланысатын  сабақтас  сөйлемдер  қалыптасқан. 
Бұл ғылымды гипотаксис деп аталады. 
      Сөйтіп,  компоненттері  бір-бірімен  нашар  байланысатын,  әр 
қайсысы  өз  дербестіктерін  сақтап  тұратын  құрмалас  сөйлемнің 
бастапқы  көне  түрінің  орнына  компоненттері  бір-бірімен  тығыз 
жымдасып, бірлікте тұратын жаңа түрі шыққан. 
      Құрмалас  сөйлемнің  әр  алуан,  күрделі  түрлерінің  қалыптасып, 
дамуы жазу тілімен әдеби тілдің өркендеуіне байланысты. Тіліміздің 
шын  мағынасындағы  әдеби  тіл,  жазба  тіл,  ғылым-білім,  техника  тілі 
болып  қалыптасуы,  әсіресе,  кеңес  дәуірінің  жемісі  екені  белгілі.  Бұл 
дәуір ішінде тіліміздің басқа да салалары сияқты құрмалас сөйлемдер 
де дами түсті.  
 
                        7.4 Құрмалас сөйлемнің өзіндік белгілері 
    
 «Тіл  құралы»  деген  атпен  1925  жылы  қазақ  тілінде  шыққан 
А.Байтұрсынұлының  оқулығында:  «Қазақ  тілі  сөйлемдері  арасында 
екі түрлі жақындық болады: оның бірі — ішкі мағына жақындығы да, 
екіншісі  —  сыртқы  қисын  жақындығы»  дегенді  айта  келіп,  жай 
сөйлемдер  бір-бірімен  бірігіп,  бір  құрмалас  сөйлем  болу  үшін 
олардың  арасында  осы  екі  жақындықтың,  ішкі  мағына  жақындығы 
мен  сыртқы  қисын  жақындығның  болуы  керек  делінген.    Бұл  — 
құрмалас сөйлемнің синтаксисіне байланысты қазақ тілінде айтылған 
алғашқы пікір еді, бірақ  соған қарамастан компоненттер  арасындағы 
бірлікті, байланысты дұрыс көрсеткен.  
    Онда  компоненттері  өзара  тең  түрде  байланысса,  салалас  болады 
да,  тең  емес  бірінен-бірі  кем  болып  байланысса,  сабақтас  болады 
дегеннен  басқа  құрмалас  сөйлемнің  бұл  екі  түрін  бір-бірінен 
ажырататын басқа белгілер айтылмаған.   

 
248 
       Профессор  Қ.Жұбанов  құрмалас  сөйлем  болу  үшін  ең  негізгі 
белгі,  критерий  —  әр  компонент  құрамында  бастауыш,  баяндауыш 
боларлық  сөздер  қажет  деп  есептейді.  Ол    құрмалас  сөйлем 
компоненттері  арасында  интонацияның  болу-болмауына  мән 
бермейді.  Өйткені  бұл  ғалым  құрмалас  сөйлем  компонентін 
сөйлемнің жайылма мүшесінің бір түрі деп санайды. 
     Сондықтан  да  кейініректе  үйірлі  мүше  деген  атқа  ие  болған 
тіркестердің  барлығы  да  Қ.Жұбанов  еңбегінде  құрмаластың 
компоненті деп есептелген. 
      Академик  Н.Сауранбаев  1954  жылы  жарық  көрген  «Құрмалас 
сөйлемнің  синтаксисі»  атты  еңбегінде  қазақ  тіліндегі  құрмалас 
сөйлемдердің  негізгі  критерийі  деп    «Құрмаластағы  әрбір 
компоненттердің  интонациялық  жігі  айқын  болу  керек»  дей  тұра, 
Қ.Жұбанов, С.Жиенбаевтардың ізімен үйірлі мүшелі жай сөйлемдерді 
де сабақтас құрмаластың бір түрі деп есептейді.  
     Құрмалас  сөйлемнің  өзіндік  сипатын  анықтауда  мұндай  ала-
құлалықтардың  болуы  кездейсоқ  нәрсе  емес.  Құрмалас  сөйлем 
жасауға  дәнекер  болатын  белгілі  бір  тәсіл  бір  жағдайда 
компоненттерді  салаластыра  байланыстырса  (Әуеде  жаршы  құстар 
өлең  айтып,  қиқу  салар  көлдегі  қаз  бенен  қу.  Үй  тігіп  жатса,  жүк 
жиналып жатыр), екінші бір жағдайда олардың бірін грамматикалық 
жақтан екіншісіне меңгерте, теңсіздік қатынаста байланыстырады. 
      Қазіргі  қазақ  тілінде  құрмалас  сөйлемдерді  ажыратуға  қажетті 
критерийлер  тегіс ашылды деуге болады. Олар: 
    1.  Құрмалас  сөйлемнің  әрбір  компоненті  мейлі  ол  тиянақты 
болсын,  мейлі  тиянақсыз  болсын  бәрі  бір  сөйлемдік  мағынаға  ие 
болуы,  бір  ойды  қамтуы  керек.  М ы с а л ы :   Бұл  —  өзендер  тасып, 
көлдер арнасынан асып, агаштар гүлатып, табиғаттың жадыраған да, 
жайнаған  бір  шағы  еді.  (С.  Хайдаров).    Мысалдың  алдыңғы  сөйлемі 
төрт  компоненттен  құралған,  төртеуінде  төрт  түрлі  ой  бар: 
біріншісінде  өзендердің,  екіншіде  көлдердің,  үшіншіде  ағаштардың 
әрекеттері,  ал  төртінші  компонент  табиғат  көрінісін  сөз  етеді. 
Алдыңғы  үш  компоненттің  үшеуі  де  тиянақсыз,  бірақ  соған 
қарамастан әрқайсысы бір мезгіл ішіндегі әр түрлі әрекетті, үш түрлі 
ойды баяндайды.   
   2. 
Құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  білдіретін 
мағ ыналары  бір-біріне  жақ ын,  қ андай  да  болмасын,  белгілі 
бір  дәнекерлер  арқ ылы  ұштасып  жататын  желілес,  күрделі 
ой 
болады. 
Қомпоненттерді 
ұштастыратын 
дәнекер 
мағ ыналық   болуы  да,  тұлғ алық   болуы  да  мүмкін.  Сол  жылы 
жер  де  орасан  көктеп,  мал  да  жарылардай  семіріп,  халы қ 
 

 
249 
көңілі  шат-шадыман  еді.  Келтірілген  мысалдың  бірінші 
сөйлемінде  әр  компонент  формалық   жағ ынан  бірлікте 
тұруымен  қ атар,  олар  баяндайтын  керіністер  мезгілдік 
жағ ынан 
да 
бірлікте. 
Компоненттер 
арасында 
осы 
айтылғ андардай  мағ ына  жакындығ ы,  желілестік  болмаса, 
ондайлар  кұрмалас  сөйлем  қ ұрамына  еніп,  бір  бүтін  болып 
тұра алмайды.   
     Қанша  компоненттен  құралғ анына  карамастан  мағ ыналық, 
интонациялық  жағ ынан  бір  бүтін  болып  тұру,  құрмалас  сөйлемнің 
басты касиеттерінің бірі, ондай бірлік, бүтіндік болмаса, ол бір сөйлем 
бола да алмайды, оның компоненттерінің бастары бірікпейді.   
      3. Құрмалас құрамына енетін әр компонент мейлі ол тиянақты 
болсын,  мейлі  тиянақсыз  болсын  бәрібір  жалпы  сөйлемге  тән 
қасиеттерге  ие  болуы  шарт.  Сөйлемге  тән  негізгі  қасиеттер  - 
коммуникативтік,  модальдық,  предикаттық  қатынастың  болуы. 
Предикаттық  қатынас  екі  түрлі  жолмен  айқындалады:  бірінші, 
компонентте  екі  бас  мүшенің  -  бастауыш  пен  баяндауыштың  қатар 
айтылуы  арқылы,  екінші,    баяндауыштың  тек  жіктік  формасында 
тұруы.  Мұның  алғ ашқысы  предикаттық  қатынастың  аналитикалық 
немесе  аналитика-синтетикалық  тәсіл  арқылы  көрінуі,    ал    соңғ ысы 
синтетикалық тәсіл арқылы көрінуі. М ы с а л ы: Сендер тәлтіректеп 
белестен  асып  кеткенше,  мен  көз  алмай  қараумен  болып  едім    деген  
сөйлемде  бағ ыныңқы  компонент  баяндауышы  болып  тұрғ ан  «асып 
кеткенше» деген күрделі сөз ешбір жаққа тәуелді емес, жеке алғ анда 
оның  бойында  баяндауыштық  қасиет  те  жоқ.  Оны  баяндауыштық 
дәрежеде  көрсетіп,  белгілі  бір  жақтық  мән  беріп  тұрғ ан  -  «сендер» 
деген  бастауыш.  Егер  ол  болмаса,  тіркесте  сөйлемдік  қасиет,  яғ ни 
предикаттық қатынас болмайды.   
     Предикаттық  қатынастың  бұл  көрінісі  -  құрмалас  сөйлем 
компоненттерінің  ең  негізгі  бір  белгісі.  Басқаша  айтқанда,  құрмалас 
сөйлемнің,  әсіресе  сабақтастың  әр  компоненті  дербес  бастауыш, 
баяндауышқа  ие  болуы  керек.  Бұл  екеуінің  бірі  болмаса  да,  ол 
құрмалас  сөйлем  компоненті  бола  алмайды.  Бірақ  бұл  тұжырым 
құрмалас  сөйлемнің  де,  оның  компоненттерінің  де  толымсыз  болып 
келетінін,  яғ ни  бастауыштың  айтылмай  жасырын  тұратынын  жоққа 
шығ армайды,  компоненттегі  предикаттық  қатынас  бір  ғ ана 
синтетикалық  жолмен-ақ  берілуі  мүмкін  деп  саналады.  Бірақ 
мұндағ ы ескерілетін бір нәрсе - бастауыштары айтылмағ ан толымсыз 
компоненттер, баяндауыштары бір ғ ана субъектінің әр түрлі әрекетін 

 
250 
баяндамай,  әр  түрлі  субъектінің,  әр  жақтағ ы  бастауыштың  әрекетін 
баяндаулары  шарт.  М ы с а л ы :   Көрдім,  танымады.    Берсе, 
тастамаспын.  Айтты,  орындадым  —  дегенде  алты  жай  сөйлемнен 
құралғ ан үш түрлі құрмалас сөйлем бар. Мұндағ ы құрмалас сөйлем 
компоненті  болып  тұрғ андар  бір  ғ ана  мүшелі  толымсыз  сөйлемдер. 
Солардан 
құралғ ан  құрмаластардың  өздері  де  толымсыз 
құрмаластар. Осындағ ы алты сөздің әрқайсысына баяндауыштық мән 
беріп,  оларды  алты  түрлі  жай  сөйлем  етіп  тұрғ ан  грамматикалық 
тәсіл — солардың әрқайсына жалғ анып тұрғ ан жіктік жалғ аулары.  
     Сөздер  қанша  көп  болса  да,  бір  ғ ана  субъектіге  тәуелді,  сол 
субъектінің  әрекеттерін  санамалап  керсетуі,  сөйтіп,  бір  ғ ана 
сөйлемнің  бірыңғ ай  баяндауышы  болып  тұруы  мүмкін.  М ы с а л ы :  
Жолықтым, сөйлестім.  Бұл мысал бірыңғ ай баяндауышты  толымсыз 
сөйлемдер.  Мұндағ ы  екі  баяндауыш  «мен»  деген  бір  ғ ана 
бастауышқа тәуелді.  
     Құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  әрқайсында  дербес  бастауыш 
пен  баяндауыш  болады.  Компонент  бастауышы  кейде  сөйлемде 
айтылып,  кейде  айтылмай,  жасырын  тұруы  мүмкін.  Бірақ  белгілі  бір 
компоненттің  бастауышы  жасырын  тұрған  құрмалас  сөйлемде 
компонент баяндауыштары бір жақта айтылмай, әр жақта айтылып, әр 
түрлі иенің әрекеттерін баяндайтын болуы шарт. 
     Тағы  бір  ескеретін  жайт,  бастауышы  кейде  жасырын  тұра 
беретіндер  —  баяндауыштары  жіктік  формада  айтылатын 
компоненттер  ғана.  Ал  баяндауыштар  жіктік  формада  айтылмайтын 
көсемше, 
есімше 
бағыныңқылы 
құрмалас 
сөйлемдер 
компоненттерінің  бастауыштары  әрқашан  да  ашық  түрде  айтылуы 
тиіс.  Себебі  компонент  баяндауышы  көсемше  мен  есімшенің 
тиянақсыз формасында айтылғанда, олар бастауыштың жағын білдіре 
алмайды,  онымен  жақтық  қиысуда  тұрмайды.  Сондықтан  бұлардың 
баяндауыштық  функциясы  бастауышпен  бірге  айтылғанда  ғана 
айқындалады,  сонда  ғана  азды-көпті  предикаттық  мәнге  ие  болады. 
Ал енді, баяндауыштары жіктік формада айтылатын компоненттердің 
бастауыштары айтылмаса да, оның барлығы баяндауыш формасынан 
білініп тұрады. Мысалы: Оны кеше көрдім, бірақ маған ештеме айтпады 
деген  сөйлемнің  екі  компонентінде  де  бастауыш  айтылмаған,  бірақ 
предикаттық 
іс-әрекеттің 
иесі 
«көрдім, 
айтпады» 
деген 
баяндауыштардан    білініп  тұр.  Мысалы,  Құс  әніне  жүрегің  елжіреп, 
көңілің  шартарапқа  шалқиды  —  деген 
сөйлемнің 
бірінші 
компонентіндегі  «жүрегің»  деген  бастауыш  айтылмаса,  «елжіреп» 
деген  көсемше  соңғы  сөйлем  баяндауышының  пысықтауышы  ғана 

 
251 
болар еді. Оның бұл сөйлемдегі баяндауыштық мәні «жүрегін» деген 
бастауышпен бірге айтылған жайдайда ғана айқындалады.  
   4.Құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  әрқайсысының  өзіндік 
ннтонациялық  кідірісі  болу  керек.  Тіліміздегі  үйірлі  мүшелердің 
кейбір сөйлемдік  қасиетке ие болғандарымен (бастауыш, баяндауыш 
боларлық  сөздерден  құралуы),  құрмалас  сөйлем  компоненті  бола 
алмайтын  себебі  оларда  сөйлемнің  негізгі  бір  белгісі  болып 
табылатын  интонациялық  кідірістің  не  салаластырушы,  не 
сабақтастырушы  интонацияның  болмайтындығында.  Осы  айтылған 
белгілер бойынан табылатын құрылымдар ғана құрмалас сөйлем бола 
алады. 
 
           7.5 Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен өзгешелігі 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет