1-тапсырма. Бекіту сұрақтары
1.
Мәтін синтаксисі дегеніміз не?
2.
Мәтін бірліктері мен байланысу амалдары
3. Параллель және тізбекті байланысты күрделі синтаксистік
тұтастық
9. БӨГДЕ СӨЗ
9.1 Бөгде сөз туралы түсінік
289
Адам сөйлегенде немесе жазғанда өзі баяндап отырған
мәселелерге байланысты басқа біреулердің сөзін, пікірін келтіретіні
болады. Ондай сөздер автор үшін басқа біреудің сөзі, яғни, бөгде сөз
болып табылады.
Бөгде сөзге әрдайым басқа біреулердің айтқанынан алынған
сөздер ғана жатпайды, сонымен бірге, автордың басқа бір жағдайда,
басқа бір еңбектерінде айтқан өзінің сөзінен алынған келтірінділері де
жатады.
Бөгде сөздерді қолдану тәсілі түрлі-түрлі болуы мүмкін. Бір
жағдайда бөтен біреудің сөзі ешқандай өзгеріссіз, түп нұсқасы
бұлжытылмай қолданылса, екінші бір жағдайда ол азды-көпті болса
да өзгертіліп, тың сөздер, грамматикалық тың формалар қосылып
немесе жеке сөздері, грамматикалық жеке формалары түсіріліп
айтылуы да, болмаса біреудің тек пікірі ғана алынып, ол түгелдей
автордың өз сөзімен берілуі мүмкін. Соған қарай бөгде сөз төл сөз,
төлеу сөз болып екі топқа бөлінеді.
9.2 Төл сөз
Қазақ тілі білімінде қалыптасқан дәстүр бойынша төл сөз деп
жазушының я сөйлеушінің сөзін ешқандай өзгеріссіз, бұлжытпай
алып, өз сөзі ішінде қолданған біреудің сөзін айтамыз.
Қолданылу мақсатына қарай төл сөз цитатты төл сөз және
диалогты төл сөз болып бөлінеді. Цитатты төл сөз саяси
әдебиеттерде, ғылыми және әр алуан публицистикалық еңбектерде
қолданылады. Цитат ретінде келтірген төл сөздің айналасында
сөйлеушінің өз сөздерімен қоса қолданылатын автор сөзінің
атқаратын қызметі де болады. Төл сөздің кімдікі екендігін, қайдан
алынғандығын, төл сөз иесінің алынып отырған үзіндінің алдында
нелерді айтатынын, оның үзіндіні қандай күйде, қандай жағдайда,
ішкі
сезім
дүниесінің
қандайлық-құбылыстары
жағдайында
айтқандығын және қалай айтқандығын тағы сол сияқтыларын білдіру
- автор сөзі деп аталады.
Гоголь «Пушкин туралы бірнеше сөз» деген мақаласында:
«Біздің тіліміздің барлық байлығы, күші, икемділігі Пушкиннің
лексикасына дарыған тәрізді»,—деп жазды.
Автор сөзі диалог түріңде келетін төл сөздерде де болады. Бірақ
диалог түріндегі төл сөз қолданылу орны жағынан да, функциясы
жағынан да цитат түріндегі төл сөзден басқа. Қолданылу орны
жағынан алғанда, диалогты төл сөз көркем әдебиет жанрларында
290
қолданылады. Мұндағы төл сөз болып саналатындар - көркем
шығармалардағы персонаждар сөздері.
Ал персонаждарға сөз беріп, оларды сөйлестіріп отырған
жазушының өз сөзі автор сөзі болып есептеледі. Сондықтан диалогты
төл сөз цитатты төл сөз сияқты қолданушы автордың пікірін
дәлелдеу үшін қолданылмайды. Жеке адамдардың (персонаждардың)
бір-бірімен сөйлесуі, әңгімелесуі түрінде болады.
Диалогты төл сөздің айналасында қолданылатын автор сөзінің
атқаратын функциясында да цитаттағыдай автор-сөзінен біраз
өзгешеліктері болады. Мұндағы автор сөзі төл сөздің кімдікі екендігін
білдіру, оны қаңдай құбылыста, қандай күйде, қалай айтқандығы
және кімге айтқандығын байқату сияқты функциялар атқарады.
Төл сөз құрамы жағынан әр алуан болып келеді: ол жеке бір сөз
болуы да мүмкін, бір сөйлем немесе әлденеше сөйлемдер тізбегінен
құралған тұтас бір үзінді болуы да мүмкін.
Төл сөз автор сөзімен байланысты болады. Бірақ ол байланыс төл
сөздің бастапқы құрылысын өзгерту, оған грамматикалық жаңа
дәнекерлер қосу арқылы болмайды. Төл сөзді автор сөзімең
байланыстыру үшін оның тіпті жеке бір сөзінің грамматикалық
формасын өзгертіп айтатын болса да, ол төл сөз болудан қалады.
Сондықтан төл сөздің автор сөзімен байланысы оның бастапқы
құрылысына ешқандай өзгеріс енгізбей, өз дербестігін толық сақтау
жағдайында жүзеге асырылады. Төл сөз бен автор сөзі арасындағы
байланысты қамтамасыз ететін байлауыш дәнекер - де көмекші
етістігі.
Төл сөздің бастапқы дербестігін толық сақтай отырып, оның автор
сөзімен байланыстыру функциясын де етістігінен басқа ешбір сөз,
ешбір грамматикалық. форма атқара алмайды. Де етістігінің — төл
сөздің төл сөз еқенін танытудағы қасиеті де осы фунқциясында.
Де етістігі деді, дегендер, дейін, дейді, депті, деп, десе және
есімшенің әр алуан септік жалғаулы түрлерінде айтылады. Мысалы:
Төл сөз бен автор сөзінің орналасуы 4 түрлі болады:
Автор сөзі төл сөзден бұрын келеді: (А: «Т».)
Автор сөзі төл сөзден кейін келеді: («Т»,- а.)
Автор сөзі төл сөздің ортасында келеді: «Т,-а,-т».)
Автор сөзі төл сөздің екі жағында келеді: А:-Т,- а.)
Осыған қарай оның синтаксистік құрылысы да әр түрлі болады.
9.3 Төлеу сөз
Жазушы, сөйлеуші адам біреудің сөзін, пікірін пайдаланғанда,
оны азды-көпті болса да өзгертіп, өз тарапынан сөздер, қосымшалар
291
қосып, кейбір сөздерін алып тастап, грамматикалық кейбір
формаларын өзгертіп пайдаланады. Мысалы:
-
Мен басалқы айтқалы келгенім жоқ, шақырған соң келдім. Ағат
кеткен жерім болса, ойланайын, сіздер де ойланыңыздар. Ой мен ел
ешкімнің еншісіне берілмеген. Әркімнің–ақ, «ойым» деуге, «елім»
деуге хақы бар – деді де, Аман орнынан тұрып жүре берді
(Ғ.Мұстафин). Осы сөйлемдегі Аманның сөзі болып тұрған төл сөзді
төлеу сөзге былайша айналдырып айтуға болар еді: Аман басалқы
айтуға келмегенін, шақырған соң келгенін, ағат кеткен жері болса
ойланатынын, олардың да ойлануы керектігін, ой мен ел ешкімнің
еншісіне берілмегенін, әркімнің-ақ «ойым» деуге, «елім» деуге хақы
барлығын айтты да, орнынан тұрып жүре береді.
Төлеу сөз түрінде берілгенде Аманның сөзіне қандай өзгерістер
енген?
1.Аман сөзінің синтаксистік құрылысы бұзылған. Ол төл сөз
түрінде айтылғанда, екі құрмалас, екі жай сөйлемнен құралған болса,
төлеу сөзге айналдырғанда ықшамдалған, сыйыстырылған бір ғана
жайылма сөйлем болып қалған.
2. Төл сөздің сөйлемдік құрамының өзгеріске ұшырауының
нәтижесінде төл сөздегі сөйлемдік тиянақты интонациялар жойылып,
олардың орны бірыңғай мүшеге тән санамалы интонациямен
ауыстырылған.
3. Төл сөзде баяндауыш қызметін атқарып тұрған сөздердің
барлығы да төлеу сөзде толықтауышқа айналған да, бастауыш
қызметін атқарып тұрған кейбір сөздер (сіздер, мен) айтылмай,
түсіріліп қалдырылған, ал кейбір сөздер (ой, ел) тұлғалық жағынан
өзгеріп кеткен, синтаксистік құрылысы өзгерген.
4. Төл сөздегі кейбір сөздер (мен, жоқ) айтылмай түсіріліп
қалдырылса, кейбір сөздердің орнына (сіздер, деді) жаңа сөздер (олар,
айтты) алынған.
Сонымен, төл сөз бен төлеу сөз бір емес. Бұл екеуі – сөйлеушінің
немесе жазушының өз сөзі ішінде бөгде біреудің сөзін, пікірін
келтіруінің екі түрлі тәсілі. Бұл екеуінің арасында бірсыпыра
өзгешеліктер бар:
1.
Төл сөзде сөйлеуші немесе жазушы бөгде біреудің сөзін
ешқандай өзгеріссіз, қоспасыз, бұлжытпай келтіретін болса, төлеу
сөзде өз тарапынан кейбір сөздер қосады, ең болмаса, бірер сөзінің
бастапқы морфологиялық формасын, соған байланысты синтаксистік
қызметін өзгертеді.
2.Төл сөздің айналасында міндетті түрде автор сөзі жүреді және
ол екеуінің жігі айқын байқалып, бір-бірінен де етістігі арқылы
бөлектеніп тұрады. Төлеу сөзде ол автор сөзімен араласып, тұлғалық
292
өзгеріске ұшырауы арқылы онымен тығыз байланыста тұрады. Төлеу
сөзде автордың қоспасымен бірігіп, бір-ақ сөйлем болады да, де
етістігін қажет етпейді.
3.Төл сөзде сөйлем хабарлы да, сұраулы да, лепті де болып
келеді. Соған қарай оның әр сөйлемінің өзіне лайықты сазы,
интонациясы, ритмика-мелодикалық ерекшеліктері болып отырады.
Төлеу сөзде мұның бірде-бірі болмайды, яғни олар сақталмайды.
Өткені төлеу сөз өзінің бастапқы түрінің (төл сөз түрінің) қандай
екендігіне қарамастан, тек хабарлау түрінде ғана беріледі, сондықтан
онда (төлеу сөзде) сөз иесінің бастапқы әр алуан интонациялық:
ритмика-мелодикалық ерекшеліктері сақталмайды.
4.Төл сөзде сөйлемнің бастапқы эмоционалдық, модальдық
ерекшеліктерінің барлығы да сақталады. Төл сөз иесі қолданған
одағай, қаратпа, қыстырма сөздер бұлжытпай беріледі. Ал төлеу сөзде
түсіріліп қалдырылады.
5. Төл сөз бен төлеу сөз жақтық түрғ ыдан, жіктеу есімдіктерін
қолдану жағ ынан да біркелкі емес. Төл сөзде іс-әрекеттің иесі өзі
болғ ан жағ дайда автор жіктеу есімдігінің бірінші жағ ын қолданып
сөйлей береді. Ал төлеу сөзде олай етуге болмайды.
6. Тек жеке сөз ғана емес, сөйлеушінің ішкі сезіміне,
эмоциноналдық күйіне байланысты қолданылатын көптеген төл
сөздер төлеу сөзге айналдыруды көтермейді. М ы с а л ы : Ойбай-ай,
енді қайтейін! Қалеке-ай, мынаның қорлығын-ай! Ойпырым-ау, жаным-ау!
Ассалаумәликем, Тәке! дегендер тәріздес төл сөздерді төлеу сөз түрінде
беру тіпті мүмкін емес.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың тілімізде қалыптасқан,
ежелден келе жатқан тұрақты тәсілдері бар: төл сөздің тиянақты
баяндауышы төлеу сөзге айналғанда тура толықтауыш болып
кетеді.
Сондықтан
да табыс жалғауы төл сөзді төлеу сөзге
айналдырудағы, оны автор сөзімен ұштастырудағы бірден-бір
шешуші форма болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Әбілқаев А.Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз.–Алматы, 1956.
2.Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.
Бекіту тапсырмалары:
1-тапсырма. Төлеу сөзді төл сөзге айналдырып, құрылысындағы
өзгерістерге тоқталыңы, тыныс белгісін қойыңыз..
1. Бас болмақ оңай - бастамақ қиын. (Мақал.) 2. Аманатты
орындамайтын адамда иман болмайды, сөзінде тұрмайтын адамда дін
болмайды. (Пайғамбар хадистерінен.) 3. Екпей, егін бітпес,
293
Үйренбей, білім бітпес. (Мақал.) 4.Өз халқын ұйқыдан оянуға түсіріп,
асқақ есімін, жоғалған абыройын қайтару үшін, тізерлемей түрегелу
қажет. («Парасат» журн.) 5. Көз жасын Досмағамбет деп төкті. Ел
тыныш емес - жарық кезде Есіл азаматқа қол созым келіп тұрып
сырын ақтара алмағандығына, қол созым келіп тұрып бақыты үшін
кіммен болсын шайнаспағанына опынды. (Жұлдыз) 6. Абайдың өлген
күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. (М.Дулатов.)
7. Оны қадірлеп, көзінің қарашығындай сақтап, ұрпақтан ұрпаққа
жеткізе беру - әрбір азаматтың ұлт алдындағы, халық алдындағы -
асыл парызы. 8. Өткеннің бәрі секундін қайта қайырып әкелу мүмкін
емес болса, ылдилап аққан судың да бір тамшысын қайта ағызып бір
жағадан екі өткізетін табиғаттың дағдысы жоқ. (Газеттен.) 9. Өзектің
жалғыз аяқ жолы кейде шалғын шетімен жүріп, кейде тастақ
төбелердің тұмсығымен сайлы көлеңкелі тоғайдың түбімен өзенше
бұрылып, иіріліп өтетін. (Газеттен.) 10.Киіз үйлерде, шатырларда
өмір сүреді, шөптің шығымына суға қарай көшіп-қонып жүреді, мал
шаруашылығымен аң аулаумен айналысады, жейтіні ет, ішетіні-
қымыз, теріден, жүннен жасалған киімді киеді.
2-тапсырма.
Төл сөздерді төлеу сөзге айналдырып,
құрылысындағы өзгерістерді түсіндіріңіз.
1. Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – жігіттігіңе
сын. (Бауыржан Момышұлы.) 2. Өмір де мысал өлең секілді:
ұзақтығымен
өлшенбейді,
мазмұнымен
өлшенеді.
(Сенека.)
3.Адамдардың бір—бірінен айырмашылығы мынада: біреулері нені
айтуға, не істеуге әуелі ойлап алады, енді біреулері айтарын айтып,
істерін істеп алғаннан кейін барып ойланады. (Горький.) 5. Адамда
екі түрлі қылықтың жолы бар: бірі - тіршілік қамы, бірі- адамшылық
қамы. (М.Әуезов.) 6. Жалған намыс қасиет емес, ар сақтаған қасиет
(М Әуезов.) 7. Дүниеге сәби келді. Неге екенін кім білсін, сол арада
қас қағым сәт өтті ме, өтпеді ме, ол әлжуаз жанары өзі келген осынау
жап-жарық әлемді, шеті мен шегіне көз жетпейтін көк аспанды көре
сала қолды-аяққа тұрмай шырқырап жылай жөнелді. Біресе
соншалықты нәзік, соншалықты дәрменсіз, титімдей аяқ-қолын
ербеңдетіп,
біресе
шалқалақтап,
шегі
үзілердей
ұзақ-ұзақ
шырылдайды да, енді бірде тағдырына, шарасыздығына мойынсұнған
кейіппен солығын басып, жұдырықтай ғана қызыл шақа көкірегі баяу
солқылдап тып-тыныш бола қалды Сосын әлгі бір аянышты
дауыспен тағы да, қайта-қайта шырылдап келіп жылай бастайды. О,
Құдірет-ай десеңші, сол сәби сонда күні ертең алдында күтіп жатқан
өмірдің қиқалаңы мен бұралңын, кесапаты мен шарапатын, удай
ащысы мен бал татыған шырын шағын кезек тартып, тіпті кей-кейде
оп-оңай келе қалған болмашы бақытқа да жылата салатын
294
опасыздығын білгендей-ақ екен-ау. Ол, соған қарамастан ақиретке
аттанарда да сол опасыз жалғанда әлі де алажағы бардай қимай, қия
алмай, тағы да көп қиналып оңашада өксіп-өксіп жылап алатын
болды. Құнекеңнің ақын баласы адам баласының осынау тұтас бар
өмірін данышпандықпен: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен
жер қойнына кірер денең», - деп, екі-ақ жолға сыйғызып суреттеп
беріпті. (М.Кенжебай.)
3-тапсырма. Бекіту сұрағы
1.
Бөгде сөз және оның түрлері
2.
Төл сөз дегеніміз не?
3.
Төлеу сөз дегеніміз не?
4.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары?
10. ПУНКТУАЦИЯ – ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ
ҒЫЛЫМ
10.1 Пунктуация ғылымы, оның зерттейтін нысаны
Пунктуация ғ ылымы жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің
құрамын, атқаратын қызметтері мен білдіретін мағ ыналарын және
оларды қолдану ережелерін зерттейді. Тіл дыбыстарының таңбалары
сияқты, тыныс белгілері де графикалық шартты белгі болып
табылады. Бірақ шартты белгі болғ андарымен, атқаратын қызметтері
жағ ынан да, қолданылатын орындары жағ ынан да бұл — екі бөлек
категория.
Тыныс белгісі жеке дыбыс түгіл, тұтас сөзбен де беруге болмайтын
күрделі ұғ ымды білдіреді. Мағ ыналарының күрделілігі жағ ынан
алғ анда, тыныс белгілері жазу тілінің көнерек заманында
қолданылғ ан пиктографиялық немесе идеографиялық белгілер
тәріздес. Қолдану орны жағ ынан, тыныс белгілері, әріп сияқты, сөзде
емес, сөйлеуде, сөйлемде қолданылады. Сөйлеудің, сөйлемнің
қандай бөлшектерден құралғ андығ ын, оларды қандай ырғ ақпен,
қандай мәнермен, қандай сазбен оқу керектігін, қай жерде үзіліс, қай
жерде кідіріс барлығ ын байқату қызметін атқарады. Сондықтан
пунктуация сөйлеуге, сөйлемге, яғ ни синтаксиске байланысты
қолданылатын категория болып табылады.
Пунктуация - емле сияқты, дұрыс жазудың, жазылғ анды дұрыс
оқып, дұрыс түсінудің құралы. Тыныс белгісі — жазу тілінің, жазу
мәдениетінің, әсіресе, баспа ісінің, дами түскен кейінгі дәуірінің
295
жемісі. Баспанын өркендеуі, оның халық арасына тарап, оқушылар
санының артуы жазу мәдениетінің көтерілуін, оның жалпығ а бірдей
ортақ заңдарғ а, ережелерге негізделіп, бір жүйеге келуін талап етеді.
Жазылғ ан пікір оқуғ а оңай, түсінуге жеңіл болу үшін, оны түрлі
ықшамды ұсақ бөлшектерге бөлу, әр бөлшектің бір-бірімен
мағ ыналық қатынастарын көрсету қажеттіліктері туады. Сол
қажеттіліктен келіп тыныс белгілері пайда болады.
Жазу мәдениеті дамуының қазіргі сатысында тілдерде тыныс
белгілерінің түрі де, атқаратын қызметтері де әр алуан. Бірақ
солардың бәрі бір мезгілдің ішінде, бірден пайда бола қалған емес.
Жалпы жазу тілі сияқты, тыныс белгілері де, оларға байланысты заң-
ережелер де бірте-бірте дамып, жетіліп отырған.
Тарихшы ғалымдардың айтуына қарағанда, нүкте 15, сұрау белгісі
16, леп белгісі 17, көп нүкте 18, сызыкша 19-ғасырдан бастап
қолданылған көрінеді. Алғашқыда тыныс белгілері жазылған пікірді
әр түрлі мәнді бөлшектерге бөліп тұру функциясында ғана
қолданылған. Сонымен бірге, олар түр-түрпаты жағынан да, қызметі
жағынан да қазіргі тыныс белгілерінен өзгеше болған.
Орыс тілі пунктуациясын зерттеген ғалымдар орыс тілінің
қолжазба түрінде сақталған ертеректегі жазу нұсқаларында сөйлеудің
әрбір мағыналы бөлшектерінен кейін, көбінесе жеке сөздерден кейін,
нүкте немесе бірнеше нүктеден құралған ромбик, қос нүкте тәріздес
түрлі белгілердің қойылғандыктарын және олардың өздері де белгілі
бір заңға, ережеге негізделмей, еркін қолданылғандықтарын айтады.
Дәл осы тәріздес жағдай түркі тілдерінің көне замандардан қалған
жазу ескерткіштерінде де кездеседі.
Біздің жыл санауымыздын VII ғасырлары шамасында жазылып
сақталған «Орхон-Енисей» жазулары деп аталатын ескерткіштердің
кейбіреулерінде әр сөзден кейін қос нүкте тәрізді белгі қойылса,
кейбіреулерінен кейін төрт нүктеден құралған ромбик тәрізді белгі
қойылып отырған. Ал араб әрпімен жазылып сакталған ертеректегі
қиссаларда, дастандарда өлең жолдары арасына қойылған, тіліміздегі
қазіргі графикалық белгілердін бірде-біріне ұқсамайтын түрлі
белгілер кездеседі. Бұл жағдайлар тыныс белгілерінің бастапқы
функциясы сөйлеуді тек әр түрлі мәнді бөлшектерге бөлу ғана
болғандығын, бөлуші белгілердің түр-тұрпат жағынан қазіргі
белгілерден өзгеше болғандығын байқатады.
Пунктуация — адамдар арасында қатынас құралы қызметін
атқаратын жазу тілінің маңызды бір саласы. Сондықтан жалпы тіл,
қала берді, жазу тілі сияқты, пунктуация да жалпыхалықтық болып
табылады. Оны қолдануда болсын, оқып тануда болсын жалпы халық
296
таныған заң-ережелер басшылыққа алынуға тиіс. Олай болмаған
жағдайда, пунктуацияның әрбір белгісінің мәнін, атқаратын
қызметтері мен қолданылатын орындарын тануда, білуде жазушылар
мен оқушылар арасында бірлік болмаған жағдайда, тыныс белгілері
өзінін қатынас құралдық қызметін атқара алмайды. Егер ол жазу
практикасында орныққан, көпшілікке танылған заң-ережелерге сай
болмай, теріс қолданылса, оқуды, түсінуді қиындатады, теріс
түсініқтің тууына себепші болады.
Тыныс белгілері — сөйлемдегі бар фактіні оқушыларға байқату
үшін қолданылатын графикалық, паралингвистикалык шартты белгі.
Сондықтан сөйлемнің қандай сөйлем болуы, қандай құрамдарға
бөлінуі қай тыныс белгісін қалай қолдануға байланысты болмайды,
қайта керісінше, қай тыныс белгісін қалай қолдану керектігі
сөйлемнің мағыналық, структуралық ерекшеліктеріне байланысты.
Өйткені тыныс белгісі сөйлемнің мағыналық, структуралық
ерекшелігінен туады және түгелдей соған бағынады. Сол себептен
белгілі бір тыныс белгінің дұрыс немесе бұрыс қолданылғандығы
сөйлемнің мағыналық, структуралық ерекшелігі тұрғысынан қаралып
айқындалады.
Қазіргі заманда тілдерде кездесетін тыныс белгілеріне тән тағы
бір қасиет — олардың интернационалдығы. Тыныс белгілері — түр-
тұрпаты жағынан да, мағыналары мен функциялары жағынан да
тілдердің басым көпшілігінде біркелкі болып келеді.
Қазақ тілінің пунктуациясы кенжелеп туып, кеш дамыды. Қазан
революциясына дейін белгілі бір жүйеге келтірілген, көпшілікке
танылған пунктуациялық заң-ережелер болған жоқ. Ол уақыт үшін
пунктуациялық ережелердің болмауынын өзі де табиғи нәрсе еді.
Өйткені тыныс белгісі баспасөз үшін керек. Республикамызда
баспасөздің дамуы, онын бүкіл халық игілігіне айналып, оқушылар
санының артуы жазу мәдениетінің, сауаттылықтын шешуші бір
саласы болып табылатын пунктуация мәселесін ғылыми негізде
қалыптастырып реттеу міндетін қойды. Тіліміздің пунктуациялық
белгілерін калыптастырып, олардың мағыналары мен функцияларын
айқындауда орыс тілі графикасының табыстары басшылыққа алынды.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, орыс тілі пунктуациясының бір
жүйеге келтірілуі М.Ломоносовтың 1757 жылы жарық көрген «Россия
грамматикасынан» басталатын көрінеді.
Тыныс белгілері өз дамуының бастапқы дәуірлерінде, сөйлеуді
түрлі бөлшектерге бөлу сияқты бір ғ ана қызмет атқарғ ан болса, келе-
келе олардың функциялары күрделеніп, әрқайсысы бірнеше түрлі
қызмет атқаратын, көп мағ ыналы белгіге айналғ ан. Графикамыздағ ы
297
қазіргі тыныс белгілерінің басым көпшілігі — бірнеше түрлі қызмет
атқаратын көп мағ ыналы белгілер. М ы с а л ы: Аманның мунда
келгеніне неше күн болды? деген сөйлемдегі сұрау белгісі екі түрлі
қызмет атқарып тұр: біріншіден, сөйлемнің аяқталғ андығ ын білдірсе,
екіншіден, сейлемнің хабарлы не лепті емес, сұраулы сөйлем
екендігін білдіреді. Ал енді: 1. Жақыптың құлағы әңгімеде, көзі желі
басында. 2. Ак, үйдің ішінде Ермекбай, Сайлаубектерге Шолпан қымыз
сапырып беріп отыр. 3. Белім қайысқанша көтерейін, әже. 4. Ей,
қоңырсытып отырғаның не? 5. Сен не білуші едің? 6. Күні бүгінге дейін,
шынын айтқанда, менің өзім де осылай болар деп ойламап едім (Ғ.
Мұстафин) деген мысалдардағ ы үтірдің әр сөйлемде атқарып тұрғ ан
қызметі әр басқа: біріншіде екі жай сөйлемді бір-бірінен бөліп тұрса,
екіншіде бірыңғ ай екі мүшені бір-бірінен бөліп тұр; үшіншіде қаратпа
сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұрса, тертіншіде одағ ай
сөзді, ал соңғ ыда қыстырма сөзді бөліп тұр. Осылар тәріздес
функцияларды тыныс белгілерінің басқа түрлері де атқарады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Әуелбаев Ш. Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясын оқытуға
арналған құрылымдық схема). — Алматы: Мектеп, 1971. 71-б.
2. Хасанов Ә. Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері. –
Алматы: Ғылыми-методикалық кабинет, 1957.
3.Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының
негіздері. – Алматы, 1959.
Достарыңызбен бөлісу: |