Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет25/27
Дата27.02.2017
өлшемі2,12 Mb.
#5011
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

      Көп  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем.  Сабақтастардың  барлығы 
бірдей  әрдайым  екі    компоненттен    құралып  отырмайды.  Олардың 
ішінде  үш  және  одан  да  көп  жай  сөйлемдерден  құралатыны  да 
болады.  Мысалы:  1.Саяхатшылар  тақалған  сайын,  Көкшенің 
сұлулығы  айқындалып,  Оқжетпес  көзге  еркін  шалына  түсті.    Бұл 
мысалдағы        сабақтас  құрмалас  үш  жай  сөйлемнен  құралған. 
Құрамдарындағы  компоненттерде  тиянақты  басыңқы  жай  сөйлем 
біреу,  тиянақсыз  бағыныңқы  жай  сөйлем  екеу.  Екі    тиянақсыз  
тақалған сайын, айқындалып деген баяндауыштардың  тұлғалары  да 
әр  түрлі,    компонент    аралығындағы    мағыналық    синтаксистік  
қатынастар    қалай?  деген      сұраққа    жауап      беріп,      қимыл-  сын  
мағыналарын  тудырған.      Ендеше,    құрамында  бір  басыңқы,  екі 
немесе  одан  да  көп  бағыныңқы  жай  сөйлемдері  бар  сабақтас 
құрмаластар  көп  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем  деп  аталады.  Көп 
бағыныңқылының  тілімізде  ең  көп  кездесетін  түрі  де  -  үш  жай 
сөйлемнен құралатын түрі. Оның төрт жай сөйлемнен құралатын түрі 
сирек  кездеседі,  ал  төрттен  артық  жай  сөйлемдері  бар  түрлері  тек 
поэзияда ғана болмаса, қара сөзде тіпті кездеспейді деуге болады. 
     Көп  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем  құрамындағы  бағыныңқы 
компоненттерінің  бірі  -  бір  түрлі  мағыналық  қатынасты  білдірсе, 
екіншісі  -  екінші  түрлі  мағыналық  қатынасты  білдіреді.  Сондықтан 

 
279 
көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді компоненттерінің бір-бірімен 
мағыналық қатынасына қарай жіктеу мүмкін емес.   
      Көп 
бағыныңқылы 
сабақтас 
сөйлемнің 
бағыныңқы 
компоненттерінің  басыңқы  компонентпен  байланысы  түрлі-түрлі 
болады. Олардың кейбіреуінде алдыңғы бағыныңқы компонент өзінен 
кейінгі  бағыныңқыға  тіркесіп,  сол  арқылы  сатылап  барып 
басыңқымен байланысса, екінші біреуінде әр бағыныңқы жай сөйлем 
өз  беттерінше  тікелей  жарысып    барып  басыңқыға  тіркеседі.              
Бағыныңқы  компоненттерінің  басыңқы  компонентпен  байланысу 
жолына      қарай  көп  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем  жарыспалы 
бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем,  сатылы  бағыныңқылы  сабақтас 
сөйлем    болып  екі  түрге  бөлінеді.  Көп  бағыныңқылы  сабақтас 
сөйлемнің  әр  бағыныңқы  жай  сөйлемдері  өз  беттерінше,  тікелей 
барып  басыңқы  жай  сөйлеммен  байланыса  алатын  болса,  көп 
бағыныңқының  ондай  түрі  жарыспалы  бағыныңқылы  сабақтас 
сөйлем деп аталады. Мысалы,   
     Жарыспалы 
бағыныңқылы  сабақтас  сөйлемнің  бағыныңқы 
компоненттерінің  баяндауыштары  бірыңғай  тұлғалы  сөздерден  болу 
да,  түрлі  тұлғалы  сөздерден  болуы  да  мүмкін.  Ал  бағыныңқы 
компоненттерінің  баяндауыштары  әр  түрлі  тұлғалы  сөзден  болатын 
жарыспалы  бағыныңқылардың  алдыңғы  бағыныңқы  жай  сөйлемі 
тұлғалық жағынан болмағанымен, мағыналық жағынан өзінен кейінгі 
бағыныңқы  жай  сөйлемге  азды-көпті  болса  да  тәуелді  болады  да, 
басыңқы жай сөйлемге тікелей тіркеп айтқанда, мейлінше жымдасып 
кете  алмайды.  Мысалы,  Шашының  ағы  көбейіп,  бет-аузындағы 
әжімдері  де  тереңдеп,  бір  түннің  ішінде  ол  босап  кетіпті  деген 
сөйлем  мен  бағыныңқы  компоненті  әр  түрлі  тұлғалы  сөздерден 
болған  Ақбұйраттың  бауырындағы  Көкөзек,  Нілдіге  жақын  Сарысу 
сілемі,  Майқұдық,  Теректі  сулары  тар  макеттің  бетіне  тақаса 
түскендіктен,    компанияның  барлық  өңдірістері  көп  судың 
ортасында  тұрғандай,  жердің  жай  жаратылысының  өзінде  адам 
қызыққандай  екен  (Ғ.Мүсірепов)  деген  сөйлемдерде  бірінші 
бағыныңқы  жай  сөйлем  басыңқыға  тікелей  тіркеп  Шашының  ағы 
көбейіп,  бір  түннің  ішінде  ол  босап  кетіпті  десек,  екі  жай  сөйлем 
мағыналық  жағынан  да,  тұлғалық  жағынан  да  жымдасып  айтылады. 
Ал  екінші  мысалдың  бірінші  бағыныңқысын  басыңқымен  тікелей 
байланыстырып Ақбұйраттың бауырындағы Көкөзек, Нілдіге жақын 
Сарысу  сілемі,  Майқұдық,  Теректі  сулары  тар  макеттің  бетіне 
тақаса  түскендіктен,  жердің  жай  жаратылысының  өзінде  адам 
қызыққандай екен десек, компоненттер тұлғалық жағынан жымдасып 
келгендерімен,  мағыналық  байланыстарында  біраз  үйлесімсіздік 
байқалады.  Олай  болатын  себебі  мұндағы  бағыныңқы  компонент 

 
280 
басыңқыдағы әрекеттің себебін білдіру үшін емес, өзінен кейін тұрған 
компанияның  барлық  өндірістері  көп  судың  ортасында  тұрғандай 
деген  екінші  бағыныңқыдағы  әрекеттің  себебін  білдіру  үшін 
қолданылған және соған меңгеріле байланысқан.  
     Сатылы  көп  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлемнің  бағыныңқылы 
түрі  бұл  айтылғандардан  өзгеше  болады.  Сатылы  бағыныңқыда  әр 
бағыныңқылы  компонент  басыңқы  компонентпен  өз  бетінше  тікелей 
байланыспайды,  өзінен  кейінгі  бағыныңқыға  байланысады  да,  сол 
арқылы  сатылап  барып  басыңқымен  құрмаласады.  Мысалы:  Сөздері 
осыған  құйылғаннан  кейін,  ол  екеуі  Айбаршаға  не  Самарқанды,не 
Байжанды  танудың  сәтін  күтіп  жүргенде,  сол  сәт  бір  күні  түсе 
қалғандай  болады.  Ашу  кернеген  оның  бет-  аузы  қыбырлап,денесі 
қалшылдап  кеткендіктен,  отырғандар  одан  әрі  сөз  таластырмады 
(С.Мұқанов).   
      Бұндағы 
бірінші 
бағыныңқы 
компоненттер 
басыңқы 
компонентке өздерінен кейінгі бағыныңқылар арқылы сатылап барып 
құрмаласқан.    
 
            7.13 Аралас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары 
 
     Құрмалас  сөйлем  құрамында  құрмаласудың  салаласу  мен 
сабақтасу  тәсілдері  бір  сөйлем  ішіңде  қатарымен  келе  беретіні 
болады.  Мысалы,  Қарағандының  нары  биыл  бүрқан-тарқан  қауырт 
еріп еді, сай-салалар суға толып, қырдың тентек өзендері  сақылдап 
тасығалы  кемерлеп  тұр.    Мысалдағы  құрмалас  сөйлем  аралас 
құрмалас  сөйлемге  жатады.  Өйткені  оның  құрамындағы  жай 
сөйлемдер  бір-бір  мен  салаласып  та,  сабақтасып  та  байланысып 
келген.  Үш  жай  сөйлемнен  құралған  алдыңғы  құрмаластың  бірінші 
компоненті  екінші  компонентпен   салаласа құрмаласқан да, екінші 
жай  сөйлем  үшінші  жай  сөйлеммен  сабақтаса  байланысқан.  Осы 
тәріздес    құрамына  енген  жай  сейлемдері  бір-бірімен  салаласып  та, 
сабақтасып  та  байланысатын  құрмалас  сөйлем  аралас  құрмалас 
сөйлем деп аталады. 
     Аралас  құрмалас  сөйлем  құрамында  үш  немесе  одан  да  көп  жай 
сөйлем  бола  береді.    Аралас  құрмалас  сөйлем  үш  жай  сөйлемнен 
құралғанда  ондағы  салаласа    байланысу  да,  сабақтаса  байланысу  да 
бір-бірден  ғана  болады.  Ал  егер  ол  төрт  немесе  одан  да  көп  жай 
сөйлемнен  құралған  болса,  онда  салаласа  байланысатын  жай 
сөйлемдер де сабақтаса байланысатын жай сөйлемдер де бірнешеуден 
болуы мүмкін.  
      Салаласа  байланысу  мен  сабақтаса  байланысу  бір  құрмалас 
сөйлем  ішінде  келген  жағдайда,  ондағы  салаласа  немесе  сабақтаса 

 
281 
байланысатын  компоненттердің  санына  қарамастан  бәрі  де  аралас 
құрмаласқа жатады. Аралас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер де 
бір-бірімен қалыпты салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластардағы 
жай сөйлемді құрмаластыру тәсілдері арқылы байланысады. 
     Аралас  құрмаластағы  салаласа  байланысатын  жай  сөйлемдер  де 
бір-бірімен  жалғаулықтар  арқылы  да,  жалғаулықсыз  да  байланыса 
береді.  Мысалы;  Жабай  шығып  кетпегенде,  Игілік  жігіттерді  сөзге 
айналдырып  бөгей  тұрмақ  еді,  бірақ  оның  реті  болмай  қалды.            
Бұл  айтылғандардан  байқалатын  нәрсе    -
 
аралас  құрмалас  сөйлем 
дегеніміз  жай  сөйлемдер  құрмаласуының  салалас  пен  сабақтастан 
басқа        үшінші  тәсілі  емес,  сол  негізгі  екі  тәсілдің  —  салаласу  мен 
сабақтасу  тәсілінің    бір  құрмаластың  ішіне    топтасқан  түрі  болып 
табылады. 
 Аралас  құрмалас  сөйлем  құрамында  оның  жеке  компоненттері 
ретінде  төл  сөздің  болуы  да  мүмкін.  Мысалы:  «Пушкин  дегеніміз— 
төтенше көрініс және ол орыс рухының бірден-бір көрінісі болуы да 
мүмкін»,— деп, Гоголь Пушкиннің орыс әдебиеті тарихындағы рөлін 
жоғары  және  соншалық  әділ  бағалады  деген  сөйлем  де  аралас 
құрмалас  сөйлемге  жатады.  Мұндағы  төл  сөз  кұрамындағы  Пушкин 
дегеніміз—төтенше  көрініс  деген  бірінші  жай  сөйлем  төл  сөздің 
еқінші  жай  сөйлемімен  және  жалғаулығы  арқылы  салаласа 
құрмаласса,  төл сөздің ол орыс рухының  бірден-бір көрінісі болуы да 
мүмкін  деген  екінші  жай  сөйлемі  деп  көмекші  етістігі  арқылы  автор 
сөзі болып тұрған жай сөйлеммен сабақтаса байланысып тұр т.б. 
            ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
 1. А.Байтұрсынов. Тіл тағлымы. Алматы,  1992Мж. 
 2. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999Мж. 
 3. С.Аманжолов. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.А, 
1994 ж.     
 4. М.Балақаев. Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис). А, 1971ж. 
 5. М.Балақаев. Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004 ж.  
 6. Қазақ грамматикасы. Алматы, 1967 ж. ІІ том 
 7. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002 ж. 
 8.Т.Сайрамбаев.  Сөз  тіркесі  мен  жай  сөйлем  синтаксисі.  Алматы, 
1991 ж.                                           
 10. Қ.Есенов.  «Құрмалас  сөйлем  синтаксисі». Алматы,  1995 ж. 
 11. Т. Қордабаев. «Қазақ  тіліндегі  құрмалас  сөйлемдер  
синтаксисі». 1996  
 12.  Б.Сағындықұлы.    «Құрмалас    сөйлем    түрлерінің    теориялық 
негіздері»  Алматы,  2003. 
 13.Ү.Сәлиева  Қазақ  тіліндегі  құрмалас  сөйлемнің  құрылымдық 
түрлері; -Алматы, 1986. 7-б. 

 
282 
 14. Н.Базарбаев Қазіргі қазақ тіліндегі аралас құрмалас сөйлемдер 
//Қазақ  филологиясының мәселелері. I шығуы. - Ташкент, 1974. 8-6 б. 
 15.Б.Сағындықұлы Қазіргі казақ тіліңдегі аралас құрмалас сөйлемнің 
құрам бірліктері. — Павлодар, 1998. 
16.Қ.Есенов Құрмалас сөйлем синтаксисі. - Алматы: Білім, 1995. 136-
б.                
17.  Т.Қордабаев  Қазақ  тіліндегі  құрмалас  сөйлемдер  синтаксисі.  - 
Алматы: Санат, 1995. 176-б.               
      Бекіту тапсырмалары: 
1-тапсырма.  Салалас  сөйлемдердегі  жалғаулық  шылаулардың 
астын  сызып,  олардың  арасындағы  мағыналық  қатынастарды 
анықтаңыз. 
 Сөйлемдерді  компоненттерінің  бір-біріне  мағыналық  қарым-
қатынасына қарай, құрмаласу тәсіліне қарай талдаңыз. 
1.  Исатай  жұртты  ақылмен,  дәлелмен,  түрлі  әдіспен  соңына 
ерткен  адам  болса,  Махамбет  көпті  қыздырып,  көңілін  аударып 
ертетін  адамның  түрі  болған.  (Х.Досмұхамедұлы.)  2.  1986  жылғы  17 
желтоқсан  күнгі  Республика  сарайында  әнші  Бекболат  Тілеуханов 
айтқан  Ақтамберді  толғауының  залды  дүр  сілкіндіргені  соншалық  - 
одан секемденген Колбин талайға дейін оның ән айтуына тиым салған 
еді. (Н.Қазыбекұлы.) 3. Қытайда көктем мерекесі қарсаңында үстелде 
тұтас  пісірілген  балық  міндетті  түрде  болуы  тиіс,  себебі  қытай 
иероглифінде  «балық»  пен  «молшылық»  бірдей  белгіленеді  екен. 
(Журналдан.) 4.  Қайрат етер мезгілде, Жүк көтерер нардай бол. Ақыл 
айтар мезгілде,  Мың жасаған шалдай бол. (Б.Момышұлы.) 5. Адамда 
жақсы  қасиет  болмаса,  оған  бақ  та,  бақыт  та  қонбайды.  (Жүсіп 
Баласағұни).  6.  Балалар  кітабы  тәрбие  үшін  жазылады,  ал  тәрбие  – 
ұлы  жұмыс:  адам  тағдыры  сол  тәрбие  арқылы  шешіледі. 
(В.Г.Белинский.)  7.Ынсап,  рақым,  ар,  ұят  табылмаса,  Өлген  артық 
дүниені  былғағаннан.  (Ш.Құдайбердіұлы.)  8.  Адамға  тіл,  құлақ 
қандай  керек  болса,  білім  де  сондай  керек.  (А.Байт.)  9.  Баяғыны 
көксей  берген  елде  бүгінгі  өмірге  үйлесе  алмаушылық  болады, 
баяғының  құрметтісін  құрметтей  білмеген  елде  болашақ  та  жоқ. 
(Ғ.Мүсір)  10.  Жасында  көргені  жоқтың,  өскенде  айтары  жоқ.  (Ғ. 
Мұстафин.) 
2-тапсырма. 
Сөйлемдерді 
құрылысына 
қарай 
талдап, 
компоненттер 
арасындағы 
мағыналық 
қарым-қатынасты 
анықтаңыз.  Құрмалас  сөйлемдерді  байланысу  тәсілдеріне  қарай 
талдаңыз.  Сөйлем  мүшелеріне  талдап,  инверсия  құбылысын 
көрсетіңіз.  
1.Әр тірліктің өз уақтысы бар, оған қиянат жасасаң, өмір ырғағы, 
тіршілік  тынысы  бұзылады.(Газеттен.)  2.Қалыптасқан  дәстүр 

 
283 
бойынша  сәлемдесуші,  не  сәлем  беруші  қол  алысады,  ұзақ  уақыт 
көріспегендер  қауышып,  құшақтасып  амандасады.  3.Ұстаз  –  ана,  ол 
шәкіртін  туған  анасындай  баурап,  өмір  өрнектерін,  тұрмыс-тіршілік 
мехнаттарын,  қиындықтары  мен  қызықтарын  сезіндіріп  баулудан 
жалықпайды.  4.Иман  жүзді,  әдепті  адам  күндей  күлімдеп,  жарық 
дүниедей  жадырап  сөйлейді,  сөзі  арқылы  да,  өзі  арқылы  да 
тыңдаушының  есту  сезімін  сүйсіндіріп,  көңіліне  нұр  шашады.  5.Тілі 
шыға  бастаған  бөбектің,  тіл  үйренуге  құштар  балдырғанның  тілін 
одан  әрі  дамытып,  ойы  мен  қиялын  шарықтату  үшін,  халқымыз 
тілашар  дәстүрін  қалыптастырып,  оны  салтқа  айналдырған.  6.  Сөз  – 
көп,  тыңдаушы  –  аз.  7.  Табиғатты  қорғау,  тал  егу,  гүл  өсіру,  жер 
суару,  құстар  мен  аңдарға  қамқорлық  жасау  –  қайырымдылықтың 
қалыптасқан  халықтық  үрдісі,  оны  орындай  білу  -  парыз. 
8.Толқынданған  жасыл  да  қызылды-сарылы,  көктілі-күреңді 
гүлдерден  моншақ  тағынғандай  жайдары  да  бейілді,  ерке  керіледі. 
9.Ана тілін алмасаң, адамдығың кетеді. 10. Игілікті, ізетті, ізгілікті іс-
әрекеттер әдетке айналғанда, ол әдептік дәстүр болып қалыптасады. 
3-тапсырма. Бекіту сұрағы 
1. Құрмалас сөйлем синтаксисі: зерттелуі мен жіктелу жолдары 
2.  Салалас  құрмалас  сөйлем:  зерттелуі  мен  сыңараралық 
байланыс 
3. Мезгілдес және түсіндірмелі салалас 
4. Себеп-салдар салалас, оның ішкі мағыналық топталулары 
5. Талғаулы, кезектес және шартты салалас 
6. Салыстырмалы және қарсылықты салалас, ерекшеліктері 
7.  Сабақтас  құрмалас  сөйлем:  зерттелуі.  Бағыныңқы  сыңар 
ерекшелігі 
8. Үлестес, түсіндірмелі, салыстырмалы сабақтас түрлері, жасалу 
жолдары 
9. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас, жасалу жолдары 
10. Шартты бағыныңқылы сабақтас, жасалу жолдары 
11.  Себеп-салдар  және  мақсат  бағыныңқылы  сабақтас,  жасалу 
жолдары 
12. Мезгіл және амал бағыныңқылы сабақтас, жасалу жолдары 
13. Аралас құрмалас сөйлем: құрамы мен байланысу амалдары 
14. Аралас құрмалас сөйлем: мағыналық топтары 
15. Көп компонентті салалас: ашық және тұйық құрылымды 
16. Көп бағыныңқылы сабақтас: сатылы және жарыспалы 
17. Көп басыңқылы сабақтас, оның жасалу жолдары 
4-тапсырма Бекіту тестісі. 

 
284 
1.Егер  Жұмабек  тура  осыдан    бастаса,  Ушаковтың  зіл 
айтарлық  себебі  де  болмас  еді.  Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  қай 
түрі? 
               А) Шартты бағыныңқы сабақтас 
               В) Қарсылық бағыныңқы сабақтас 
               С) Мезгіл бағыныңқы сабақтас 
               Д) Себеп бағыныңқы сабақтас 
 2.  Екі  көзі  алдында  жатқан  баллада  болғанмен,  төр  жақта 
айтылып    жатқан  сөздерге  көпейдің  сергек  зейін  салып  отырғаны 
байқалады.   
               Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі? 
               А) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас 
               В) Мезгіл бағыныңқы сабақтас 
               С) Шартты бағыныңқы сабақтас 
               Д) Себеп бағыныңқы сабақтас 
 3. Өзі, сол қағаз келгелі, ішінен көп мазасызданып, қынжылып 
жүрген. 
               Сабақтас құрмалас сөйлемнің кай түрі? 
              А) Мезгіл бағыныңқы сабақтас 
              В) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас 
              С) Шартты бағыныңқы сабақтас 
              Д) Себеп бағыныңқы сабақтас 
              4. Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапаның қорғады. 
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрі? 
             А) Амал бағыныңқы сабақтас 
             В) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас 
             С) Себеп бағыныңқы сабақтас 
             Д) Шартты бағыныңқы сабақтас 
             5. Әдейі танытпайын деп, бет-аузын таңып алыпты. 
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрі? 
             А) Мақсат бағыныңқы сабақтас 
             В) Шартты бағыныңқы сабақтас 
             С) Себеп бағыныңқы сабақтас 
             Д) Амал бағыныңқы сабақтас 
             6. Жақындаған шапқыншыға жұрт көзін тіксе - Байжан. 
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрі? 
             А) Түсіндірмелі бағыныңқы сабақтас 
             В) Мезгіл бағыныңқы сабақтас 
             С) Салыстырмалы бағыныңқы сабақтас 
             Д) Амал бағыныңқы сабақтас 

 
285 
             7. Астынан қаракөк арғымағы түспесе, қолынан ырғай 
сапты дырау қамшысы түскен екен. Сабақтас құрмалас сөйлемнің 
түрі? 
             А) Мезгілдес сабақтас 
             В) Салыстырмалы сабақтас 
             С) Амал бағыныңқы сабақтас 
             Д) Түсіндірмелі сабақтас 
8. Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Сабақтас құрмалас 
сөйлемніңтүрі? 
             А) Салыстырмалы сабақтас 
             В) Мезгілдес сабақтас 
             С) Түсіндірмелі сабақтас 
             Д) Себеп бағыныңқы сабақтас 
 9. Ыңғайлас салаластың предикатив сыңарлары қандай 
жалғаулар арқылы жасалады?   
              А) Да,де,және, әрі 
               В) Бірақ, алайда, дегенмен 
               С) Мынау, сол, осы 
               Д) Өйткені, сондықтан, себебі 
 10. Ол Сәлімді оқытады, өзге бала көрмегенде бұл көреді. 
Салалас құрмалас сөйлемнің түрі? 
              А) Ыңғайлас салалас 
              В) Қарсылықты салалас құрмалас 
              С) Шартты салалас құрмалас 
              Д) Себептес салалас құрмалас 
 
 
8.  МӘТІН СИНТАКСИСІ 
 
8.1 Мәтін синтаксисі туралы түсінік 
 
      Мәтін  синтаксисі  –  жеке  сөйлемдік  түрлердің  грамматикалық-
мағыналық  байланысы.  Жеке  сөйлемдер  әбден  қалыптасқан, 
тұрақталған тілдік тұлға. Бұл жағынан олардың қарым-қатынасы тең. 
Бірақ адам ойын жеткізуде жеке сөйлемнің қызметі әлсіз. Сондықтан 
олар  бір-бірімен  ұштасып,  ой  құралы  қызметін  атқарады.  Жалпы, 
мәтін  синтаксисі  деп  ерекшелеу  жеке  сөйлемдердің  байланыс 
қызметінен  туындаған.  Ал  жеке  сөйлемдердің  бір-бірімен  параллель 
байланыста  тұруы  үшін  абзацтық  күрделі  синтаксистік  тұтастық, 
бір сөзбен айтқанда, кіші мәтіндік құрылым қажет. Мәтін синтаксисі 
сонымен  бірге  сөйлемдердің  құрамындағы  сөздердің  функциялық 
(қызметтік)  қарым-қатынасын,    түгел  мәтін  ішіндегі  дара-дара 

 
286 
сөйлемдердің  де  өзара  байланысу,  селбесу  амалдарын  зерттейді. 
Мұны    тіл    білімінде    текст    немесе    мәтін    деп    атайды.  Осындай  
күрделі    ойды    білдіретін    бір    абзац    немесе  мәтін  синтаксистегі 
сөйлеудің құрылысын, тілдік нормаларын зерттейтін тіл ғылымының 
саласы деп есептеуіміз керек. 
 
 
                8.2   Синтаксистік   күрделі  бірлік 
 
      Адам сөйлегенде жеке бір сөйлем айтып қана қоймайды, оның сөзі 
көбінесе сөйлемдер тізбегі, сөйлемдер тасқыны түрінде болып келеді. 
Ондай  тізбектер  құрамындағы  сөйлемдер  мағыналық  жағынан  өзара 
жақындықтарына,  іліктестіктеріне  қарай  үйір-үйір,  топ-топ  болып 
тұратыны  болады.  Мысалы,    «Амангелді»  колхозындағы  жиналыс 
ұзаққа  созылады  екі  ұдай  болып  айтысып  жатыр:  бір  жағы 
Жақыпты,  екінші  жағы  Жомартты  қостайды.  Мұндайда  аузын 
бағатын күзетші Мәмет қарт та сөйледі. Сөйлеуік Бейсен екі сөйлеп 
үлгерді.  Талас  пікірдің  беті  әлдеқашан  ашылса  да,  жиналысты 
баскарушы  Жақып  отағасы  мәселені  дауысқа  сала  қойған  жоқ 
(Ғ.Мұстафин).  Осы  текст  романда  бір  абзац  болып  тұр.  Өйткені  -
мұндағы  сөйлемдердің  барлығы  бір  ғана  мәселе  төңірегіне, 
жиналыстың  қалай  өтіп  жатқанын  баяндауға  арналған.  Бір  мағына 
төңірегіне топтасып, семантикалық жақтан  бір түрлі күрделі бірлікті 
ғана топ болып тұр.   
     Сөйлеу  (жазу)  процесінде  жиі  кездесетін  бұндай  сөйлемдерді 
белгілі  сөйлемдердің  (жай,  құрмалас)  ешқайсысына  да  жатқызуға 
болмайды,  өйткені  ол  сөйлемдер  бұлар  тәріздес  шумақтардың  жеке 
мүшесі қызметін атқарады,  солардың құрамына енеді. Мұндай бірлік 
жайындағы  алғашқы  пікір  орыс  білімінде  өткен  ғасырда 
басталғанымен,  ол  күні  бүгінге  кейін  түпкілікті  шешілмеген  мәселе 
қатарында  қалып  келеді,  тіпті  терминдік  атауы  да  тұрақталған  жоқ.  
Бірде  «период»,  бірде  «речь»  делінсе,  енді  бірде  «сложно-
синтаксическое      единство»,      «сложно-синтаксическое  целое»  тағы 
басқа деп аталып келеді. 
     Қазақ  тілі  білімінде  күрделі  синтаксистік  бірлік  туралы  айтылған 
алғашқы  пікір  1964  жылы  жарық  көрген  «Тарихи  синтаксис 
мәселелері»  атты  монографиялық  зерттеуде  кездеседі.  Қазақ  тілінде 
синтакеистік күрделі шумақтар проза жанрында да, поэзия жанрында 
да жиі кездеседі, бірақ олар осы уақытқа дейін зерттелген жоқ.    
       Қазақ  тілінің  сөйлеу-жүйесінде  жай  сөйлемге  де,  құрмалас 
сөйлемге  де  құрылысы  жағынан  да,  мағынасы  жағынан  да 
ұқсамайтын,  олардан  әлдеқайда  күрделі  болып  келетін  сөйлеу  түрі 

 
287 
бар. Мысалы, Игілік Қызылжардан бұл жолы да ренжіп қайтып еді. 
Үш  ақшыл  күрең  жеккен  пэуескемен  келе  жатса  да,  көңілі  әлі 
көтерілер емес. Қараөткел базары да көңілін көтере алған жоқ. Аяп 
кетті, әлі қуынгып жүр. Одан кейін өзі де қорланып келеді. Өзін-өзі 
асқам  баймын  деп  ойлаушы  еді,  енді  есептеп  қараса  мұның  бар 
байлығы Ушаковтің сарапқа түскен жарнамасына әрең жетеді екен 
(Ғ.Мүсрепов).   
     Бірнеше  сөйлемнен  құралған  осы  тексті  синтаксистік  күрделі 
бірлік  деген  бір  ғана  атаумен  атауға  болады.  Өйткені  мұндағы 
сөйлемдер бір ғана күрделі ой, бір ғана  қамтиды. Сондықтан  Игілік - 
сол бүкіл текстің қазығы, орталық кіндігі.  
      Мағына-мазмұн  бірлігі,  ой  тұтастығы  арқасында  кейінгі  сөйлем-
дер әр түрлі тілдік тұлғалар арқылы бірінші сөйлемге, ондағы Игілік 
деген  сөзге  арқандалып  тұр.  Егер  бірінші  сөйлем  немесе  ондағы 
Игілік  сөзі  болмаса,  кейінгі  сөйлемдердегі  көңіл,  көңілін,  өзі,  өзін, 
мұның, байлығы деген сөздердің кімге, неге қатысты екені, әңгіме не 
туралы  екені  белгісіз  болады.  Мұндағы  сөйлемдер  бір-бірімен 
мағына-мазмұн жағынан да, әр түрлі грамматикалық тұлғалар арқылы 
да матаса байланысып, бір бүтін болып тұр.     
      1.  Синтаксистік  күрделі  бірлік  құрылымы  жағынан  бірнеше 
дербес  сөйлемдерден  құралады.  Ол  сөйлемдер  жай  сөйлемдер  тобы 
болуы  да,  құрмалас  сөйлем  мен  жай  сөйлемдерден  құралған  аралас 
шумақ болуы да мүмкін.. Мысалы,  Махамбет те үндемеді. Кеудесін 
жапқан  мол,  мөлдір  сақалындағы  сарғыш  түкірікті  де  елемеді.  Ер 
үстінде қаққан Қазықша тапжылмай отыр. Тоқпақтай ғана шымыр 
кісі.  Қызыл  шырайлы  жүзі  қазір  тіпті  жансыз,семіп  қалыпты  (Ғ. 
Мұстафин).   
     2. Семантикалық бірлікте болады, компоненттер белгілі бір ой, 
мағына төңірегіне топтасады, саралап ашып, дамыта көрсетеді. 
     3.  Күрделі  синтаксистік  бірлік  құрамына  енген  сөйлемдерде 
баяндалатын  пікірлерге  ұйытқы,  орталық  кіндік,  темір  қазық  болып 
тұратын  сөз  немесе  сөздер  тіркесі  болады.  Ол  көбінесе,  бірліктің 
бастапқы  компонентінде  айтылады  да,  кейінгі  компоненттер  соны 
саралап, талдап ашу, онда айтылған ойды дәлдеп дамыту қызметтерін 
атқарады, сөйтіп ұйытқы сөзге әр түрлі тәсілдер арқылы арқандалады 
да,  бірлік  құрамындағы  компоненттер    құрылымдық    жақтан  да, 
семантикалық жақтан да біртұтас, бір бүтін болып тұрады. 
4.  Бірлік  құрамына  енетін  компоненттер  байланысы  олардың 
семантикалық тұтастығынан ғана білінбейді, сонымен бірге, әр түрлі 
грамматикалық    тәсілдерден  де  байқалады.  Олардың  қатарына 
жататындар: 

 
288 
а)  Компоненттердің  барлығына  ортақ  сөздің  немесе  сөздер 
тіркесінің  болуы.  Мекеш  Мұқамбетшенің  немере  інісі.  Оразбектен 
туған  алты        қасқырдың    ішіндегі    көкжалы.  Екі  иығына  екі  кісі 
мінгендей 
денелі, 
үлкен 
от 
көзді,  гүрілдеген  зор  дауысты,  мейлінше  айбатты  (Ғ.  Мұстафиң). 
Мұндағы  сын  есімнен  болған  барлық    баяндауыштарға    ортақ 
бастауыш болып, оларды атап тұрған сөз — Мекеш. 
     ә)  Алдыңғы  компонентте  айтылған  ортақ  сөз  кейінгі 
компоненттерде  қайталанбағанымен,    оның  барлығы,  қатысы 
есімдіктер,  тәуелдік  жалғаулар  арқылы  байқалады.  Мысалы,  Бәріне, 
Жомарт, 
сен 
айыптысың. 
Неге 
тудың неге, келдің неге көрдім? Сенің көзіңнен терең теңіз таяздау. 
Сенің асқақ  ойыңнан асқар тауда аласа. Егер тылсым бар болса сол 
тылсым    дәл  сендер  ем.  Аңдатпай  алдың  есімді.  Сала  бер  отқа, 
шыжысам да қабақ шытпан (Ғ.Мұстафин).  
     б) 
Бір  сөздің  компонент  сайын  қайталап  айтылуы,  
құрамындағы  сөздердің  тұлғалас,  үндес,  ырғақтас  болып    келуі    де 
күрделі бірлік жасайды.  Мысалы: 
Әй, Ханбибі, Ханбибі, 
Басыңды мен жояр ем, 
Қаныңды ішіп тояр ем, 
Өткір алмас қолға алып, 
Он табанын тілер ем 
Қой соңына салар ем, 
Сөйтіп кегімді алар ем (Қарабақ батыр). 
      Синтаксистік күрделі бірлік — құрамына енген компоненттер 
мағыналық,  құрылымдық  жағынан  бір  бүтін  болып  тұйықталып 
тұратын,  басқаға  тәуелсіз  сөйлеудің  ең  көлемді  бөлшегі.  Үш-төрт, 
тіпті одан көбірек компоненттерден құралу — құрмалас сөйлемге тән, 
бірақ  оның  компоненттері  арасында  синаксистік  күрделі  бірлік 
қомпоненттеріндегідей дербестік, бөлектік, даралық болмайды. 
       Бекіту тапсырмасы:           

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет