Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет22/27
Дата27.02.2017
өлшемі2,12 Mb.
#5011
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

    
  Арнайы  сөз  етуді  керек  ететін  тағы  бір  мәселе  құрмалас  сөйлем 
компоненттері  мен  дербес  жай  сөйлемдер  арасындағы  бірлік  пен 
өзгешелік.  Құрмалас сөйлем компоненттері де жай сөйлемдер сияқты 
жеке  бір  ойды  білдіреді,  жай  сөйлемдер  сияқты  бұлар  да  өз  ішінен 
бастауыш, баяндауышқа, басқа да мүшелерге жіктеледі. 
     Құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  дербес  айтылатын  жай 
сөйлемдерден  елеулі,  түбірлі  өзгешеліктері  де  бар.  Ең  алдымен, 
құрмалас сөйлем  компоненттерінде жай сөйлемге тән  дербестік  жоқ, 
олар  құрмалас  деп  аталатын  бір  бүтін  сөйлемнің  жеке  бөлшегі  ғана. 
Бүтіннің 
бір 
бөлшегі 
болғандықтан, 
құрмалас 
сөйлем 
компоненттерінде  мағыналық  та,  интонациялық  та,  кейбіреулерінде 
формалық  та  тиянақтылық  болмайды.  Ондай  тиянақтылық  мәнге 
кұрмалас құрамындағы барлық компоненттер біріккен жағдайда ғана 
ие  болады.  Өйткені  құрмалас  сөйлемнің  дегеніміз  кез  келген  жай 
сөйлемдердің  кездейсоқ  тіркесе  салған  тобы  емес,  оның 
компоненттері  бір-бірімен  органикалық  байланыста,  берік  бірлікте 
тұрады.  Және  біріне-бірі  бағынышты,  өзара  шарттас  болып  келетін 
мағыналық күрделі бір бүтін болып есептеледі. Егер компоненттердің 
бірлігі  бұзылса,  олар  өздерінің  бірлікте  тұрғандағы  мәндерін  жояды. 
М ы с а лы:  Балапандар  қанаттанғанша,  дәуіт  те  қанаттанады 
(С.Мұқанов)  деген  құрмалас  сөйлем  осы  тұрған  қалпында  екі 
бөлшектен  құралған  бір  бүтін.  Оның  бір  жартысы  балапандар 
қанаттанғанша болса, екіншісі дәуіттің де қанаттанатындығы. Бұл екі 
жартының  бірігіп  бір  бүтін  болғанда  білдіретін  мағынасы  
балапандардың  немесе  дәуіттің  қанаттанатындығы  жайында  емес, 
солардың  қанаттануларының  бір  мезгілдің  ішінде  болатындығы 
жайында.  Ал  бұл  екі  компоненттің  бірлігі  бұзылатын  болса,  осы 

 
252 
негізгі мағына жойылады. Сонымен бірге, әр компоненттің формалық 
және интонациялық ерекшеліктері де өзгереді.   
      Құрмалас  сөйлемнің  өзіндік  сипатына  байланысты  айтылатын 
тағы  бір  жайт  —  құрмалас  сөйлеммен  жай  сөйлемдердің 
функциялары  туралы.  Атқаратын  қоғамдық  қызметі  жағынан  жай 
сөйлем  мен  кұрмалас  сөйлем  бір:  екеуі  де  (рас,  бірі  жалаң  бір  ойды 
екіншісі жеке ойдан құралған күрделі ойды білдіреді) ойды жарыққа 
шығару, оны басқаларға білдіру, сол арқылы қоғам мүшелерінің өзара 
түсінісу  қызметін  атқарады.  Сөйлемнің  бұл  екі  түрінің  бір-бірінен 
езгешеліктері 
олардың 
сыртқы 
құрылыстары 
мен 
ішкі 
мазмұндарында. 
     Құрамы  жағынан  алғанда  жай  сөйлем  —  жеке  мүшелерден 
(сөздерден)  құралады  да,  құрмалас  —  сөйлемдерден  құралады, 
басқаша  айтқанда,  жай  сөйлем  жеке  сөздерге  ғана  (мүшелерге) 
жіктеле алатын болса, құрмалас сөйлем жеке сөздерді (мүшелерді) өз 
ішіне  алатын  сөйлемдерге  жіктеледі.  Сөйтіп,  бірінің  мүшесі  —  сөз, 
екіншісінің  мүшесі  —  сөйлем.  Жай  сөйлемде  бір  ғана  предикаттық 
орталық болса, кұрмалас сөйлемде кем дегенде екеу болады. Бұл — 
жай  сөйлем  мен  құрмалас  сөйлемнің  бір-бірінен  құрылысы,  құрамы 
жағынан  өзгешеліктері,  ал  бұл  екі  категорияның  бір-бірінен 
мағыналық  өзгешелігі  —  олардың  бірінің  (жай  сөйлемнің)  жеке  бір 
ғана  ойды  білдіріп,  екіншісінің  (құрмаластың)  күрделі  ойды 
білдіруінде.        
  
                            7.6 Құрмалас сөйлемнің құрылымы 
      
Құрмалас сөйлем бірде екі компонентті, бірде үш компонентті, кейде 
одан да  көп компонентті болып келеді.   
     Құрмалас  сөйлемнің  құрамдарының  қолданылу  дәрежесі  біркелкі 
болмайды.  Жазу  тәжірибеде  бұлардың  жиі  кездесетін  түрі  екі,  үш 
компоненттілер.  Төрт,  бес  және  одан  да  көп  компонентті  түрлері 
сирек кездеседі. Ал поэзияда, әсіресе, жыр түрінде келетін өлеңдерде 
компонент саны он шақтыға дейін кете береді. М ы с а л ы: 
                                    Ұршықтай саны бұлтылдап.  
                                     Құйындай шаңы бұрқылдап,  
                                     Алмас қылыш белінде 
                                     Төрт тұяқтан шыққан от  
                                     Шақпақ тастай жылтылдап,  
                                     Құлақ салсаң, даусы  
                                     Тау суындай сыңқылдап, 
                                     Қолтығынан аққан тер  
                                     Төгіледі шылқылдап (Қыз Жібек). 
 
 
 

 
253 
     Бұл  келтірілген  шумақ  —  сегіз  компоненттен  құралған  бір  ғана 
сабақтас құрмалас сөйлем. 
     Құрмалас  сөйлем  синтаксисін  зерттеуге  арналған  әдебиеттерде 
құрмалас  сөйлемді  ашық  құрылымды  құрмалас  сөйлемнің  жабық 
құрылымды  құрмалас  сөйлем  деп  бөлушілік  те  бар.  Ашық 
құрылымды  дегенге  баяндалып  отырған  оқиға  немесе  көрініс  бір-екі 
компонент  (сөйлеммен) тиянақталмай, ой жалғасы барлығы білініп, 
әрі  қарай тағы да  сөйлемдер  қосып  жалғастыра беруге  болатындығы 
байқалып  тұратын  сөйлемдер  тізбегі  синтаксистік  күрделі  бірлікке 
жатқызылады.  М  ы  с  а  л  ы: Дәл осы кездің көрінісі қызық: көкжиекте 
қызыл жалын сәуле пайда болды, қоюлана бастаған көгілдір аспан бетінде 
селдір  бұлттар  көрінді,  баяу  соққан  самал  жел  де  тынып,  дүниені 
таңғажайып мүлгіген бір тыныштық биледі (I. Есенберлин).   Мұнымен   
тағы  да бір көріністерді сөз етіп, соза беруге болады.  
     Ашық  құрылымды  құрмалас  сөйлемнің  дейтіндер  көп  жағдайда 
синтаксистік күрделі бірлік ретінде қаралады. 
     Жабық  құрылымды  сөйлем  дегенге  алдыңғыдай  ой  жалғасы 
барлығы,  тағы  да  әрі  қарай  сөйлемдер  қосуды  қажет  етпей 
тұйықталып  тұратын  сөйлемді  айтады.  Мұндай  құрмаластар 
негізінде, екі-үш компонентті ғана болып келеді. М ы с а л ы: Күн де 
батты,  қоналқалы  жерге  біз  де  жеттік.  Олар  келіпті,  бірақ  мен 
жолыға алмадым  т.б. 
                  
7.7 Құрмалас сөйлемнің  жасалу жолдары 
 
Жай 
сөйлем 
құрамына 
енген 
сөздердің 
бір-бірімен 
грамматикалық  тығыз  байланыста    тұратыны  сияқты,  құрмалас 
сөйлем  құрамындағы  жай  сөйлемдер  де  өзара  байланысты  болады. 
Тек сондай байланыстың арқасында ғана жай сөйлемдердің  бастары 
бірігіп,  күрделі  ойды  білдіретін  бір  бүтін  сөйлем  бола  алады.    Жай 
сөйлемдер  арасындағы    байланыс  та    сөйлем  мүшелері  арасындағы  
байланыстар  сияқты  бірде  теңдік    қатынасқа    негізделген    салаласа 
байланыс  болса, бірде грамматикалық жақтан біріне –бірі меңгерілу, 
бағыну  негізіндегі  сабақтаса  байланыс  болады.  Жай  сөйлемдер  
байланысының    бұлай  әр  түрлі  болуы  оларды  байланыстырушы   
дәнекерлердің,  амал-  тәсілдердің  әр  алуандығында.  М  ы  с  а  л  ы,  
Жығылған  ағаш  жолымызды  бөгеп,  оларды  айналып  өтіп  әлек 
болатынбыз.  Дүниеде  түрме  барып,  оған  жазықты    адамдарды  
қамайтынын  Хакім  білетін,    бірақ  ешбір  қылмысы  жоқ  жанды 
түрмеге  отырғызатынын,  оны  айыптап  басына  пәле  жабатынын  
ол білмейтін (Х.Есенжанов).  

 
254 
 Компонеттер  бір-бірімен  синтаксистік  байланыста  тұруы  шарт. 
Оларды  синтаксистік  қатынасқа  келтіріп,  бір  бүтін  етіп  тұратын 
грамматикалық  амал-тәсілдер түрлі-түрлі:  
1. Құрмалас сөйлем құрамындағы компонеттердің алдыңғысының  
баяндауышы  етістіктің  тиянақсыз  түрін  де  айтылу  арқылы  кейінгі 
компонентпен    байланысады.  Бұл  тәсіл  арқылы  сабақтас  құрамалас 
сөйлем жасалады. Мысалы,  Біреудің кеудесін сағыныш билесе, бірінің 
кеудесі кек кернеп күрсінеді  (Ғ. Мүсірепов). 
     2. Компоненттер септеулік шылаулардың немесе солар мәндес 
сөздердің  дәнекерлігі  арқылы  құрмаласады.  Мұндай  қызмет    атқару 
үшін айтылған дәнекерлер атау, барыс, шығыс  септікті есімшелерге 
көмекші  болып  тұруы  шарт.  Мысалы:    Шақырған    кісілер  төрге 
жайғасып болған соң,  Құдайменде  урядникке көзінің қиығын тастап 
қойды (Ә.Нұрпейісов).   
      3.  Компоненттер  бір-бірімен  жалғаулық  шылаулар  немесе 
солар мәндес сөздер арқылы құрмаласады. Бұл тәсіл арқылы салалас 
сөйлем жасалады. Мысалы: Қараңғыда адамның бір минуты жылдай 
көрінетіні бар ғой, сондықтан Баршагүл қанша жортқанмен болжай 
алмады (Ғ.Сыланов).  
     4.  Компоненттер  мағына  жалғастығы,  интонация  бірлігі 
арқылы бір-бірімен іргелесе айтылып құрмаласады. Бұл тәсіл арқылы 
жасалатындар – жалғаулықсыз салалас сөйлемдер. Мысалы: Өлім мен 
өмір  сияқты  қараңғы  мен  жарық  та  кезек  жеңіседі,  тірлік  үшін 
бұлар да тартысып жатады (Ә.Нұрпейісов). 
      5.  Тіліміздің  синтаксистік  құрылысы  дамуының  кейінгі 
сатысында  дербес  жай  сөйлемдер    баяндауыштары  қызметінде    де,  
салалас  құрмалас  сөйлем  компонентінің  баяндауышы  қызметінде  де 
есім сөздер жиі қолданылады. Мысалы:  Оның жасы биыл он жетіде, 
соған  қарамастан  көргені  көп.  Ол  мұнда  жоқ,  сондықтан  жолыға 
алмайсыз.  Бұл  мысалдағы  сөйлемнің  салалас  құрмалас  сөйлем  және 
алдыңғы компонентінің баяндауыштары есім сөзден болған. 
     Мағыналық  жақтан  өзара  іліктес    интонациялық  жақтан  біртұтас 
болып  келу  құрамалас  сөйлем  атауының  барлығында  да    болатын 
қасиет,  бірақ  бұл  қасиет  құрмалас  сөйлем  жасаудың  алдыңғы  үш 
тәсілінде  басқа  дәнекерлермен  қабаттаса  жүрсе,  соңғысында,  яғни 
жалғаулықсыз  салалас  сөйлем  жасауда,  ол  ең  негізгі  тәсіл  болып 
есептеледі.  
      
7.8 Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі 
     
 Сөйлем мүшесі қызметін  атқаратын әрбір сөздің сөйлемде қалай 
болса  солай  тұра  салмай,  белгілі  тәртіппен  орналасатыны  сияқты, 

 
255 
құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  орналасуында  да  белгілі 
қалыптасқан  тұрақты  заңдылықтары    болады.  Егер  компоненттердің 
тілімізде қалыптасқан орын тәртібі  бұзылса,  жай сөйлемдердің бір–
бірімен  байланысы,  сөйлемнің  құрмаластық  қасиеті    жойылып    қана 
қоймайды,  сонымен  бірге,  сөйлемнің  ұғымы  ауырлап,  кейде  сөйлем 
болудан  да  қалады.  Сондықтан  сөйлем  мүшелерінің  орын  тәртібі 
сөздердің  синтаксистік  қатынастардың  басты  бір  көрсеткіші 
болатыны сияқты, құрмалас сөйлем компоненттерінің орын тәртібі де 
жай  сөйлемдерді    құрмаластырудың  елеулі    бір  жолы    болып 
есептеледі.  Құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  орналасуында 
мынадай заңдылықтар бар: 
     а) салалас құрмаластың болсын, сабақтас құрмаластың болсын 
тиянақсыз  компоненттері  әрдайым  бұрын  айтылады  да,  тиянақсыз 
компоненттері  кейін  айтылып,  сөйлемді  аяқтап  тұрады.  Мысалы: 
Сәуле түсінгендей түр көрсетіп, көз қиығын тастап еді, ол кеудесін 
қанша  ауыр  мұң  басып,  бұрын      үнемі  шаттық  ойнап  тұратын  
көзінен қазір ыза оты жалтылдайды. (Ә. Әбішев). 
      ә)  Поэзияда  құрмаластың  тиянақты  компоненттері  мен 
тиянақсыз  компоненттерінің  орын  тәртібі    өзгеріп,  үйлесіміне  қарай 
түрленіп  айтыла  береді.  Мысалы,  Жауыз  ойлап,  жалған  күлме, 
Жанын таза болса егер.  Жәдігөй  боп өмір сүрме, Арың таза болса 
егер (Ж.Сайн). 
      б) Сабақтас  құрмалас сөйлемнің тиянақсыз компоненті  кейде 
тиянақты  компоненттің  ішінде  келетіні  де  бар.  Бірақ  бұл  –  тілімізде 
кең  тараған    құбылыс  емес,  өте  сирек    кездеседі.  Сондықтан 
бағыныңқы  компонентті  бірінші  орында  айтылған  сабақтастардың 
көпшілігін ол компонентті  тиянақты жай сөйлемнің  ішінде келтіріп  
өзгертіп    айтуға  немесе  керісінше  қойып  айтуға  болады.  Мысалы: 
Әкемнен  етегімнен  ұстағанша,  мен  арызымды  таласқа  беріпте 
үлгердім    (Ә.Сәрсенбайев)  деген  құрмаласты  мен,  әкем  етегімнен 
ұстағанша,  арызымды  таласқа  беріпте  үлгердім.    Сонымен  бірге, 
компоненттердің  орын  тәртібіне  жай  сөйлемдерді  бір-бірімен 
құрмаластыратын кейбір шылаулардың да тигізетін әсері күшті.   
 
7.9    Құрмалас сөйлемнің  түрлері 
     
 Қазан революциясынан бұрын орыс тілінде жазылған грамматикалық 
әдебиеттердің 
бір-екеуінде 
ғана 
сложноносочиненное, 
сложноподчиненное  деген  атаулардың  кездесетіні  болмаса,  олардың 
ешқайсысы да өз ішінен ұсақ салаларға жіктелмеген. Жіктеудің ондай 
түрлері  «Тіл  құралынан»  басталған.  Онда  қазақ  тіліндегі 
сөйлемдердің  бір-бірімен  құрмаласуын  «қиысқан  құрмалас,  сиысқан 

 
256 
құрмалас» деп екі  салаға бөледі. Салалас құрмаласқа тән белгі −оның 
құрамды бөлшектерінің  өзара тең болуы болса, сабақтас құрмаласқа 
тән  белгі  −    оның  болшектерінің  тең  болмай,  бірі  екіншісінен    кем 
болуы дегенді айтады. 
     Құрмалас  сөйлемнің  үшінші  түрі  етіп  аралас  құрмаласты  қосу 
Н.Сауранбаевтың 1938 жылы «Құрмалас сөйлем туралы» деген атпен  
жарияланған  мақаласынан бастады.   
     Н.Сауранбаев  «Қазақ  тіліндегі  құрмалас  сөйлем  жүйесі»  деп 
аталатын  кітапшасында  құрмалас  сөйлемді  іргелелес,  салалас, 
сабақтас 
деп 
үш 
түрге 
бөледі. 
Бұл 
кітапшасындағы 
классификациясын 
 
да, 
классификациялау 
принципінде    
Н.Сауранбаев  «Қазіргі  қазақ  тілі»  атты  зерттеулер    жинағына  енген 
«Құрмалас  сөйлем    синтаксисі»  еңбегінде  біраз  өзгертіп,  бір-бірімен 
құрмаласу  тәсілдеріне  қарай    сөйлем    салалас  құрмалас,    сабақтас 
құрмалас,  аралас  құрмалас,  үйірлі  мүшелі  құрмалас  деп  төртке 
бөлінген. 
     Қазіргі  заман  лингвистикасында  талассыз  шешілген,  ғылымда 
әбден орныққан бір ғана көзқарас  бар. Ол сөз бен сөздің, сөйлем мен 
сөйлемнің    болсын  бір–бірімен    синтаксистік  байлансының  екі  түрлі 
тәсілі:  оның бірі – салаласа байланыс, екіншісі  -  сабақтас  байланыс. 
Құрмалас сөйлемді түрге бөлуде негізгі критерий, классификациялық 
принцип болатын да синтаксистік байланыстын осы екі түрі. Осы екі 
байланыс  атауымен    құрмалас  сөйлемдер  байланысу  тәсіліне    қарай  
салалас,  сабақтас  және  аралас    құрмалас  сөйлем  болып  үшке 
бөлінеді.  Аралас  құрмалас  құрмалас      құрамындағы    компоненттер  
құрмаласуының  үшінші түрі емес, алдыңғы екі түрлі байланыстың ең 
кем  болғанда  үш  компоненттен  құралатын  бір  құрмалас  ішіне 
топтасуы ғана.   
 
7.10
 
Жалғаулықсыз  салалас  сөйлем 
     
 Бүгінгі  күні  салалас  құрмалас  сөйлем  екі  түрлі  белгісіне  қарай 
сараланып  жүр.  Бірі  –  құрылымдық    белгі  -  яғни,  компоненттерінің 
байланысу  жолы  тұрғысынан  жалғаулықты-жалғаулықсыз  болып   
бөлінуі,    екіншісі    -        семантикалық-мағыналық  қатынасына  қарай  
бөлінуі.  Сонда    байланысу    тәсіліне    қарай  -  жалғаулықты, 
жалғаулықсыз  болып  бөлінсе,        мағыналық  қатынасына  қарай  9-ға 
бөлінеді: Ыңғайлас, себептес, қарсылықты салалас  сөйлемдер  әрі  
жалғаулықты,    әрі    жалғаулықсыз  байланысса,  талғаулы,  кезектес 
салаластар тек  қана   жалғаулық     шылаулар   арқылы байланысады. 
Ал 
шартты, 
салыстырмалы, 
түсіндірмелі 
салаластар   
жалғаулықсыз  байланысады.    Көп  құрамды    салалас    сөйлемдер 

 
257 
кемінде    үш    не    одан    да    көп    компоненттерден      құралып,  
жалғаулықты-жалғаулықсыз болып құрмаласа  береді. 
      Жалғаулықсыз салалас сөйлемдерде компоненттер бірлігі жай 
сөйлемдердің  мағыналық  жағынан  өзара  байланыстылығынан, 
шарттастылығынан,  интонация  тұтастығынан  және  компоненттер 
құрылысындағы  кейбір  ортақ    сиппаттардан  көрінеді.  Мағыналық 
жағынан  алғанда,  жалғаулықсыз  салалас  құрамына  енген  жай 
сөйлемдер бір-біріне жақын, өзара іліктес шарттас, мезгілдес, бірінің 
мағынасын  екіншісі  ашып,  саралап  түсіндіріп  тұруы  мұмкін.  Соның 
арқасында, алдыңғы жай сөйлем айтылғанда ойдың аяқталмағандығы, 
ой  жалғасы  барлығы  байқалып  тұрады.  Мысалы:  Ол  қасқа  айғырға 
қарай  ұмтыла  түсіп  еді,  Бақыт  тізгініне  жармаса  кетті 
(Х.Есенжанов).  Бұл    мысалда      бірінші  компоненттің      интонацияцы  
тиянақсыз  болып,  олардан  кейін  тағы  да  бірдеме  айтылу  қажеттігі 
байқалып  тұр,  компонент  мағыналары  да  өзара  бір-бірімен  тығыз 
байланысты:  Ол  қасқа  айғырға  қарай  ұмтыла  беріп  еді  деген 
компонент  өзінен  кейінгі  Бақыт  тізгінге  жармаса  кетті  деген 
сөйлемсіз аяқталған ойды білдіре алмайды. Өйткені сөйлем бүтіндігі, 
ой тұтастығы бір мезгілдің ішінде болған осы екі компоненттің бірігуі 
арқасында ғана жүзеге асады. Мағыналық және интонациялық бірлік, 
өзара  тығыз  байланыстылық  жалғаулықсыз  салалас  сөйлемнің  қай 
түрінде болса да кездеседі.      
     Жалғаулықсыз  салалас  сөйлем  компоненттерінің  бір-бірімен 
байланысу жолдары: 
     Құрмалас  сөйлемнің  басқа  түрлеріне  қарағанда,  жалғаулықсыз 
салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысы онша тығыз, 
берік  болмайды,  оларда  дербестік,  формальдық,  тиянақтылық  басым 
келеді. Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің тек өзіне ғана тән меншікті 
баяндауыш  формасы  жоқ,  қалыпты  тиянақты  жай  сөйлемдер  де 
баяндауыш қызметінде қолданылатын сөз таптарының, формалардың 
қай-қайсылары 
болса 
да 
жалғаулықсыз 
салалас 
сөйлем 
компоненттерінің баяндауыштары бола алады.   
      1.Етістіктердің  ішінде  жалғаулықсыз  салаластың  бірінші 
компоненті  қызметінде  жиі  қолданылатындар  –еді,  екен,  емес 
көмекшілері.  Бұл  көмекшілерге  аяқталған  компоненттер  көбінесе 
интонациялық  жақтан  да,  мағынасы  жағынан  да  тиянақсыз  мәнде 
тұрады. Тілдік фактілерге қарағанда, жоғарыда аталған көмекшілерге 
аяқталған  жай  сөйлемдердің  көпшілігі  құрмалас  сөйлемнің 
компоненті болып келеді.  
    2. 
Жалғаулықсыз  салалас  сөйлем    компоненттерінің 
баяндауышы  сол  есімдігінен  болады.  Бұл  есімдік  алдыңғы  жай 
сөйлемнің  баяндауышы  функциясында  қолданылғанда,  формальдық 

 
258 
құбылыстарға  ұшырап,  сонша,  соншалық,  сондай,  соншама  болып 
айтылады.  Мысалы,  Тек  бір  ғана  тілегім  сол  –  сендер  тату 
болыңдаршы!  Бұл  сөйлемде  баяндауышы  сілтеу  есімдігінен  болған, 
компоненттері  іс–әрекет,  жай  күйді  өзі  баяндамайды,  кейінгі 
компонентте баяндалатындығын білдіреді, соған сілтейді. Мағыналық 
қатынастары  жағынан  бұлардың  барлық  түрлері  бірдей  емес.  Сол 
есімдігі  арқылы  құрмаласатын  салаластың  бірінші  компоненті 
жалпылауыштық,  сілтеу  мәнінде  айтылады  да,  екінші  конпоненті 
тұтасымен  бірінші  компоненттегі  бастауыштың  баяндауыштың 
функциясында, яғни сол есімдігінің орнына жұмсалады. Сенің жөнің 
бөлек  дегенім  сол  –  сен  сонау  жиналған  буынның  қайнаған 
ортасындасын  (М.Әуезов).    Салалас  құрмалас  сөйлемнің  бірінші 
компонентінің мағыналық, әсіресе, интонациялық жағынан аяқталмай 
тұруы  -  жалғаулықсыз  салалас  сөйлемнің  ең  негізгі  белгісі  болса, 
екіншіден, 
оның 
құрамындағы 
компоненттерді 
бір–бірімен 
байланыстырып, құрмаластыратын басты тәсіл болып табылады. 
      3.Жалғаулықсыз 
салалас 
сөйлемнің 
құрамындағы  
компоненттердің      бір-бірімен  құрмаластық  қатынасы  компонент 
баяндауыштарының  бірі  бастауышқа  ортақтасып  тұруы  арқылы 
да,    бір  сөздің  бірінші  компонентте  де,  екініші  компонентте  де 
қайталанып  айтылуы    арқылы    жалғаулықсыз    салалас    жасалады. 
Мысалы, Інісі оған жәбірлеген жоқ, ұзай берген ағасының желкесіне 
ай  сәулесін  түсірем  деп,  әурелеген  бойы  қала  берді  (Ғ.Мүсірепов). 
Сөйлемдегі  бастапқы  компоненттегі  інісі  деген  бір  бастауышқа  ғана 
ортақтасып,  сол  арқылы  компоненттер  бірлігі,  ой  тұтастығы 
қамтамасыз  етіліп  тұр.    Жолдасын  таппаған  ер  азады,  басшысын 
таппаған  ел  азады.  Тұғырына  саңғыған  сұңқар  оңбас,  үйірінен 
қаңғыған  тұлпар  оңбас.  Еңбек  ерлікке  жеткізер,  ерлік  елдікке 
жеткізер.  (Мақал).  Мұнда  да    компоненттер  бірлігі,  олардың  өзара 
байланыстылығы  әр  салалас  сөйлемнің  бірінші  компоненттерінде 
айтылған  сөздің  екінші  компоненттерінде  функцияларды  қайталап 
айтылулары арқылы қамтамасыз етілген.  
      4.Салалас 
құрмалас 
сөйлемнің 
мұндай 
құрылыстағы 
түрлерінде  кейде  алдыңғы  компонентте  айтылған  сөздің  орнына 
екінші компонентте есімдік қолданылуы да мүмкін. Мысалы: Омбыға 
оқуға  бару  үшін  маған  облыстан  қағаз  керек,  соны  бергісі  келмеген 
Сейтақты  Боржабай  жалынып  әрең  көндірді.  (С.Мұқанов)  деген 
құрмалас  сөйлемде  бірінші  компоненттегі      куәлік  қағаз  екінші 
компонентте  ол  сөздің  өзін  қайталамай,  оның  орнына  соны  деген 
сілтеу есімдігін қолданылған. 
      5. Бірнеше жай сөйлемдердің бір ғана бастауышқа немесе бір   
баяндауышқа    ортақтасып  барып  құрмаласуы  жалғаулықсыз  салалас  

 
259 
сөйлем   жасайды. Мысалы,  Ер Төстік беліне садақ байлайды, қолына 
таяқ алады, аяғына темір етік киеді, ай жүреді, жыл жүреді, талай 
елді,  талай  жерді  аралайды.  Таяқ  тайға  жеткізер,  Тай  құнанға 
жеткізер,  Құнан  атқа  жеткізер,  Ат  мұратқа  жеткізер    (Мақал). 
Мысалдағы  алты жай сөйлем  Ер Төстік деген бір ғана  бастауышқа  
ортақтасып  тұрса,  екінші    мысалдағы      жай  сөйлемдердің  бірлігін  
өзара  құрмаластырып  тұрған  жеткізер  деген  бір  сөздің  төрт  жай 
сөйлемнің  төртеуіне  де  баяндауыш  болып,  қайталып  айтылуы. 
Баяндауыштары  қайталап  айтылған  бір  сөзден  болған  жалғаулықсыз 
салалас  сөйлемнің  компоненттері  кейде  ықшамдалып,  өзара 
сыйыстырылып 
айтылады. 
Ондай 
ықшамдаулар 
алдыңғы 
компоненттің  баяндауышы  айтылмай,  түсіріліп  қалдырылуы  арқылы 
жасалып,    күрделенген      жай    сөйлемге    айналады.    Бірақ  бұлар 
құрылысы  жағынан  жай  сөйлем  болғанмен,  мағыналары  жағынан 
әрқайсысынада  бір-бір  күрделі  ойдың  барлығы,  компоненттер 
баяндауыштарының жасырын екендігі байқалып тұрады.  
      6.  Жалғаулықсыз  іргелес  құрмаласатын  жай  сөйлемдерді  бір-
бірімен  байланыстыруда  баяндауыштардың  жақтық,  шақтық  сан 
мөлшерлік жақтарынан бірыңғай, біртектес болып келулері арқылы  
жалғаулықсыз  салалас  жасалады.     
Құбылып бурыл гүлдеді, 
Табаны жерге тимеді
Тау мен тасты көрмеді, 
Төрт аяқты сермеді
Тер шыққан соң өрледі. 
Адырды көзі көрмеді, 
Көлденең жатқан көк тасты  
Тікпен тиген тұяғы  
Саз балшықтай иледі.  («Қобыланды батыр») 
Жеті жай сөйлемнен құралған бұл шумақтың басын қосып тұрған 
ритмикалық  бірлік  жай  сөйлемдердің  баяндауышы  болған 
етістіктердің  бірыңғай  жақтық,  бірыңғай  шақтық  мағынада  
айтылулары арқылы берілген.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет