Хабаршысы ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата27.02.2017
өлшемі2,39 Mb.
#5025
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
часть Лиссабонской стратегии для развития и занятости, что включает: 
- пересмотр учебных программ: три системы образовательных циклов, компетентностное 
обучение, гибкую траекторию обучения, признание и мобильность европейского 
образования. 
- реформы в управлении: автономность вузов, стратегическое партнерство, включая 
партнерство с промышленными компаниями, также гарантии качества образования. 
- финансовые реформы: различные виды финансирования вузов в соответствии с их 
представлениями и избранными миссиями, содействие равному доступу к образованию 
всех членов общества и эффективности обучения, включая стипендиальное поощрение. 
Пересмотр учебных программ в 47 странах Болонского процесса на всем протяжении 
Европы ведет к созданию единого образовательного пространства - европейского 
пространства высшего образования. Поддержка студентов стран третьего мира 
осуществляется благодаря европейской программе «Эразмус+», являющейся преемницей 
прежней программы «Эразмус». ЕС также поддерживает реформы, основанные на новых 
технологиях и современных инновациях [7]. 
Болонский процесс – не первое и не единственное объединение вузов. До подписания 
Болонской декларации уже существовала Великая Хартия Университетов. На встрече 
ректоров университетов в 1988 году отмечалась 900-летняя годовщина Болонского 
университета, старейшего в Европе. За год до Болонской декларации министры высшего 
образования подписали Сорбоннскую декларацию в Париже в 1998 году, обещая 
«гармонизировать архитектуру системы высшего образования в Европе». По этой причине 
французская академическая администрация называет Болонскиий процесс никак не иначе, 
как Сорбоннско-Болонский процесс. 
Отчет, представленный в 1995 году (за три года до Болонской декларации) европейским 
круглым столом промышленников, которые совместно привели к высокому уровню 
руководства мультинациональными компаниями, такими, как Нестле, Бритиш Телеком, 
Тотал, Ренаут, Сименс и другие, был обращен к высшему образованию этих стран. Этот 
отчет имел целью «представить видение промышленников того, как они верят, что 
образовательный процесс должен приспособиться, чтобы реагировать более эффективно 
на социальные и экономические вызовы настоящего момента». Именно на образование 
была возложена миссия формирования новых членов общества. 
Основные документы Болонского процесса: 1999 год – Болонская декларация, 2001 год –
Коммюнике министров, Прага, 2003 год – Коммюнике министров, Берлин, 2005 год– 
Коммюнике министров, Берген, 2007 год – Коммюнике министров, Лондон, 2009 год – 
Коммюнике министров, Левен, 2011 – Будапештско-Венская декларация, 2012 - 
Коммюнике министров, Бухарест. Сегодня участниками Болонского процесса являются 49 
стран. Четыре государства или территории, запросившие членства в Болонском процессе, 
не приняты в настоящее время. Это – Кыргызстан, Турецкая республика Северного Кипра, 
Израиль, Косово. При этом развитие образования в странах Болонского процесса идет 
неоднозначно. Если в Ирландии произошло объединение вузов, то в Британии в 
образовательной системе решили ничего не менять, в Дании пошли еще дальше - убрали 
образовательные программы на национальном языке, оставив учебные программы только 

 
237 
на английском. В Испании имеются свои сложности внедрения образовательных 
инноваций. 
 Один из фрагментов сложившейся ситуации в Испании. 18 марта 2009 года испанская 
полиция выступила против студентов, протестовавших против ареста 50 юношей и 
девушек, которые в течение 4 месяцев оккупировали ректорат Университета Барселоны. 
Сообщалось о сотнях получивших ранения среди протестующих, полиции и журналистов. 
На следующий день большинство университетов в Испании остановилось на многие дни
выступая против введения изменений, связанных с Болонским процессом. Некоторые 
аналогичные ситуации в тот период произошли в Аликанте, где протестовало более 
тысячи человек, с ранениями и расправой над студентами со стороны городских властей 
при попытках разогнать бастующих. Испанские студенты считали, что реформы 
образования только усиливают перекос при подготовке на рынок труда «безмозглых 
роботов». Кроме того, изменения в системе оплаты делали образование экономически 
недосягаемым для многих групп населения Испании. 
Таким образом, следует упомянуть некоторые недостатки Болонского процесса: 
- недостаток демократии в проводимых образовательных реформах; 
- недостаток финансовой поддержки заявленных изменений; 
- всеобщая система высшего образования Европы становится все более расчетливой – 
даже студенческое расписание практически становится идентичным промышленному 
графику рабочих и служащих, а также наблюдается излишняя профессионализация 
студенчества; 
- недостаток гарантий качества образования. 
Что изменилось в образовании с началом Болонского процесса: главный фокус 
образования сместился с содержания образования к приобретаемым студентами 
компетенциям; ранее низкая автономность вузов становится большей; образовательные 
программы предлагаются вузами, тогда как ранее они утверждались правительством; 
вузовские степени были доступны конечному числу граждан, сейчас они доступны такому 
количеству, какое вуз пожелает; качество образования было показателем рудиментарным, 
второстепенным, неважным, сейчас оно является ключевым аспектом современного 
образования; внешняя оценка качества образования, предоставляемая вузом, была 
добровольной (по программе развития вуза), сейчас она обязательна (сертификация и 
аккредитация образовательных программ). 
Чего же должен достигнуть Болонский процесс? Помочь развитию образования, но при 
этом не становиться частью проблемы.Помочь развитию образования без вмешательства в 
предназначение вуза и народа, предоставляя автономию своим членам [8]. 
Ключевые факторы прогрессивного будущего Болонского процесса: 
- университеты должны сохранить свою индивидуальность; 
- университеты должны укреплять международное сотрудничество, чтобы сделать 
местные политические решения не имеющими значения и влияния на образовательный 
процесс; 
- университеты должны установить локальные мосты со всеми заинтересованными 
сторонами, чтобы помочь создать общество, основанное на знании. 
Только в этом случае можно говорить о Болонском процессе как залоге прогрессивных 
изменений сегодняшнего образования, развивающегося в условиях постиндустриального 
информационного общества.  
 
 
 
 
 
 
 

 
238 
Литература 
 
1.
 
Келлер А. От Болоньи к Берлину. Перспективы Европейского пространства 
высшего образования. Исследование, проведенное по заданию делегации 
Партии демократического социализма в Конфедеральной фракции Объединен-
ных европейских левых/Северных зеленых левых в европейском парламенте // 
Болонский процесс: середина пути. М., 2005. 
2.
 
Зона Европейского высшего образования. Совместное заявление европейских 
министров образования (г. Болонья, 19 июня 1999 года)[Электронный ресурс]. 
Режим доступа: 
http://www.w3.org/TR/REC-html40

3.
 
Нюборг П. Болонский процесс // Болонский процесс: середина пути. М., 2005. 
С. 59. 
4.
 
Байденко В. И. Заключение // Болонский процесс: на пути к Берлинской 
конференции (европейский анализ). М., 2004. С. 412–413. 
5.
 
Ахола С., Месикяммен Я. Болонский процесс и его влияние на высшее 
образование Финляндии [Электронный ресурс] // Высшее образование в 
Европе. 2003. № 2. Режим доступа: 
http://logosbook.ru/hee

6.
 
Байденко В. И. Болонский процесс: структурная реформа высшего образования 
Европы. М., 1999. С. 43. 
7.
 
Куаден Г. Региональная интеграция и продвижение экономического роста: 
европейский опыт [Электронный ресурс]. Режим доступа: 
http://inrevu.ru/FAVORIT/ART39

8.
 
Фромент Э. Европейское пространство высшего образования: новые рамки 
развития [Электронный ресурс] // Высшее образование в Европе. 2003. № 1. 
http://logosbook.ru/
hee. 
 
 
ӘОЖ 159.9 
КОНФЛИКТОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІН ОҚЫТУ НЕГІЗІ, СИПАТЫ 
 
С.Қ. Мұхамбетова, Ж.Е. Бақытжанова 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
Ақтөбе қаласы, Қазақстан 
 
В статье рассматриваютя содержание педагогических, психологических конфликтов, 
основые категории конфликтологии. Раскрывается сущность, значение содержание 
понятий «конфликтология», «конфликт», «классификация видов конфликта». Проблемы 
конфликтологии. 
The article considers the content of pedagogical, psychological conflicts, main categories of 
conflict. Open up essence, the importance of the meaning of “conflict management”, “conflict”, 
“classification of the conflict” Conflict issues. 
 
Ключевые слова: конфликтология, конфликт, педагогический конфликт, психологический 
конфликт, психология конфликтов. 
Key words: categories, conflict, management, psychological conflicts. 
 
Мемлекет басшысы 2011 жылғы халыққа арнаған Жолдауында ХХІ ғасырдың алғашқы 
онжылдығындағы әлеуметтік - экономикалық белестерімізге қорытынды жасап, 2020 
жылға дейінгі дамуымыздың білім саласындағы бағдарын айқындады, технологиялық 
тұрғыда дамыған, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім 
саласы екеніне назар аударды. Басты даму бағыттарының бірі – қазіргі білім мен ғылымды 
дамыту. Білім саласының инновациялық даму жолына сапалы көшуіне тікелей 

 
239 
байланысты. Бұл міндеттерді шешу әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық 
жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым - 
қатынасқа өту қажеттігі туындайды [66,6-бет]. 
Әр ғалым ғылыми зерттеу барысында тұлға қалыптастырудағы конфликт мәніне тоқтала 
отырып, конфликт ұғымына әр түрлі анықтама береді. 
Ұ.Ауталипова, С.Қоңырбаева «Дау-дамайлар психологиясы», оқу құралында: бір 
анықтамада, «Дау-дамай – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы 
қызығушылықтардың қақтығыстар, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі 
мәселелерге өзара түсіністіктің болмауы»,-десе, екіншісінде, «Дау-дамай – 
қақтығыстардың тууы, дамуы, оны шешу, оның кері салдарын жою заңдылықтары туралы 
ғылым»,- дейді. Осы оқу құралында авторлар, бұл оқу пәнін «...әлеуметтік-
психологиялық, заң және педагогикалық білімдер жиынтығына сүйенеді»,-деген пікір 
айтады 

67


Т.А Абдрахманова., М.П. Оспанбаева «Конфликтология» оқу –әдістемелік құралында: 
«Конфликтология – қақтығыстардың жағымсыз жағдайларының алдын алу және даму 
заңдылықтары, оны шешу және жою әдістері туралы ғылым»,- деген анаықтама береді 

68

. Көріп отырғанымыздай анықтамалар бір қарағанда ұқсас, ал екінші қарағанда 
олардың өзіндік айырмашылықтары бар.  
Конфликтология пәнін оқытудың бірден-бір мақсаты – өзіне тән педагогикалық тәсілдер 
арқылы білім алушыларды конфликт туралы білім, конфликтіні шешу тәжірибесімен 
қаруландыра отырып, педагогикалық кәсіби даярлаудың мұрат-мақсаттарына сәйкес 
тәрбиелеу, жеке тұлға етіп қалыптастыру [69,3-бет]. Колледж оқу жоспарына 
конфликтология пәні енбегендіктен, оқу-тәрбие үрдісінде, ұжымда педагогикалық, 
психологиялық конфликтің туындауы заңды құбылыс болғандықтан, дау-дамай нысаны 
мен пәндік аясын қарастыру қажеттігінен, біз мұғалім «адам-адам» қатынасында жұмыс 
істейтін мамандық иесі болғандықтан осы мәселені шешудің өзіндік жолын іздестірдік. 
Колледжде бұл мақсат негізінен педагогика, психология пәндерін оқыту үрдісінде, өз 
бетінше жұмыс барысында оқулықтар мен  оқу құралдарын пайдалану арқылы жүзеге 
асырылады. Соған орай психология және педагогика пәндерінде конфликтологиялық 
білім беруді пәнаралық, пәнішілік, оқу материалдарындағы, тақырыптар арасындағы 
сабақтастықты сақтау, пәнаралық, ғылымаралық интеграциялау принциптері қолданылды. 
Жоғарыда аталған пән оқулықтарының барлығында бірдей конфликт, не конфликтология 
мәселелері қарастырылмаған, әрі колледж мемлекеттік стандартына, оқу жоспары мен 
бағдарламасына конфликтология пәні кірмеген, бірақ қазіргі оқу орындарында жиі 
кездесіп отыратын конфликтілер..., тіпті бір жасөспірімнің екіншісінің өміріне қауіп 
төндіруі жиелеп кеткен уақытта конфликт мәселесін қарастыру қажеттігі оқулықтағы 
материалдарды қайта қарап, бағдарламадан тыс болса да конфликт теориясы мен оны 
шешу тәжірибесін қарастыру қажеттігін көрсетеді. Сондықтан педагогика, психология 
пәндерін оқу барысында білім алушыларға ұсынатын білімдерді дидактикалық талаптарға 
сүйеніп, өмір талабына сай етіп жүйеленіп, іріктеліп алынды. Оқулыққа қосымша оқу 
құралы құрастырылып, конфликтологиялық білім беруге сәйкес білім мазмұны 
сұрыпталып, қолданылатын ақпараттық материал жинақталды. Біртұтас педагогикалық 
процесс барысында мұғалім оқыту, білім алушы оқу-танымдық әрекетінде өзара тіл 
табысуы, тиімді шешім табуы, қарым-қатынас барысында дұрыс қатынас жасауы алдымен 
мұғалімге байланысты болады. 
Ы.Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі», - деп мұғалімді жоғары қоюы, барлық 
мәселе мұғалімге байланысты болғандықтан колледжде ойы жүйрік, ақылы жетік, 
бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға, болашақ маман қалыптастыру, конфликт 
сыры мен қырын меңгертуді де көздейді [70].   Бүгінгі күні болашақ мұғалім тұлғасын 
қалыптастыруға жаңаша көзқараспен қарауға, конфликтідегі негізгі мәселенің туындауы 
мен дамуындағы мұғалімнің роліне, ықпалына ерекше мән беруге тиіспіз. Білім беруді 
ізгіліктендіре отырып, болашақ маманның өз іс - әрекетіне жауапкершілігін, 

 
240 
ұқыптылығын дамытып, өз ойын, білімі мен білігін жалтақтамай жүзеге асыруына 
мүмкіндік туғызып, педагогика, психология пәндерін оқытуда  шығармашылықпен жұмыс 
істеуіне, тұлға ретінде жетілуіне жағдай жасалады. Білім беруді ізгілендіру арқылы  
мұғалім мен білім алушылардың қарым – қатынасына өзгеріс енгізіп, болашақ маманның 
икемділік, адамгершілік, инабаттылық, кішіпейілдік, әдептілік қасиеттерінің 
қалыптасуына, конфликтіні дұрыс шешіп, оның алдын алып болдырмауына 
конфликтологиялық білім, білігі, қарым-қатынасты дұрыс құруы ықпал етері сөзсіз. 
Болашақ маман тұлғасының қалыптасуына педагогика, психология пәндерінен берілетін 
білім ерекше ықпал етеді. Педагогикалық үрдіс кезіндегі мұғалім мен білім алушылардың 
қарым – қатынасы үлкен роль атқарады. Білім алушы – мұғалімнің айтқанын тыңдаумен 
шектелмейді, ол «субъект-субъектілік» қатынаста өз пікірін білдіріп, өзінің талабын 
қойып, қызығушылығын қанағаттандырып, білімін кеңейтіп, өз шығармашылық ойын 
жүзеге асыруға талпынатын субъект иесі. Бұл талап, тілектерді қанағаттандыру 
мұғалімнен үлкен дайындықты, терең білім мен ұстамдылықты талап етеді. Педагогика, 
психология пәндерін оқу барысында болашақ мұғалім оқыту үрдісін ізгілендіру, 
конфликтілік білім, білік қалыптастыру жүйесімен танысады. Жеке тұлғаның өз ішіндегі 
конфликтіні айқындау, жеке тұлғалараралық, топтық,  ұжымдық конфликтіні шешу әдіс-
тәсілдерімен, педагогикалық ұжымдағы конфликт мәселесіне байланысты жұмыстармен 
танысады. Конфликтологиялық білім арқылы болашақ мұғалімнің біліктілігімен қатар 
жалпы мәдени деңгейі көтеріледі. Білім беруді ізгілендіру мұғалім мен білм алушы 
арасындағы қарым – қатынасына тікелей байланысты болса, білім мазмұнын ізгілендіру 
берілетін білім жүйесіне жалпы адами мәселелерді ендіру арқылы адам баласы жасаған 
құндылықтарды білім алушылардың меңгеруіне жағдай жасайды. Білім алушылардың 
конфликтологиялық білімдерін тереңдете отырып, өткен тарихымызды, табиғи және 
мәдени байлықтарды сақтауға, қорғауға тәрбиелейміз. Конфликтологиялық мәселерге сай: 
тарихи, діни, құқықтық, экологиялық, экономикалық, этникалық, этностық, ұлтаралық, 
педагогикалық конфликтіні шешудің психологиялық астарына мән беріледі...   
Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың:  «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына 
Жолдауында: «Азаматтық татулық  пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. 
Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік 
эталон ретінде танылған,... Мемлекетте бәрі де тең болуға тиіс. Этностық немесе басқа да 
белгілер бойынша жақсы немесе жаман деген болмауға тиіс. Бұл мәселе мен үшін 
декларативті емес.  Егер біреуге этностық белгісі бойынша қысым жасалса, онда бүкіл 
қазақстандықтарға қысым жасалды деп есептеу керек. Ешқандай этносқа ешқандай 
артықшылық болмайды және болмауға тиіс, барлығының құқықтары мен міндеттері 
бірдей. Біз тең мүмкіндіктер қоғамын, бәрі заң алдында бірдей болатын қоғамды 
құрудамыз. Біз ешқашан оқуға түсу, жұмысқа тұру және қызмет бабында өсу этностық 
белгі арқылы шешіледі дегенді ойға да алмауға тиіспіз...»,-деген сөздері конфликт 
мәселесін дұрыс шешуге бағдарлайды 

71 

.     
Педагогикалық процесті басқару iсiндегi қақтығыс – бұл біріншіден, педагогикалық 
ұжымдағы басқарушылар арасындағы, басшылық пен атқарушылардың, әр түрлi 
бөлiмшiлер арасындағы басқару әдiсi мен құралдары, мақсаттары, оның нәтижелерi мен 
әлеуметтiк зардаптары бойынша болатын қақтығыс түрiн айтамыз. Екіншіден, сабақ 
үстінде оқу-танымдық әрекетті, ұжымдық-көпшілік, топтық, топаралық, жеке-дара 
жұмысты ұйымдастыру барысындағы мұғалімнің басқарушылық қызметін 
ұйымдастырудағы конфликт. Үшіншіден, ұйымдастырушылық басқарудағы субъективтiк 
деңгейдегi конфликт білім алушылардың сабақта тәртiп бұзып, кесел жасау және берекенi 
кетiруі ұжымда,  топ мүшелерiнiң келiспеушiлiгін туғызып, ол конфликт  түрiнде көрiнiс 
бередi.  
Келiспеушiлiк дегенiмiз – бұл ұйым iшiнде пайда болатын бiрiншi топтың жазылған 
шаблон – үлгiлердi, мiнез – құлық, тәртiп нормаларын орындаудан бас тартуы, бұл - өзiнiң 

 
241 
мiндетiн орындамау, заңды деп танылу құқы өзгертiлген жағдайды талдауынан болады. 
Өте тереңге кеткен, «асқынған» келiспеушiлiк педагогикалық ортада шиеленушiлiк 
тудырады. Шиеленiс – пайда болған қақтығыстың ең жоғарғы кезеңiнiң көрiну формасы 
болып табылады.  
Дегенмен біз негізінен педагогикалық процесс барысындағы және психологиялық 
құбылыстардағы конфликт мәселесін қарастыратындықтан осы үрдісте кездесетін 
конфликтілік құбылыстарды төмендегі сызба арқылы қарастырдық.  
 
 
 
Конфликтілік құбылыстар 

 
242 
 
 
 
 
 
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әйтседе өмірде, оқу-тәрбие үрдісінда, біртұтас педагогикалық процесте  кездесетін 
барлық конфликт  түрі емес. Тек ең басты түрлері, ұйымдастыру саласындағы конфликт 
психологиялық әрі  педагогикалық құбылыс түріне де жатады, өткені оқу-тәрбие ісін 
басқаруда да, сабақ үстінде  оқу-танымдық әрекетті не кез келген жұмыс түрін 
ұйымдастыру үстінде де ұйымдастырушылық конфликтке кездесуіміз мүмкін. 
Ұйымдастыру дегеніміз қабылданған шешімді орындау мақсатымен басқарылып отырған 
жүйеде белгілі бір құрылым түзу, ұйым құру. Өз кезегінде конфликт ұйымдастыру 
деңгейіне қарай: индивидтер деңгейіндегі, арасындағы, топ және ұйымдағы, мекемедегі 
конфликт, қайшылықтар ажыратылады. Ұйымдастырудың үш деңгейіне сай төмендегідей 
типологиялық классификация жасалады. Ұйымды, топты, жеке тұлғаның өзін-өзі 
ұйымдастыруы іс-әрекет, іс-шара, қатынас, қарым-қатынастарды қалыптастыру оны 
үйлестіру қайшылықты процесс. Ұйымдастырушылық қарым-қатынас дегеніміз адамдар 
арасындағы байланыстар бұл қатарласып, бірлесіп  жұмыс істегенде өзара қызметтік 
рольдерді бөлгенде пайда болады. 
Ұйымдық конфликт – ұйым немесе ұйымаралық кеңістік шеңберінде бірігіп әрекет етуші 
субъектілердің түйiсуі. Кез-келген ұйымның негізі адамдар болып табылады және оларсыз 
ұйымның жұмыс істеуі мүмкін емес. Адамдарды ұйымға біріктіретін, интегралдық фактор 
мақсат болып табылады. Ұйымның ерекшелiктерi (спецификасы) мен өлшемдерi 
(параметрлері) арқылы беріледі.  
Еңбек ұжымы дегеніміз – белгілі бір мақсатқа сәйкес бiрiккен формальді қауым. Мұнда 
ұжымның формальды параметрлері (құрылымы, сандық және сапалық құрамы, вертикаль 
және горизонталь байланыстары, мінез-құлық ережелері мен нормалары және т.б. 
конфликтінің туындауына, дамуына негіз бола алады. 
Ұйымдағы ұйымдық – технологиялық конфликтілер формальді ұйымдық бастамаларының 
келіспеушілігінен пайда болады. Мысалы, Ұйым басшыларының бұрын қабылданған және 
еңбек ұжымымен келісілген ережелер мен нормаларды бұзуынан болады. Екінші жағынан 
еңбек ұжымы мүшелерінің нақты мінез – құлықтарының нәтижесінде пайда болады 
(жұмысқа кешігіп қалу, келмей қалу, жұмыс графигін бұзу, технологиялық нормаларды 
қауіпсіздік ережелерін сақтамау т.б. кіреді).  
Ұйымдық – технологиялық жүйеге позициялық конфликтілер тән келедi. Олардың пайда 
болуы рольдік, функционалдық, кәсіптік позициялардың қарама – қайшылығымен 
сипатталады. Позициялық конфликтілер сонымен қатар әр түрлі мекемелер 
басқарушыларының орындаушыға қойылған талаптарды айқын түрде көрсетпеуiн пайда 
болады.  
Сонымен, мынадай қорытынды жасауға болады: педагогикалық, психологиялық,  
ұйымдық – технологиялық конфликтілердің пайда болуының басты себебі, объективті 
Психологиялық: 
Педагогикалық  
Зерттеу 
бағыты
 
Ұйымдастыру 
Іс-әркеттік 
Ұжымда, топта 
Оқу-тәрбие ісін 
басқаруда 
Жеке тұлға арасында 
Тұлғалық  

 
243 
және субъективті негізге ие болады, педагогикалық процесті, қарым-қатынасты басқару 
мен ұйымдастырудағы психологиялық мәселердің толық ескерілмеуі мен ұстаздық 
шеберлік, біліктілік деңгейінің, технологиялық-әдістемелік даярлығының 
жеткіліксіздігінен  туындайды. 
Әдебиеттер 
1.Назарбаев Н.Ә.Нұрлы жол – болашаққа бастар жол. Мемлекет басшысының Қазақстан 
халқына Жолдауы., 30 қараша, 2014 ж. 
2.Ауталипова Ұ., Қоңырбаева С. Дау-дамай психологиясы. Оқу құралы. Алматы: Нұрлы 
әлем, 2006 ж. 208 б.  
3.Абдрахманова Т.А., Оспанбаева М.П. Конфликтология. Оқу –әдістемелік құрал, 
Алматы.: ЖСШ Эверо, 2012, -130 б. 
4.АнцуповА.Я., Прошанов С.Л. Конфликтология: междисциплинарный подход. М., 1996. 
5.Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық шығармалары.  
6.Назарбаев Н.Ә.«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты 
бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында. 
 
ӘОЖ 378 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет