Хабаршысы ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет15/17
Дата27.02.2017
өлшемі2,39 Mb.
#5025
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

                                                                   
 

 
250 
References 
 
1.
 
Březinova, J.  Interactive Whiteboard. Teaching English to young learners. - BRNO 2009 
2.
 
Interactive Whiteboard Lessons. Plug into interactive whiteboards to spark creativity in 
the classroom [Электронный ресурс]:  
Andrea Ferrero
.  - Режим доступа: 
http://www.learnnc.org/lp/pages/6458.- свободный. - загл с экрана. - данные 
соответствуют 10.09.2015. 
3.
 
InteractiveWhiteboardLessons [Электронный ресурс]: Tasks. - Режим доступа: 
http://rmtc.fsdb.k12.fl.us/tutorials/whiteboards.html.- свободный. - загл с экрана.-
данные соответствуют 10.09.2015. 
4.
 
Granger, S. Learner on Computer. - London: Addison Wesley Longman, 1998 
5.
 
Interactive Whiteboard Use by Teachers and Teacher Librarians [Электронный ресурс]: 
P. Pledger & K. Beilby. - Режим доступа: 
http://en.wikipedia.org/wiki/Interactive_whiteboard.- свободный.-загл с экрана.-
данные соответствуют 10.09.2015. 
 
 
ӘОЖ 159.9 
 
ШЕШЕН СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ 
 
А.Б. Наренова 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
Ақтөбе қаласы, Қазақстан 
 
В статье рассматривается психологическая сущность ораторской культуры. 
In article is considered the psychological essence of oratorical culture. 
 
Ключевые слова: психологическая сущность, ораторство, ораторская культура. 
Key words: psychological essence, ораторство, oratorical culture. 
 
Сөйлеу мәдениетінің ең жоғары формасы – шешендік. «Өнер алды-қызыл тіл» екенін 
білген адам сол шешендік өнерді білуді құлшынады, бірақ жұрттың бәрі даңқты шешен 
бола алмайды. Әркімнің білім дәрежесі, ақыл-ойы, парасаты әр түрлі болатыны сияқты, 
жалпы тіл мәдениетінің, әсіресе шешендік өнерінің дәрежесі де түрлі болады. Шешендікке 
ерте замандардан-ақ үлкен мән берілген. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік 
сөздер-ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. 
Сөйлеу мен тілді зерттеуде адамзат өмір сүрген барлық кезеңдерде Платон мен 
Аристотель заманынан бастап, осы кезге дейін  қызығушылық болып отырған. Платон 
өзінің еңбегінде: «сөз-оқыту мен мәнерді таратудың құралы» - деген. Сонымен бірге, ол 
сөздердің формасы кездейсоқ емес, ол оның функциясы мен мазмұнына байланысты деп 
есептеген. Аристотель Платоннан басқаша түсіндіреді. Ол жаратынды түрінде емес, 
конвенциялық (шартты) ұстаным жағынан қарастырып, тіл адамдар арасындағы келісім 
жемісі деп санаған. 
Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді «риторика» деген атпен жеке пән ретінде 
оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, 
Квинтилиан сияқты өз заманының ел аузына қараған ойшылдары болған. «Риторика» 
ғылымы ерекше бағаланып, М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан 
«Шешендікке қысқаша басшылық» - атты еңбегі бұл өнердің Ресейде қалыптасып,  
дамуының мотиві болды. Қазақ халқының шешен сөйлеу мәдениеті, оның дамуы сонау 
ежелгі сақ дәуірінен, Орхон, Енисей, Талас ескерткіштерінен бастау алып, орта ғасыр 
түркі жазба ескерткіштерінің бәрі- біз үшін ұрпақтан ұрпаққа берілетін тарихи мұра. 

 
251 
Қазақтың шешендік сөйлеу мәдениетінің дамуы ХІІ-ХІІІ ғасырларда Майқы би мен Аяз 
билерден басталып, ал ХІV-ХV ғасырда Жиренше шешен, Асан қайғы есімдерімен 
қатысты қалыптасып, дами түсті. ХV- ХVІІІ ғасырларда Шалкиіз, Бұхар, Дулат, Төле би, 
Қаз дауысты Қазбек би, Әйтеке биге жалғасып, шешендік өнер қарқынды дамыды. Бұл 
кезең қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз 
тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді. 
ХІХ-ХХ ғасырларда сөйлеу өте қарқынды зерттелді. Ғалымдар В.Вундт, Ф-де Соссюр, 
И.П.Павлов, А.Г. Смоленский, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов т.б. зерттеулері құнды болды. 
Олардың қорытындылары бойынша, сөйлеу таным құралы ғана емес, сонымен бірге 
жоғары психикалық процестерді реттеуші құрал болып табылады. Зерттеушілердің 
қорытындысында адамның маңызды психологиялық функцияларының қатарында тіл 
қатысымен сөйлеудің алатын орны ерекше екендігі дәлелденді. Сөйлеу арқылы адам 
өзінің ішкі дүниесін сыртқа шығарады, оны басқалар түсіне алады. Сөйлеудің мағынасы 
сананың ағымдық бағыттарын баяндайды. Сөйлеу психикалық феномендікті 
психологиялық өнімге айналдырады, яғни ой тіл арқылы көрініс табады. Сөйлеу адамның 
дербестік санасының феномені болып табылады. Психология мен лингвистика сөйлеу мен 
тіл айырмашылығын мойындайды. Ф-де Соссюр деген тіл маманы сөйлеуді 
психологиялық құбылысқа жатқызады, өйткені ол қарым-қатынастық ситуацияға 
байланысты, ал тілді әлеуметтік құбылыс деп есептейді, себебі лингвистикалық жағынан 
зерттелуге жатады. 
Атақты тарихшы, түрік тарихын түп негізіне дейін зерттеген Л.Н. Гумилев: «... дұрысын 
айтсақ, қазақ халқының мәдениеті, олардың тіл байлығы, жауапкершілігі, суретшілдігі, 
мүсіншілігі, зергерлігі, музыкантылығы басқа халыққа үлгі боларлықтай» десе; Итальян 
ғалымы Марко Поло «О разнообразии мира» деген еңбегінде қазақтың намысқойлығына, 
қайтпас қара нардай зеректігіне, қара сөзге шеберлігіне әнші-күйшілігіне таңдай қаққан.  
М.Арын «Бес анық» мақаласында («Серпін»-«Резонанс» газеті, 12.08. 1994жыл) Ұлттың 
ең бірінші, ең қасиетті сипаты-тіл. Тіл дегеннің өзі бүкіл бір халықтың жинаған рухани 
қазынасының жиынтығы, соның бәрін сақтайтын қоймасы сияқты. Қойма дегенде ойға 
оралады, сол жиналған рухани өмірін жаңадан бастаған болар еді... 
Ұлт пен тіл еш уақытта ажырамайтын, бірінен-бірі кірігіп, бөліп алуға болмайтын нәрсе. 
Ұлттың ең негізгі қасиеті- қабілетінде, ал қабілет-ойлаумен байланысты, өз кезегінде 
ойлау дейтін нәрсені құрайтын-тіл. Ұлттың рухы тілдің мазмұнын рухтандырып тұрады. 
Рухсыз тіл,- тіл емес деген. 
Ел бастайтын көсем, жұртты аузына қарататын шешен болмаса да әрбір мәдениетті кісінің 
қоғамда атқаратын қызметіне сәйкес шешендік өнері болуға тиіс. Сондықтан сөйлеу 
мәдениеті - алдымен, әдеби тілдің грамматикалық, лексикалық, стилистикалық, 
орфоэпиялық, орфографиялық нормасын меңгеру. Сонымен бірге, бейнелеуіш, көріктеуіш 
амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай, сөйлеу 
мазмұндылығы мен мәнерлілігін сақтай отырып қолдана білу. Қазақ сөз қадірін білген 
халық. Шешендікті жоғары бағалап өз ойын, өз пікірін шебер түйіндеп, ұтқыр, әсерлі етіп 
айта алатын, естігені, көргені көп, соның бәрін халық мүддесіне, парасаттылық пен 
әділдікке пайдалана білген адамдарды қатты кадірлеген, жастарға үлгі еткен. Әсіресе, ХV-
XVII ғасырларда Тәуке хан тұсында халықтың шешендік өнеріне қатты мән берілген. Хан 
Тәуке қазақтың жырауларының, шешендер мен шежірешілерінің басын қосып халықтың 
мақал-мәтел, аңыз, жырларын жинатқан. Оның төңірегінде ердің құнын екі ауыз сөзбен 
бітіретін Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сияқты аты аңызға айналған адамдардың болуы 
да Тәукенің сөз құдіретін, шешендікті жоғары бағалағанын байқатады. Қазыбек би Тәуке 
ханның тапсырмасымен Жоңғар ханына барғанда өзінің қандай мақсатпен келгенін былай 
баяндайды: «Сен темір де мен көмір, еріткелі келгенмін. Екі еліктің баласын теліткелі 
келгенмін. Егесетін ел шықса, иілткелі келгенмін. Тұтқыр сары желіммен жабысқалы 
келгенмін. Жаңа үйреткен жас тұлпар, шабысқалы келгенмін. Танымайтын жаттарға, 
танысқалы келгенмін. Қазақ-қалмақ баласы, табысқалы келгенмін. Табысуға тұрмасақ, 

 
252 
тұрысатын  жеріңді айт, сен қабан да мен арыстан, алысқалы келгенмін». Осындай өткір 
де төкпе сөздермен халқының мақсат мүддесін оның басқа жұрттан, тіпті де кем емес, 
терезесі тең екенін, тату болып табысам десең де, жау болып шабысам десең де қарсы 
алдыңда лайықты халықтың өкілі тұрғанын анықтап, ашық айтады. Қазақтың  шешен 
билері, « Тура биде туған жоқ » дегендей, ханнан қаймықпаған, пара алмаған шешен, 
билер сөзге шебер болумен бірге елдің шежіресін, тарихын, ел басынан өткен ұлылы-
кішілі оқиғаларды, дау-жанжалды, айтыс-тартысты реттеудің тәртібін, әдет-ғұрып 
заңдарын жетік білген. Осындай әдет-ғұрып қарым-қатынас ережелерін қалыптастырған 
Тәуке ханның « Жеті Жарғысы » халықтың жадында күні бүгінге дейін жасап келеді. 
Халық оның ережелері мен талаптарын мақал-мәтелге айналдырып, ұмытылмай есте 
сақталатын ұшқырда уытты сөздермен ұғымды етіп айта білген. Мәселен, « Әділ билік –
алтын таразы », « Жетпеген билік жеті ұлықтың есігін ашады », « Қара қылды қақ жарған 
әділдік », « Батыр айғақ, балуан куә », « Сорғалаған қан, сойдақтаған із», « Ханға хандық, 
биге билік», « Алдыңа келсе атаңның құнын кеш», «Жан алып жат болма», «Судың түбін 
шым бөгейді, даудың түбін қыз бөгейді» деген сияқты тамаша тапқырлықпен айтылған 
сөздер арқылы қазақтың билері мен шешендері заңға, адамгершілік нормаға қатысты 
ережелер мен құқықтарды жұртшылық санасына орнықтыруға күш салған. Қазақ 
сахарасының шешендері мен билерінің ақылды аталы сөздері, өнегелі өсиеттері мақал-
мәтелдердің тууына себепші болған. Халық даналығынан туған мұндай қанатты сөздер, 
мақал-мәтелдер ескірмей, тозбай жұртшылық зердесіне ерте замандардан бері сақталып 
келеді. Олардың көбі мәнін күні бүгінге дейін жойған жоқ. «Күн түспеген жер көгермес, 
көсемі жоқ ел көгермес», «Кереге бойы қар жауса, жұтамайды сауысқан, қанды қалпақ 
кисе де қиыспайды туысқан», «Қарын қамын ойлаған қаралықтың белгісі, халық қамын 
ойлаған даналықтың белгісі»- деген сияқты халқымыздың даналығы мен шешендігінің 
үлгісі болып табылатын мақал-мәтелдер мен аталы сөздерге қазақ жері кенде емес. Сөз 
байлығы-сөз сапасының аса маңызды белгілерінің бірі. Бұл қасиет шешеннің жалпы 
мәдениетіне, біліміне, оқыған-тоқығаны мен топ алдында сөз сөйлеу тәжірибесіне 
байланысты. М.Балақаевтың пікірінше, қазақ тілінде жүз мыңдай сөз болуы керек. «Әрбір 
тілдің сөз байлығына сол халықтың өміріне, тіршілігіне, тұрмысына керекті, солардың 
негізінде танымал болған заттардың аттары енеді де, іс-әрекет, тіршілігінде керек 
болмаған, танылмаған заттардың аты бола бермейді» дейді. Сөз байлығының тағы бір 
құралы-дауыс екпіні, интонация. Дауыс екпіні мен әуенін шебер өзгерте отырып сөйлеген 
шешен табысқа жетуге бір табан жақын тұрады. Демек, актерлік қабілет те белгілі бір 
дәрежеде шешеннің ажырамас серігі болып табылады. Шешендік сөз тыңдаушының ақыл-
ойына, сана-сезіміне әсер етеді. Демек, шешен сөзі қызу қанды, әсерлі сезімге толы 
болғанда ғана тыңдаушының жүрегіне жетіп, өтімді болмақ. (Жүректен шықпаса, жүрекке 
жетпейді). Ғалымдар мұндай сөз адамның ойына, жадына, назарына оң әсер ететінін 
анықтаған. Шешен тыңдаушысын қандай көңіл-күйге бөлеп, оның жүрегінде қандай сезім 
оятқысы келсе, соны алдымен өз жүрегінен өткізіп, өзі шынайы сезінгені абзал.  
Сонымен шешен сөйлеу мәдениетінің дамуы шешендік сөздер-ел құралып, халық 
қалыптаса бастағаннан бері халықтың өнеге тұтып, өмір тәжірибесіне пайдаланып келе 
жатқан, билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің, ел ағасы болған 
данышпандардың, жастайынан жалындап өскен өткір ойшылдардың аузынан шыққан 
дуалы, өнегелі, қисынды, қасиетті сөздер. Қазақ ауыз әдебиетіндегі шешендік сөздерді 
мазмұнына қарай: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш топқа бөлуге 
болады, өлеңмен айтылған шешендік сөздер-термелі, қара сөзбен айтылғандары пернелі 
деп аталынады. Арнау шешендік сөздері: әзіл, сықақ, сын, бата, алғыс, естірту, көңіл айту. 
Шешендік толғау: өсиет, насихат. Шешендік дау: жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар 
дауы. Шешендік сөздер халықтың түсінік сөздерімен баяндалады. Ол түсінік (кіріспе) 
сөздердің құрылымының көркемдік дәрежесі шешендік сөздерден төмен болуы мүмкін, 
дегенмен түсіндірме сөздер шешендік сөздерді жеткізе айтудың құралы болып табылады. 
Жиын-тойда, мәжілістерде, бас қосу рәсімдерінде сөз жүйесіне шешендік сөздерді арқау 

 
253 
етіп сөйлеу-қазақ қариелерінің дәстүріне айтылған құбылыс. От басында ата-ана бала 
тәрбиесіне үлгі етіп шешендік сөздерден мысал келтіріп, баланы әңгімеге тартып, ойын 
оятып отыруға міндетті, шешендік сөздерді от басында оқуды әдетке айналдырып, әдеттен 
дағды, дағдыдан дәстүрді қалыптастыру ләзім. Қазіргі кезде ел аузында көбірек айтылып 
жүрген «қанатты сөздер» де шешендік сөздердің бір түрі болып табылады. Сондықтан 
халықтың шешендік үлгілерін тәрбие ісіне пайдалана білудің маңызы ерекше. Шешендік 
сөз шешендікке үйретеді, адамгершілікке тәрбиелейді, ұлттық мақтаныш сезімді оятып, 
ұрпақтың тілді, асыл сөздерді қадірлеу борышын баянды етеді. 
 
Әдебиеттер 
1. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері. -Алматы: «Қаржы-қаражат», 1995.  
2. Табылдиев Ә. Халық тағылымы. –Алматы: «Қазақ университеті», 1991. 
3.Оразбаева А.С. Шешендік өнерге тарихи шолу. «Этнопсихология және Этнопедагогика» 
сериялы ғылыми жинақ XVIIІ шығуы. Алматы 2009. 
4. Фрумкина Р.М. Психолингвистика. –Москва: «Академия», 2001.  
5. Берікұлы Н. Жантану. – Ақтөбе: «NOBEL», 2006.  
 
 
ӘОЖ 159.9 
 
ТҰЛҒА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА АРТ-ТЕРАПИЯНЫҢ  МАҢЫЗЫ 
 
А.С. Сугурбаева 
«Тілдерді оқыту орталығы» МҚКМ 
Ақтөбе қаласы, Қазақстан 
 
В статье рассматривается о преимуществах использования сказкотерапии в 
регулировании эмоции учащихся. Проанализированы роль и влияние сказкотерапии на 
воспитание, на регулировании эмоции школьников. Рассмотрены ведущие идеи 
сказкотерапии, главные достижения использования народных сказок.  
This article discusses the benefits about using the tale therapy in regulating emotions of primary 
school children. Separately considered the emotions and feelings of schoolchildren.Also 
examined tightness and warning of no reason distress children. Role, influence and education 
tale therapy in regulating emotions of primary school children are considered the leading ideas 
tale therapy, the main achievements of folk tales. In tale therapy can use different games.  
 
Ключевые слова: арт-терапия, сказкотерапия, воспитание, народные сказки. 
Key words: tale therapy, emotions, distress, national fairy tales. 
 
Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен 
тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру 
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері 
негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін 
қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді 
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген [1]. 
Бұл ретте Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында да  баса назарға алынып: 
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім 
қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» - 
деген мақсаткерлік оймен айқындалған болатын. Сондықтан да қазіргі білім беру 
саласының даму кезеңінде педагогтар алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп 
қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни жан-жақты, азат, 

 
254 
шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту 
міндеттері тұрғаны анық. 
Бүгінгі еліміздің қарқынды даму жағдайында жаңа формация мұғалімі – педагогикалық 
құралдарды толық меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, 
толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Ол - рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге 
асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік 
тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары 
деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, 
шығармашыл тұлға. Сондықтан да оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының 
жетекшісі және бағыт берушісі ретінде педагог сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни 
инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.  
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған 
жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын 
жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы ретте, педагогтың  оқушылармен жүргізетін мақсатты 
жұмыстарының бір саласы танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық 
қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын оятуға бағытталуы тиіс. 
Бұл жағдайда аталған мақсатқа қол жеткізуде мектеп психологының атқаратын рөлі 
маңызды. Өйткені жеке тұлғаның қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашу, оларды салауатты 
өмір салтына үйретіп, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін баланың 
психологиялық даму барысында орын алатын көптеген ауытқулардың алдын алып, даму 
қайшылықтарынан өтуге психологтың көмегі үлкен. Бұл тұрғыда кіші мектеп жасындағы 
балалардың эмоциясын реттеу маңызды. Біз өз мақаламызда бүгінгі білім беру жүйесінде 
оқушының тұлғалық дамуында шығармашылық еркіндік пен танымдық дамуына орасан 
зор ықпал ететін психотерапияның маңызды саласы – арт – терапия туралы ой бөліскіміз 
келеді. 
Арт-терапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арт-терапия”– 
терминi(art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi 
халықтар қоныстанған елдерде  кеңiнен тараған. Арт-терапия – ауру адамның 
психоэмоциональды халiне шығармашылық арқылы  ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi.  
Арт-терапия даму үстіндегі психотерапия әдістерінің жаңа түрі болып табылады. Аталған 
терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы арт-терапия түсінігі 
енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана 
қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия 
адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы 
ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.  
Арт-терапияның ерекшеліктері- музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма 
терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото 
терапия, оригами, этнотерапия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, 
библиотерапиясы (ертегі терапиясы), маска терапиясы және  т.б. 
 Арт-терапияны қолданғанда ең бастысы жұмыс барысында талантын көрсету емес, 
спонтанды пайда болған өзінің қобалжуларын, қиындықтарын, бұрынғыдан қалған 
елестерін сурет арқылы жеткізу [2] . 
Фрейдтің алғашқы ойлар мен күйзелістер, бейнелер және белгілер формасында беріледі 
деген сөзіне сүйеніп Наумберг өнерді психотерапияның бір формасы екендігін 
айтқандардың бірі болды. Арт-терапия терминін ғылымға енгізген Адриан Хилл. Сонымен 
бірге Маргарет Наубург, З. Фрейд, К. Юнг, Эдит Крамер болып табылады. Осы арт-
терапияның дамуындағы жаңа кезең ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғы мен 70-ші 
жылдардың басынан басталады. Әсіресе осы жылдардың бас кезінде арт-терапиялық 
топтардың жұмысының мынадай формасы, топтық интерактивті арт-терапияның бастауы 
қалана бастады. Көптеген ресейлік (Г.А. Фортунатов, П.К. Анохин, П.В. Симонов, Г.Х. 
Шингаров, Ф.В. Бассин, А.В. Запорожец, А.Н. Леонтьев, Л.И. Божович) және 
қазақстандық (С.М.Жақыпов, Ә.Алдамұратов, Х.Т.Шерьязданова, А.Құдиярова) 

 
255 
педагогикалық, психологиялық зерттеулерде эмоцияны реттеудің  маңыздылығы туралы 
айтылған. Шындығында да, эмоция – оқыту тиімділігін анықтайды, баланың кіші жастан – 
ақ шығармашылық қызметінің қалыптасуына, оның ой-санасының дамуына ықпал етеді. 
Қазіргі педагог- ғалымдар өз еңбектерінде балалардың көңіл – күйлерінің өзгеруі, кей 
жағдайда ашу, реніш т.б. күйлерді бастан кешуін қоғамымызда  болып жатқан түрлі 
әлеуметтік – экономикалық жағдайдармен  байланыстырады. Эмоция  және  қабылдау бір-
бірімен тығыз байланысты. Эмоция  басқа  мотивациялық  жағдайлар  секілді  қабылдауға  
әсер  етеді.  Нормадағы  субьект  дүниені  дұрыс  қабылдаса, ал  қайғырып  немесе  
уайымдап  жүрген  адамдарға  басқалардың  берген  бағасына,  белсене  мән  бермеу  тән. 
Сонымен  қатар, эмоция  танымдық  процестердің  басқада  бөліктеріне  әсерін  тигізеді.  
Осының  әсерінен  субьектінің  мінез – құлқы  өзгереді. 
Арт-терапия - бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен 
үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек.  Арт-терапия бейнелік өнер арқылы 
жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. 
Бейнелеу өнеріндегі күшті әсер ету құралы бұл кескіндемедегі бояу түстері. Ішкі сезіміңді 
сөзбен ғана емес, қолыңа, бояу, түрлі түсті қарындаш алып сурет салу арқылы білдіруге 
болады. Егер адам бір нәрсеге ашуланып, қиналса, көңіл-күйі түсіп кетсе, дереу сурет сала 
бастаса оның бойындағы жағымсыз эмоция кетіп, көңілі бірленеді. Түсті таңдауға 
байланысты да көптеген нәрсе айтуға болады: қызыл түс ашу ызаны, қара-қайғыны, сұр-
мазасыздықты білдіреді. Мамандар жеке түстер ерекше ішкі сезім күйін, мысалы, сары 
және қызғылт сары сергектік пен көтеріңкі көңіл күй сыйласа, қоңыр түстер соған сәйкес 
көңіл-күй береді, жасыл түс адамды тыныштандырып, көңіл көтереді, жүйкесі қозғанда 
тыныштандырады, ұйқысыздықты болдырмайды. Сонымен адам сурет сала отырып, 
өзінің ішкі сезімін, көңіл-күйін білдіруге мүмкіндік алады, өзіне жағымсыз жайттарды 
жеңіл қабылдайды.  
Ертегі терапиясын тәжірибеде қолдану - адамзат дамуындағы тәжірибелік психологияның 
әдістерінің бірі. Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей - ертегідегі теңестірулер, 
яғни, метафора, адамның бейсаналы күйіне тікелей әсерін тигізеді. Ескеретін жағдай, 
метафора әсері терең әрі тұрақты деңгейде жүреді. Метафоралық ғажайып әсерлер жеке 
тұлғаның өзіндік, жекелік ресурстарын белсендіре түседі. Көптеген образдар, метафора 
тілдері қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас орнатудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, 
адам санасын оятып, белсендіреді [3].  
Ертегі – баланы тәрбиелеуге арналса, ертегі терапиясы сол тәрбие арқылы баланы жөнге 
салу, онын көзқарасын бағдарлау және ішкі әлемінен хабардар болу тәсілдері. Ер Төстік 
ертегісінде балақайларымыз достықтың үлкен үлгісін көреді. Оған көмек қолын созған 
Көлтауысар мен Желаяқ секілді алыптардың еңбегі тек достықты ғана насихаттамайды, 
ерекше болмыстары арқылы баланың тапқырлық деңгейін де жоғарылатады. Ер Төстік 
бала жер бетінде көптеген патшалықтарды көрсе, жерастында да көптеген 
патшалықтардың қонағы болды. Бұл бала психологиясына Отан ұғымын сіңіреді, белгілі 
бір мемлекеттің заңнамаларына бағыну мәселесін ұғындырады. Ертегі терапиясын сол 
себепті де адамның рухани жан дүниесіне үйлесімділікте тәрбиелеуге мүмкіндік береді.  
Сондықтан да психологиялық қызмет барысында ертегі терапиясын қолданғанда адамның 
жасы мүлдем шектелмейді. 
 
Ертегі терапиясының жетекші идеяларын бөліп көрсетуге болады: 
-      өміріндегі мүмкіндіктері мен өмірінің құндылығын, өзіндік әлеуетін сезіну; 
-  оқиға мен амалдардың себеп-салдарын түсіну; 
-  қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі стильдерін танып-білу; 
- қоршаған ортамен өзара жасанды әрекет ету; 
- үндестік пен күшті сезіну. 
Ертегі терапиясының когнитивті және шығармашылық аспектілері ерекше маңызды. 
Ертегіге талдау жасау (когнитивті талдау) рухани құндылықтарға жанасуды, күнделікті 

 
256 
жағдайларға қатысты  көзқарасты өзгертеді,  байытады. Қиялдың шығармашылық 
энергиясын – шығарма, сурет салу, қуыршақтар дайындау, ертегіні драматизациялау 
(шығармашылық аспектілер) арқылы шығаруға мүмкіндік береді. Барлық осы күштер өз 
өмірін конструктивті өзгертуге көмегін тигізеді. 
Ертегі терапиясымен әсер ету  ертегінің бес түрінің көмегімен жүзеге асады: көркемдік, 
дидактикалық, психокоррекциялық, психотерапиялық және медитативті [4]. Әртүрлі 
образдағы ертегілер қатысушыларға әртүрлі бағытта ұсынылады: ертегіні талдау, ертегіні 
айтып беру, шығарма, қуыршақ дайындау, драматизация, сурет салу, ойындар, медитация 
және т.б. Ертегі терапиямен жұмыс жасау тек дәрігерге тән емес, бұл ата-ана үшін де 
міндетті нәрсе. Айталық, «Мақта қыз» ертегісін арнайы қойылым етіп тамашалайтын қара 
көздеріміз аз болса, психологтар орыс отбасыларында баланың көңілін көтеру мақсатында 
көптеген ертегілерді арнайы қойылым ретінде үнемі қайталап тұратынын айтады. Ертегі – 
отбасы үшін тек тыңдауға ғана емес, қойылым ретінде де сахналауға да ыңғайлы. 
Әкелерге – Ерназар, шешелерге – мыстан кемпір, ұлдары – алтын сақасын іздеген бала 
болып ертегі сомдаған шаңырақ қандай бақытты. Бұл отбасындағы өсіп келе жатқан 
бүлдіршіндер үшін ертегі терапиясы ғана емес, ересектер үшін де таптырмас татулықтың 
көрінісі болып табылады. 
Қорыта келе психолог ертегіні қаншалықты жақсы көргенімен оны орынды қолдана білуі 
қажет. Ертегіге негізделген ғажайып ойындар адамның әлсіз және күшті жақтарын ашып, 
көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мінез-құлқындағы кейбір жағымсыз 
жақтарының себептерін анықтайды. Оқу-тәрбие процесінде ертегі терапиясы дамытушы-
түзетуші тренингтер кешенімен бірге байланыстыра отырып қолданылса,  баланың 
тұлғалық үйлесімділігінің дамытуда үлкен жетістікке жетуге болады. Өйткені ертегі 
терапиясыпсиходиагностикалық, психопрофилактикалық және психокоррекциялық 
қызмет атқарады.  
 Арт-терапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. 
Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға 
деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз 
білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете 
білуімен сипатталады. Демек, тұлға шығармашылығын дамытуда арт-терапиялық 
әдістемелерді қолдану маңызды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет