ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Бижанова Қ.Ж.,
№3 орта мектебі, Ақтӛбе қаласы
Жамангарина Д.Ж.,
Родниковка орта мектебі,
Қазақстан, Ақтӛбе
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты
қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жҥйелі тҥрде қолдану – заман
талабы. Тәуелсіз Қазақстанның ел басқарушысы Нҧрсҧлтан Әбішҧлының кезекті
Жолдауында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, дамыту және жетілдіру мәселелері
сӛз болғаны баршамызға мәлім. Сондай-ақ, Елбасы:
«Біз қазақ тілін
жаңғыртуды жҥргізуге тиіспіз.Тілді заманға сай ҥйлестіріп, терминология мәселесінен
консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен
енген сӛздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет. Бҧл мәселе
оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Ҥкімет мҧны реттегені жӛн»
дегенді шегелеп тҧрып тапсырған еді. Кӛп жайларды зерттеп, кӛңілге тҥйіп, мәселелер
тӛңірегінде іздену әр ҧстаздың міндетіне айналды. Сондықтан ҧстаздардың
тәжірибесінде мынадай проблема тууы мҥмкін: оқушылардың танымдық қабілеттерін,
танымдық процестерін (есту,кӛру,қимыл және т.б.) дамытуда қолданып жҥрген әдіс-
тәсілдердің заман талабына сай болмауы. Осы проблеманы шешу ҥшін тиімді
жолдарды қарастыру қажет.
Қазіргі заман талабы бойынша білім берудің ақпараттандырудың негізгі
талаптарының бірі – оқу ҥдерісіне мультимедиалық технологиялар мен
коммуникативтік интерактивті әдістемелердің ҥйлесімді байланысы негізінде жасалған,
оқыту және тексеру электрондық бағдарламаларды, оқулықтарды енгізу.
Интерактивті тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңаша әдісі пайда болды.
Мҧғалімдер ӛз сабақтарында мейлінше интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жан-
жақты ізденіп, сабақтарын қызықты, әрі тартымды, нәтижелі ӛткізуге тырысуда.
Интерактивті тақтаның мҥмкіншілігі шексіз.
Оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, коммуникативтік
шығармашылық қҧзіретін дамыту. Оқушының тілдік қорын дамыту, іс жҥзінде ауызша
сӛйлей білуге ҥйрету.
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесін әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне
кӛтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру.
2. Мемлекеттік тілді оқытуда– ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
оңтайлы пайдалану.
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиялық және
онлайн сабақтары. Былтырғы жаңа оқу жылының ерекшелігі – республикада алғаш рет
жалпы білім беретін мектептерде Елбасының онлайн режимінде ӛткен интерактивті
сабағымен басталды.
Ӛзім қызмет жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану
кеңінен қарастырылған. Қазақ тілі кабинетінде интерактивті тақта орнатылған.
Сондықтан, бҧл тақтамен әр сабақты қызықты ӛткізуді ойластырып, жоспарлаймын,
себебі қолда бар мҥмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман
технологиясымен жҧмыс жасауға ҥйретеміз.
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да
сол ғасырға нық қадам басты. Еліміздегі барлық білім ошақтары компьютер және
интерактивті тақтамен жабдықталуда. Қазіргі заманғы, ғылыми-техникалық ҥдерістің
қарқыны кҥннен-кҥнге ӛсуде. Сонымен қатар, білім беру жҥйесінің алдына да жаңа
міндеттер жҥктелуде. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны практикада
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мҥмкін емес. Жаңа ақпараттық
20
технологияны меңгеру мҧғалімнің білімін шыңдап ғана қоймай, интеллектуалдық,
кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және тағы басқа кӛптеген адами келбетін
қалыптастыруына ықпал жасайды.
Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмҧнының жаңаруымен қатар, оқытудың
әдіс тәсілдерімен әртҥрлі қҧралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Осы мақсатты жҥзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рӛл
атқарады. Мектеп пәндерін оқыту процесінде интерактивті тақтаны пайдалану мҧғалім
мен оқушы қарым-қатынасы жҥйесін, олардың білімге деген қызығушылығының,
ізденушілікке деген ынтасының, сезімінің ӛсуіне әсер етеді.
Ақпараттық технологияны оқыту ҥдерісінде екпінді тҥрде енгізу бағытына
қолданылатын жаңа тҥрдегі қҧрал – интерактивті тақта болып табылады. Интерактивті
тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңаша әдісі пайда болды. Мҧғалімдер ӛз
сабақтарында мейлінше интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жан-жақты ізденіп,
сабақтарын қызықты, әрі тартымды, нәтижелі ӛткізуге тырысуда. Интерактивті
тақтаның мҥмкіншілігі шексіз. Оны кӛрнекілік ретінде қарастырсақ, ол оқу нәтижесінің
сапасына оң әсер етері сӛзсіз. Бҧл – бейнеконференциялар, мектептер арасында
бірлескен сабақтар ӛткізу ҥшін қолданылатын ерекше жҥйе. Сонымен қатар, пәндік
кӛрнекі қҧралдарды бейнематериалдар арқылы кӛрсетуге болады.
Сабақ ҥстінде оқушының жҥйелі жҧмыс істеуіне мҥмкіндік туғызу, сабақтың
тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу – ол әрбір мҧғалімнің шеберлігіне
байланысты. Ӛйткені, оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың
шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, ӛз бетінше білімін
толықтандыруға дағдыландыру сияқты кҥрделі жҧмыстар сабақ барысында
қалыптасады. Бҧл әрбір мҧғалімді ойландырып, жаңаша жҧмыс істеуге, жаңа
ізденістерге жетелейді. Әрбір мҧғалімнің негізгі алға қойған міндеті – шәкірттерінің ой-
ӛрісін кеңейтуге, биік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Орыс мектептеріндегі қазақ тілін жҥргізу мҧғалімдерден кӛп дайындықты талап
етеді. Мҧғалімнің еңбегінің табысты болуының қайнар кӛзі оқушының ана тілі мен
қазақ тілінің арасындағы әр қилы ҧқсастықтарын, айырмашылықтарын есепке ала
отырып, соларға негіздей оқытқанда ғана сабақ табысты да тиімді болады. Оқу тәрбие
жҧмысының негізі – сабақ. Сапалы сабақ оқу тәрбиесінің нәтижелі болуына тікелей
әсер етеді.
Тілді оқытып, ҥйретудің сапасын арттыру әр тҥрлі жағдайларға байланысты.
Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің тҥпкі мақсаты – оқушыларға қазақ
тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сӛйлеп, жаза
білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғҧрпын, тарихын танып талаптандыру,
тілін қҧрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы
қҧбылысты, тыныс – тіршілігімен жан-жақты терең таныстыру.
Осылардың барлығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дәстҥрлі
әдістемеге қарағандағы артықшылықтарын пайдалану арқылы тіл ҥйренушінің білім
сапасының артуына, қатысымдық қҧзіреттілігінің қалыптасуына ықпал етеді. Тілдік
білім
беруде
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
қолдану
тіл
ҥйренушілерді әлемдік мәдени қҧндылықтарға, ақпараттық ресурстарға жақындатып
алып келеді, шынайы мәдени аралық коммуникацияға жағдай жасайды. Бҧл
технологияның тіл ҥйретудегі мҥмкіндіктері ғылыми-теориялық тҧрғыдан жан-жақты
дәлелденген, тек практикалық тҧрғыдан жҥзеге асыруға мамандардың дайындығы арта
тҥсуі қажет. Алдағы уақытта жоғары талаптарға жауап беретін ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың тҥрлері арта беретіні сӛзсіз.
Сондықтан қазақ тілін оқыту-ҥйрету ҥдерісінде бҧл технологияларды ҧтымды
қолдану ҥшін оқытушылардың ӛз кәсіби шеберліктерін, ақпараттық-технологиялық
қҧзыреттілігін ҥнемі дамытып отыруы талап етіледі.
21
Сабақта интерактивті тақтаны дҧрыс пайдалану мазмҧнды ҧғымдардың
қалыптасуына кӛмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сӛйлеу қабілетін
дамытуға, нақтылы қҧбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада
қолданылатын тҧжырымдарға келулеріне кӛмектеседі.
Сонымен, оқуда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімі
нанымы болады. Сонымен қатар интерактивті тақтамен орындалатын жаттығулар
оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.
Оқушылардың кӛпшілігі естігенінің 5% және кӛргенін 20% есте сақтайтыны
белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін
арттырады.
Интерактивті тақтада орындалатын тапсырмалар бір мақсатқа бағытталған, ӛзара
байланысты әрекеттердің тҧтастығын кӛрсетеді. Ол әрекеттер тілдік және ой
операциясының кҥрделенуіне байланысты болады.
Оқу тапсырмаларының негізінен, жазба тҥрде орындалуын қажет ететін
логикалық тілдік жаттығулардың арқалайтын «жҥгі» салмақты, ӛйткені бҧл жаттығулар
арқылы оқушы қазақ тілі тақырыптарын грамматикалық ерекшелігін танудың нық әрі
сенімді баспалдағын қалайды және оқушы ҥшін маңызды болып табылатын жазу,
орфография ережелерін меңгереді.
Білім берудегі интерактивті тақтаны қолданудың ҥш кілттік бағытының
артықшылығын қарастырайық.
1. Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану
Интерактивті тақта – визуалды ресурс. Сабаққа қажетті кез келген суреттер,
сызбалар, кесте, диаграммаларды қолдануға мҥмкіндік береді. Интернет желісіне
қосылып ақпарат алуға, оқу материалын қозғалмалы кҥйге келтіру, абстрактілі ойлау
мен тҥсінуді моделдеуге, обьектілерді ойлау мен тҥсінуді моделдеуге, обьектілер
арсындағы байланыс орнатуға болады.
2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
Интерактивті тақтамен жаңа сабақ ӛткізу кезінде тиімді қолдануға болады. Әр
пәннің ӛз ерекшелігімен қатар, ӛзіндік кҥрделігі де болады. Сондықтан ҧстаздың
міндеті осы кҥрделікті дҧрыс қҧрастырып, сабақтың әр сағатын тиімді ӛткізу. Жалпы
интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімін жетілдіру барысында іскерлігін
дамыту, тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тиімді пайдалана
білу.белсенділік танытып тапсырмаларды ҧқыпты орындаған оқушылардың ой-ӛрісін
жан-жақты жетілдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін
дамытуына ықпалы зор.
3. Уақыт ұтымдығы
Егер сізде интерактивті тақта болса, сізге кҥтуге тура келмейді. Мысалы, жаңа
тақырыпты, ҥй тапсырмасын жазып уақыт алмаймыз. Алдын ала дайындалған
материалдарды қолдау арқылы тіпті қиын тақырыпты оқушыларға меңгеруге оңай
болады. Қолданылған материалдарды сақтап қоюға болады. Тіпті шетелдік оқыту
әдісінде сабаққа келмей қалған оқушыға дайын материалды беріп жіберіп, меңгеріп
алуын қамтамасыз етеді екен.
Интерактивті тақтаны кез келген елде, кез келген білім беру саласында кез келген
пәнді оқыту ҥшін қолдануға болады.
Интерактивті тақтаны қолданудың негізгі әдістері:
- Экранда кӛрсетілетін сурет туралы ақпаратты жоғары жаққа жазу;
- Интернеттен алынатын ақпаратты тікелей оқушылармен бірге іздеу;
- Топпен тығыз жҧмыс жасау;
- Конференциялар ӛткізу ҥшін басқа мектептермен байланыс орнату;
- Интерактивті тақтаны компьютердің кӛмегінсіз басқару;
- Қолданылған материалды кейін пайдалану ҥшін файл тҥрінде сақтап отыру;
- Видеороликтер кӛрсету, электронды оқулықтар пайдалану;
22
- Сабақ кезінде сақталған файлды оқушыларға беру.
Сонымен, қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі –
интерактивті тақталар мен жаңа технологияларды қолдану десек, олардың бала жадын
жаттықтыруға тигізер септігі мол екендігін кӛруге болады. Ҧстаздың ӛз шәкірттерінің
қазақ тілін дҧрыс, заман талабына сай меңгеріп шығуы ҥшін жасаған барлық әдіс-
тәсілдері бҧл жерде орынды. Сондықтан, қазақ тілін дамытуда және ӛз шәкірттеріңіздің
мемлекеттік тілді тереңінен біліп шығуына ӛз ҥлесімізді қосайық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Садуова Ж. «Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану».// Білім.
Алматы, № 5, 2006ж., [22-24.
2. Қасым Б. «Қазақ тілін оқытуда интербелсенді тәсілді қолданудың ерекшеліктері
мен тиімділігі».
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ КЕМБРИДЖ ТӘСІЛІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Бисенкулова А.К.,
бастауыш класс мұғалімі,
№24 лингвистикалық мектеп – гимназия,
Қазақстан, Ақтӛбе
Ҧстаз ҥшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді ӛздігінен
алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Еліміздің болашағы - ол
бҥгінгі балалар. Ал олардың қандай азамат болып шығуы мҧғалімдерге байланысты.
Сондықтан мҧғалімдеріміздің алдында ҥлкен міндет, ауыр жҥк тҧр. Жасыратыны жоқ,
бҧрын оқыту ісіне біржақты қарап, оқытуды тек сабақты жақсы беру деп санап келдік.
Соның салдарынан ауыртпалық мҧғалімнің мойынына тҥсті, ол ӛзі сабақ айтады,
сӛйлейді, сҧрайды, қосымшалармен толықтырады, яғни сабақ ҥрдісінің барысында
ҧстаздық қызметі басым еді. Бала тек тапсырманы орындаушы ғана болды. Қазір бҧл
әдіс-тәсілді қоғамның дамуы қабылдай ала ма? Жоқ. Себебі, заман ағымына сай оқыту
мен тәрбие ісін жаңаша жетілдіруді ӛмірдің ӛзі талап етеді. Ендеше бҧрынғы дәстҥрлі
оқыту жҥйесінің озығында, тозығында қайта қарап, оқытудың жаңа технологияларын
сабаққа енгізуге шҧғыл бетбҧрыс жасалды.
Бҥгінгі кҥні ақпараттар ағымы ӛте кӛп. Ақпараттық ортада жҧмыс жасау ҥшін кез
келген мҧғалім ӛз ойын жҥйелі тҥрде жеткізе алатындай, коммуникативті және
ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн
режимінде жҧмыс жасау әдістерін жақсы меңгерген, заман талабына сай жаңа
технология әдістерін ҥйреніп, бағыт-бағдар беруші болуы тиіс. Оқушылардың жаңа
тҧрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы ҥрдіспен бәсекеге сай
дамыған елдердің қатарына ену ҧстаздар қауымына зор міндеттер жҥктелетінін
ҧмытпауымыз керек.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім
берудің жҥйелі реформалануы қоғамдық тҧрғыдан ҥлкен маңызға ие болды. Қазақстан -
дербес мемлекет. Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мҥшелерінің, келешек ел
болашағы - жас ҧрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.
Ендеше, саналы, салауатты, ҧғымды, халқымыздың барлық дәстҥріне де, әлем
мәдениетіне де қанық, ел тізгінің берік ҧстай білетін ҧрпақ тәрбиелеу бізге сеніп
тапсырылған. Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын басты талап – оның сапасын
арттыру.
Ақтӛбе қаласында Білім берудегі Кембридж бағдарламасы бойынша оқу болып
жатыр дегенді естігенімде қатты қуанып, осы оқуға баруға ҧсыныс білдірдім. Сӛйтіп,
Білім берудегі Кембридж бағдарламасы бойынша оқуға келдім. Кембридж
бағдарламасының негізгі міндеті – Қазақстандық мҧғалімдердің педагогикалық
тәжірибесін жетілдіру. Бҧл бағдарламаның басым бӛлігі, тҥрлі тәсілдер, сындарлы
23
оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бҧл теория оқушылардың ойлауын дамыту
олардың бҧрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы тҥрлі дерек кӛздерінен,
мҧғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жҥзеге асады
деген тҧжырымға негізделеді. Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы
әдістері мҧғалімнің кҥнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінімен қарастырылады
Қазақтың даналық сӛздерін ӛте кӛп. Олар бекерден – бекер айтылмаған дегім
келеді. Себебі, «Жҧмыла кӛтерген жҥк жеңіл», «Бірлік болмай тірлік болмас» дегендей,
осы дана сӛздердің әрбір сӛзінің жанды екендігін бҥгінгі Кембридж бағдарламасы
дәлелдеп отыр. Нҧсқаулықта сабақтарда қарастырылатын жеті модуль сараланған.
Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын
жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты ӛзара байланысты болады.
Бағдарламаның модульдері:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тҧрғыдан ойлауға ҥйрету.
3. Оқыту ҥшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ)
пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7. Оқытудың басқару және кӛшбасшылық.
Бағдарламаның бірінші бетпе – бет кездесуінде тренерлеріміз бізге қажетті
оқулықтарды, ресурстарды беріп отырды Осы модульдерді жҥзеге асыруда
тренерлеріміз әр кҥн сайын ӛздерінің шеберліктерімен психологиялық тренинг ӛткізіп,
ҧжымның арасында ынтымақтастық атмосфераны қалыптастырып отырды. Тҥрлі әдіс –
тәсілдерімен ҧжымды топтарға топтастырып, кҥнделікті тапсырмаларды тҥрлендіріп
беру мақсатында, ҧстаздар топтарының арасында диалогқа тҥсіп, берген тапсырманы
сыни ойлау арқылы талқылап, бір – бірінің пікірін тыңдап, бір шешімге келіп, соны
ӛзгелерге жеткізіп отырды. Оқушы болып әр бір тапсырманы жҧппен, топпен орындау,
біздің сыни ойлау қабілеттерімізді, шығармашылық дарындылықтарымызды,
тәжіриебеміздің шыңдалуына кӛп ықпалын тигізді.
Осы курстың бірінші кезеңінен алған біліктілігім мен теориямды бір айлық
практикада қолдану мақсатында мектепте тәжірибеден ӛттім. Мектептегі тәжірибені
мен мектеп басшылығымен кездесуден бастадым. Мектеп бҧл курстың жалпы
бағдарламасымен таныс емес. Әр жерден естігендері болмаса. Барған кҥннен бастап
мектеп директорына жолығып, Білім берудегі Кембридж бағдарламасының бірінші
кезеңін бітіріп, практикаға келгенімді айттым. Оқу ісінің орынбасарымен сабақтардың
кестесі жайында ақылдастым. Мақсат-міндеттермен қоса, талқыланатын жҧмыс пен
жоспарларымды реттеп алдым. Берген информатика кабинетін реттеп, әріптестеріммен
семинар кеңес жҥргіздім. Олар жоспарланған жҧмыстарды орындауға жан – жақты
кӛмек кӛрсететіндерін айтты. Кездесу сәтінде ең алдымен психологиялық тренинг
ӛткізіп, ынтымақтастық атмосфераны қалыптастырып, әріптестерімді мамандық
бойынша топтарға бӛліп топтастырдым. Содан әр топтан Кембридж бағдарламасымен
оқу дегенді қалай тҥсінесіздер деп, жеке одан кейін жҧппен, топпен талқылаттым.
Сонан кейін Кембридж бағдарламасын оқыту негізінде ҥш айлық курс, бағдарлама
мазмҧны мен міндеттері, мақсаты мен кҥтілетін нәтижелерімен таныстырдым.
Әріптестеріме «Мінсіз мҧғалім» тақырыбында постер жасауды ҧсындым. Әріптестерім
оқушының рӛліне қалай еніп кеткендерін байқамай, топ арасында ақылдасып, постерді
керемет жасап, қоғады. Осы мҧғалімдермен ӛткен кездесуім ӛте сәтті ӛтті. Осы
кездесуден кейін әріптестерім бҧл курсқа ерекше қызығушылық танытты.
Әріптестеріммен кездесіп болғаннан кейін, практикамды 4-класта ӛткізетін
болғандықтан, сол сыныптың ата – анасымен кездесіп, оқушыларды жаңаша тәсілмен
оқытатынымды, осы уақыт ішінде оқушыларды камераға, суретке тҥсіретінімді айтып
24
кеңестім. Ата-аналар бҧл сабақтардың оқушыларға кӛп ықпалын тигізетініне
сенімдерін білдірді. Ата – аналар 4-класты жаңаша тәсілмен оқытатыныма
тҥсіністікпен қарап, оқушылардың сабақтан қалмауына жағдай жасады. Содан 4-
кластың оқушыларымен кездесіп, 4-класс оқушыларына тӛрт апта бойы олармен
жҧмыс жасайтынымды,сабақта камераға, суретке тҥсіретінімді айттым. Сабақ жақсы
деңгейде ӛтуіне ҥлес қосып, сабақта камераға немесе суретке тҥсіргенде кӛңіл бӛлмей
сабақтарын орындай берулерін ескерттім. Мектептегі тәжірибе кезінде тізбектелген
сабақтар топтамасын ӛткізу барысында оқушылардың кӛңіл кҥйлерін сҧрап, кӛңіл-кҥй
тақтасына смайликтер жапсыртып, ынтымақтастық ахуал қалыптастыру мақсатында
тҥрлі сергіту тренингтерін ҧйымдастырып отырдым. Ең алғашқы сабақтарымда «Мен
ӛзімді таныстырғым келеді», «Не ортақ?» сергіту тренингтерін ӛткіздім. Ойын
барысында оқушылар туралы бҧрын білмеген мәліметтер алдым. Осындай тренингтер
арқылы оқушылар ӛздерін жақсы қырынан таныта біліп, оқушылармен кері байланыс
жасауда олардың қызығушылық танытатын пәндері, сҥйікті ҧстаздары, хоббилары
туралы біліп, оқушылармен қарым-қатынасым одан әрі нығая тҥсті. Ынтымақтастық
атмосфера қалыптастыру барысында: бҧрын сабақтарымда оқушылардың тыныш
отыруын, артық қозғалысқа жол бермей келген мҧғалім болған болсам, енді
оқушыларыма барынша еркіндік, мҥмкіндік бере отырып, сабағымда кҥлкі жиі
естілетін болды. Мені таң қалдырған тосын жаңа тың идеялар естідім. Осындай
мҥмкіндіктер бере отырып, оқушыларымның ойлау қабілеті мен ойларының әлдеқайда
жоғары екеніне кӛз жеткіздім. Ынтымақтастық ортаны қалыптастыруда курстан алған
тҥрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым. Ынтымақтастық орта қалыптасқаннан кейін,
оқушыларым жҧмыс жасау кезінде ӛздерін ӛте жайлы сезініп, бір - бірімен
әңгімелесуге, бір – біріне кӛмектесуге қҧлшынып тҧрды. Әсіресе оқушылар топтық
жҧмыс барысында, сергіту сәттерінде кӛңіл кҥйлері ӛте жақсы болды.
Алғашқы сабағымда ӛткізген сергіту тренингтері арқылы жаңа сабағымның
тақырыптарын ашып отырдым. Сонымен қатар, сол сабаққа қатысты сурет
қиындылары, «домино» әдістерін, яғни, мақал – мәтелдер, берілген суреттің ішінен
сандарды табу арқылы сыни ойлатуға бағытталған кеспе қағаздар пайдаланып, топтарға
бӛлдім.
Сҧрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сҧрақ дҧрыс
қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді қҧралына айналады және де оқушылардың
оқуына қолдау кӛрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Ӛз сабақтарымда
оқушының білім алуын қолдау ҥшін сҧрақ қоюдың тҥрткі болу, сынақтан ӛткізу және
қайта
бағыттау
сияқты
әртҥрлі
техникаларын
қолданып,
оқушылардың
қызығушылығын ояту, сыни тҧрғыдан ойлауға ынталандыру мақсатында қайта
бағыттау сҧрақтарын қойып,оқушылардың берген жауаптарын тыңдап, оның ішінде
қате жауап берген жағдайда «қателестің», «дҧрыс емес» деген жауап қайтармай,
тақырып тҥсінікті болу ҥшін немесе оқушымыздың қателесіп тҧрғанын ҧғындыру ҥшін
«қане, кімнің қандай ойы бар?», «тағы қосатындарыңыз бар ма?», «дҧрыс, әлі де
толықтырайық, ойымызды жинақтайық », «сен қалай ойлайсың?», - деген тәрізді
сҧрақтар арқылы сыныпта қайта бағыттаушы сҧрақтар мен қҧптау сӛздері арқылы
оқушылардың білімге қҧштарлықтарын дамытып, сыни тҧрғыдан ойлануына ықпал
етіп, диалог ӛрбіттім. Мерсер мен Литлтон (2007) ӛз еңбектерінде диалог сабақта
оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің ӛсуіне
ҥлес қосатынын айтты. Диалог барысында оқушылар берілген тақырыпты талқылады.
Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету ҥшін кҥш жігерін жҧмсайтын
және Мерсер (2000 жыл) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу»
барысында тең қҧқылы серіктестер болып табылады. «Сын есім» тақырыбын ӛткен
кезде, оқушылар диалогқа тҥсіп берілген тақырыпты талқылады. Мысалы, ҥндемейтін
оқушым «Сын есім заттардың тҥсін, сынын білдіреді, оның сҧрақтары «Қандай?»,
мысалы: таза сынып, кең сынып» - деп, қасындағы жҧбымен диалогқа тҥсті. Оқушылар
25
бір-біріне қойған сҧрақтарына жауап қайтарып отырғаны мені қатты таң қалдырды.
Сыныпта
оқушылар
диалог
арқылы
бір-бірімен
ынтымақтастық
ортаны
қалыптастырып, жҧмыс жасай алды. Оқушыларға сҧрақтарды қоя отырып, берген
жауаптарының негізінде бағалау жҥргіздім. Топтық таныстырылымда оқытуды
бағалаудың тиімді жақтарын атап кӛрсеткеніміздей, оқушылардың жоғары деңгейдегі
ойлауын қалыптастыру ҥшін тҥрлі сҧрақтар қою арқылы оқушылардың нені ҥйренгенін
бағалауға болатынын ҧғындым.
Джин Раддок «Оқушы ҥнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылармен
пікірлесудің мақсаты – қабылдаушының кӛзқарасы тҧрғысынан алғанда оқудың не
екендігін тҥсіну, жекелеген оқушылар мен топтар ҥшін оқуды қалай жақсарту»
екендігін жазды [Rudduck et al, 2004].
Оқушылардың сыни ойлауын дамыту ҥшін диалогтың, соның ішінде жҧптық,
топтық әңгіменің орны басым. Бағдарламаның жеті модулін қолдануда жҧптық, топтық
әңгіме ӛрбіп, жеке ерекшеліктерін байқадық, пікірлерінің қҧнды екеніне кӛз жеткіздік.
Сыни ойлауды пайдалануда мен оқушыларымың сӛздік қорларының, сӛйлеу мәнерінің,
тіл байлықтарының дамуына кәміл сенгенмін. «Етістік» тақырыбын ӛткен кезде
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, екі топқа сурет бердім. Оқушылар
берілген сурет бойынша ӛз топтарында бір-бірлерін пікірлесіп әңгіме қҧрды. Аралап
жҥріп әр оқушыға стикерді микрафон ретінде жапсырып, микрафон бойынша
сӛйлейсіндер дедім. Ойларын жинақтап, әңгімелерін қҧрып болғаннан кейін, әр топтан
бір – бір оқушыдан шығып сурет бойынша қҧраған әңгімесін оқып, сол қҧраған
мәтінінің ішіннен етістіктерді тауып берді. Орташа деңгейдегі оқушым кластастарының
алдында кӛп сӛйлемейтін, біле тҧрып айтпайтын ҧяң оқушылардың бірі, ортаға шығып
мәтіннің ішіндегі етістіктерді сҧрақ қою арқылы тауып, етістіктің қай шағы екенін
айтты.
«Сын есім» тақырыбын ӛткен кезде оқушыларға тҥрлі тапсырмалар беру арқылы,
яғни сҧрақтар қойып, бір-бірімен пікір алыса отырып жауап алу арқылы оқушылардың
сыни ойлауларына мҥмкіндік тудырып отырып, сабақ басындағы мекен жайлары
адасқан жануарлар ӛз мекен жайларын орналастырып, оқушыларға мысық, балық,
торғай суреттерінің ішінен ҧнайтын жануарларының суретін салдырттым. Мен мҧнда
бҧрын байқамаған оқушыларымның бойларындағы таланттарын аңғардым. Класта
суретті ӛте жақсы салатын оқушыларымды байқадым. Осы әдіс арқылы талантты
оқушымды таныдым.
«Сан есім» тақырыбын ӛткен уақытта оқушыларға ертегіні сахналау ретінде
тапсырма бергенмін. Оқушылар топтарында сыни ойлана отырып, ӛзара диалогқа тҥсіп,
ертегідегі кейіпкерлердің рӛліне еніп ойнап, ӛз шеберліктерін кӛрсетіп, мінезіне, іс-
әрекетіне қарай әртістік қабілеттерін танытты. Тізбектелген сабақтарымда бақылап
жҥрген дарынды және талантты оқушыларды оқытуда әртҥрлі деңгейдегі ҥш
оқушының қалай жҧмыс жасайтындығын анықтадым. Тек ҥлгерімі жақсы оқушы ғана
дарынды, талантты, қабілетті бола бермейтіндігіне кӛз жеткіздім.
Әр тапсырманы орындау барысында, оқушыларды тҥрлі әдістермен бағалап
отырғанды оқушылар тҥсініп, сабаққа белсене қатысып отырды. Оқушылар берген
тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, мҧқият орындап, ӛзін-ӛзі реттей отырып,
топта ҥнемі белсенділік танытып, ӛздеріне деген сенімдері артты. Ҥнсіз оқушыларым
да ашылып, сӛйлеуге ҧмтылды.
Мектептегі
тәжірибе
жасап
келген
топтағы
барлық
мҧғалімдердің
таныстырылымдарын кӛре отырып, талқылап, ӛзіме қажет деген мәліметтер алдым.
Топтағы әріптестермен ой бӛлісіп, пікір алысқаннан кейін менің алдағы уақытта
қарқынды жҧмыс жасауыма сенімім артты.
Қазақ халқында жеті санын қасиетті санға теңесе, мен ҥшін де осы Кембридж
бағдарламасындағы жеті модульдің қасиеті ерекше болып табылады. Оқытудың
26
жаңаша әдіс-тәсілдері – жеті модульді ықпалдастырып қазір де іс-тәжірибемде қолдану
арқылы оның артықшылықтарына кӛз жеткізіп отырмын.
«Сабақ
–
оқытушының
педагогикалық
мәдениетінің
айнасы»,
-деп
А.Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульді саралай келе әр сабақта бір немесе
бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бҧл қолданыстан
ҧтылғанымнан ҧтқаным кӛп болды. Әр мҧғалім ӛз сабағының –кӛшбасшысы. Кӛшті
қалай бастап алып жҥрем десе де ӛз еркі. Ал кӛшті дҧрыс бағыттай білу ол шеберлігіне
байланысты.
Жеті модульмен жҧмыс жҥргізгенде жеткен жетістіктерім:
- Оқушыларымның пәнге деген мотивациялары артты;
- Жҧппен, топпен жҧмыс жасауға дағдыланды;
- Мәселенің ең негізгі тҥйінін табуға ҥйренді;
- Оқушылар АКТ-мен жҧмыс істеп, ӛз бетінше ізденуге ҥйренді;
- Сҧрақ қойып, сҧрақтарға жауап беруге машықтанды;
- Ақпаратты саралауға, жҥйелі жҥргізуге дағдыланды;
- Оқушылардың сыни тҧрғысынан ойлай білуге машықтанды;
- Талантты және дарынды оқушыларым анықталды;
- Ӛз – ӛздерін реттеп, бағалауға ҥйренді.
Сондықтан алдағы уақытта да бағдарламаның оқыту тәсілдерін тҥрлендіріп
қолдана отырып, биік жетістіктерге жетемін деген сенімдемін. «Мҧғалім – мектептің
жҥрегі. Жҥрек арқылы қан тамырлары тіршілік беріп, жан бітіріп тҧратын болса,
мҧғалімсіз ешқандай оқулық, кітап, әдістемелік қҧралдарға жан бітпейді, яғни, олар
мҧғалімсіз жансыз дҥние болып қала береді. Сонымен қатар адами қасиеттерін дамыту,
бала бойына сіңіру мен қалыптастыруында да мҧғалімнің алатын орны ерекше.»
Достарыңызбен бөлісу: |